"электрондық ақшалар"



бет16/18
Дата24.02.2022
өлшемі1.18 Mb.
#455738
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Қазақстан Республикасындағы пластикалық карталардың нарығы

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі төлем құралы ретінде пластикалық карталарды қолданудың орындалған анализі келесі қорытындыны шығаруға мүмкіндік береді:


Картаның күшін жою – картаны жарамсыз деп тану.
Банкомат – қолма-қол ақшаны беруге және қабылдауға арналған электрондық бағдарламалық-техникалық комплекс, банктік карталарды қолдану арқылы операциялар жүргізу, шот бойынша ақпарат беру, ақшасыз төлемдерді іске асыру және т.б.
Эмитент-банкі – картаны шығару құқығы бар және осы картаны шығарған банк.
Картаны оқшаулау – банктің картаның қызметін тоқтататын немесе қысқартатын шараларды қабылдауы.
Карт-шот – төлем карталарын қолдану арқылы жүзеге асырылған операциялар жасалатын ағымдағы шот.
Карталық операция – тауарлар мен қызметтерді төлеу, қолма-қол ақшаларды алу, валюта айырбастау, сондай-ақ Банк анықтайтын және Банк талаптары негізінде картаны пайдалану арқылы жасалатын басқа да операциялар.
ДСН-коды – Дербес сәйкестендірмелік нөмір, 4 жасырын сандық код, электрондық құрылғы арқылы операцияны өткізу кезінде карта иесін идентификациялау үшін қолданылады.
POS-терминал («POS» - ағылсынша қысқартылған сөз – «Point of sale» -сауда сервистік пункті) – авторизацияны автоматтандыру және операция бойынша төлем құжаттарын ресімдеу үшін авторизация мақсатында қолданылатын электрондық құрылғы.
Төлем карталарының жүйесі – төлем карталарының аталған жүйесінің ішкі ережелеріне сәйкес карта пайдалана отырып, бағдарламалық-техникалық құралдардың, құжаттандырудың және ұйымдастыру-техникалық шаралардың жиынтығы.
Карта эмбоссирі – картаның бетіне идентификациялық жазулар салу.
Банктік карталардың эмиссиясы – банктік карталарды шығару, шоттарды ашу және клиенттерге есептік-кассалық қызмет көрсету бойынша қызмет.
Эмитент – екінші деңгейлі банк немесе банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыратын, карта шығаруға құқығы бар ұйым.

  1. Халықаралық нарықтарда әртүрлі төлем карталарына әртүрлі технологияларды қолдану жақсы нәтиже берген. Қазақстанда пластикалық карталар төлем құралы ретінде дамудың ұмтылыс кезеңін бастан кешіруде.

  2. Пластикалық карталардың есептік дамуы тенденциясы олардың микропроцессорлық техниканың және электрондық коммуникацияның заманға сай жетістіктердің базасында интеллектуализация болып табылады.

  3. Қазақстанның ірі қалаларында пластикалық карталар дамуының перспективалық бағыты ұсақ төлемдерінің локалдық жүйесін құру болып табылады. Жеке карталардың және оларды қолдану стандарттарының технологияларын кең түрде меңгеруді болашақтан күтуге болады.

Банкоматтар – пластикалық карталармен операция кезінде қолма-қол ақшаны беру мен инкассиялау үшін арналған банктік автоматтар. Сонымен қатар банкомат карта ұстаушысына шоттың ағымдағы жағдайы жөнінде ақпарат алуға және қаражатты бір шоттан екінші шотқа аудару бойынша операциялар өткізуге мүмкіндік береді. Банкомат картаны оқуға арналған құрылғымен жабдықталған, ал картаны ұстаушымен қарым-қатынас жасау үшін дисплеймен және перне тақтатайшамен жабдықталған. Банкомат басқаруды қамтамасыз ететін және оның жағдайына бақылау жасайтын дербес ЭЕМ –мен жабдықталған. Соңғысының мәні зор, өйткені банкомат қолма-қол ақшаның қоймасы болып табылады. Бүгінгі күнде көптеген модельдер Online режимінде магнитті жолағы бар картамен жұмыс істеуге арналған, бірақ off-line режимінде смарт-карталармен де жұмыс істеуге мүмкіндігі бар құрылғылар пайда болды. Қарым-қатынастық функцияларын қамтамасыз ету үшін банкоматтар X.25 төлемдерімен жабдықталады, кейбір жағдайларда – модемдермен жабдықталады. [29,30]
Процессингтік орталық – төлем жүйесінің технологиялық ядросы болып табылатын арнайы есептеуіш орталық. Процессингтік орталық қатаң тәртіпте қызмет етеді. Шынында да дебеттік картаны қолдану авторизация қажеттілігіне әкеледі. Несиелік карта операция үшін авторизацияның барлық жағдайларында қажет емес, бірақ, мысалы банкоматтардан ақшаны алуда ол әрқашан қолданылады. Процесс орталықтың есептеуіш мүмкіндіктеріне күн қорытындысы бойынша есептеуді өткізу үшін деректерді дайындауда талаптар қояды, ал есептерді орындаудың талап етілетін мерзімдері үлкен емес – бірнеше сағатты құрайды.
Қазақстандық пластикалық карталар нарығында пластикалық карталар дамуының перспективті бағыты локалды карталар емес, халықаралық карталар болып табылады. Клиенттердің 80 % пластикалық карталардың халықаралық түрін таңдауды қалайды. Оның халықаралық карталардың маңыздылығын Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайының қарқынды дамуымен түсіндіруге болады. Болашақта Қазақстандағы интеграциялық үдерістерге қарқынды түрде көшуін күтуге болвды, яғни әртүрлі жүйелердің қосылуы және өзара еңгізілуі. Бұл үшін пластикалық карталардың ірі эмитенттердің («Қазақстан Халық Банкі», «БТА Банк» және басқалары) өкілдерінің қатысуымен ұлттық стандартты нығайту.
Қазақстанда және оның жеке аумақтарында төлем құралы ретінде қолдану үшін арналған, дайындалып жатқан құжаттар пластикалық картаның түрін және үлгісін жария етуі қажет.
Осыдан пластикалық карталыр- бұл қолма – қол ақшаның қолдану саласын кеңейтуге мүмкіндік беретің қолайлы құрал. Пластикалық карталар ғана микротөлемдерді және ақпараттық бизнеске қажетті, басылымдарды сатуды қамтамасыз етеді.
Несиелік және чектік жүйеге қарағанда электронды ақшалар транзакцияның құпиялылығы сақтай алады және оны қолдану барысында төлеушінің жеке куәлігін және несиеге қабілеттілігін талап етпейді.
Пластикалық карталардың артықшылықтары туралы көп нәрсе айтуға болады. Кез –келген бизнесті дамытуда клиент ең басты рөл атқарады. Қазақстандық банктік қызмет нарығында пластикалық карталар бойынша қызметті ұсынуда әрбір клиент үшін күрес жүргізіліп отыр. Қазір пластикалық карталардың қызметтерінің қолданатың клиенттердің 60 % астамы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ – ға жатады.
Қазіргі таңда барлық екінші деңгейл банктер күннен күнге пластикалық карталар арқылы қызмет көрсету аясын кеңейтуде. Бәсекелестіктің арқасында пластикалык карталармен қызмет көрсету тарифі төмендеуде.
Бүгін әр бірадам қаржылық тұрақтылығы бар кез – келген банктің пластикалық картасын таңдай алады.
Банктің пластикалық карталар арқылы қызметін қолдану – бұл өмірдің заманға сай талабы екендігіне көзіміз жетуде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет