Әлеуметтік серіктестік


Әлеуметтік серіктестік негізінде болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілігін дамытуға арналған тәжірибелік - эксперименттік жұмыс және оның қорытындылары



бет52/77
Дата02.05.2024
өлшемі3.22 Mb.
#500309
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   77
бәскеге (1)

Әлеуметтік серіктестік негізінде болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілігін дамытуға арналған тәжірибелік - эксперименттік жұмыс және оның қорытындылары


Зерттеу жұмысымыз бойынша қалыптастыру эксперименті 2017-2018 оқу жылында жүргізілді.
Қалыптастыру экспериментінің мақсаты - болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілік сапаларын практикалық жолмен дамытуға мүмкіндіктер жасау болып табылады.
Алдымен эксперименттік топтарда болашақ педагогтармен жалпы педагог мамандығы, оның мәртебесі туралы түсіндіру, талқылау жұмыстар жүргізілді. Бұл мақсатта «Шағын топтар» әдісі таңдап алынды. «Педагогикалық мамандықтың мәні» тақырыбында студенттер топтарда мамандықтың қоғамдағы мәні, қазіргі кездегі жағдайы, мұғалім мәртебесі туралы пікірлерін ортаға салды. Олар айтқан пікірлердің басым көпшілігі бұл мамандық барлық мамандықтың бастауы, ешкім мұғалімсіз, оның қызметінсіз ешқандай биіктерді бағындыра алмайды дегенге келіп саяды. Дегенмен де араларында «аз жалақы»,
«ата аналардың мұғалімдерді қолдамауы», «жас мамандардың әлеуметтік қорғалмауы» сияқты түйткілдер де ортада талқыға түсті.
Аталған әдісті қолдану топтың ішінде жұмыс істей алу іскерліктерін дамытады, студенттердің өз ойларын еркін айту, дәлелдемелер, дәйектер келтіру, шешім қабылдау сияқты қабілеттерін де жетілдіре түседі деп санаймыз. Мұндай сапалар бәсекеге қабілетті әр педагог бойында болуы тиіс. Сонымен қатар, топтық жұмыс алдағы жүргізілетін іс шараларға кіріспе қызметін де атқарды.
Бұдан соң болашақ педагогтарға «бәсекеге қабілеттілік», «бәсекеге қабілетті педагог» ұғымдарының мәнін ашу үшін «Миға шабуыл» әдісімен осындай педагогтың портретін жасау тапсырылды. Студенттер топтарға бөлініп, өз үлгілерін жасап, қорғады. Бірлескен талқылау барысында жасалған ортақ шешімде бәсекеге қабілетті педагог: өз таңдаған мамандығын сүйетін, кәсібіне адал, адамгершілігі жоғары, инновациялық белсенділігі жоғары, шығармашылық әлеуеті қалыптасқан, өз білімін көтеруге деген қажеттілігі тұрақты, кез келген жағдайға жылдам бейімделе алатын ұтқыр, рефлексияға қабілетті ұстаз деген сипаттамаға сай болуы керек деген тұжырым жасалды.
Қалыптастырушы эксперимент барысында ресурстық орталық жұмысының жоспарына сәйкес болашақ педагогтар жасалған келісім – шарттар негізінде өздері таңдаған білім мекемелері әлеуметтік серіктес мекемелерге экскурсия жүргізілді. Оның мақсаты – студенттердің педагогикалық қызметке қызығушылығын арттыруға, білім беру мекемелерінің жұмысы туралы білімді кеңейтуге ықпал ететін білім беру мекемелерімен байланыстыру. Эксперименттік топ студенттерімен Алматы қаласының М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейі, Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейлерінде,
№ 1,2 педагогикалық колледждерде, «Нұрбағдар» мемлекеттік психологиялық орталығында болған кездесулер естерінде қалды деп ойлаймыз. Студенттердің білім беру мекемелері практикасымен өзара байланысы кәсіби мамандықты қалыптастыруға және таңдалған мамандыққа деген қызығушылықты қалыптастыруға оң әсерін тигізді деп санаймыз.
Болашақ педагогтарға кәсіби педагогикалық іс-әрекетте бәсекеге қабілеттілікті дамытудың маңыздылығын ұғындыру үшін ресурстық орталықтың жоспарына сай әртүрлі жұмыстар ұйымдастырылды. Мысалы
«Өмірі-өнеге» тақырыбындағы кездесу.
Осы мақсатта Алматы қаласының №159 мектебін ұзақ жыл басқарған Еңбек ері А.Т.Миразованың еңбек жолымен таныстыру жұмысы жүргізілді. «Балаға жүрек жылуы» деп аталатын презентациялық материал көрсетіліп, батыр- педагогтың педагогикалық практикасы жан-жақты талданды. Студенттер осы жұмыс арқылы өз мамандығын дұрыс таңдап, оны шын сүйген адамның сөзсіз жетістіктерге жететіндіктеріне көз жеткізді деп ойлаймыз.
Зерттеу жұмысымыздың практикалық бөлімі бойынша келісім шарт жасасқан әлеуметтік серіктес-білім беру мекемесі Алматы қаласы, М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей директоры Е.Ә. Жиенбаевпен, және
«Нұрбағдар» мемлекеттік психологиялық орталығы директоры Г.Сабуровамен эксперименттік топ ретінде алынған Абай атындағы Қаз ҰПУ, «Педагогика және психология» институтының 5В010300-Педагогика және психология мамандығының 3 курс білім алушыларымен «Бәсекеге қабілетті педагог даярлау

  • басты міндет» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел қонақтарының бірі Е.Ә.Жиенбаев өз мектебіндегі жаңашылдық бастамалар, қазіргі заман оқушыларының жас ерекшеліктері психологиясы, мектептегі шығармашыл ұстаздарға қолдау көрсету, олардың жалақысы қалай түзіледі, еңбек ақыны қалай көбейтуге болады, студенттердің педагогикалық практикасының ұйымдастырылу жағдайы сияқты мәселелерді презентация арқылы айтып берді. (Қосымша Н,Ң,).
Ал, психологиялық орталық директоры Г.Сабурова қоғамдағы заманауи психологиялық мамандарға арналған құрылғылар жайында көрнекі түрде баяндады.
Студенттер өз кезегінде мектеп директорына сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейге ерікті болып тіркелген студенттер ондағы психологтар, сынып жетекшілері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен бірге мынадай (кесте-7) жұмыстарды атқарды.

Кесте-7. «Кемел» ресурстық орталығы жұмысының бағыттары






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет