Еркін күрес пен айналысатын спортшылардың Қайта қалпына келтіру жүйесін жетілдіру мазмұНЫ



бет9/19
Дата19.09.2022
өлшемі151.24 Kb.
#460938
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Дип. Еркін күрес пен айналысатын спортшылардың қайта қалпына келтіру жүйесін жетілдіру

Фармакалогиялық қалыптасушылар. Фармакалогия – дәрі-дәрмектің организмге тигізетін әсерін, дәріні қабылдау әдәстнрін тексеріп, зерттейтін ғылым саласы. Спорттық фармакалогия - жалпы фармакалогия ғылымының бір бөлімі.
Спорттық тәжірибеде дәрі-дәрмектер қалыптасу процестерін реттеп басқару, организмнің ауруға қарсы тұру қабілетін көтеру, зорығудан сақтандыру, түрлі ауруларды емдеу мақсаттарымен қолданылады. Әр жағдайда оларды қабылдау тәсілдері әр түрлі. Оған қоса әр организмнің әр дәріге де сезімталдығы бірдей емес. Дәріні тағайындағанда адамның жасын, денесінің дамуын, тұрмыс қалпын, тамақтану әлпісін, денсаулығын, жаттығу ерекшеліктерін, шаршау дәрежесін, ферменттік жүйесінің қызметтік мүмкіншілігін, табиғи қалыптасу қабілетін т.б. бірегейлік ерекшкліктерін ескеру қажет. Бірнеше дәріні бірге қабылдағанда олардың әсерінін әдеттегіден ауытқуы мүмкін. Дәрінің жақпауынан аллергиялық реакция, тіпті анафилатикалық шоктың дамуы да кездеседі. Дәрінің қай-қайсысының болсын қосалқы әсерлері болады. Сондықтан дәріні тағайындауға тек діргердің ғана хұқы бар. Спортшы мен бапкердің дәріні өз бетімен қабылдауға – кешірілмейтін қылық, спортшының денсаулығына жауапкерсіздікпен қарау.
Спорттық жұмыс қабілетін қалыптастыру және зорығудан сақтандыру үшін тағайындалатын дәрілер ішінде Халықаралық Олипиадалық комитеттің (ХОК) спорттық тәжірибеде қолдануға тиым салған және организмді сергететін допингткр болмауы керек.
Спорттық тәжірибеде қолдануға рұқсат етілген дәрілердің жұмыс қабілетін қалыптастырып, арттыру әсері олардың табиға зат алмасуына қатысып, күш қуат қорларын толықтыруға негізделген. Кейбіреулері катализатор рөлін атқарып, организмдегі химиялық рекцияларды шапшаңдатады, не баяулатады.
Спортшының жұмыс қабілетін қалыптастырып, зорығудан сақтандыратын дәрілер олардың организмге әсер ету жолдарының (не механизмі) ерекшеліктері бойынша топтастырылады.
Витаминдер мен коферменттер, не витаминдер туындылары. Мысалы, кокрбоксилаза – витамин В1 туындысы, перидоксальфосфат – В6 туындысы, кобамамид – В12 туындысы. Әр туындының әсері оның негізін салушы витаминдікіне сайма-сай, бірақ коферменттерлің биологиялық белсенділігі жоғары.
Коферменттерге тек витаминдер туындылары ғана жатпайды. Мысалы кариотин, липой қышқылы т.б. осы қатарда.
Дене түзудегі, яғни пластикалық маңызы зор, белоктардың организмде жинақталуын қамтамасыз ететін дәрілер тобына калий – оротаты, фосфадин, рибоксин, инозин, аденозин үш фосфор қышқылы, аденил қышқылы, метилорацил т.б. жатады. Олар тін клеткаларының құрылысын қалпына келтіріп, зат алмасуын реттейді. Бұл топтың анаболикалық, не зат алмасуын арттыру арқылы бұлшық еттер талшықтарын жуандату әсері бар. Олар зат алмасының бұзылуынан (дистрофия) пайда болатын ауруларды, сондай-ақ жүрек бұлшық етінің зорығуын, қан азаюын (анемия) емдеу үшін тиімді.
Күш-қуат қорын, оның ішінде көмірсулар қоймасын толықтыратын топқа панангин, карнетин, глицерофосфат, лицетин, липой, глютамин және янтарь қышқылдары кіреді. Олар күш-қуат қорын түзеді, зат алмасуына белсенді кірісіп, Кремс циклінде пайдаланылады, ферменттер мен коферменттердің әсерін арттырады, зат алмасуы барысында пайда болатын шөгінділерді азайтады.
Антиоксиданттар тобы – витамин Е, токоферолдар т.б. липиттердің, май және май тәрізді органикалық заттардың ұзақ уақытқа созылатын көлемді жүктемелер орындаған кезде артық тотығуынан түзілетін заттарды бейтараптайды. Бұлшық еттердегі зат алмасуын қалыптастырып олардан шөгінделерді (шлактар) шығуына көмектңсңді. Жалпы витамин Е мен жұмыс қабілеті арасында тура тәуелділік бар, бірақ бұл витамин организмде өндірілмейтін болғандықтан оның сырттан түсуін қамтамасыз етуі керек. Организмнің витамин Е-гн тәуліктік мұқтаждығы бар-жоғы 30 мг. Витамин Е-ге сұйық өсімдік майлары бай (мысалы, 60гр шемішке майында витамин Е-нің тәулілік мөлшері бар).
Гепатопротекторлар - (гепар - бауыр) бауыр өызметін қалыптастыратын дәрілер (аллахол, леганол, карсил, ессенциале, жүгері шашақтары т.б.). Гепатопротекторлар қызу жаттығулар барысында организмде жиналған щөгінділерді сыртқа шығаруды жылдамдатады, бауырдың зиянсыздандыру қабілетін арттырады, ондағы зат алмасуын қалыптастырады.
Қан толықтырушылар жаттығу таулы жерлерде жүргізілгенде, асыра щарщағанда т.б. қызыл қан түйіршіктеоінің құрамын өзгертетін жағдайларда қолданылады. Қызыл қан түйіршіктерін түзетін дәрілер құрамына, көбінесе темір кіреді (ферроплекс т.б.) Гемостимулин, кобабамит т.б.
Ноотроптар – бас миындағы зат алмасуын, күш-қуат қорларын жақсартып, жұмыс қабілетін арттырады. Олар орталық жүйке жүйесі мен талдамаларға жоғары талап қоятын жарыстардан соң, бас миының зақымдану қаупі жоғары жүктемелерден кейін, асыра шаршағанда, нервоздарда тағайындалады. Ноотробтар қатарына аминолон, пирацитам, церапролизин, ноотропил т.б. жатады.
Адаптогендер (лат. Адаптер - бейімделу) – көбінесе өсімдіктерден алынған биологиялық қоздырғыштар (женьшень, қытай лимоннигі, левзея, елеутерококк т.б.). Адаптогендердің жасанды түрлері де бар (ратибол т.б.). Марал мүйізінен алынатын пкнтакрин де адаптаген.
Адаптогендер организмді сергітіп, оның түрлі стресс жағымсыз әсерлерге қарсыласу қабілетін арттырады. Адаптогендер тек қызметтік күйі өзгерген жүйке жүйесіне (шаршаған, қозған) ғана әсер етеді. Адаптогендердің зат алмасуын реттеу, организмнің бейімделу мүмкіншілігін, жұмыс қабілетін арттыру т.б. әсерлері жоғарғы жүйке қызметін қалыптастыру арқылы атқарады. Ғылыми болжау бойынша олар организмдегі, әсіресе орталық жүйке жүйесіндедгі күш-қуат қорларын (АТФ т.б.) арттырады.
Организмге әсер ету жолдары бойынша адаптогендер 5 топқа бөлінеді.
Орталық жүйке жүйесін сергітіп, оның бейімделу қабілетін арттырушылар : женьшень, элеутерококк, қытай лимоннигі, левзия т.б. өсімдіктерден алынған адаптогендер, олардың жасанды туындылары, пантокрин.
Орталық жүйке жүйесін тыныштандырып, ұйықтататын түрлері: батпақ синюхасы, пустырник, валериана, масаттандурышы лагохулис.
Қалған үш топ тамақтың дәмін кіргізіп, тәбетті көтеретін тұздықтар ретінде қолданады.
Адаптогендер әр спортшының тәкліктік және апталық жұмыс қабілеті ритмін ескере отырып тағайындалады, өйткені ұйқыны бұзуы, артериялық қан қысымын көтеруі, жүрек суығуын жиілетуі мүмкін. Спорттық тәжірибеде адаптогендер екі тәсілмен қолданылады. Біріншісі – екпінді, немесе «соқпалы», екіншісі – курстық.
Екпінді тәсілде абыржушылықты басып, жұмыс қабілетін жол-жөнекей қалыптастыра отырып, организмнің қызметтік мүмкіншілігін толық пайдалануына көмектесу үшін әдеттегі мөлшерден көбірек мөлшерде жарыс қарсаңында қолданылады. Қай спортшыға қай адаптогеннің қандай ішім мөлшері тиімді екендігін алдын ала анықтап алған жөн.
Кусртық тәсілде адаптогендердің бір ішім мөлшері біртіндеп өсіріліп, белгілі бір мерзім аралығында тағайындалады. Организ әдеттеніп кетпеу үшін адаптогендерді алмастырып қолдану керек. Курстық қолдану тәсілі күнделікті жаттығу барысындағы шаршағандықты басып, қалыптасу кезеңінің суперкомпенсациялық фазасын арттыру үшін тиімді.
Иммономудуляторлар организмнің ауруға қарсыласу қабілетін арттырады. Ондай қасиет витаминдер (әсіресе С) мен табиғи және жасанды физикалық әсерлердің бәріне де (күн, су, ауа, ультракүлгін сәулелер т.б.) тән. Дұрыс ұтымды тамақтану, биологиялық құндылығы жоғары азықтар, жеке басты гигиеналық тәртіп әлпәлерін сақтауда иммунитетті нығайтады.
Қызу жаттығу кезінде, әсіресе жаттығудың дидактикалық негіздері бұзылса, шектен тыс жүктемелер орындағанда, фармакологиялық әдістерді дұрыс қолданбағаннан т.б. себептерді спортшыларда иммундық тапшылық пайда болады. Бұл жағдайда арнайы дәрілер тағайындалады. Олар левамизол, тимоген, Т-активизин т.б[35].
Дене даярлық қалыптастыру әдістері.Физикалық әдістердің табиғи және жасанды арнайы құралдар арқылы бейімделген түрлері бар. Табиғи түрлері күн, ауа, судың емдік, шынықтыру әсерлерін пайдалану болса, жасанды түрлері сан алуан. Олар: су процедулары (дцш, ванна), бальнеопроцедуралар (түрлі емдік заттар қосылған ванналар, емдік қаситеі бар балшықтар т.б. курорттық емдер), жылу мен сәулелер, оттегі мен ауадағы теріс иондар, электртоғы мен магнит өрістері, қысымдық әсерлер, массаж, монша.
Физикалық әдістердің белсенді және жан-жақты биологиялық, емдік әсерлері организмді шынықтыру, жұмыс қабілетін қалыптастыру және арттыру, аурулар мен жарақттардың алдын алу, оларды емдеу үшін өте кең қолданылады. Физикалық әдістер зат алмасуына тікелей қатыспайды, олар тері, шырышты қабықтар және жоғарғы тыныс жолдарындағы қабылдағыштарды тітіркендіру арқылы әсер етеді. Сол арқылы қан және лимфа сұйықтарының айналымы, жылулық реттеу қызмтеті, иммунитет пен ферменттердің белсенділігі, орталық дүйке жүйесі мен ішкі бездердің жұмыстары, жүйке мен гуморальді бейімдеу реттеледі. Бұл әрине зат алмасуын қалыптастырып, организмнің тез қалыптасуының, оның жұмыс қабілетінің артуын қамтамасыз етеді. Физикалық әдістердің ішінде организмге жалпы және жергіліктері әсер көрсететін түрлері бар. Мысалы, жалпы әсері басым түрлеріне душтар, ванналар, жалпы массаж, монша, ультракүлгін сәулелер, аэроионизация т.б. жатса, электр тоғы мен жылылық процедуралары, жергілікті массаж бен жергілікті ванна дененің белгілі бір бөлімдеріне ғана әсер етеді. Бірақ олардың да рефлекторлы жолмен атқарылатын жалпы әсерлері жоқ емес.
Физикалық әдістердің организмге әсері олардың түріне, мөлшеріне, қолдану мерзіміне, әр адамның бірегейлік сезімталдығына байланысты. Жалпы әсерлерімен қатар арнайы әсерлері де болады. Сондықтан физикалық әдістерді қолданудың өзіндік қағидалары бар. Олар: - қолдану мақсатын, шаршау түрін, дайындфқ кезеңін, денсаулығын, әр адамның бірегейлігін ескеріп тағайындау; - аптасына қалыптастыру, емдеу мақсатымен 3-4 реттен көп қолдануға болмайды; - әр процедурадан кейін 20-40мин дем алған дұрыс; - процедура жұмыс қабілетін тез қалыптастыру үшін жүктеме аяқталғаннан кейін 15-20минөт өткен соң, ал келесі күнге дайын болу үшін 4-6 сағаттан кейін басталады; - бірінші жаттығудан кейін жергілікті әсері басым әдістерді, ал жалпы әсерлерінің ішінен организмге жеңіл тиетіндерін (мысалы, душ), екінші (соңғы) жаттығудан кейін - жалпы әсері басым әдістерді қолданған жөн; - екі жаттығу сабағының арасында қолданған процедура ұзақтығы 30 минөттен аспай, екінші жүктеме басталуынан ең кем дегенде 30минөт ерте бітуі керек; организм әдеттеніп кетпес үшін қандай да болсын физикалық әдістерді курстық тәсілмен қолданып, алмастырып тұру қажет; - бір мерзімде 2-3 процедурадан артық қолдануға болмайды және олар әр топтан алынуы керек.
Физикалық әдістерді дәрігер тағайындайды.
Су процедуралары (гидропроцедуралар) - душ, ванна, монша. Олардың әсерлері судың жылылығы мен қысымына, құрамына байланысты.
Душтың судың жылылығына байланысты суық (15-20), салқын (20-33), индиферентті, не енжар (34-36), жылы (37-38), ыстық (39-және одан жоғары) болып ажыратылады.
Ертенгілік бой жазудан кейін денені сергіту үшін салқын , енжар душтар тйімді. Суық жіне ыстық суды алмастыра қабылдаған да тиімді . жаттығудан кейін 20-30 минөт өткен соң күндізгі және түнгі ұйқы алдында 5-7минөт жылы душ қабылдау адамды тыныштандырып, жақсы ұйықтауға көмекткседі. Ыстық душты суық тигенде, не массаждан кейін қолдануға болады.
Су қысымына байланысты душтар жаңбыр, не желпеуіш тәрізді, Шарко душы, қоршама (циркуляры) душ, құламалы (сарқырама) душ, су астындағы душ-массаж деп бөлінеді.
Жаңбыр тәрізді душтың температурасы 35-40 градус аралығында болады. Ол бойды сергітіп, тыныштандырады. Оны жеке процедура ретінде немесе ванна, сауна т.б. физикалық әдістерден кейін, жаттығу мен жарыстардан соң қолданған дұрыс.
Шотланд душы ыстық және суық душтарды алмастыра қолдануға негізделген: алдымен 2,5-3 м қашықтықтан 30-40 сек жылдамдығы 35-40 градус су жіберіледі, сосын 10-20 сек суық (Т10-20 градус) су қабылданады.
Жаңбыр тәрізді душтан басқаларын арнайы жағдайларда ғана (санатории, қалыптастыру орталығы т.б.) қолдануға мүмкіншілік бар.
Өте кең тараған гигиеналық су процедураларының бірі – ванна. Оның организмду қалыптастырушы және емдік әсерлері де айтарлықтай. Ваннаны тұзщы сумен ғана емес, әртүрлі қосындыларымен байытылған сулармен де толтыруға болады. Тұзщы, тұзды (минералды), газды, хош иісті ванналарымен қатар (толқынды) вибрацияланған, гальванды (судан Гальвани тоғы өткізілген) т.б. түрлері бар.
Тұзщы гигиеналық ваннадағы судың жылылығы 36-37 градус болады. Қабылдау мерзімі 10-20 минөт. Ваннадан кейән 1-2 мин температурасы 33-35 градус жаңбыр тәрізді душқа түскен дұрыс. Мұндай ваннаны сауна кезінде, не жаттығу сабағынан кейін қабылдаған дұрыс. Тұзщы ванналар судың температурасына сәйкес суық (20 градус төмен), салқын (20-30 градус) енжар (34-36 градус), жылы (37-38 градус), ыстық (38 градустан жоғары) болып бөлінеді.
Тұзды ванна бұлшық еттері қатайып қалған буындары мен бұлшық еттері ауыратын спортшыларға пайдалы. Тұзды судың (1,5-2 кг ас тұзы не теңіз тұзы қосылған) зат алмасуын реттеу әсері тұзщы суға қарағанда жоғары. Тұзды ваннадағы судың жылылығы 34-38 градус, қабылдау мерзімі – 10-15 минөт. Оны жаттығу сабағына ең кем дегенде 30 минөт қалған кезде немесе жаттығудан кейін 2 сағат өткеннен кейін қабылдаған дұрыс.
Тірек-қозғалыс жүйесін сілті (200-300гр тамақ сілтісі қосылған) ваннасы да жақсы қалыптастырады.
Хош иісті ваннаға қарағай қылқанының сығындысы, түрлі дәру сығындысы қосылады. Мысалы, температурасы 35-37 градус 200 л суға 100мл қарағай қылқынының сығындасы, не 50-70 г сығындысы таблеикасы ерітіліп, 10-15 мин уақыт қабалданады. 1 курс 10-15 ваннадан түзіледі. Газды ванналар көмірқышқылы, оттегі, күкіртті сутегі, азот, родон газдарымен байытылады. Газды ваннаның бір түрі – «інжу» ваннасы – суға ауа жіберілген ванна.
Ваннаның қалыптастырушы, емдік әсерін арттыру үшін судың толқындатуда қолданылады. Бұл вибрацияланған ванна. Мұндай ванна екінші жаттығудан кейін 1-2 рет тағайындалады. Судың температурасы – 36-38 градус, қабылдау мерзімі – 10 мин. Толқын «Волна» деп аталатын құрыл арқылы жасалады.
Спорттық жұмыс қабілетін қалыптастыру мақсатымен кең пайдаланатын физикалық әсерлердің бірі – монша. Моншалар ауаның температурасы мен ылғалдығы бойынша булы және құрғақ (сауна) болып бөлінеді.
Булы монша ауасының ылғалдығы жоғары (70-100%), температурасы 45 градус шамасында. Құрғақ монша, керісінше: ауа ыстығы 70-100 градус, кейде одан да жоғары, бірақ ауа ылғалдығы 5-15 %-тен аспайды, сондықтан сауна әсері жеңілірек, организмнің қызыну қаупі төмен қызметтік мүмкіншілігі онша бұзылмайды. Сол себептен спорттық тәжірибеде құрғақ монша булыға қарағанда жиірек қолданылады. Саунаны жұмыс қабілетін қалыптастыру мақсатымен пайдаланған да ауа иемпераиуоһрасының 70-80 градус, ылғалдығының 5-10 %, ауа қозғалысының 0,3-0,5 м/сек болғаны тиімді.
Сауна қабылдау әлпісі (режим) монша қарсаңындағы жүктеме ерекшеліктеріне байланысты. Егер жаттығу күнінде қабылданса, саунада 5-7 минуттан артық болмағаны дұрыс. Бір қабылдағанда саунаға 3 рет кіріп, келесі күндері қабылдау мерзімін 10-15 дейін созып, 4-5 рет кіруге болады. Әр кіру арасындағы үзіліс 5-15 мин. Саунада 25 мин артық болмағаны дұрыс. Сауна әсерін арттыру үшін әр кіруден кейін салқын, не суық душ қабылдап, немесе бассейнге түсіп массаж жасалады. Әрине моншаға түскенде белгілі гигиеналық қағадалардысаөтау міндетті.
Спорттық жаттығудан кейін сайыстардан кейінгі шаршағандықты басып, жұмыс арттыруда табиғат әсерлерінің маңызы өте зор. Олар ультрофиолеттік сәулелер, ауадағы теріс зарядты иондар. Егер табығат әсерін пайдалану мүмкіншілігі болмаса, ультрокүлгән сәулелерді арнайы көк шаммен, теріс иондарда аэроионизатор құралымен жасауға болады.
Организнің қалыптасуын жеделдету үшін оттегі әсері қолданылады (оттегімен байытылғаг жеміс-жидек ішімдіктері, барокамера оттегін жоғары қысыммен беру т.б.).
Соңғы жылдары спорттық медицинада электр тоғының әсері кең пайдалануда: синосоидалды-модулды тоқтар (СМТ) және жоғары жиелікпен берілетін тоқтар (СВЧ – токи сверхвысоковой частоты), электросон, элетростимуляция[25 С.35-50].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет