Зерттеу нәтижелерінің сенімділігі, мақұлдануы, тәжірибеге ендірілуі – зерттеу мақсатына сәйкес кешенді әдістемелер мен әдіс-тәсілдердің қолданылуы, болашақ педагогтардың өзіндік танымдық іс-әрекетінің қалыптасуына арналған философиялық, психологиялық, педагогикалық, еңбектердегі қағидалардың басшылыққа алынуымен; тәжірибелік эксперимент жұмыстарының нәтижелерін өңдеумен және алынған деректерді талдау қорытындысымен қамтамасыз етіледі. Диссертацияның құрылымы. Диссертация үш тараудан, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Kіріспе бөлімінде тақырыптың көкейкестілігі, зерттеу жұмысының мақсаты, нысанасы, пәні, ғылыми болжамы мен міндеттері, әдіснамалық негізі, жетекші идеясы, зерттеу әдістері мен кезеңдері, ғылыми жаңалығы, практикалық
маңыздылығы, қорғауға ұсынылатын қағидалары, зерттеу нәтижесінің дәлелділігі, оның мақұлдануы, практикаға енгізілуі баяндалады.
«Болашақ педагогтардың әлеуметтік серіктестік негізінде бәсекеге қабілеттілігін дамытудың теориялық - әдіснамалық негіздері» деп аталатын бірінші бөлімде болашақ педагогтар дайындау мәселесінің отандық және шетелдік зерттеулерінде талдануы, сонымен бірге, бәсекеге қабілетті педагог даярлаудың әдіснамалық тұғырлары мен ұстанымдары сипатталып, «бәсеке»,
«бәсекеге қабілеттілік», «бәсекеге қабілетті педагог» ұғымдарының мәні мен өзара байланысы қарастырылады.
«Әлеуметтік серіктестік - болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілігін дамыту құралы» атты екінші бөлімде «әлеуметтік серіктестіктің» мәні мен болашақ бәсекеге қабілетті маман даярлаудағы отандық және шет елдік тәжірибелерге талдаулар мен педагогикалық жіктемесі келтірілді. Аталған сапаны дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделінің мақсат, міндеттері, өлшемдері мен компоненттері, көрсеткіштері, деңгейлеріне ғылыми сипаттама беріледі.
«Болашақ педагогтардың әлеуметтік серіктестік негізінде бәсекеге қабілеттілігін дамытуды ұйымдастыру» атты үшінші бөлімде әлеуметтік серіктестік негізінде болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілігін дамытудағы
«Кемел» ресурстық орталығының Ережесі, бағдарламасы, ЖОО мен әлеуметтік серіктес мекемелерінің бірлескен әрекетінің бағыттары, мазмұны және технологиялары мен зерттеу мәселесі бойынша жүргізілген тәжірибелік- эксперименттік жұмыстар және олардың қорытындылары келтіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |