Білім беру пәндері
|
Міндетті компонент
|
Таңдау компоненті
|
1
|
Жалпы білім беру пәндері
|
25%
|
30%-40%
|
2
|
Базалық пәндер
|
50%-70%
|
30%-40%
|
3
|
Кәсіптендіру пәндері
|
60%
|
30%-50%
|
Базалық пәндер блогын оқытудың мақсаты – білім алушыларды педагогика және психология ғылымдарының болашақ маманның өзін-өзі реттеудің, басқа адамдар мен топтарды басқарудың практикалық дағдыларының ғылыми- теориялық негіздерін қалыптастыру; онтогенездегі жеке тұлғаның ерекшеліктері жөніндегі психологиялық - педагогикалық біліммен қаруландыру; тұлғалық- бағдарлық білім берудің психологиялық негіздері, педагогика саласындағы зерттеулермен таныстыру.
Базалық пәндер блогының көлемі жалпы бағдарламаның 50%, яғни 60-64 кредитіне тең. Олардың 50% - 70% міндетті пәндер компонентіне, 30% - 40% таңдау пәндері компоненттеріне бөлінеді.
Кәсіптендіру пәндерін оқыту блогының мақсаты ғылыми-педагогикалық эксперименттік зерттеулерді ұйымдастырудағы, психологиялық-педагогикалық диагностикалаудағы іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру; ғылыми- әдіснамалық дүниетанымды және болашақ педагог-психологтың тұлғалық бағыттылығын дамыту; педагогика, психологияны оқыту әдістемесі, педагогика, психологияны оқу пәні ретінде құрылымдау ұстанымдары, педагогикалық және психологиялық пәндер мазмұнын меңгеруді ұйымдастыру тәсілдері туралы түсініктерін қалыптастыру. Кәсіптендіру пәндер блогының көлемі кәсіптік білім беру бағдарламасынан 25% немесе 30-32 кредитті алады. Олардың 40%-60% міндетті пәндер компонентіне, 30%-50% таңдау пәндер компонентіне тиесілі.
Базалық пәндер мен кәсіптендіру пәндер блогы бойынша міндетті пәндер компоненті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының типтік оқу жоспарымен бекітіледі, ал аймақтың және жұмыс берушілердің қажеттіліктерін, әлеуметтік серіктестердің, ғылыми мектептердің және жоғары оқу орындарының дәстүрлерін ескере отырып, таңдау пәндер компонентін жоғары оқу орнының өзі дербес түрде анықтайды.
Мемлекеттік стандарттың құрылымы біліктілік сипаттарды анықтайды, ол педагог-психологтың негізгі және кәсіптік құзыреттіліктеріне арналған талаптардан тұрады. Ол бойынша, болашақ педагог бойында мынандай басты құзыреттіліктер қалыптасқан болуы керек:
белгілі бір педагогикалық сана мен идеалдардың, құндылықтардың иесі ретіндегі тұлғалық қасиеттерінің қалыптасқандығын анықтайтын пәндік, психология- педагогикалық, әдістемелік білім, білік, дағдылар жүйесін меңгеруі;
-адамдармен қажетті қарым-қатынас орната білу;
-өзінің даму мүмкіндіктерін анықтау, өзін дене, рухани және интеллектуалдық жағынан дамыту, өзінің көңіл-күйін реттеу және өзін-өзі қолдау амалдарын меңгеруі;
-өзінің жұмыс нәтижелерін жақсартуға, жекелік-тұлғалық ерекшеліктері мен кәсіби психологиялық мүмкіндіктерін пайдалану негізінде еңбек тиімділігін көтеруге даярлығының болуы;
-оқыту бейінділігіне байланысты білім беру мазмұнын таңдай білуі, оқыту бейінділігіне байланысты оқу үдерісін жобалай және ұйымдастыра білуі;
-қазіргі заманғы әдістемелер негізінде бейіналды және бейінді сынып оқушыларының өзбетімен және өзін-өзі жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыру, дамыту, түзету бағдарламаларын жасау және жобалау, инновациялық әдістерді бейімдеу және модификациялау, таңдау туралы білімдерді меңгеруі қажет.
Бұл құзыреттіліктер қазақстандық мектептер мен қоғамның талаптарына жауап бере алатын педагогты даярлауға бағытталған.
Болашақ педагогтарды дайындауда жоғары оқу орындары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (жоғары кәсіптік) негізінде жүзеге асыратыны белгілі. «Білім» бағытындағы педагогикалық мамандықтарының бүгінге дейінгі стандартын, модульдік білім беру бағдарламасының кәсіби білім мазмұны педагогогикалық-психологиялық білім беру сұранысына негізінен сәйкестігін айта кеткеніміз жөн.
Дегенмен, білім беру бағдарламасы аталған мамандықтың студенттерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға деген сұранысын толық қанағаттандырады деу қиын. Себебі оқу бағдарламаларын зерттеу, студенттермен жүргізілген сауалнамалар педагогикалық мамандарды даярлауда теориялық курстарға бөлінетін сағаттардың үлесінің көптігі мен практикалық сағаттардың жеткіліксіздігі, студенттердің өз бетінше және оқытушының көмегімен орындайтын өзіндік жұмыстарына тіптен сағат бөлінбейді деген қорытынды жасалады. Ал үстірт орындалатын осы жұмыстар болашақ педагогтардың практикалық тұрғыда дайындығына нұқсан келтіретіндігі сөзсіз. Оқытушының СӨЖ, СОӨЖ жұмыстарын әр студенттің қалай орындағанына тиісті дәрежеде бағалап, пікір алысуына мүмкіндігі аз, бұл жұмыста формальділікке жол беруге әкеледі.
Атап өтетін жағдай Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «Білім» тобындағы педагогикалық мамандықтар бойынша жалпығы міндетті мемлекеттік стандарттарына негізделіп, университеттің оқу әдістемелік бірлестігі (ОӘБ) (29.08.2015ж.) мен бекітілген: мамандандыратын міндетті жалпы теориялық және элективті пәндер мен педагогикалық практикадан бөлек оқытудың қосымша түрлеріндегі «Жұмыс іздеу технологиясы және жұмыспен қамту жолдары» пәні жүргізілетіндігі.
Пәннің болашақ педагогтың біліктілігіге қойылатын талаптарында:
- білім беру кеңістігіндегі аймақтық еңбек нарығының ерекшеліктерін; ұйымдағы жас маманның негізгі мінез-құлық заңдылықтарын түсінуі;
- кәсіби этиканың негіздерін; маманның қазіргі заманғы құзырлы үлгісін (педагог-пихолог, әлеуметтік педагог, дефектолог және т.б.) білуі керек;
- өз біліміне, тілегі мен құзырына сай, компанияны таңдау;
түйіндеме құра білу, ілеспе хат даярлау;
жұмысқа тұру барысында дау-дамай жағдаяттарды шешуді меңгеруі тиіс;
Достарыңызбен бөлісу: |