Әлеуметтік серіктестік



бет38/77
Дата02.05.2024
өлшемі3.22 Mb.
#500309
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   77
бәскеге (1)

Біртұтас педагогикалық процесс теориясы жөнінде, қойылған мақсатқа жетуде тұлға дамуын ұйымдасқан түрде жүргізу барысында белгілі бір нәтижеге жету үшін оқу-тәрбиеге педагогтар мен білім алушылардың өзара әсерлесуі біріктірілген, басқарылатын үдеріс сұлбасын берген дұрыс. Мұны оқу-тәрбие немесе педагогикалық үдеріс деп атайды [192]. Бұл үдеріс алдын ала анықталған мақсатқа қол жеткізуге және алдын ала белгіленген өзгерістерге, білім алушының қасиет-сапалары мен белгілерін түрлендіруге алып келеді. Педагогикалық үдеріс – педагогтардың әлеуметтік тәжірибесі мен білім алушы тұлғасының сапаларына айналатын өзара әсерлесуі.
Педагогикалық үдерістің ең басты ерекшелігі – оның тұтастығы, ал оны дамытуға Н.К.Крупская, С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко, А.П. Пинкевич көп үлес қосты. Бірақ 30-жылдары оқыту мен тәрбиелеу ерекшеліктерін тереңдете зерттеу үшін оларды бөліп қарастыру көзқарасы басым болды.
Біртұтас педагогикалық үдеріс мәселесіне 70-80 жылдар аралығында Ю.К.Бабанский, М.А.Данилов, В.С.Ильин, В.В.Краевский, Б.Т.Лихачев және т.б. көңіл бөлді. Олар тұлғаны дамытуға жан-жақты амал жасау тек педагогикалық үдеріс тұтастығы негізінде жүзеге асырылатындығын баса көрсетті.
Қазақстанда біртұтас педагогикалық үдеріс дамыту мәселесін кеңінен қарастырған ғалым-педагог Н.Д. Хмель және оның шәкірттері болып табылады.
Жоғарыда аталған ғалым-педагогтер еңбектерінде тұтас педагогикалық үдерістің барлық мүмкіндіктері зерттелген.
Келесі үздіксіз білім және кәсіби педагогикалық білімге қатысты - «үздіксіз білім беру – ол адамның бүкіл ғұмыр жолында жеке тұлға ретінде дамып отыруы» деген қағида ретінде бүгінде өз жалғасын табуда. Үздіксіз білім беру бұл үздіксіз оқыту мен тәрбиелеу емес немесе бекітілген оқу мерзімімен және ЖОО қабырғасындағы біліммен шектелмейді, ол – болашақ педагогқа білімнің белгілі бір көлемін беруге бағытталған білім түріне ауысу болып табылады. Тек жеке тұлғаға, субьектіге бағытталған кәсіби білім ғана болашақ маманның жылдам өзгеріп жатқан қоғамдық және экономикалық өмір талаптарына сай жауап бере алуын қамтамасыз ете алады.
Кәсіби-педагогикалық білім – бұл кәсіби білім беру қызметін толығымен орындауға қабілетті жеке болашақ педагогты дамыта отырып, жоғары педагогикалық-психологиялық кәсіби білім беру аймағын да сипаттайды. Білім берудің бұл түрі мазмұны, әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі жағынан сәйкес мемлекеттік стандарттармен анықталатын оқу мекемелерінде жүзеге асырылады. Ал, тұлғаның шығармашылықпен өзін-өзі дамытуын, өзіндік реттеу, өзіндік басқару негізінде пайда болатын, жақын ортада өзінің әлеуметтік мәртебесін жоғарылату қажеттілігінен туындаған, өзін- өзі көрсету және әлеуметтік тәжірибе субъектісі ретінде өзін-өзі бекіту бойынша дербес, арнайы ұйымдастырылған шығармашылық іс-әрекеті деп түсінгеніміз жөн.
Шығармашылық – бұл тұлғаның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін тұлға дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренгені абзал. Тұлға бойындағы қабілет-сапаларын дамытып, олардың өмірден өз орнын табуға көмектеседі.
«Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С.Л.Рубинштейн «оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады»-дей келе, «шығармашылық, шешімінің нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті» екендігін айтады, яғни тұлғаның шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады [193].
Заман талабына сай білім бере отырып, білім алушы бойында танымдық қабілетін дамыту бүгінгі таңда педагог үшін үлкен жауапкершілікті іс болып табылады. Бұл туралы Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев:
«Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру», – деп, тұжырымдаған [194]. Бұл қоғамның осындай шығармашыл тұлғаларға деген қажеттілігін қанағаттандыру талабы білім беру жүйесінің алдына тұлғаның жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық қабілеті
зор жеке тұлғаны қалыптастырып, дамыту міндетін қоюының көрінісі.
Диссертациялық зерттеу мәселесін шешуге арналған модель: мотивациялық, іс әрекеттік, рефлексивтік компоненттен тұрады. Енді солардың сипаттамасына тоқталамыз.
Педагогикалық түсіндірме сөздігінде (мотив; фран. мotif, лат. Moveo - қозғаймын) – субъектінің өмір сүру жағдайы ықпалымен қалыптасатын және оның белсенділігінің бағыттылығын анықтайтын әрекетті туғызушы түрткі ретінде қарастырылады [195]. Kез келген іске деген мотивация немесе түрткі жетістікке жетудің алғышарты болып табылады. Мотиві жоғары мамандар үнемі белсенді, бастамашыл, мақсатқа қарай бағыттылығы тұрақты, табандылық сияқты сапалармен көрінеді. Ондай мамандарға кедергілерден тайсалмайтын қайта оларды жеңуде өршелене түсетін қайсарлық қасиет тән. Мәселені шешуде олар өзіне жауапкершілік ала біледі. Өзіне деген сенімділігі мен ішкі түрткілердің тегеуріні оны жетістікке жетуге жігерлендіреді.
Мотивация білім алушы студенттердің белсенділігін, қызығушылығын арттырып, сұранысқа ие, бәсекеге лайық болуға деген талпынысын жоғарылатады. Болашақ педагог-психологтардың бәсекеге қабілетті болу мотивтері ең алдымен кәсіби білімге деген қызығушылықтан, содан кейін педагогикалық әрекетті меңгеруге қатысты әртүрлі іс шаралардағы ынталылығынан көрінеді. Мұндай қозғаушы күш олардың бәсекеге қабілетті болу мотивтерін арттырып, тануға қызығу; осы мақсатқа сай ұйымдастырылатын оқу әрекеттеріне қатысуға ұмтылыс; маман ретінде қажетті болуға талпыныс, мектепті, оқушыларды жақсы көруі, педагог болуға деген тұрақты қызығушылығының болуымен сипатталады. Ондай студент кәсіби білім алу барысында барлық жағынан өзінің белсенділігін көрсетеді. Біздің моделіміздегі мотивациялық компонент болашақ педагог-психологтардың маман ретінде бәсекеге қабілетті болуға даярлыққа деген ынта - ықыласын оятуға бағыталады. Модельдің келесі компонентін негіздеу алдында әрекет теориясына қысқаша тоқталғанды жөн көрдік. Жеке адамның дамуында іс-әрекет жетекші рөл атқарады. Адам қажеттілігінен туған іс-әрекет оның санасын бейнелейді. Бұл ұғымға «қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде» іс- әрекет – адамның ақиқат дүниемен өзара белсенді әрекеттестігінің іс жүзіндегі көрінісі. Ал адамның дамуында шешуші қызмет атқаратын іс-әрекет түріне еңбек жатады және онымен адамның өзге іс-әрекеттерінің барлығы (ойын, оқу, т.б.)
тығыз байланысты деген түсінік беріледі [196].
Тұлға іс-әрекет арқылы тәжірибе жинақтайды, шындықты игереді, оның іскерлігі артады, дамиды. Іс-әрекет туралы психологиялық ілімнің нобайы мен негізі психология ғылымының көрнекті өкілдері Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия зерттеулерінде салынды. Л.С.Выготский іс-әрекетті ғылыми психологияның әдісі ретінде танып, оның барлық арнайы ерекшеліктерін сақтайтын бірліктер арқылы талдауды қарастырған [197]. Ал іс-әрекеттің тұлғалық бағытын зерттеген С.Л.Рубинштейн тұлға іс-әрекетте қалыптасады деген тұжырым жасады. Ол: «...жалпы алғанда адам іс-әрекеті – бұл бәрінен бұрын ақиқаттылықты өзгерту; ...бұл тек қана әсер
ету, әлемді өзгерту және қандай да бір объектілерді тудыру емес, сөздің ерекше мағынасындағы қоғамдық акт немесе қатынас. Сондықтан да іс-әрекет – ол қоғамға, адамдарға қатысты ұстаным», - деп жазды [198].
А.Н.Леонтьев адамның іс-әрекеті әрекет формасы немесе әрекеттер тізбегі ретінде болады, басқа түрде болмайды, мысалы: еңбек іс-әрекеті – еңбек әрекеттерінде, оқу іс-әрекеті – оқу әрекеттерінде, қарым-қатынас іс-әрекеті – қарым-қатынаста және т.б. болады - деп, әрекет ұғымын адам әрекетінің маңызды бөлігі ретінде қарастырады. Іс-әрекет бірқатар нақты мақсаттарды көздейді, ол қатаң жүйелілікпен жүзеге асады. Басқаша айтқанда, іс-әрекет әдетте жалпы мақсаттан бөлінген жекеленген мақсаттарға тәуелді әрекеттердің кейбір жиынтығынан жүзеге асады. Осы жағдайда, дамудың жоғары деңгейіне тән нәрсе – жалпы мақсаттың рөлін саналы түрде меңгерген мотив атқарады, сол себепті оны жете түсінуден мақсат мотивке айналады деп тұжырымдайды [199]. Болашақ педагог-психологтың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудың іс әрекеттік компоненті студенттің теориялық материалдарды белсенділікпен үйренген білік дағдыларды, практикада саналы түрде орындауы, кәсіби әрекет түрлерін ұйымдастыру шеберлігі, ұтқырлығы, кәсіби мәселелерді жаңашылдық,
шығармашылық тұрғыда шеше алуымен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет