1.5 Халықаралық хаттарды жеткізу
Жай хаттар, оның ішінде ішкі үкіметтік хаттар тұрғылықты жері бойынша абоненттік жәшік, абонементтік жәшіктер мен «Талап етілгенге дейін» арқылы жеткізіледі.
Тұрғылықты жері бойынша абоненттік жәшіктерге дейін жай ішкі және халықаралық хаттар, соның ішінде ішкі үкіметтік хаттар жеткізіледі.
Жай хаттар бұзылған почта жәшіктеріне жеткізілмейді. Бұл жағдайда пайдаланушы ол туралы хабардар етіледі және жай хаттар оған өндірістік объектіде беріледі.
Өндірістік объектілерде жай хаттар абонементтік жәшіктер және «Талап етілгенге дейін» картотекасы арқылы беріледі.
Абонементтік жәшікке жіберілген жай қосымша төлеу хатқа жазылған 22н. хабарлауы абонементтік жәшікке салынады. «Талап етілгенге дейін» жіберілген «Талап етілгенге дейін» картотекасына салынады, тұрғылықты жеріне жіберілген почташылармен үйіне жеткізіледі.
Жай қосымша төлеу хатты табыс етер алдында адресаттан қосымша төлемақы алынады және 47н. дәптерінен түбіртек жазылады.
Заңды тұлғаның атына жіберілген жай хаттар почтаны қабылдауға заңды тұлғамен белгіленген уәкілетті тұлғаға беріледі немесе заңды тұлға өзі орналасқан ғимараттың бірінші қабатында немесе тікелей өндірістік объектіде орналасқан абоненттік жәшікке салынады.
Жеткізу тәртібі заңды тұлға мен Қоғам арасында азаматтық құқықтық шарттың талаптарына сәйкес анықталады.
Жатақханаларда, интернаттарда, балалар үйінде, қонақ үйлерінде, сауықтыру және емдеу мекемелерінде, заңды тұлғалар аймағында тұратын жеке тұлғалар үшін жай хаттар осы мекемелердің уәкілетті тұлғаларына беріледі.
Жай хаттарды жайылымдағы малшыларға, айдындағы балықшыларға, орман учаскелеріндегі қызметкерлерге, геологиялық партиялардағы (экспедициядағы), фермалар мен өндірістік учаскелерде және бригадаларда жүрген ауылшаруашылық жұмыскерлеріне, темір жол бойындағы жұмыскерлерге, еңбекпен түзеу мекемелерінде жазалау мерзімін өтеп жатқандарға, елді мекендерден тыс жерлердегі басқа адресаттарға жеткізу осы адресаттар қарауында жұмыс істейтін заңды тұлғаға дейін Қоғаммен жүзеге асырылады.
Әскери бөлімдер мен мекемелерге, «Дала почтасы» мекен-жайына жіберілген жай хаттар жеке адресаттарға, әскери почташыларға немесе бөлімдер мен мекемелердің уәкілетті тұлғасына беріледі.
Мына себептерге байланысты жай хаттар табысталмайды:
жөнелтушінің арызы бойынша;
адресаттың хатты алудан бас тартуы;
адресат қайтыс болған жағдайда;
абонементтелетін абонементтік жәшіктің болмауы немесе адресаттың дұрыс көрсетілмеуі;
өндірістік объектінің өз міндеттемелерін орындауын мүмкіндігін айыратын өзге жағдайларда.
Олар 20н. анықтамасымен қайтарылады немесе әрі қарай жіберіледі, онда қайтару/ әрі қарай жіберу себептері көрсетіледі.
Жай хаттарды әрі қарай жіберу/қайтару өтініші үшін әрі қарай жіберу немесе қайтару кезіндегі қолданыстағы тарифтер бойынша ақы алынады. Жөнелтушінің арызында арнайы көрсетілген жағдайда әрі қарай жіберу ақысы адресаттан алынуы мүмкін.
Жай хаттарды әрі қарай жіберу/қайтару ақысын алу кезінде 47н. дәптерінен (ДК) түбіртек беріледі.
Адресаттың (жөнелтушінің) арызы бойынша жай хатты әрі қарай жіберу барысында алғашқы мекен-жайлары, қайтару барысында тек адресаттың мекен-жайы сызылып тасталады және жай хат конвертінің мекен-жай бетіне жазылады:
әрі қарай жіберу барысында – «ӘҚЖ» әріптері;
қайтару барысында – «Қ» әрпі және жай хат жіберілетін пункттің атауы.
Ішкі жай хаттарды әрі қарай жіберу кезінде жаңа толық мекен-жайы оның мекен-жай бетіне берік тіркелетін 20н. анықтамасына жазылады.
Жай хатты әрі қарай жіберу немесе қайтару кезінде өндірістік объектінің жұмыскері міндетті түрде тексеруге тиіс:
жай хатты табыс етуге барлық шаралар қолданылған ба (адресаттың толық мекен-жайы болған жағдайда);
оны әрі қарай жіберу немесе қайтару үшін негізі қанағаттанарлық па.
Жай хаттардың әрі қарай жіберу/қайтару дұрыстығын өндірістік объектілердің бастықтары немесе олардың орынбасарлары тексереді, олар міндетті түрде жай хаттың әрі қарай жіберу (қайтару) себебі туралы белгілеріне қол қояды. Бақылаушы тұлғаның қолы қойылмаған жағдайда және ПМ бедерінсіз әрі қарай жіберуді (қайтаруды) жүргізуге тыйым салынады.
Арызға, қосымша төлеу хаттарға алынған төлем почташымен Касса операцияларын жүргізу туралы нұсқауға сәйкес МС-42н. анықтамасы бойынша бақылаушы тұлғаға тапсырылады.
Табыс етілмеген жай хаттар жөнелтушінің мекен-жайы болған жағдайда кері мекен-жайы бойынша қайтарылады. Кері мекен-жайы болмаған жағдайда жөнелтушіге табыс етілмеген жай хаттар сақтау мерзімдері өткеннен кейін таратылмағандар қатарына беріледі.
Жай хаттар таратылмағандар қатарына келесі жағдайларда беріледі:
адресаттың және жөнелтушінің қажетті мекен-жай деректері дұрыс көрсетілмеген немесе болмаған жағдайда;
адресат және жөнелтуші жай хатты алудан бас тартқан жағдайда;
белгіленген сақтау мерзімі аяқталған және пайдаланушы алмаған жағдайда.
20н. анықтамасында көрсетілген табыс етпеу себебі негізінде хаттар таратылмағандар қатарына беріледі. Осы белгінің дәлелдігі ретінде өндірістік объектілердің бастықтарымен немесе олардың орынбасарларымен тексеріледі және қол қойылады. Жай хаттың мекен-жай бетінде «Таратылмаған» белгісі жазылуға тиіс.
Таратылмаған жай хаттар айына бір рет айдың келесі есепті айынан кейін әр айдың 5 күніне дейін филиалдарға және АПБТ/ҚПБТ бөлек постпакетте (көлеміне қарамай) жіберіледі және 9н. адрес жапсырмасында «Таратылмаған» белгісі көрсетіледі.
Жай және қосымша төлеу хаттар «16 н.жүкқұжатымен» жіберіледі, онда жазылады:
жай хаттар - жалпы санымен;
қосымша төлеу хаттар – қосымша төлеу сомасы көрсетіліп жалпы санымен.
«Үкіметтік» белгісімен жай хаттар бірінші кезекті тәртіпте жеткізіледі.
Жай қызметтік кіріс хаттар жай хаттар үшін жалпы белгіленген тәртіпте табыс етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |