Әлеуметтік серіктестік



бет46/77
Дата02.05.2024
өлшемі3.22 Mb.
#500309
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   77
бәскеге (1)

Екіншіден, жоғары оқу орны - бұл педагогикалық білімі бар және балалар мен ересектерге тең дәрежеде қолданылатын оқыту, мәдени, білім беру, тәрбиелік, ұйымдастырушылық іс-әрекеттердің практикалық дағдылары бар әуесқойлар тобы.
Үшіншіден, жоғары оқу орны күнделікті білім беру және тәрбиелеу іс- шараларында түрлі әлеуметтік іс-әрекеттер мен инновацияларды іс жүзінде жүзеге асыру үшін материалдық-техникалық ресурстарға, үлкен алаң мен жабдықтарға, кеңсе техникасына ие.
Ал әлеуметтік серіктестер ретінде таңдалатын мекемелер нақты және әлеуетті болуы ойластырылуы керек. Нақты әріптестер - білім беру мекемесі жұмыс істейтін субъектілер немесе ұйымдар, үнемі байланыстар мен өзара әрекеттесу бағдарламалары. Әлеуетті әріптестер - бұл оқу орнының тұрақты байланыстары жоқ адамдар, бірақ олармен ынтымақтастық бірлескен жұмыстарды ұйымдастыруда нәтижелі болуы мүмкін деп есептейді.
Енді зерттеу жүргізу барысында өз тәжірибемізде қолданылған әлеуметтік серіктестік технологиясының мысалында болашақ педагогтарды даярлау сапасына әсерін қарастырамыз.
Технологияны ендіру зерттеу жұмысына тартылған мамандыққа қатысты Педагогика және психология институтының серіктес ұйымдарын анықтап, олармен үш жақты келісім шарттар жасаудан басталды. Келісім шарттарда – университетте білім алушыларға қойылатын жаңа талаптарға сай бәсекеге қабілетті педагог-психологтарды сапалы дайындаудың жалпы ережелері сипатталды. Үш жақты келісім шарттарды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, серіктес ұйымдардың: мектеп, психологиялық орталық жұмысына байланысты атқаратын міндеттері жан - жақты ашып көрсетілді. Оларда келісім шартқа отыратын барлық жақтардың жұмыстарының басты бағыттары нақтыланды.
Бұдан кейінгі қадам әлеуметтік серіктестік ұйымдарда практикалық әрекеттерге қатысатын студентттер анықталып, олардан еріктілерден құралған
«КЕМЕЛ» ресурстық орталығы құрылып, жарғысы, бағдарламасы бекітілді.
Еріктілер (волонтер) – латынның «voluntarius» сөзінен шыққан, адамның өз еркімен, өзінің есебі арқылы қоғамдық жұмыстарға белсенді араласушы деген
сөз. Ал, ерікті болу дегеніміз – қоғамға қажет екеніңді сезініп, адамдарға пайдаңды тигізу. Біздің жағдайымызда болашақ педагогтардан құрылған еріктілер өз мамандығының қыры мен сырын сол іске араласа жүріп игеру, әлеуметтік серіктес мекемелердің қызметкерлерінің жұмыстарына көмекші бола жүріп практикалық біліктер мен дағдыларды меңгеруге тиісті болды. Ерікті болатын себебі, өз қалауы бойынша, ол үшін ешнәрсе талап етпей серіктес мекемелер жұмысына араласуында. Бұл әсіресе мектепте белгілі бір пәнді жүргізбейтін «педагогика және психология», «әлеуметтік педагогика»,
«психология» мамандықтарында оқитын студенттер үшін аса қажет.
Бағдарламаның негізгі идеясы: «Ұлттың келешегі - болашақ педагогтың бәсекеге қабілеттілігінде».
«КЕМЕЛ» ресурстық орталығының негізгі мақсаты: өзіндік азаматтық ұстанымы мен құндылық бағдары бар; еңбексүйгіш және шығармашыл; тәуекелшіл, үздіксіз өзін-өзі дамытуға қабілетті; өз кәсібінің мәнін терең ұғынатын;әрекеттің сапалы нәтижесіне ұмтылатын болашақ педагогтарды даярлауды жүзеге асыру.
«КЕМЕЛ» ресурстық орталығының міндеттері:

  • болашақ педагогтардың кәсіби әрекетке практикалық жолмен дайындауды ұйымдастыру;

  • болашақ педагогтардың құзыреттіліктерін қалыптастыру.

Ресурстық орталықтың толық жұмыс мазмұны қосымшада беріледі. (Қосымша Е)
Жоғарыдағы бірлескен әрекет жоспарында мамандар даярлау ісіне қатысты практикалық жұмыстарды бірлесіп жүргізу атап айтсақ: бір жағынан, түлектердің қорытынды мемлекеттік аттестациясына жұмыс берушілердің қатысуы; мектеп мұғалімдерінің университетте ұйымдастырылатын конференцияларға қатысуы, еңбектерін университет баслымдарында жариялау; университет ғалымдарының серіктес ұйымдарда дәрістер өзкізуі, кеңес беруі сияқты шаралар болса, екінші жағынан болашақ педагогтардың олардың оқу білімдік, тәрбиелік, психологиялық, ұйымдастырушылық іс шараларына қатысулары қарастырылды. (Қосымша Ж)
Еріктілер орталығын құруда 5В010300-Педагогика және психология мамандығының 2 курс студенттері үшін арнайы сауалнама құрастырылып, олардан болашақ қызмет ететін мекемелерін таңдауға ерік берілді. (Қосымша З)

Сурет-13. Еріктілердің таңдауы бойынша серіктес мекемелерге бөлінуі


Сауалнама барысында болашақ мамандардың: қала мектебіне - 18%, педагогикалық колледжге - 14%, психологиялық орталыққа - 68% баруға өздерінің қалаулары бойынша бөлінді.


13-суреттен мектептің педагог-психолог мамандығын болашақ педагогтардың таңдауы психологиялық орталықтан едәуір төмен көрсеткіш көрсетуде. Себебі мамандыққа мотивацияның аздығы, мектептерде еңбекақының төмендігі және т.б. факторлар мен байланысты. 5В010300 – Педагогика және психология мамандығын бітірушілер негізінен жалпы білім беретін орта мектептерде, психологиялық қызмет көрсететін орталықтарда, колледждерде қызмет атқару мүмкіндігіне ие болғандықтан, суреттен көрініп тұрғандай соған қатысты білік дағдыларды (құзыреттіліктері) 14-суретте қарастырылды.
Жоғары педагогикалық оқу орынының оқу-тәрбие процесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет