Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


Халықаралық кіріс хаттарды өңдеу



бет22/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   114
ОМПО дайын кітап

1.4 Халықаралық кіріс хаттарды өңдеу

Өндірістік объектілеріне ПТБ-нен, ПСжТУ-нен және ПВ-нан түскен жай хаттар салынған кіріс қаптары штатында бір жұмыскері бар (почташыны санамағанда) ПББ-ін есепке алмағанда, міндетті түрде екі жұмыскерімен өлшенеді және ашылады.


Қап ашылғаннан кейін жұмыскер тиіс:

  • 9н. адрес жапсырмалары бойынша түскен постпакеттердің санын есептеуге және бағыттары бойынша дұрыс түсуін тексеруге, бағыты бұзылған жағдайда 30н. хабарламасын жазуға;

  • осы өндірістік объектіге адрестелген жай хаттар салынған жай постпакеттерді ашуға;

  • почта вагонынан немесе басқа ауданның (облыстың) почталық байланыс құрылымынан, сонымен қатар почта торабынан ПМ бедерінсіз алынған кіріс хаттардың қайырма бетіне ПМ бедерін қоюға;

  • жай хаттардың жай күйін және қабының тұтастығын тексеруге, бүлінген хаттар байқалған жағдайда бүлінген жерлерін желімдеуге және осы Ережелердің 866-868 тармақтарына сәйкес 30н. жазуға;

  • дұрыс жеткізілмеген және кешіктірілген хаттардың бар болуын тексеруге, оларға ПМ бедерін қоюға және осы Ережелердің 866-868 тармақтарына сәйкес 30н. хабарламасын жазуға;

  • өшірілмеген почта маркалары байқалған жағдайда шарикті қаламсаппен сызып тастауға. Портреті бар почта маркаларын адамның суретін кірлетпейтіндей етіп сызып тастауға;

  • хатты санауға, «Қазпочта» АҚ құрылымдық бөлімшелерімен көрсететін почталық, қаржылық және агенттік қызметтердің статистикалық есебін жүргізу тәртібіне сәйкес 2-а н. айырбастауды есепке алу бланкісін толтыруға.

Жай хаттар «Талап етілгенге дейін», жеткізу учаскелері, абонементтік жәшіктер және басқа бөлінген жұмыс орындары бойынша сұрыпталады.
«Талап етілгенге дейін» жай хаттар өндірістік объектіде жеке басын куәландыратын құжат бойынша адресаттың өз қолына не сенімхат бойынша беріледі, анықтама телефон арқылы берілмейді.
Жай қосымша төлеу хаттар қосымша төлеу ақысы көрсетіліп 23н. кітабына жазылады. «Талап етілгенге дейін», абонементтік жәшіктерге және басқа бөлінген жұмыс орындарына жіберілген жай қосымша төлеу хаттар 23н. кітабына жазылады.
Абонементтік жәшіктер арқылы беруге жататын жай қосымша төлеу хаттарға 22н. хабарлауы жазылады және абонементтік жәшіктерге салынады.
«Үкіметтік» белгісі бар жай хаттар бірінші кезекті тәртіпте өңделеді.
«Қызметтік» белгісі бар кіріс жай хаттар жалпы жай хаттарға белгіленген тәртіп бойынша өңделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет