Энтомоздар орындаған:Қанжігіт А. Еламан А



бет4/10
Дата04.10.2023
өлшемі6.02 Mb.
#479741
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
stud.kz-34798

Қой эстерозы. Эстроз - қойдың кеңсірік құрт ауруы, оны пысқырық деп те атайды. Бұл ауруды Oestrus ovіs-қой бөгелегінің балаң құрттары қоздырады. Олар қойдың танауына, маңдай және бастың қосалқы қуыстарына орналасып, сол жерлердің кілегей қабығын қабындырады.

  • Қой эстерозы. Эстроз - қойдың кеңсірік құрт ауруы, оны пысқырық деп те атайды. Бұл ауруды Oestrus ovіs-қой бөгелегінің балаң құрттары қоздырады. Олар қойдың танауына, маңдай және бастың қосалқы қуыстарына орналасып, сол жерлердің кілегей қабығын қабындырады.
  • Қой бөгелегі Oestrіdae тұқымдасына, қосқанаттылар тегіне жатады.
  • Қоздырғыштың морфологиясы. Қой бөгелегінің ұзындығы 9-11 мм. Сыртынан қарағанда үлкен шыбынға ұқсас. Оның денесі үш бөлімнен құралған: басы, кеудесі және құрсағы. Басының екі жағында күрделі екі көзі бар, ал төбесінде қарапайым нүкте тәрізді үш көзі бар. Ұрғашы бөгелек көздерінің арасы алшақ келеді. Олардың күрделі көздері көптеген қарапайым көздерден құралған. Еркек бөгелектердің көздері үлкенірек әрі бір-біріне жақынырақ орналасқан.

Қой бөгелегінің өсіп-өнуі. Қой бөгелегінің өсіп-өнуіндегі бір ерекшелігі-олардың тірі тууы, яғни жұмыртқа салмайды, тірі балапан-құрттар туады.

Қой бөгелегінің өсіп-өнуі. Қой бөгелегінің өсіп-өнуіндегі бір ерекшелігі-олардың тірі тууы, яғни жұмыртқа салмайды, тірі балапан-құрттар туады.

Қой немесе кеңсірік бөгелегінің өсіп-өнуінде 3 кезең байқалады: 1) балаң құрттар, 2) қуыршақ, 3) имаго немесе ересек бөгелектер. Балаң құрттың даму кезеңі 3 сатыға бөлінеді.

Бөгелектің ұрғашылары жынысты түрмен ұрықтанады. Шағылысу 2-3 минутқа созылады. Онан соң ұрғашы бөгелектердің жатыр тәрізді қабылдауышында балаң құрттар түзіледі. Бұл уақытта ұрғашылары ұшпай, қуыстарда, жарықтарда 10-20 тәуліктей қозғалмай отырады. Балаң құрттары жетілген соң бөгелектер ұша бастайды. Олар ұшып жүріп не жерде отырып, 40 см-дей қашықтықтан қойдың танауына балаң құрттарын бүркіп жібереді. Бір ретте ұрғашы бөгелек 8-12, ал кейде 20-29 балаң құрт шашады. Олар қойға 2-4 күндей шабуыл жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет