Эпизоотологиялық деректер. Эстроз жер жүзінің көптеген елдерінде кездеседі. Әсіресе қой шаруашылығы дамыған далалы және шөлейт аудандарда байқалады. Әдетте қой арасына экстенсивті түрде (ауруға шалдыққан малдың пайыз саны) тарап, кейбір алқаптарда 70-90 %, ал кейде тіпті 100 % дейін жетеді. - Эпизоотологиялық деректер. Эстроз жер жүзінің көптеген елдерінде кездеседі. Әсіресе қой шаруашылығы дамыған далалы және шөлейт аудандарда байқалады. Әдетте қой арасына экстенсивті түрде (ауруға шалдыққан малдың пайыз саны) тарап, кейбір алқаптарда 70-90 %, ал кейде тіпті 100 % дейін жетеді.
- Патогенезі. Бөлелектердің балаң құрттары қой танауын жарақаттандырады және уытты әсер тигізеді. Кеңсірікке түскен балаң құрттар өзінің тікендерімен және ілгектерімен кілегей қабығын жарақаттайды. Кілегей қабығы ісінеді, онда қызылшақа жаралар пайда болып, жалқаяқ көп шығады. Қабыну құбылысы басқа микробтар әсерінен асқынып, іріңдейді, өлі еттенеді және одан әрі ми қабықтарына таралады.
Сыртқы белгілері. Аурудың клиникалық белгілері әртүрлі болады. Кеңсірік құрты қой танауы және басқа да бас қуыстары ішінде қозғалып, денесіндегі тікенді ілгектерімен кілегей қабықты зақымдайды. Алғашқы кезде кілегей қабықтары қатты қызарады. Сонан соң ауру қойдың танауларынан кілегейлі, ал кейінірек кілегейлі-іріңді жалқаяқ ағады. Қабыну өзгерістері кейде кеңсірік арқылы ми қабықтарына дейін тарайды. Мұндайда ауру малдың жүріс-тұрысы өзгеріп, айналма аруының кейбір белгілері байқалады. Сондықтан эстрозды “жалған айналма” деп те атады. Сыртқы белгілері. Аурудың клиникалық белгілері әртүрлі болады. Кеңсірік құрты қой танауы және басқа да бас қуыстары ішінде қозғалып, денесіндегі тікенді ілгектерімен кілегей қабықты зақымдайды. Алғашқы кезде кілегей қабықтары қатты қызарады. Сонан соң ауру қойдың танауларынан кілегейлі, ал кейінірек кілегейлі-іріңді жалқаяқ ағады. Қабыну өзгерістері кейде кеңсірік арқылы ми қабықтарына дейін тарайды. Мұндайда ауру малдың жүріс-тұрысы өзгеріп, айналма аруының кейбір белгілері байқалады. Сондықтан эстрозды “жалған айналма” деп те атады.
Достарыңызбен бөлісу: |