Әлеуметтік серіктестік


III БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІК НЕГІЗІНДЕ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ



бет40/77
Дата02.05.2024
өлшемі3.22 Mb.
#500309
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   77
бәскеге (1)

III БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІК НЕГІЗІНДЕ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ





    1. Болашақ педагогтарды даярлау мазмұны мен бәсекеге қабілеттілігінің бастапқы жағдайы.

Заманауи жас педагогтар–бұл жоғары педагогикалық білім алған маман. Олар–өз пәндері бойынша терең әрі сапалы білім беруге, білімдік процесті педагогикалық және психологиялық тұрғыда ұйымдастыруға, тұлғаның дамуы мен тиімді әлеуметтенуін қамтамасыз етуге, білім алушылардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға, олардың құқығын қорғауға, дамуындағы және мінез- құлқындағы ауытқулардың алдын алуға бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асырушылар. Олардың кәсіби деңгейі педагогика мен психологияның ғылыми негіздерінен, түрлі психологиялық техникаларды меңгеруінен, өзінің кәсіби құзыреттілігінің шегін ұғынуы мен ұсынысы және оларды жүзеге асыру мен салдары үшін жауапкершілігін түсінуінен, психологиялық-педагогикалық мәдениет пен тұлғаның жетілуінен тұрады.
Болашақ педагогтар теориялық білім қорымен ЖОО қабырғасында қаруланады. Теориялық білімдер негізі - жалпы педагогика мазмұнын құрылымдаудан басталып, оқу пәнінің мазмұнын жобалау рәсімі, яғни мақсатын тұжырымдау, курстың құрылымы мен мазмұнын анықтау, білімгерлердің іс- әрекетін ұйғарым мен шектеулердің шегінде жоспарлау, бұлардың барлығы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, типтік бағдарлама, оқу және әдістемелік әдебиеттер секілді нормативтік құжаттармен реттеледі.
Білім «мазмұны» ұғымының мәніне тоқталар болсақ, ежелден-ақ, философиялық тұрғыда – «бүтін бөліктерінің жиынтығы», «барлық заттар материалды емес, бірақ барлық заттардың мазмұны болады»-деп қарастырылса [205], бұл ұғымның педагогикалық түсінігін П.Ф. Каптерев анықтап, оны жүйелі білім ретінде түсіндіреді [206].
В.В. Краевский мен И.Я. Лернер білім берудің мазмұнын әлеуметтік тәжірибе ретінде қарастырып, мазмұн келесі өзара байланысты құрамдас бөліктерден тұратындығын айтады:

  • табиғат, қоғам, техника, адам, іс-әрекет құралдары туралы білім;

  • дағды және іскерлікпен танылған іс-әрекеттің белгілі тәсілдерін жүзеге асыру практикасы;

  • интеллектуалдық рәсімге айналған, әдеттегі іс-әрекет шегінен асатын шығармашылық іс-әрекетінің практикасы;

  • іс-әрекеттің құралы немесе нысаны болған болмысқа деген эмоционалды- құндылық қатынас практикасы [207].

Бұдан, білім берудің мазмұнын құрылымдаудың басты амалдары қалыптасқан деуге болады. Біз қарастырып отырған педагогикалық пәндердің мазмұнын жасаудың екі амалы қалыптасқан: білімдік-бағдарлық (дәстүрлі) және құзіреттіліктік (инновациялық).
Біріншісі – білімдік-бағдарлық амал өткен ғасырда практикалық болып,
педагогиканың мазмұнын беруге бағытталған тәсіл. Бұл тәсіл негізгі талаптарды тек қана педагогикалық білімнің жинақталуына қойды, ал болашақ педагогтың іскерлігі, дағдысы және құзыреттілігінің қалыптастыруын практикаға жүктеді.
Екінші – құзіреттіліктік амал, бертін келе 2000-жылдардың басында қалыптасып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көрсетілген тізімдердегі басты құзыреттіліктер мен педагогикалық бейімделген білім мен іскерлік жүйесін студенттердің меңгеруін білдірді. Бүгінде екінші амал жетекші болып табылады.
Барлық педагогикалық мамандықтарды даярлауда оқытылатын педагогика курсының мазмұнын құрылымдау келесі ұстанымдарға сүйенеді:
-мақсатқа бағыттылық, болашақ педагогті кәсіби іс-әрекетке даярлаудағы мақсат пен міндеттерге педагогика мазмұнының сәйкес келуі;
-ғылымилық, педагогика курсы мазмұнының қазіргі заманғы педагогикалық ғылым жетістіктеріне сәйкес болуы;
-негізділік (фундаменталдық), педагогиканың әдіснамасын күшейту;
-тұтастылық, оқылып отырған пәннің теориялық және практикалық жақтарының біркелкілігін сақтау;
-интеграция, педагогикалық процестен (құбылыстан) тұтас көрініс беретін көптеген пәнаралық және ішкі пәндік байланыстар санын мүмкіндігінше көп бекіту;
-модульдік, педагогиканың мазмұның инвариантты (міндетті) және вариативті (таңдау бойынша) компонеттерін модуль түрінде беру;
-іс-әрекеттік-модельдеуші, болашақ педагогикалық іс-әрекеттің үзінділерін модельдеу, оның барысында кәсіби нормаларды меңгеру;
-жекешелендіру, мазмұнның вариативтілігі және оны меңгеру тәсілдері болашақ педагогтардың негізгі дайындық деңгейіне және кәсіптік ерекшеліктеріне байланысты білім мен іскерліктер жүйесін меңгеруді қамтамасыз ету;
-прескриптивтілік (нормалық), білім мазмұнының болашақ педагогтың біліктілік талаптарына сай болуы [208].
Зерттеу жұмысымыздың ерекшелігіне (арнайы пән мұғалімдері емес) сай, 5В010300 «Педагогика және психология», 5В010100-«Мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру», 5В010200-«Бастуышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі», 5В012300-«Әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану» мамандықтарының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (ҚР МЖМБС 6.08.012-2016 ҚР Үкіметінің 13.05.2016. №292 өзгертулерімен) аясындағы пәндердің болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілігін дамыту әлеуетіне талдау жасау міндетін қойды.
Жоғары педагогикалық білім беру бағдарламаларындағы жалпы білім беру пәндерінің блогын оқытудың негізгі мақсаты: интеллектуалды, жеке және әлеуметтік түрде дамыған педагог-маманды дайындау болып табылады. Жалпы білім беру пәндері блогының құрамы кәсіптік білім беру бағдарламасының 25% құрайды немесе 30-32 кредиттен тұрады. Олардың 40% немесе 12-13 кредиті таңдау компоненттеріне бөлінеді.
Аталған мамандандырушы кәсіптік білім беру бағдарламасының құрылымында үш өзара байланысты блок бар, олар жалпы білім беру пәндері, базалық пәндер, кәсіптендіру пәндері деп аталады. Әрбір блок инвариантты (міндетті) және вариативті (таңдау) пәндерден тұрады. Базалық педагогикалық білім беру бағдарламасының құрылымы 4 - кестеде берілген.

Кесте-4. Базалық педагогикалық білім беру бағдарламасының құрылымы









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет