Мал жотасының екі жағын сипағанда, шоқтықтан бастап құймышаққа дейінгі аумақты қамту шарт. Емі. Оқыраға қарсы күресті оның балаң-құрттарының І сатысына қарсы бағыттау тиімді. Ол үшін жүйелік әсер ететін фосфорорганикалық инсектицидтер: гиподермин-хлорофос, хлорофос, амидофос, сульфидофос, гиподермацид және т.б.қолданылады. Соңғы кездерде шет елдік дәрілер – ивомек, Цидектин, фасковерм және аверсектер де қолданылып жүр. Негізгі емді күз айларында бөгелек ұшуы тоқтаған кезде жүргізеді. Емі. Оқыраға қарсы күресті оның балаң-құрттарының І сатысына қарсы бағыттау тиімді. Ол үшін жүйелік әсер ететін фосфорорганикалық инсектицидтер: гиподермин-хлорофос, хлорофос, амидофос, сульфидофос, гиподермацид және т.б.қолданылады. Соңғы кездерде шет елдік дәрілер – ивомек, Цидектин, фасковерм және аверсектер де қолданылып жүр. Негізгі емді күз айларында бөгелек ұшуы тоқтаған кезде жүргізеді. Гиподермин- хлорофос дайын дәрі. Ол хлорофостың 11,6 % майлы-спиртті ерітіндісі. Дәріні қолдану мөлшері: тірілей салмағы 200 кг-ға дейінгі төлге- 16 мл, салмағы 200 кг-нан артық малға-24 мл. Гиподермин-хлорофосты малдың арқа жотасының екі жағына арнаулы аспап-дозатормен АД-І немесе инесіз шприцпен, шоқтықтан құйымшаққа қарай сорғалата құю керек. Дәрі жотаның екі жағына тең бөлініп құйылады. Егер көктемгі мал дәрігерлік байқауда оқырасы бар мал 1 %-тен артық болса, онда дәл осындай емді қайталап қолдану шарт. Дауасы. Жаздың ыстық күндерінде ірі қараны оқырадан қорғау үшін күндіз малды қорада ұстап, түнде жайған жөн. Бөгелек ұшатын маусымда сауын сиырлардан басқа малды 1 % хлорофос ерітіндісімен немесе үшхлорметафос-3-тің 1% эмульсиясымен әрбір 20-25 тәулік сайын бүркіп отыру шарт. Ол үшін ДУК машинасын, ЛСД және бүріккіші бар машиналар қолданылады. Дауасы. Жаздың ыстық күндерінде ірі қараны оқырадан қорғау үшін күндіз малды қорада ұстап, түнде жайған жөн. Бөгелек ұшатын маусымда сауын сиырлардан басқа малды 1 % хлорофос ерітіндісімен немесе үшхлорметафос-3-тің 1% эмульсиясымен әрбір 20-25 тәулік сайын бүркіп отыру шарт. Ол үшін ДУК машинасын, ЛСД және бүріккіші бар машиналар қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |