Тренинг – /training ағылш.- оқыту, тәрбиелеу/ білім, білік, дағды мен тұлғаның әлеуметтенуін дамытуға бағытталған белсенді әдіс. Болашақ педагогтың өзін барлық қырынан ашып көрсетуіне және өзіндік психологиялық мәселелерді шешу тәсілдерін іздеуіне әсер етеді. Біздің зерттеуімізде болашақ педагогтардың анықталған дағдыларын дамытуға арналған, өзіндік жол таба білуді айқындайтын үш модель дағдылық тренингтер пайдаланылды: мәселелерді шешу, қарым-қатынас, жігерлілік, өз-өзіне сенімділік, ойлаудың сыншылдығы, өзін-өзі басқару қабілеттілігі, жеке ерекшелікті дамыту, тәжірибе тұжырымдамалау және т.б.
Практикалық жұмыста студенттермен тренингтің кейбірінің сипаттамасы келесі параграфта, ал толық нұсқасы өзіміз дайындаған практикалық құралда беріледі.
Коучинг - / Сoaching - сөзбе-сөз дайындау, жаттықтыру; әріптестердің құпия, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі. Коуч - / Coach - әріптестеріне нақты тақырыптар тұрғысынан өзінің кәсіби білімін, білігін және дағдыларын жақсартып, жетілдіруге көмектесетін тренер, маман, сарапшы. Бұл үшін коуч білім алушы не істеу керектігін түсініп, қалаулы нәтижеге қол жеткізуге көмектесетін интербелсенді тәсілдерді өз бетінше анықтауға жағдай жасайды.
Эксперимент барысында пайдаланылған коучинг әдісі қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу, коуч тарапынан рефлексивтік диалогқа тарту негізінде серіктес мекеме қызметкерлері тәлімгерлік үдерісімен өз практикасын студенттермен бөлісуі ойластырылды. Коучинг нақты тақырып бойынша студенттердің болашақ мамандыққа деген қызығушылықтарын арттырып, олардың өздерінің белгілі бір педагогикалық әрекетті өз бетінше жасап көруіне кәсіби қолдау көрсетуді көздеді.
Консалтинг – білімнің анықталған аймағында кеңес беру. Кеңес беру барысында мәселелердің пайда болу сабептері түсіндіріледі. Бүгінгі қоғамдық мәселелерге себепкер болып отырған оқиғалар контексінде тұлғалық тәжірибелерді қарау іске асады, яғни, нақтыланған мәселе тақырыбы аясында эксперттік тұрғыда көзқарас ұсынылады.
Жалпы алғанда консалтинг болашақ педагог тұлғасындағы дамуды басқару мен ұйымдастыру процесіндегі мәселелерді шешуге байланысты интеллектуалдық қызмет түрі. Зерттеу жұмысымыздағы оның ерекшелігі серіктес мекемелердің педагогтарының болашақ педагогтың ұйымдасқан іс- әрекетіне кеңес беру, бақылау ретінде жоспарланып, жүргізілуінде.
Пікірталас әдісі – оқу материалының дау тудыратын тақырыбын
қарастыруға, талдауға бағытталған және білім алушылардың әр түрлі ұстанымдарын бір арнаға тоғыстыратын оқыту тәсілі. Бұл әдіс проблемалық жағдаятқа негізделген және семинар сабақтарында кеңінен қолданылады. Пікірталастың туындауына теорияны қорытулар мен ережелер, қағидалар, теорияны практикамен алмастыру, ғылым мәселелерін талқыға салу, проблеманың бүгінгі таңдағы көрінісі себеп бола алады.
Пікірталас түрлері:
-топ оқушыларының жалпылама түрде бір проблеманы шешу барысына аяқ астынан пайда болатын пікірталас;
-әр түрлі педагогикалық құбылыстарға өзіндік ұстанымын білдіру үшін сенімін қалыптастыруға бағытталған пікірталас;
-арнайы педагог туындатқан нақтылы ақпарат пен дәлелді дәйектерге сүйенген оқу пікірталас.
Пікірталас әдісін қолданып өткізген семинар сабағынан үзінді келтірейік.
Оқытушы сабақ тақырыбын хабарлап, өзі пікірталасты жүргізуі немесе көшбасшы-студентті тағайындауы мүмкін.
Студенттер проблеманы шешудің жолдарын, ойларын беделді дереккөздерге (теориялар, концепциялар, ілімдер) сүйене отырып білдіреді.
Оқытушы немесе көшбасшы-студент барлық ойларды тақтаға жазады әр нұсқаны талқыға салады, оларды маңыздылығына, мәніне қарай орналастырады.
Пікірталас соңында талқылау нәтижесінде соңғы шешімдер қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: |