Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді



бет24/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   114
ОМПО дайын кітап

§ 2 Тапсырысты хат


2.1 Тапсырысты халықаралық хатқа салым

Тапсырысты ішкі және халықаралық хатта осы Ережелердің 167 тармағында көрсетілген салымдардан басқа жіберуге рұқсат етіледі:



  • АХАЖ органдарына – азаматтық ахуал актілерін тіркеу туралы куәліктің барлық түрлері;

  • соттарға, құқық қорғау органдарына, әскери комиссариаттарға: шақыру қағазы, хабарлама. Бұндай хаттар тапсырысты хаттың орамында тиісті белгімен алынғандығы туралы тапсырысты хабарламамен қабылданады.

Хаттар үшін буып-түю ретінде почта конверттері қолданылады.


2.2 Тапсырысты халықаралық хатты қабылдау

Тапсырысты хатты қабылдау кезінде өндірістік объектінің жұмыскері міндетті:



  • жөнелтушіден салымның сипатын анықтауға. Салым осы почта жөнелтімінің түріне сәйкес келмеген жағдайда салымды почта жөнелтімінің басқа түрімен жіберуді немесе салымды ауыстыруға ұсынуға;

  • орамының бүтіндігін, көлемінің сәйкестігін және дұрыс жіберілуін тексеруге немесе буып-түюге, егер ол ашық түрде берілсе;

  • халықаралық хаттар үшін жіберу әдісін анықтауға (авиа немесе жерүсті көлігі);

  • тиісті белгілердің бар болуын және олардың хаттың қабында дұрыс орналасқандығын тексеруге:

● «Үкіметтік» белгісі бар тапсырысты ішкі хатты қабылдау барысында жөнелтушіден осы Ережелердің 695 бетінде келтірілген тізімге сәйкес сол разрядында жіберуге құқы бар болуын, сол жөнелтушілер санатына жататындығын растайтын құжаттың және «Үкіметтік» деген жазуының бар болуын тексеруге, жазба жоқ болған жағдайда оны жасауға ұсыныс беруге. Сол разрядында жіберуге құқы болмаған жағдайда хатты қабылдамауға;
● «Қызметтік» белгісі бар хатты қабылдау барысында осы Ережелердің 695 бетінде келтірілген тізімге сәйкес сол разрядында тапсырысты хаттарды жіберуге құқық берілгендігін және «Қызметтік» деген жазуының бар болуын тексеруге, жазба жоқ болған жағдайда оны жасауға ұсыныс беруге. Сол разрядында жіберуге құқы болмаған жағдайда хатты қабылдамауға. Түбіртекті ресімдеу кезінде «Төлемі» жолында сызықша қойылады;

  • тапсырысты хаттың мекен-жай бетінің орталық бөлігіне немесе жөнелтуші мекен-жайының астына ішкі хаттар үшін 3н. жапсырмасын, халықаралық хаттар үшін CN 04н. жапсырмасын берік жапсыруға (мөртабанның бедерін қоюға), онда 1н. түбіртегіне сәйкес хаттың реттік нөмірі (ШПИ жапсырылады), қабылдау орнының өндірістік объектісінің атауы көрсетіледі;

өлшеуге, клиентпен франкирлеу машинасында ресімделген хаттарда салмақтын сәйкестігін тексеруге. Салмағы сәйкес келмеген жағдайда хат клиентке толық ресімдеу үшін қайтарылады;
тарифтеуге, клиентпен франкирлеу машинасында ресімделген хаттарда тарифтің сәйкестігін тексеруге. Өндірістік объектінің жұмыскерімен көрсетілген қосымша қызмет үшін ақы бір мезгілде алынады;
тарифке сәйкес почта маркаларын жабыстыруға және ПМ бедерімен оларды өшіруге, не франкирлеу машинасының бедерін қоюға;
түбіртек жазуға:
● автоматтандырылмаған өндірістік объектілерінде 1н. дәптерінен түбіртек беріледі, 1н. дәптерінде түбіртектің нөмірленуі ШПИ нөмірлері бойынша жүргізіледі, олар болмаған жағдайда түбіртектің нөмірленуі ай бойы жүргізіледі. Түбіртектің қайырма бетінде өндірістік объектінің ПМ бедері анық қойылады. «Айрықша белгісі» жолында тиісті белгісі қойылады;
● автоматтандырылған өндірістік объектілерде бағдарлама автоматты түрде түбіртекті және БКЖ (банктік-компьютерлік жүйе) чегін береді. ДК қабылдау кезінде түбіртекке ПМ бедері қойылмайды;
● жөнелтуші тапсырысты хаттың жіберу сомасын жарым-жартылай почта маркаларымен төлеген жағдайда, қосымша төлем сомасына маркалар жабыстырылады және түбіртекте сомасын көрсете отырып «Маркамен төленді» белгісі жасалынады;
жіберу ақысын алуға және жөнелтушіге түбіртек беруге.
Кестемен белгіленген мерзімде қабылданған ішкі және халықаралық тапсырысты хаттар өндірістік бақылаудан өткеннен кейін, екі данада толтырылатын«16н. жүкқұжатына» (өңдеу және жөнелту орындары болған жағдайда) нөмірлерді жазу арқылы өңдеуге және жөнелтуге беріледі.
Жеткізу учаскесінде почташымен тапсырысты хаттарды қабылдау Баспасөз бен почта жөнелтімдерін жеткізіп беру ережелеріне сәйкес жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет