Энтомоздар орындаған:Қанжігіт А. Еламан А



бет9/10
Дата04.10.2023
өлшемі6.02 Mb.
#479741
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
stud.kz-34798

Бөгелектің ұшу кезеңінде жайылымда әр жерден еліктіргіш қалқаншалар қойылып, оларды 10 % гексахлоран ұнтағымен ақтайды. Жылқы жайылымын ай сайын ауыстырып отырады. Жаңа жайылым ескісінен 8 км қашықтықта болуы керек. Әрбір жылқыны бөгелектен қорғау үшін жүгеннің маңдай қайысына шашақталған жұмсақ тері тігіледі.

Шаруашылыққа тыстан әкелінген жылқыны карантинде ұстап, ринэстрозға қарсы дауа шараларын жүргізіп, сонан соң ғана табынға қосуға болады.

Ауру түйелер арқылы қоздырғыштың таралуына жол бермеуге көңіл бөлінеді. Ол үшін құмыр бар шаруашылықтан әкелінген түйелерді хлорофоспен, ДДВФ немесе т.б. тиімді препараттармен дәрілейді.

Сондай-ақ, түйе бөгелегінің ересектерін жою үшін А.И.Порчинский әдісімен жайылымдарға еліктіргіш қалқандар қойылады. Мезгіл-мезгіл оларға қонып отырған бөгелектерді жинап қырып тастау шарт. Ал бөгелек өздігінен жойылу үшін қалқандардың бетіне 0,5% циодрин, 0,2-0,3% неоцидол, 0.04% цимбуш, 0,05% сумицидин, 0,1% стомазан ертінділерін 100 мл/м2 көлемінде қолданады.

III Қорытынды

Паразиттік организмдер табиғатта еркін өмір сүрген организмдерден эволюциялық даму барысында сұрыпталып регрессивтік және прогрессивтік өзгерістерге ұшырау нәтижесінде пайда болған.Паразит өкілдерін зерттеумен шұғылданатын салалар (пәндер) академик К.И.Скрябиннің анықтамасы бойынша олардың шығу тегіне, тоғышарлық мекеніне, қоздырушының жануарлар әлеміндегі алатын орнына байланысты жіктеледі. Шығу тегіне қарай: зоопаразитология – жануартектес паразиттерді (гельминттер, кенелер, жәндіктер, біржасушалы қарапайымдар) және олардың тудыратын ауруларын зерттеумен шұғылданатын ғылым; фитопаразитология – өсімдіктектес (бактерийлер, бациллалар, вирустар, саңырауқұлақтар, риккетсиялар) паразиттерді және олардың тудыратын ауруларын зерттеумен шұғылданатын ғылым болып бөлінеді.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  • Кадыров И.Т. Паразитология и инвазионные болезни сельскохозяйственных животных. Астана, 2000.


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет