«Рефлексияға бағыттылық пен көріну деңгейі» атты әдістемесі қолданылды. (Қосымша Д) Алынған сауалнаманың бастапқы нәтижесі төмендегі суретте беріледі. Эксперимент барысында автоматты түрде шығарылған қорытынды негізінде сауалнамға қатысушылардың «жоғары» деңгейді - 10%; «жоғарыдан төмен» деңгейді - 15%, «орта» деңгейді - 40% , «ортадан төмен» деңгейді - 20%,
«төмен» деңгейді - 15% көрсеткендері белгілі болды. Сауалнама нәтижесін 11- суреттен көруге болады.
пайыздық көрсеткіші
10
15
40
20
15
10
15
40
20
15
Сурет – 11. «Рефлексияға бағыттылық пен көріну деңгейінің» диаграммасы (М.Грант бойынша)
Суреттен көріп отырғанымыздай студенттердің рефлексияға бағыттылығы орташа деңгейде. Жоғары және жоғарыдан төмен деңгей 25 пайызды құраса, орта, ортадан төмен, төменгі деңгейлердің жиынтығы 75 пайыз болып отыр. Бұл студенттердің көпшілігінің өз әрекетіне баға беруге дағдыланбағандығын көрсетеді.
Әдістемелер болашақ педагогтардың тұлғалық сапасы-бәсекеге қабілеттілігінің жиынтықтан тұратынын анықтауға мүмкіндік берді. Айқындаушы эксперимент барысында алынған көрсеткіштер бақылау және эксперименттік топтардағы болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілігі әлі де дамытуды қажет ететінін көрсетті.
Қорыта келгенде, болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілік деңгейінің экспериментке дейінгі диагностикасы бұл бағытта мақсатты жұмыс жасау қажеттілігін көрсетті. Бұл зерттеу-жұмысымыздың алғашқы тараулары мен параграфтарындағы берілген мазмұн мен әдістемеге байланысты арнайы ұйымдастырылған «Кемел» ресурстық орталығының аясында жүзеге асырылды. Зерттеуде жүргізілген жұмыстардың сипаттамасы келесі параграфта беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |