Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


Тапсырысты халықаралық кіріс бандерольдерді өңдеу



бет45/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   114
ОМПО дайын кітап

2.4 Тапсырысты халықаралық кіріс бандерольдерді өңдеу

Өндірістік объектіге түскен тапсырысты халықаралық бандерольдер салынған кіріс қаптардың кіріс нөмірлері 16н. жүкқұжатында көрсетілгендерімен салыстырылады, автоматтандырылған өңдеу кезінде 11н. адрес жапсырмаларындағы нөмірлер (ШПИ) сканерден өткізіледі.


Тапсырысты бандерольдер салынған қаптар штат бойынша бір ғана жұмыскері бар (почташыны санамағанда) ПББ басқа, міндетті түрде екі жұмыскермен ашылады.
Қапты ашқаннан кейін жұмыскер міндетті:

  • тапсырысты постпакеттердің болуын және «16н.жиынтық жүкқұжаты» бойынша нөмірлер сәйкестігін салыстыруға, бағыты бойынша дұрыс түсуін тексеруге. Бағыттары сәйкес келмеген жағдайда осы Ережелердің 866-868 тармақтарына сәйкес 30н. хабарламасын жазуға, ал постпакеттерді ПББ, ПСжТУ-не қайтаруға. Автоматтандырылған өңдеу кезінде постпакеттердің нөмірлері сканерден өткізіледі;

  • осы өндірістік объектіге адрестелген тапсырысты постпакеттерді ашуға;

  • «16н.жиынтық жүкқұжатының» дұрыс ресімделуін тексеруге (ПМ бедерінің бар болуын, ескертусіз түзетулерін);

  • тапсырысты бандерольдердің және алынғандығы туралы тапсырысты хабарламалардың нөмірлерін (ШПИ) 11н. тізіліміндегі жазбалармен салыстыруға. Автоматтандырылған өңдеу кезінде тапсырысты бандерольдер мен хабарламалардың нөмірлері (ШПИ) сканерден өткізіледі. Жазылмаған тапсырысты бандерольдер немесе нөмірлері (ШПИ) қате жазылғандары табылған жағдайда «16н.жүкқұжатына» жазуға және осы Ережелердің 870, 871 тармақтарына сәйкес 51н. актісін жасауға;

  • тапсырысты бандерольдердің күйін және сыртқы қабығының бүтіндігін тексеруге, бүлінген бандерольдер табылған жағдайда бүлінген жерін желімдеуге және бүлінген дәрежесіне қарай 30н.хабарлама және 51н.актісін жазуға;

  • тапсырысты бандерольдердің дұрыс тарифтелмеуі анықталған жағдайда «30н.» хабарлама жасап, оны қабылдау орнына жіберуге;

  • дұрыс жеткізілмеген және кешіктірілген бандерольдердің бар болуын тексеруге;

  • 3-7 тармақшаларында жөнсіздіктер байқалған жағдайда осы Ережелердің 866-868 тармақтарына сәйкес 30н. хабарламасын жазуға;

  • өшірілмеген маркалар табылған жағдайда оны қайта пайдалануды болдырмау үшін сызып тастауға;

  • «16н.жүкқұжатының» қайырма бетіне алған күннің ПМ бедерін, бандерольдерді тексеру және қабылдау туралы қолын қоюға;

  • бандерольдерді санауға, «Қазпочта» АҚ құрылымдық бөлімшелермен көрсетілетін почталық, қаржылық және агенттік қызметтерді статистикалық есепке алу тәртібіне сәйкес 2-а н. айырбастауды есепке алу бланкісін толтыруға.

Тапсырысты бандерольдер жеткізу учаскелері, «Талап етілгенге дейін», абонементтік жәшіктер мен басқа бөлінген жұмыс орындары бойынша сұрыпталады.
Тапсырысты бандерольдер жалпы санымен басқа тапсырысты хат-хабарлармен бірге 23н. кітабына жазылады. Тапсырысты бандерольдер қоймада сақталады және 23н. кітабы бойынша беріледі.
Тапсырысты бандерольдер, тапсырысты хабарламалар, қайталама 22н. хабарлаулары 8н. кітабына жазылады. Бандерольдер жеткізуге Жіберудің кестесін, бақылау мерзімдерін әзірлеу жөніндегі Ережелерге сәйкес бекітілген кесте бойынша беріледі.
Қайтарылған немесе әрі қарай жіберілген тапсырысты бандерольдер түскен кезде «Белгілер» бағанында («Қ» немесе «ӘҚЖ») әріптері көрсетіледі.
Тапсырысты бандерольдерге 8н. кітабы әр жеткізу учаскесі бойынша және өндірістік объектілерде беруге жататын тапсырысты бандерольдерге жеке жүргізіледі.
Тапсырысты бандерольдер хабарламамен түскен кезде 8н. кітабында «Хабарламамен» белгісі қойылады. Тапсырысты бандерольдерге 119н. (СN 07н.) хабарламалары тапсырысты бандерольмен бірге жеткізуге почташыға беріледі.
Тапсырысты бандероль 119н. (СN 07н.) хабарламасының бланкісіз түскен жағдайда тапсырысты бандерольдегі мәліметтер бойынша «Телқұжат» белгісімен хабарламаның телқұжаты жасалады. Мәліметтері жеткіліксіз хабарлама алынған жағдайда олар тапсырысты бандерольде көрсетілген деректер негізінде хабарлама бланкісіне енгізіледі және 30н. хабарламасы жазылады.
Абонементтік жәшіктер арқылы беруге жататын тапсырысты бандерольдерге 22н. хабарлауы жазылып беріледі.
Өндірістік объектілерде «Талап етілгенге дейін» мекен-жайымен тапсырысты бандерольдер картотекаға салынады, көлемдері үлкен болған жағдайда 22н. хабарлауы жазылады.
«Үкіметтік» белгісі бар тапсырысты бандерольдер бірінші кезекті тәртіпте өңделеді.
Кіріс тапсырысты қызметті бандерольдер тапсырысты бандерольдер үшін жалпы белгіленген тәртіпте өңделеді.
Тапсырысты халықаралық кіріс бандерольдерді өңдеу тәртібі тапсырысты ішкі бандерольдерді өңдеу тәртібіне ұқсас.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет