Әлеуметтік серіктестік


Болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілігін дамытудағы әлеуметтік серіктестік технологиясының әлеуеті



бет45/77
Дата02.05.2024
өлшемі3.22 Mb.
#500309
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   77
бәскеге (1)

Болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілігін дамытудағы әлеуметтік серіктестік технологиясының әлеуеті


Маман даярлаудың сапасы мен оның біліктілігіне қойылатын талаптарға сай кәсіби білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі - жұмыс берушілердің талаптарын қанағаттандыру болып табылады. Білім беру ұйымы әлеуметтік педагогикалық жүйе ретінде сыртқы ортамен тікелей байланысады. Ол байланыс оқу орынының әрекетінің тиімділігін арттыруға, басқару ісінің құрылымын жетілдіруге, даму болашағын бағдарлап, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. Сондықтан әлеуметтік серіктестік құрудың тетіктерін қалыптастыру қазіргі кездегі кәсіби білім беру жүйесін жаңғыртудың басты бағыттарының бірі болып отыр [216].
Біздің зерттеу жұмысымыз болашақ педагогтардың кәсіби білім алу барысында бәсекеге қабілеттілігін дамытудың инновациялық формасы ретінде әлеуметтік серіктестік технологиясын (сурет-12) алып отырғандықтан, оны жүзеге асырудың жалпы шарттарын сипаттаймыз.
Әлеуметтік серіктестік технологиясының әдістемелік бағыттарына мыналар жатады: жоғары оқу орындарында мамандар даярлаудың мазмұнын жетілдіруге; оқу процесіне жаңа әдіс, технологияларды ендіру; студенттердің кәсіби практикасының тиімділігін арттыру; болашақ педагогтардың білім беру ұйымдарының педагогикалық әрекетіне араласуына жағдай жасау; олардың педагогикалық мамандық туралы жағымды пікірлерінің қалыптасып, сүйіспеншілігінің артуына ықпал ету; мұғалім мамандығы туралы жақсы қоғамдық пікір қалыптастыру.

Сурет-12.Әлеуметтік серіктестік технологиясын жүзеге асыру алгоритмі.


Аталмыш технология әріптестікті жобалауда қолданылатын әдістер мен тәсілдерді дамыту, әлеуметтік саладағы өзара іс-қимылдарды жүзеге асыру ұстанымдарын және тәсілдерін түсінуге үлес қосады [217]. Технологияны ендірудің мақсаттары әлеуметтік әріптестік саласында болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, өзара бірлескен іс-қимыл саласында коммуникативті құзыреттілік, студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, әлеуметтік өзара әрекеттесуді қалыптастыру дағдыларын дамыту және әлеуметтік әріптестіктегі практикалық мәселелерді шешу жолымен қол жеткізу болып табылады. Технология әлеуметтік әріптестік саласында тиімді қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік береді - әлеуметтік өзара әрекеттесудің әртүрлі модельдерін құрастыру, әлеуметтік салада басқарушылық міндеттерді шешуде негізгі ұйымдастырушылық шараларды орындау дағдыларын дамытуды нәтижелі етеді.
Кәсіби білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестікті жүзеге асырудың негізгі түрі өнеркәсіптік оқыту, үздіксіз білім беру және т.б. туралы ережелерді қамтитын ұжымдық келісімдер болып табылады. Көптеген елдерде жұмыс берушілер ұйымдары мен кәсіподақтар өндірістік оқыту жүйесіне белсенді қатысады. Оған қоса, практикалық сабақтар, жұмыс орнында оқыту, анықтамалар бойынша, белгілі бір кәсіпорындар деңгейінде жұмыс берушілердің болашақ маман даярлауға белсенді араласуды қамтамасыз етеді. Өнеркәсіптік оқытуды жүзеге асыру барысында әлеуметтік серіктестер тәуелсіз оқу орталықтарын және үздіксіз кәсіби білім беру мекемелерін ұйымдастырушылар ретінде жиі әрекет етеді.
Кәсіби білім беретін жоғары оқу орнында әлеуметтік серіктестік жүйесін құру үш кезеңде жүзеге асырылады:
Бірінші кезең - дайындық. Дайындық кезеңінің басты мақсаты – оқу орнында шешілуге тиісті міндеттер қатарын анықтау. Оған мамандықтар бойынша білімді практикалық жолмен тиянақтап, болашақ мамандардың кәсіби құзыреттіліктерінің қалыптасуына жағдай жасап, ықпал ететін білім мекемелерін, оларды ұйымдастыратын тұлғаларды айқындау, бірлескен әрекеттің жоспарын құру жатады.
Екінші кезең - ұйымдастырушылық. Бұл кезеңнің мақсаты-әлеуметтік серіктес ұйымдармен тұрақты қарым-қатынас орнату. Оның аясында ынтымақтастық туралы келісімдер жасау, әлеуметтік серіктестердің әртүрлі санаттарымен өзара әрекеттесу технологиясын әзірлеу, яғни, болашақ әлеуметтік серіктестік жүйесінің элементтерін құрып, серіктестік нысандарын анықтап, білім беру ұйымдарының серіктестерін құру жұмыстары жүргізіледі. Екінші кезеңнің басты қорытындысы-әлеуметтік серіктестіктің болашақ жүйесінің негізгі құрылымдық элементтерін түзу.
Үшінші кезең – жүйе құраушы. Бұл кезеңнің мақсаты - әлеуметтік серіктестіктің қалыптасқан және пайда болатын элементтерін жүйеге біріктіру. Серіктестермен тұрақты ынтымақтастықта болып, байланысты үзбеу, орнының қызметкерлерінің ең маңызды қызметтік міндеттерінің санатына жатады. Бұл үшін лауазымдық нұсқаулықта түсіндірулер жасалады, әлеуметтік әріптестік
оқиғалары оқу орнының жұмыс жоспарына енгізіледі және т.б. Білім беру ұйымының маңызды іс-әрекеттерінің бірі - бұл процестің барлық қатысушыларын біріктіретін, олардың арасындағы қарым-қатынасты реттейтін әлеуметтік серіктестіктің ұйымдық құрылымын қалыптастыру.
Студенттер таңдаған пәндердің қосымша бөлігі жұмыс берушіге әртүрлі профильдер үшін бір бағытта топтарды тартуға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның талабы бойынша, қолданыстағы бағытта жаңа оқыту профилін құруға болады.
Әлеуметтік әріптестік технологиясы оқу орыны деңгейінде жасалып, жүзеге асады: біріншіден, оқу орынында әртүрлі қоғамдық кездесулер өткізу үшін түрлі ғимараттар жеткілікті. Оларда кәсіби мәселелерді, жолдар мен тәсілдерді талқылауға шешімдерді талқылап, өзара әрекеттесу жолдарын анықтауға мүмкіндіктер бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет