Әлеуметтік серіктестік


Болашақ педагогтардың әлеуметтік серіктестік негізінде бәсекеге қабілеттілігін дамытудың құрылымдық - мазмұндық моделі



бет36/77
Дата02.05.2024
өлшемі3.22 Mb.
#500309
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   77
бәскеге (1)

Болашақ педагогтардың әлеуметтік серіктестік негізінде бәсекеге қабілеттілігін дамытудың құрылымдық - мазмұндық моделі


Қарастырып отырған зерттеу жұмысымыздың алдына қойылған келесі міндеттердің бірі – болашақ педагогтардың әлеуметтік серіктестік негізінде бәсекеге қабілеттілігін дамытудың моделін жасау. Бұл ретте біз жалпы педагогикалық құбылыстарды модельдеуге қатысты еңбектерді зерделедік. Нәтижесінде олардың мақсатына қарай түрлерінің болатындығын, модель әртүрлі мақсатта, әртүрлі негізде жасалатындығын анықтадық.
Mодельдеудің маңызды танымдық қызметі - жаңа теориялардың ашылуына серпін беріп, бастауы болу. Кейде теория алғашында құбылысқа түсініктеме беретін модель түрінде пайда болып, алғашқы жұмыс болжамы ретінде көрінеді. Модельдеу барысында эксперименттің жаңа идеялары мен формалары туындап, бұрын белгісіз фактілер ашылады. Әрекеттің типіне қарай модельдеуге берілетін сұраныс нақтыланып отырылады.
Модельдеу басқа да жалпығылыми және арнайы әдістермен бірге ең алдымен практикалық-экспериментте қолданылады. Практика барысында зерттеу нысанасына алынған объект не құбылыстың моделі зерттеудің негізгі құралы қызметін де атқарады. Мұны Б.С.Гершунский болжау негізіндегі практикалық-эксперимент әдісінің мәні мына төмендегі үш кезеңді кезекпен жүзеге асыру екенін атап өтеді: зерттеу объектісінің аса мәнді параметрлері бойынша прогностикалық моделін жасау, яғни «армандағы объектінің» бейнесін құру; объектінің нақты образдарын құру және оларды практикаға тексеру; теориялық модельді жетілдіру, жалпыға тарататын прогностикалық ұсыныстар жасау [190].
Модельдеу - нақты өмірдің құбылыстарын бейнелейтін құрал ғана емес, модель түрінде шығатын теориялардың жүзеге асуы арқылы алынған білімнің ақиқат екенін тексеретін критерий. Біздің жағдайымызда, болашақ педагогтардың әлеуметтік серіктестік негізінде бәсекеге қабілеттілігін дамытудың моделі – бұл болашақ педагогтың идеалды образы немесе тұлғалық- кәсіби дамуының эталоны мән-мағыналық қасиеттерін қайталайтын объектілер мен белгілердің жүйесі.
Oсыған орай, болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілігін дамытудың құрылымдық компоненттері, осы мәселені нәтижелі ететін жолдар, қағидалары мен оларды жүзеге асыру кезеңдері, болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілігін дамытуға негіз болатын құралдар мен формалары нақтыланған құрылымдық-мазмұндық моделі 5-суретте көрсетілгендей дайындалды.
Жұмысымызды әрі қарай жоғарыда келтірілген модельдің құрылымын сипаттаумен жалғастырамыз.
Бәсекеге қабілетті педагогтарды даярлауға әсер ететін сыртқы факторларға біз:
еңбек нарығы, қоғамның әлеуметтік сұранысы, ЖМББС талаптарын жатқыздық.
Алдымен сөз ететініміз еңбек нарығы мәселесі. Еңбек нарығы – негізгі тауар – еңбек (жұмыс) күшін айналымға жіберуге байланысты экономикалық қатынастардың сипаттамасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет