Әлеуметтік серіктестік



бет53/77
Дата02.05.2024
өлшемі3.22 Mb.
#500309
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   77
бәскеге (1)

Жұмыс бағыттары

Жұмыс мазмұны

Кіммен бірге

Ағартушылық
-білімдік:

- бәсекеге қабілеттілікке түрткі болатын ЖОО мен әлеуметтік серіктестер бірлестігінен тұратын ортада теориялық білімдерін толықтыру мақсатында шеберлік сыныптарға, коучингтер мен кейс стади, пікірталастар, онлайн конференция және тағы басқа іс шараларға қатысу.

Оқу ісінің меңгерушісі, әдіскер мұғалімдер, ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасар

Процессуал- дық іс-
әрекеттік

-мектеп, психологиялық орталықтар, колледждердегі оқу-тәрбие процесіне педагогтар мен психологтардың кәсіби әрекеттеріне еріктілер ретінде араласу арқылы тәжірибе жинақтау;
- педагог-психолог қызметінің нәтижелерін өңдеу біліктілігі, мәселені қалыптан тыс шешуге даяр
болу;

Педагогтар, психолог, сынып жетекшілері,

Рефлексивтік
-нәтижелік

- өз кәсіби іс-әрекеттерін өзіндік бағалау,
нәтижесін жинақтау, түзетулер енгізу, қорытындылар жасау.

Практикаға жауапты тұлға, өз бетінше



«Педагогикалық идеялар аукционы» түрінде өткізілген жұмыста студенттер өз беттерінше іздену арқылы озық педагогикалық идеяларды, инновациялық тәжірибені талдады (презентация, тәрбие жұмысының жоспары, оқушыларды зерттеу бағдарламалары т.б.). Серіктес ұйымдар мамандары, жұмыс берушілер оларды тыңдап, ақыл кеңестерін қосып болашақ педагогтың танымдық белсенділігіне, сыни, рационалды ойлауына қолдау көрсетті, оқуды бітіріп нәтижелі жұмыс жасап кететіндіктеріне сенім ұялатты.
Эксперимент барысында М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің тәжірибелі ұстаздары: С.А.Жоламанованың математика,
Г.Б.Юлдашеваның қазақ тілі, Т.Б.Мықтыбектің химия пәндері бойынша жүргізілген сабақтарының бейне нұсқасына тәрбиелік-психологиялық жағынан талдаулар ұйымдастырылды:

  1. Сабақтың басталуының алдындағы эмоционалдық сәтке психологиялық бағаңыз қандай?

  2. Сабақтағы оқушылардың өзара қарым-қатынас әрекетін бағалаңыз?

  3. Сабақтағы мұғалімнің оқушымен қатынасын бағалаңыз?

  4. Сабақ тақырыбына қарай оқушы қандай құндылықтарды таныды?

  5. Сабақта оқушы алған білімін өз бойына сіңіре ала ма? Дәлелдеңіз.

Студенттер сұрақтар бойынша, ойларын білдіріп, нақты мысалдармен дәйектеуге машықтанды. Кейде көзқарас қайшылықтары да кездесіп жатты. Мұндай сәттерде өзіміз тікелей араласып, пікірлер әр алуандығының болуы заңдылық екеніне назар аудардық.
Болашақ педагог-психологтар эксперименттік-практикалық жұмыс барысында мектеп мұғалімдеріне оқушылардың білімдік әрекетін ұйымдастыруға қатысты кеңес беру, сабақ процесін эмоционалдық тұрғыда қанықтыра алу, мұғалімнің имиджі мен қарым-қатынас этикасы жайлы теориялық білімдерін практикамен ұштастыруға мүмкіндік алды.
«Нұрбағдар» мемлекеттік психологиялық орталығына еріктілер ретінде жазылған студенттер ондағы алдыңғы қатарлы диагностикалық құралдармен, олардың жұмыс жасау мүмкіндіктерімен танысты. Орталықтың жауапты кызметкері Сайыпжамал Ниязова психологтармен бірлесе диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыруға ұйытқы болып, өз практикасымен бөлісті. Орталық директоры Гүлмира Сабурова студенттерді жылы қабылдап, ондағы жаңа қондырғылар, жаңа психологиялық, диагностикалық әдістер, психологиядағы консалтинг жайлы келелі ойларымен практикасымен көрнекі түрде бөлісті. Мысалы студенттер психологиялық консалтинг туралы оның ең алдымен жүйелі түрде жасалатын жағдайды зерттеу, болжау, мәселені шешу жолдарын айқындауға қатысты талдаулар мен жеке қызмет көрсетуден тұратынын түсінді. Психологтың алдына әр адам өз түйткілді мәселесімен келетін болғандықтан, әрбір жағдай ерекше, қайталанбайтын, бірегей. Сондықтан, әр кезекте түйткілді шешу жаңа жолды, шешімді талап ететіндігін сезінді. Жаттап алған тренингтер, жаттығулар барлық жағдайға сәйкес келе бермейтінін, дұрыс диагноз қойып, тиімді психологиялық қолдау көрсете білудің маңыздылығына ден қойды. Демек психолог үнемі ізденіс үстінде болуы керек екеніне мән берді деп ойлаймыз. Әсіресе орталық басшысының қазіргідей нарық заманында мұның
бизнестің көзі екеніне де тоқталуы студенттерді қызықтыра түсті.
«Нұрбағдар» психологиялық орталығында экспериментке қатысқан студенттер өздері сыналушылардың психологиялық типтерін анықтауда арнайы тест жүргізіп, олардың аса жоғары холериктері мен өте төмен меланхоликтерінің ішіндегі жағымды жағымсызын бақылай отырып нақтылады. Бұл оқушылардың сынып жетекшісі мен пән мұғалімдеріне, ата-аналарына оқушының ортадағы өзін-өзі ұстауы мен танымына, қарым қатынасына ықпал етуге негіз болады. Анықталған мәліметтен оларды топқа бөлгенде холериктердің,
меланхоликтердің бірге жиналып қалмауы ескертілді. Флегматик пен сангвиниктер топта көп болса, жасаған топтық жұмыстары сәтті шығатынына кепілдік беруге болатынына көз жеткізді.
«Нұрбағдар» психологиялық орталығы қызметкерлерімен бірлесе студенттер олардың қызметін тұтынушылармен жасайтын жұмыстарына қатысып, психологиялық кеңестер беру, диагностика жасау сияқты әрекеттерга араласты. Бұл сөзсіз болашақ педагог-психологтар үшін тәжірибе жинақтауға әсер етті деп санаймыз.
Қалыптастырушы эксперимент барысында әлеуметтік серіктес ретінде таңдалған ұйымдарына бөлінген студенттердің сол мекемелердегі сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыруға да ат салысты. Мысалы мектептегі үйірме жұмыстарын жүргізуге, әртүрлі мерекелер, кештер ұйымдастыруға, ата- аналармен, оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың өтуіне қатысты. Біздің студенттердің тікелей қатысуымен өткен «Аясаң аяма...» тақырыбындағы ата- аналар жиналысында қазіргі кездегі балалардың ата-аналарының мектеп мұғалімдерінен, сынып жетекшілерінен үлкен жауапкершілікті талап ететінін байқады. «Тәрбие тал бесіктен», - демекші, адам өмірге келгенен оны қоршаған ортасына қарай бейімделеді. Оқушының қарым-қатынас әрекеті, мінезі және әдеттенуіне отбасындығы тәрбие басты орында. Ал, оның мұғалім үйреткен білім, білік, дағдысын жасерекшелігіне байланысты дүниетанымының қалыптасуына ата-ана ұстазбен бірлесе әрекет етуге психологиялық кеңес беруге ұйғарылды.
Сонымен қатар, болашақ педагог еріктілер оқушылардың «Жасөспірімдер құқық бұзушылыққа қарсы» атты ұйымдастырылған қалалық марафонын өткізуге де аса қызығушылықпен қатысты.
Педагогикалық колледжге баруды таңдаған еріктілер тобы колледж психологының жұмыс жоспарымен жете танысып, етене араласып, диагностикалық жұмыстарды еркін меңгергендігінің куәсі болдық. Колледжде білім алушылар жасөспірімдік кезеңдегі оқушылардың зерттеу нәтижелері іс- әрекетпен байланыстылықты көрсетті.
Практикалық жұмыстың соңында эксперименттік топтың студенттеріне акмеограмма жасау тапсырылды. Педагогтың акмеограммасы – нақты педагогтың кәсіби біліктіліктің шыңына шығу жолындағы «траекториясын» көрсететін құжат, кәсіби біліктіліктің бір кезеңінен екінші, одан биік кезеңіне өту бағдарламасы. (Қосымша О)
Акмеограмманың құрылымына педагогты кәсіби жетілдіру міндетін қарастыратын (мысалы, оқытудың жаңа әдістерін меңгеру, өзіне тән стиль және т.б.), кәсіби біліктіліктің жаңа деңгейін меңгеру әдістері мен тәсілдерін үйрену (мысалы, әріптестерінің сабағына қатысу және талдау, өзінің педагогикалық тәсілдерін талдау, рефлексиялау және студенттердің білімділігін анықтау және т.б.), одан да жоғары нәтижеге жету мерзімін анықтау сияқты мақсатты әрекеттер енеді. Педагог өз акмеограммасын түзу және оны мақсатты жүзеге асыру арқылы педагогикалық шеберлік пен шығармашылықтың жаңа деңгейлеріне жетуге мүмкіндік алады. Себебі акмеограммада кәсіби біліктіліктің
қандай жаңа деңгейіне жету жоспарланады, траекторияның сипатына қарай жаңа жетістіктерге жету көзделінеді және ол үнемі әрі жүйелі түрде оқытушының табыстылығының өсу динамикасына қарай өзгерістерге ұшырап отырады.
Болашақ педагог та өз акмеограммасын түзу арқылы кәсіби тұрғыда алдыға жылжу, педагог ретінде өзінің акмесіне жету, сонымен қатар даму барысында өзін-өзі бақылауға алуының жобасын жасайды.
Экспериментке қатысқан болашақ педагогтар, студенттер акмеограмма жасауды өздерінің университетте оқу барысында алған кәсіби дайындық деңгейлеріне баға беріп, қолдарынан практикалық тұрғыда не жасай алатындықтарын бейнеледі. Әлі де кәсіби білімде ненің жеткіліксіз екенін айқындады, практикалық бағыттағы кемшіліктерін саралады, маман ретінде алға жылжудың өзіндік бағдарламаларын жасауға үйренді. Кері байланыстың бұл формасында болашақ мамандар өздерінің саналы түрде таңдаған мамандықтары бойынша бәсекеге қабілетті болуға жарамдылығын дәлелдеді деп айтуға болады. Қалыптастырушы эксперимент барысындағы жүргізілген жұмыстардан кейін болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілігінің деңгейін қайта диагностикалау жүргізілді. Ол үшін айқындаушы экспериментте қолданылған әдістермен жұмыс жасалды. В.И. Андреевтің «Бәсекеге қабілеттілік деңгейіңіз қандай?» сауалнамасы бойынша болашақ педагогтардың терең кәсіби білімділігі
деңгейлерінің көрсеткіштері (кесте-8) төмендегідей.

Кесте – 8. В.И.Андреевтің «Бәсекеге қабілеттілік деңгейіңіз қандай?» сауалнамасы бойынша бақылау тобы зерттелушілерінің экспериментке дейінгі және кейінгі нәтижелерінің пайыздық көрсеткіштері



Сурет–15. В.И.Андреевтің «Бәсекеге қабілеттілік деңгейіңіз қандай?» сауалнамасы бойынша бақылау тобы зерттелушілерінің экспериментке дейінгі және кейінгі нәтижелерінің пайыздық көрсеткіштері


Болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілікке деген жалпы ұғымының эксперименттен кейінгі көрінісінде айтарлықтай өзгерісті көре аламыз. Алынған нәтижелерден өз болашақ мамандығының кәсібилігін сезінгенін аңғарамыз.

15.2

34.4

50.4

18.4 24.9

56.7

21.7

22.5

55.8

13.2

30.3

56.5

12.3

28.2

59.5

13.8

29.9

56.3

27.6

35.6

36.8

36.7

45.1

18.2

32.4

21.5

46.1

24.5

32.5

43

23.3
27.9

48.8

25.2

3368.8
Бoлaшaқ пeдaгoгтapдa кәсiби-пeдaгoгикaлық мoтивaцияның дeңгeйiн aнықтay үшiн Н.П. Фeтискиннiң әдiстeмeсi бойынша, бақылау тобындағы сынaлyшылap мoтивaциясының эксперименке дейінгі және эксперименттен кейінгі дeңгeйлері Төмeндeгі 16-суретте алынған нәтижелер келтіріледі.

Сурет -16. Н.П. Фeтискиннiң әдiстeмeсi бойынша, бақылау тобының экспериментке дейінгі және кейінгі нәтижелерінің пайыздық көрсеткіштері


Суреттен бақылау тобындағы болашақ педагогтардың эксперименттен кейінгі жоғары деңгей өмірлік қажеттілігін қамтамасыздандыру-22,6; ыңғайлылық пен жайлылыққа ұмтылу-16,7; кәсiби бiлiмгe құмapлығы мен қарым-қатынас белсенділігі-32,4; мәртебеге ұмтылу-24,5; шыңға қол жеткізу немесе кәсiби қaжeттiлiк-23,3; пeдaгогикaлық шeбepлiктiң нeгiзiн игеруге-25,2 пайызға көтерілгені байқалады.



Келесі қалыптастырушы эксперименттің соңғы нәтижелерін шығарудың келесі қадамында В.И.Андреевтің студенттердің рухани-адамгершілік деңгейін анықтау сауалнамасы қайта жүргізілді. Одан алынған нәтиже төмендегі 17- суреттегі диаграммада бейнелеген.

Сурет – 17. В.И.Андреевтің студенттердің рухани-адамгершілік деңгейін анықтау сауалнамасының қорытынды нәтижесі


Алғашқы жүргізілген сауалнама нәтижелерімен салыстырғанда соңғы нәтижеде көптеген көрсеткіштердің артқандығын байқауға болады. Консерваторлық, пессимистік, эгоистік сияқты параметрлер жүргізілген жұмыстар нәтижесінде азайғаны көрінеді.


Болашақ педагогтардың инновациялық әрекетке дайын болуының соңғы диагностикасының нәтижесі Е.Е. Туниктің «Жеке тұлғаның шығармашылық диагностикасы» әдістемесін қайталап алу арқылы жүзеге асты. Төмендегі 9- кестеде осы әдістемені жүргізуден алынған нәтиже келтіріледі.

Кесте-9. Е.Е. Туниктің «Жеке тұлғаның шығармашылық диагностикасы» әдістемені бақылау тобынан жүргізуден алынған нәтижелердің салыстырмалы кестесі






Көрсеткіштер

Айқындаушы эксперимент

Қалыптастырушы эксперимент

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ж

о

т

ж

о

т

ж

о

т

ж

о

т

1

Инновацияға
қызығушылық

18,7

38,6

42,7

20,5

38,4

41,1

19,2

40,5

43,3

32,6

37

30,4

2

Оқыту технологияларын білуі, қолдана
алуы

13,2

46,8

40

16,6

45,3

38,1

14,3

48,1

37,6

28,3

47

24,7

3

Шығармашылық
әлеует

26,6

36,9

36,5

11,2

32,6

56,2

27,2

39,3

33,5

23,2

37,1

39,7




Орта мәні

19,5

40,7

39,7

16,1

38,7

54,1

20,2

42,6

38,1

28

40,3

31,6

Кестеден көріп отырғанымыздай бақылау және эксперименттік топтардағы болашақ педагогтардың орта мәнін көрсететін жоғары деңгейі – бақылау тобында 11,2 пайыздан 23,2 пайызға; орта деңгейі – 32,6 пайыздан 37,1 пайызға; ал төмен деңгей 56,2пайыздан 39,7 пайызға ұлғайған. Болашақ педагогтардың экспериментке дейінгі және эксперименттен кейінгі іс-әрекеттік компонентін сипаттайтын Е.Е.Туниктің «Жеке тұлғаның шығармашылық диагностикасынан» иннвацияға қызығушылығының жоғары деңгейі 20,5 пайыздан 32,6 пайызға; технологияларды білуі, қолдана алуы 16,6 пайыздан 28,3 пайызға; шығармашылық әлеуеті 11,2 пайыздан 23,2 пайызға артқанын 18-суретте көрсетілген.

Сурет-18. Е.Е. Туниктің «Жеке тұлғаның шығармашылық диагностикасы» әдістемені бақылау тобында жүргізуден алынған қорытынды нәтижесі


Келтірілген суреттен болашақ педагогтардың экспериментке дейінгі және эксперименттен кейінгі жоғары, орта, төмен деңгейлерінің нәтижесі, олардың ресурстық орталық жұмысынан кейінгі кәсіби құзыреттіліктерінің айтарлықтай деңгейдегі көрінісі аңғарылады. Эксперимент барысында әлеуметтік серіктес мекемелердің басшысы, әкімшілік мүшелерінің түрдегі қызметшіге қойылатын заманауи талаптарын жатсынбай табандылықпен үйренуге студенттердің тырысқандары байқалады.


Болашақ педагогтардың кәсіби ұтқырлығын диагностикалау А.Г.Зверьков, Е.В.Эйдманның өзін-өзі бақылау тесті арқылы жүргізіліп, қорытынды нәтижесі 10-кестеде шығарылды.
Кесте -10. А.Г. Зверьков, Е.В. Эйдманның ерікті өзін өзі бақылау тесті арқылы алынған нәтижелердің салыстырмалы кестесі





Көрсеткіштер

Айқындаушы эксперимент

Қалыптастырушы эксперимент







ЭТ

БТ

ЭТ

БТ







ж

о

т

ж

о

т

ж

о

т

ж

о

т

1

Табандылық

6,1

37,7

56,2

5,7

38,5

55,8

7,5

41,2

51,3

16,8

49,6

33,6

2

Сенімділік

4,9

39,7

55,4

4,7

40,2

55,1

5,8

43,1

51,1

15,9

54,8

29,3




8
.

38.5

55

40.2

55.1

49.6

33.6

54.8

29.3
Кестеден көріп отырғанымыздай болашақ педагогтардың бәсеке қабілеттілігін дамытудағы табандылық көрсеткіші айқындаушы экспериментте бақылау тобында жоғары деңгей 5,7 пайыздан 16,8 пайызға артқанын, ал, сенімділік көрсеткіші 4,7 пайыздан 15,9 пайызға өскен. Бұл болашақ педагогтардың қалыптастырушы эксперимент нәтижесінің тиімділігін нақтылай түседі. (19-сурет)


5.7

4.7

16.8

15.9
Cурет -19. А.Г. Зверьков, Е.В. Эйдманның ерікті өзін-өзі бақылау тесті арқылы алынған нәтижелердің салыстырмалы нәтижесі

Болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілігінің рефлексивтік компонентін анықтаудағы М.Гранттың «Рефлексияға бағыттылық пен көріну деңгейі» әдістемесі бойынша алынған қорытынды нәтижесінің салыстырмалы кестесі төменде 11-кестеде келтіріледі.


Кесте-11. Рефлексияға қабілеттілікті М.Гранттың «Рефлексияға бағыттылық пен көріну деңгейі» әдістемесі бойынша алынған қорытынды нәтижесінің салыстырмалы кестесі





Айқындаушы эксперимент

Қалыптастырушы эксперимент

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ж

жт

о

от

т

ж

жт

о

от

т

ж

жт

о

от

т

ж

жт

о

от

т

1

10

15

40

20

15

10

15

40

20

15

12

16

42

18

12

20

25

45

5

5






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет