Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


Халықаралық шығыс хаттарды өңдеу



бет21/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   114
ОМПО дайын кітап

1.3 Халықаралық шығыс хаттарды өңдеу

Жай хаттар сұрыпталады:


оң жақ форматы бойынша жоғары бір жаққа қарай іріктеледі;
тарификациясы тексеріледі:
Төлеуге жарамайтын почта маркалары және бедері есепке алынбайды. Бұндай жағдайда осы түрлі-түсті қарындашпен жиектелген почта маркаларының немесе бедерлерінің жанына нөл цифры (0) қойылады. Заңды тұлғалармен жіберілген ішкі хаттардың почта маркалары ПМ өшіріліп, кері мекен-жайы бойынша қайтарылады. Жеке тұлғалардың ішкі хаттарына қосымша төлеу мөрқалыбының бедері қойылып қосымша төлеу сомасы көрсетіледі, ПМ бедері қасындағы бос орынға қойылады. Толық төленбеген барлық халықаралық хаттардың маркалары өшірілмей толық төлеу үшін жөнелтушіге қайтарылады;

  • бүлінген хаттар болған жағдайда хаттың бүлінген жері ұқыпты желімделеді және әрі қарай өңдеуге жіберіледі;

  • тиісті жеріне жіберуге немесе жөнелтушісіне қайтаруға мүмкіндігі жоқ, мекен-жайы жоқ немесе жарым-жартылай, анық емес, мекен-жайы қысқартылған почта жәшігінен алынған жай хаттар осы Ережелердің 200, 201 тармақтарында қарастырылған тәртіпте таратылмаған ретінде уақытша сақтауға беріледі.

Почта жәшіктерінен жай хаттармен алынған құжаттар (куәлік, төлқұжат, әскери билет және т.б.) акті бойынша тиісті ұйымдарға беріледі;
Топтарға бөлінеді: жергілікті, басқа қалалық, үкіметтік, оның ішінде 20н. анықтамасымен әрі қарай жіберу және қайтару хаттары. Почтамттар хаттарды Қазақстан Республикасынан тыс жіберілетіндер тобына (ТМД және Қ/Ш) қосымша бөледі;
почта жәшіктерінен алынғандарға мөрқалып соғылады;
есептеледі, «Қазпочта» АҚ құрылымдық бөлімшелерімен көрсетілетін почталық, қаржылық және агенттік қызметтердің статистикалық есебін жүргізу тәртібіне сәйкес 2-а н. айырбастауды есепке алу бланкісі толтырылады.
Сұрыпталған және мөрленген жай хаттар айқастыра бумаға байланып постпакет жасалады. Бұл кезде хаттар буып-түю кезінде зақымдалмайтындай етіп қапталады.
Жеке постпакеттерге бөлінеді:

Жай постпакеттер тіркелмей жіберіледі. Әр постпакетке 9н. адрес жапсырмасы жасалады. Жапсырмада поспакеттің тиісті және постпакетті бекіткен пункті, бекіткен жұмыскердің фамилиясы, бекіту датасымен ПМ бедері көрсетіледі. Үкіметтік хаттармен жасалған постпакеттің жапсырмасында «Үкіметтік», қосымша төлемді хаттардың жапсырмасында «Қосымша төлемді, олардың саны және төлем сомасы» көрсетіледі. Қосымша төлемді хаттары бар постпакеттер «16 н.жүкқұжатына»жазылады.
9н. адрес жапсырмасы жай постпакет байламының астына салынады.
Байланған жай постпакеттер тапсырысты постпакеттермен бірге қапқа салынады, бұл кезде жай постпакеттер қаптың астыңғы жағына, ал бір іріленген пакетке байланған тапсырыстылар – жоғарғы жағына.
Автоматтандырылмаған өңдеу кезінде әр қапқа 10н. адрес жапсырмасы тіркеледі, онда қаптың қайдан және қайда жіберілгендігі, оған берілген нөмірі (ШПИ), БПҚ нөмірі, салмағы, «Жай» белгісі, үкіметтік хаттарды жөнелту кезінде «Үкіметтік» белгісі көрсетіледі. Автоматтандырылған өңдеу кезінде қап өлшенеді, 10н. адрес жапсырмасы автоматты түрде ұқсас деректерімен қалыптастырылады.
10н. жапсырмасы бір ай бойы реттік нөмірлерімен нөмірленеді, жапсырмада қапқа бекіту жүргізген жұмыскердің (лерінің) фамилиясы және қолы көрсетіледі. Әр 10н. жапсырмасына анық ПМ бедері қойылады.
Жай хаттары бар қаптар штатында бір жұмыскері бар (почташыны санамағанда) ПББ-ін есепке алмағанда, міндетті түрде екі жұмыскермен жабылады.
Жай және тапсырысты хаттар салынған қап осы Ережелердің 315 тармағында қарастырылған тәртіпте байланады және пломбыланады (сүргіленеді), 10н. жапсырмасы байламның астына салынады.
Басқа почта жөнелтімдерімен бірге бекітілген қаптар екі данада жасалатын 16н. жүкқұжатына жеке-жеке аталып жазылады және 16н. жүкқұжатының бір данасымен жөнелтуге беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет