2 ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
2.1 Зерттеу әдістері
Қойылған міндеттерді шешу үшін келесі зерттеу әдістері қолданылды: ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау; морфоқызметтіккүйдің жалпы жұмыс қабілеттілігінің көрсеткіштерін зерттеу; математикалық статистика әдістері.
2.1.1 Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау
Біз жүргізген ғылыми әдістемелік әдебиеттерді талдау нәтижесінде зерттейтін мәселеге деген көзқарастар анықталып, зерттеуді ұйымдастырудың алғы шарттары айқындалды. тиімділігін бағалау әдістері бойынша ғылыми әдістемелік әдебиеттер, оқулықтар, материалдар, ғылыми мақалалар талданған және қорытындыланған.
Зерттеу тақырыбы бойынша 35 әдебиет қолдандық.
2.1.2 Анкеталық сауал «Еркін күресте қайта қалпына келтіру тәсілдерін қолдану жағдайы»
Біз сауалнаманы құрастырған кезде негізгі қойған мақсатымыз деген сұрақтарға жауап табу үшін жүргіздік.
Сауалнамаға құрамындағы сұрақтардың негізгі мазмұны мынандай: қайта қалпына келтіру әдістері мен тәсілдерінің қандай түрін қолданасыз, сборда қандай дәрілер витаминдер қолданасыз , споттық формаға кірген соң оны жоғалтпау үшін қандай тәсілдер қолданасыз , жарақат алғанда немесе ауырғанда қандай қайта қалпына келтіру тәсілдерін қолданасыз деген мағынадағы сұрақтар кіргізілді.
Сауалнама сұрақтары әртүрлі ғылыми әдістемелерден алып, жүйелендіріп жаңадан құрастырдық. Сауалнама сұрақтарының мазмұны 16 сұрақтан құралды (қосымша А). Сауалнама арқылы спортшылардың өз денсаулығына деген қөзқарасын, олардың өмір салтында денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтадық. спортшылардың арасында қайта қалпына келтіретің тәсілдерді қолдану деңгейін анықтауға мүмкіндік берді.
Сауалнамаға 100 студент қатысты. Сауалнаманы қорытындылай келгенімізде, спортшылардың арасында бұл мәселе бойынша білімдері төмен, қайта қалпына келтіру тәсілдерін қолдануы жүйелі түрде жүргізілмейді.
Анкетанын сұрақтары келесі схема арқылы жүргізілді (схема 1).
Анкета
Аты жөні: (жазбауға болады)---------------------------------------
2. Туған жылы: ---------------- айы: ------------ күні: -----------
3. Жынысы: 1) ұл 2) қыз
4. Спорт түрі: ------------------------------ дәрежесі: ---------------------------
5. Осы спорт түрімен айналыскан уақыт: ----------- (жыл)
6.Қазақстан құрамасына кіресіз бе: 1. Иә 2. Жоқ
7. Қай салмақ дәрежесінде өнер көрсетесіз: ----- таза салмағыңыз: ------
8. Жарыс алдында салмақ тусіру үшін қанша уақыт керек:
1)2-3күн 2)1апта 3)2-3апта 4 ) т/б --------------
9. Салмақты қалай түсіресіз:
1)дәрінің көмегімен 2)көп жұмыс істеп 3)тамақты азайтып 4)басқа әдіспен
10. Жұмысқа қабілеттілікті арттыру үшін қандай витаминдер, дәрілер қолданасыз:
-----------------------------------------------------------------------------------------------------
11. Қайта қалпына келтіру әдістері мен тәсілдерінің қандай түрін қолданасыз:
1) массаж: (түрлері) -----------------------------------------------------------------------
2) монша: (түрлері) -----------------------------------------------------------------------
3) витаминдер: (атауы) ------------------------------------------------------------------
4) дәрілер: (атауы) ----------------------------------------------------------------------
5) әдістер: (түрлері) ----------------------------------------------------------------------
12. Жарақат алғанда немесе ауырғанда қайта қалпына келтіру әдістері:
--------------------------------------------------------------------------------------
13. Тиым салынған дәрілерді(стероид,анаболик,тестостерон) қолданасызба:
1)Иә,түрі: ------------------------------------------ 2)жоқ
14. Споттық формаға кірген соң оны жоалтпау үшін қандай жаттығулар істейсіз:
-----------------------------------------------------------------------------------------
Схема 1 - Анкета
Достарыңызбен бөлісу: |