"электрондық ақшалар"


Қолма- қол ақша беру бойынша



бет7/18
Дата24.02.2022
өлшемі1.18 Mb.
#455738
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Қазақстан Республикасындағы пластикалық карталардың нарығы

Қолма- қол ақша беру бойынша

13696

20378

Пайызбен жалпы санға қатынасы

97,2

97,2

Платикалық карталар бойынша төлемдер көлемі (млн.)

143786

551008

Соның ішінде







Сауда терминалында

5789

9589

Пайызбен жалпы санға қатынасы

4,0

3,8

Қолма- қол ақша беру бойынша

137996

241418

Пайызбен жалпы санға қатынасы

96,0

96,2

*Дерек көзі: ҚазҰУ хабаршысы.Экономика сериясы.№ 4 (44).2013 ж.

Осы кестеде көрсетілгендей пластикалық карталар қолданылған төлемдер саны – барлығы 2013 жылы 20957 мың дана құрап отыр. Оның ішінде банкоматтардан қолма- қол ақшаны беру 20378 мың дананы, ал сауда терминалдарында 579 мың данаы құрап отыр. Ал төлемдер көлемі 2013 жылы 2013 жылы барлығы 551008 млн. теңгені құрап отыр, оның ішінде қолма- қол ақшаны беру бойынша 241418 млн. теңге, ал сауда терминалдарында 9589 млн. теңге құрап отыр. Сонымен пластикалық карталар саны және көлемінің өсу үрдісі болғанымен де олар негізінен қолма- қол ақшаны алу үшін пайдалануға.


2013 жылдың басында айналысындағы пластикалық карталардың саны 1495,9 мың дана болды. Оның ішінде жергілікті пластикалық карталар – 235,7 мың және халықаралық пластикалық карталар- 1260,2 мың дана, яғни жергілікті карталарға қарағанда халықаралық карталардың айналыстағы жалпы үлесі 84,2 пайызды құрап отыр. Ұстаушы картаны алғаннан кейін картаны келесі бетіне қалып қояды. Картаны кепілдік ретінде басқа бір тұлғаның пайдалануына болмайды. Картаны ұстаушыға картамен бірге ДСН – коды (дербес сәйкестірілген нөмір) бар конвертті ұсынады. ДСН – код электрондық құрылғының дисплейінде шартты белгі ретінде көрсетіледі.
Карта бойынша операцияны жүзеге асыру үшін ұстаушы қызмет көрсету орнындағы кассирге картаны ұсынады немесе өзі банкомат арқылы орындауға болады. Банкоматтан қолма- қол ақшаны алу үшін алдымен банкомат қандай карталарды қабылдайтынын тексеру керек. Егер де банкоматттағы және картадағы логотип сәйкес келмесе онда операция орындалмайды. ДСН- код дұрыс терілмесе, терминалда көрсетілген нұсқаулықты 10- 20 секунд ішінде уақытылы орындамаса, карталар бүлінген болса, банкомат картаны алуы мүмкін, Көбінесе карталар қайтарылмайды, яғни банкоматтың кейбір түрлері картаны алған сәтте жояды.
Оператор (кассир) картамен бірге ұстаушының жеке басын куәландыратын құжатты сұрауға құқығы бар. Оператор (кассир) авторизацияны POS – терминалды пайдалану арқылы автоматтандырылған режимде жүргізіледі немесе дауысты авторизацияны пайдаланады. Авторизация- пластикалық карталарды пайдалану арқылы төлемді жүргізуге эмитент берген келісімін білдіреді. Авторизация технологиясы төлем жүйесін сызбасына, карта түріне қызмет көрсету орнының техникасымен қамтамасыз етілуіне байланысты. Авторизация он- лайн және офф- лайн режимінде болуы мүмкін.
Автоматтандырылған режимінде оператор қажетті саланы тереді жіне арнайы клавиатураны ДСН – кодты теру арқылы операцияны растау үшін картаны ұстаушыға ұсынады. Карт-шотта қаражат жеткілікті болған жағдайда, операцияның орындалғандығын дәлелдейтін екі үлгіде чек толтырылады. Чекте көрсетілген реквизиттер дұрыс болған жағдайда картаны ұстаушы қолын қояды. Дауысты авторизацияға сұраныс жасаған жағдайда оператор, авторизация орталығына мынадай мәліметтерді хабарлайды:

  • Қызмет көрсету орнының атауы;

  • Картаның толық номері;

  • Картаның қызмет ету мерзімі;

  • Импринтердің номері;

  • Қажетті сома.

Операцияны жүргізуге келісім берген кезде екі үлгіде слип рәсімделеді.
Пластикалық карта арқылы жасалған операциялар туралы ақпараттары бар көшірмені клиенттің талабы бойынша эмитент беруге міндетті. Көшірме электрондық тәсілде немесе қағаз түрінде беріледі және мынадай ақпараттардан тұрады:

  • Пластикалық картаның реквизиттері;

  • Есеп берілетін кезеңнің бастапқы және соңғы күні;

  • Пластикалық картаны пайдалану арқылы төлем жасаған күн немесе сома;

  • Пластикалық карта арқылы төлемді жасағаны үшін ұстаушыдан ұсталатын комиссионның көлемі және тағы басқа ақпараттар көрсетілуі мүмкін.

Эмитент – банк пластикалық карталарды мынадай жағдайларда оқшаулауға құқығы бар:

    1. Пластикалық картаның ұстаушыдан жоғалғандығы, ұрланғандығы немесе төлем картасының пайдалануға рұқсат етілмегендігі туралы банкке хабар түссе;

    2. Пластикалық картаны беру туралы келісімшартта көзделген міндеттемелерді, картаны ұстаушы орындамаса;

    3. Пластикалық картаны пайдалану туралы ереже бұзылса;

    4. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес клиенттің карт-шоты бойынша шығыс операциялары тоқтатылса.

Операциялардың экономикалық мәндерін қарастырайық.
Несиелік карта – банк пен клиент арасындағы жасалған банктік зайым бойынша келісімшарт негізінде эмитенттің берген қарызы шеңберінде төлемдерді жүзеге асыруға негіз болатын пластикалық картаны білдіреді
Несиелік картаны беру жөнінде мәселені банк-эмитент клиенттік несиенің тарихы жөнінде, клиент табысы, клиент несиені қашан және қайда қолданды деген мәліметтер негізінде шешеді.Несиенің тарихы банкке картаны беру кезінде қауіп-қатердің дәрежесін бағалауға және клиентке қандай да бір кепілдікті беру жөнінде талаптарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Несиелік карталар бойынша операциялардың лимиттері –несиелік желінің көлемі, карталарды алулар саны және максималдық сомалары немесе белгілі бір уақыт аралығында қолма-қол ақшаны алу - әрбір клиентке жеке құрылады. Кезекті “іс кезеңінің” аяқталуымен (айдың) картаны қолданушы банктен карта бойынша барлық төлемдер жөнінде хабарландыру алады. Бақылау мерзімі жеткеннен кейін қолданушы несиені қайтару керек, одан кейін қайтадан несиелік желі ашылады. Сондықтан барлық соманы бірден төлеу міндетті емес, алдында айтылған минимумды енгізу жеткілікті. Несиелік желі несиелік лимиттің қолданылмаған мөлшерінде ашылады. Берешек бойынша қалдықты ұзақ мерзім ағымында (мысалы, жылда) жабуға болады. Толық қайтарылмаған несие бойынша пайыздар банктің несиелік карталармен операция кезінде табысының негізгі бөлігін қалыптастырады. [5]
Дебеттік картаны алу – несиелік картаны алушылармен салыстырғанда қарапайым процесс. Бұл караның ұстаушысы болу үшін банкте шот ашу керек, қаражаттың кішкене бөлігін енгізу және картаны төлеу керек. Картаның құнына жылдық қызмет көрсетуге төлем де кіреді.
Дебеттік картадағы операциялар лимиттер санымен реттеледі. Авторизация процессі қызмет көрсетудің технологиясынан тәуелсіз өткізілу керек. Лимит келісім сомасына төмендейді. Нақты жағдайларға байланысты лимиттің нөлге дейін төмендеуі болуы мүмкін.
Несиелік карталар сияқты банк-эмитент дебеттік карт алардың жеке иесі болып табылады және төлем жүйесінің басқа қатысушылары арасында толық қаржылық жауапкершілігі бар. Банк-эмитент лимиттің мөлшерлерін басқарады, оларды өз қалауы бойынша азайтуға және арттыруға құқығы бар. Картаны ұстаушының шотындағы сомалармен қатынасы – банктің ішкі ісі. Лимитті қалыптастыру үшін банк шотқа қаржы аударуды талап етеді. Бірақ банк-эмитент клиентке овердрафт рұқсатын береді, несие береді және т.б. Мұндай жағдайда картаны аралас деп атайды. Тауарлар мен қызметтерге несиелік және дебеттік карталар бойынша есептеуде орындалатын операциялар кезегі жақын болып табылады.
Карталар үшін барлық кезекті қарастырайық.
1. Сатып алуды іске асыру үшін (немесе қызметтерді алуға) картаны ұстаушы оны сатушыға береді.
2. Сатушы келісімге отыру мүмкіндігін жасайды. Бұл үшін ол картаның жасандылығын тексеруді іске асырады және қажет болған жағдайда сатушының өкімін орындайды. Одан кейін сатушы телефон арқылы дауыс авторизациясын немесе POS-терминал арқылы электрондық өткізеді. Cатып алу сомасы сауда лимитінен төмен болған жағдайда авторизация өткізілмейді. Дауыс авторизациясы кезінде сатушыға авторизацияның коды хабарланады.
3. Келісімді бекіткеннен кейін картадан деректер көшірілетін сауда векселін ресімдеу өткізіледі. Қолмен өңдеуде бұл үшін импринтер қолданылады. Бұл жағдайда чекке авторизация коды енгізіледі, коды болмаған жағдайда чек банк-эквайермен төлемге қабылданбайды. Автоматталған өңдеуде чек POS-терминалмен шығарылады. Соңғы жағдайда егер авторизация ДСН-кодты қолдану арқылы өткізілсе қолы міндетті емес.
4. Чек данасы мен тауар сатып алушыға беріледі.
5. Әр күннің соңында (немесе аптасына бірнеше рет) қызмет көрсету нүктесі банк-эквайерге чектің данасын береді. Автоматталған өңдеуде мұндай негіз транзакцияның электрондық хаттамалары болып табылады.
6. Банк-эквайер транзакцияларды верификация және қызмет көрсету нүктесімен есептерді жүзеге асырады. Қолмен өңдеу кезінде верификация алынған чектерге тең келеді. Әр күннің соңында электрондық транзакцияны верификациялау үшін сауда терминалдары эквайермен байланысады және бір күнде олардың жадында жиналған транзакцияларды жібереді. Сонымен қатар банк-эквайер орталыққа “бөтен” транзакцияларды береді.
7. Процессингтік орталық бір күнде алынған транзакцияларды өңдейді және төлем жүйесінің банк-қатысушылары арасында өзара есепті өткізу үшін қорытынды деректерді қалыптастырады.
8. Есепті банк корреспонденттік шоттар ашқан банк-қатысушылар арасында өзара есептерді өткізеді. Басқа банк-қатысушылар аударуларды өздігінен іске асырады.
9. Банк-эмитенттер шығынын өтеу тәртібінде дебеттік карталарды ұстаушылардың шоттарынан қаржыны алуды іске асырады. Несиелік картаны ұстаушылар банк-эмитенттерге тауарлар мен қызметтерді алу кезінде несие ретінде ұсынылған қаражатты қайтарады. Юнион Кард картасы арқылы тауарлар мен қызметтерді төлеу кезінде есеп айырысуды 1- суреттен көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет