Пластикалық карталардың негізінде ақшасыз есеп айырысуды
ұйымдастыру
Қолма-қолсыз есеп айырысудың кең таралған төлем құралдарының біріне пластикалық карта жатады. Пластикалық карталар бойынша қызмет көрсету барысында туындайтын төлем міндеттемелерінің орындау кепілі болып банк-эмитнет табылады.
Пластикалық картаны беру туралы келісім шарт негізінде пластикалық карта беріледі. Келісім шартта мыналар көрсетіледі:
Төлем картаны беру талабы;
Пластикалық карталарды пайдалану арқылы төлемді жүзеге асыруталабы;
Қосымша картаны беруге арналған тұлғалардың тізімі;
Пластикалық карталарды алу және оқшаулау толық немесе жартылай түрде төлемдерді жүзеге асыруға уақытша тыйым салу;
Төлем картаны пайдалану пайдалану мерзімі және пластикалық картаны беру туралы келісім шарттың мерзімі;
Екі жақтың міндеттері құқықтары және жауапкершілігі.
Пластикалық карталарды ұстаушыға берген кезде эмитент пластикалық
картаны пайдалану ережесімен таныстыруы керек.
Пластикалық карталармен жасалған барлық төлемдер карт-шотта көрсетіледі. Карт-шот теңгеде және шетел валютасында жүргізіледі.
Есеп айырысудың бір құралы болып табылатын пластикалық карта арқылы есеп айырысудың ерекшеліктері:
Қолма-қол ақша айналыста болады;
Кез келген уақытта қолма-қол ақшаны алу мүмкіндігі;
Шет елге шыққанда карт-шоттағы ақша сомасын мағлұматтауды қажет етпейді;
Сатып алынған тауарлар, көрсетілген қызмет үшін қолма-қолсыз түрде есеп айырысу;
Шағын лимитін көрсете отырып қосымша картаны сенімді тұлғалары үшін ашу;
Қазақстандық эмитент банктердің пластикалық карталар санының өсу үрдісі болғанымен алайда, олар негізінен қолма- қол ақша алу үшін пайдаланылады. Пластикалық карталарды бөлшек саудада пайдалану арқылы қолма- қол жасалмайтын төлемдерді жедел дамытуға кедергі келтіретін негізгі себеп тауарға немесе қызмет көрсетуге ақы төлеуге платикалық карталарды қабылдайтын сауда және сервис кәсіпорындардың жеткіліксіз саны болып табылады. [5]
01.01.08 жылы 1763 кәсіпорын пластикалық карталар тауарға немесе қызмет көрсетуге ақы төлеуге қабылданды. Пластикалық карталарға қызмет көрсету үшін 3234 төлем терминалдары және 2051 импринтер, қолма- қол ақша алу үшін 702 банкомат, яғни 1- кестеде көрсетілген.
1-кесте
Пластикалық –карталарына жабдықтардың саны
Негізгі көрсеткіштер
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
POS-терминал
|
2580
|
3234
|
Импринтерлер
|
1789
|
2051
|
Банкоматтар
|
539
|
702
|
*Дерек көзі: ҚазҰУ хабаршысы.Экономика сериясы.№ 4 (44).2013 ж.
2-кесте
Платикаляқ карталардың айналысы туралы мәліметтер
Негізгі көрсеткіштер
|
2012 ж
|
2013 ж
|
Платикалық карталар қолданылған төлемдер саны(мың)
|
14096
|
20957
|
Соның ішінде
|
|
|
Сауда терминалында
|
400
|
579
|
Пайызбен жалпы санға қатынасы
|
2,8
|
2,8
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |