Әлеуметтік серіктестік



бет4/77
Дата02.05.2024
өлшемі3.22 Mb.
#500309
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77
бәскеге (1)

Зерттеудің мақсаты: болашақ педагогтардың әлеуметтік серіктестік негізінде бәсекеге қабілеттілігін дамытуды теориялық-әдіснамалық тұрғыда негіздеу, құрылымдық-мазмұндық моделін жасап, тәжірибелік - эксперименттік жұмыста сынақтан өткізу.
Зерттеу нысаны: жоғары педагогикалық оқу орнының оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: кәсіби білім беру үдерісінде болашақ педагогтардың әлеуметтік серіктестік негізінде бәсекеге қабілеттілігін дамыту.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер білім саласындағы әлеуметтік серіктестіктің мүмкіндіктерін пайдалану негізінде жасалған құрылымдық- мазмұндық модель мен әдістеме жоғары педагогикалық оқу орнының тәжірибесіне ендірілсе, онда болашақ педагогтардың кіріктірілген сапасы ретіндегі бәсекеге қабілеттілігін дамытудың нәтижелілігі артады, бұл жағдайда кәсіби білім беруді тәжірибемен ұштастыру идеясы жүзеге асып, нарық талаптарына сай мамандар даярлау мүмкін болады.

Зерттеудің міндеттері:


  1. Болашақ педагогтардың әлеуметтік серіктестік негізінде бәсекеге қабілеттілігін дамытудың теориялық - әдіснамалық негіздерін айқындау.

  2. «Бәсеке», «бәсекеге қабілеттілік», «бәсекеге қабілетті педагог»,

«әлеуметтік серіктестік» ұғымдарының мәнін, мазмұнын, өзара қатынасын анықтау.

  1. Әлеуметтік серіктестік негізінде маман даярлаудың шет елдік тәжірибесіне талдау жасау.

  2. Болашақ педагогтардың әлеуметтік серіктестік негізінде бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін құрастырып, ғылыми тұрғыда негіздеу.

  3. Ресурстық орталық жағдайында болашақ педагогтардың әлеуметтік

серіктестік негізінде бәсекеге қабілеттілігін дамытудың әдістемесін дайындап, эксперименттен өткізу, жоғары оқу орындары оқытушылары үшін ғылыми - практикалық құрал мен ұсыныстар дайындау.
Зерттеу жұмысының жетекші идеясы – әлеуметтік серіктестік білім беру мекемесінің ресурсы ретінде, кәсіби мәселелер саласындағы мамандардың өзара әрекеттесу технологиясы ретінде және әртүрлі әлеуметтік топтар мен мемлекет мүдделі болатын қарым-қатынастың белгілі бір түрі ретінде жоғары білім беру жүйесінде бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға ықпал етеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет