Өлекседегі өзгерістер. Танау қуысы іріңсіз, кейде іріңді қою шырышқа толған, кеңсірік кілегей қабығы қызарып, ісініп кетеді. Танау қуысында І сатыдағы кеңсірік құрттары кездеседі. Балаң құрттардың ІІ және ІІІ даму сатыларында торлы сүйектің кілегей қабығы қабынған, оның иір-иір қуыстары кілегейлі немесе іріңді жалқаяққа толады және одан қолайсыз сасық иіс шығады. Дәл осындай өзгерістер маңдай қуысы және мүйіз маңындағы саңылауда да болуы мүмкін. - Өлекседегі өзгерістер. Танау қуысы іріңсіз, кейде іріңді қою шырышқа толған, кеңсірік кілегей қабығы қызарып, ісініп кетеді. Танау қуысында І сатыдағы кеңсірік құрттары кездеседі. Балаң құрттардың ІІ және ІІІ даму сатыларында торлы сүйектің кілегей қабығы қабынған, оның иір-иір қуыстары кілегейлі немесе іріңді жалқаяққа толады және одан қолайсыз сасық иіс шығады. Дәл осындай өзгерістер маңдай қуысы және мүйіз маңындағы саңылауда да болуы мүмкін.
- Диагнозы. Эстрозды анықтағанда эпизоотологиялық деректерді, аурудың клиникалық белгілерін, өлекседегі өзгерістерді ескерудің маңызы зор. Эстрозды айналма, яғни ценуроз ауруынан ажырата білу керек.
Жылқының ринэстерозы Жылқының ринэстрозы. Ринэстроз- Oestrіdae тұқымдасына, Rhіnoestrus туысына жататын кеңсірік-көмей бөгелектерінің балаң құрттары қоздыратын жылқының энтомоз ауруы. Ауруға шалдыққан жылқының кеңсірік, маңдай қуыстары кілегей қабықтары қабынады, алқым және шықшыт бездері ісінеді, жылқы арықтайды және жұмыс қабілеті төмендейді, ал кейде өлім-жітімге шалдығады. Қоздырғышы. Қазақстанда жылқының ринэстроз ауруын танау бөгелектерінің екі түрі қоздырады: Rhіnoestrus purpureus және Rh. Latіfrons. Rh. Purpureus- ақбас, қоңыр, орыс бөгелегі деп аталады. Имаго кезеңінде дене тұрқы 8-12 мм, жылтыр қоңыр түсті, денесінде түгі аз, арқа жағында бірен-саран сүйелдері бар. Эпизоотологиялық деректер. Жылқы ринэстрозы Қазақстан-ның- далалы, шөлейтті, шөлді алқаптарында және тау етектеріндегі жылқы өсірілетін шаруашылықтарда кездеседі. - Эпизоотологиялық деректер. Жылқы ринэстрозы Қазақстан-ның- далалы, шөлейтті, шөлді алқаптарында және тау етектеріндегі жылқы өсірілетін шаруашылықтарда кездеседі.
- Патогенезі. Танау бөгелегі балапан-құрттарының патогендік әсері-олардың санына және жылқы организмінің төзімділігіне байланысты. Балаң құрттар өздерінің тікендерімен, ауыз ілгектерімен және т.б. бас қуыстарының кілегей қабықтарын зақымдайды.
- Ауру белгілері. Бөгелектер жылқы маңында ұшып жүргенде-ақ мал тынышсызданады, жиі пысқырады, басын шұлғып мазасызданады. Кейде жылқы оттамай, бәрі бір жерге топтанып танауларын бір-бірінің жал-құйрығына тығып тұрып алады. Аурудың клиникалық белгілері балапан-құрттардың санына байланысты. Ринитке шалдыққан жылқы танауларынан кілегейлі қан жолақтары аралас жалқаяқ шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |