Эстроз кездесетін шаруашылықтарда қой мен ешкіні күзде химиялықтерапия әдісін қолданып, ДДВФ және хлорофос аэрозольдерімен дауалайды. Инсектицид аэрозольдері жабық қора ішінде, 16-250 жылылықта, 1 м2 аумаққа тығыздығы 1-2 жануар келетіндей етіп жүргізіледі. Өндірісте құрамында 12,5 % ДДВФ бар эстрозоль аэрозольді баллондары шығарылады. Бір отар қойға 2-3 баллон жұмсалады. Сондай-ақ, ДДВФ-ның майлы ерітіндісін, сулы эмульсиясын немесе 10-24 % хлорофос ерітіндісін генераторлардың көмегімен аэрозоль түрінде қолданады. Дәрі мөлшері: ДДВФ 60 мг м3, хлорофос 4 г м3 , ем уақыты 1 сағат. Тиімділігі жоғары аэрозольдардан сульфидофос-20- 2г/м3, 1% неоцидол 120мг/ м3, 5%-ті колорцид 100мг/м3, 16,7% циодрин 3,0г/м3 мөлшерінде бір сағат аралығында (экспозиция) қолданылады. Бұдан басқа ивомек, фасковерм, перметрин, циперметрин және дельтаметриндер деген дәрілер пайдаланылады. Тиімділігі жоғары аэрозольдардан сульфидофос-20- 2г/м3, 1% неоцидол 120мг/ м3, 5%-ті колорцид 100мг/м3, 16,7% циодрин 3,0г/м3 мөлшерінде бір сағат аралығында (экспозиция) қолданылады. Бұдан басқа ивомек, фасковерм, перметрин, циперметрин және дельтаметриндер деген дәрілер пайдаланылады. Қой бөгелегі жылына екі ұрпақ беретін оңтүстік аймақтарына мал басы жазда (август) және күзде инсектоцидтермен 2 рет дәріленеді. Эстроздың анық белгілері бар, ІІ және ІІ сатыдағы балаң құрттармен зақымданған қойларды жазғытұрым 4 % хлорофос ерітіндісімен шайып емдеуге болады. Дәріні арнаулы ирригатор арқылы қолданады. Эстрозды қойға жұқтырмау үшін, әрбір 25-30 күнде жайылымды ауыстырып отыру шарт. Пайдаланылған жайылымға қойды 2,5 айдан ерте әкеліп жаюға болмайды. Жазда шарбақ ішінде қойлардың танауынан ІІІ сатыдағы балаң құрттар түсіп қалуы мүкін. Сондықтан мезгіл-мезгіл оларды сыпырып, жинап, өртеп жіберу қажет. Бөгелектің ұшу кезеңінде жайылымда әр жерден еліктіргіш қалқаншалар қойылып, оларды 10 % гексахлоран ұнтағымен ақтайды. Жылқы жайылымын ай сайын ауыстырып отырады. Жаңа жайылым ескісінен 8 км қашықтықта болуы керек. Әрбір жылқыны бөгелектен қорғау үшін жүгеннің маңдай қайысына шашақталған жұмсақ тері тігіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |