Еркін күрес пен айналысатын спортшылардың Қайта қалпына келтіру жүйесін жетілдіру мазмұНЫ


Қалыптастыру әдістерін қолданудың жалпы қағидалары



бет7/19
Дата19.09.2022
өлшемі151.24 Kb.
#460938
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Дип. Еркін күрес пен айналысатын спортшылардың қайта қалпына келтіру жүйесін жетілдіру

Қалыптастыру әдістерін қолданудың жалпы қағидалары

Қалыптастыру тәсілінің кешенділігі: медициналық тәсілдердің әр тобын ұтымда үйлестіре білу.
Кешенді жинағтың басты әсерінің әр спорт түрінде арнайы жұмыс қабілетінің денгейін анықтайтын және оны шектейтін физиологиялық ағзалар мен жүйелерге бағытталуы. Мысалы, төзімділікке негізделген спорт түрлерінде арнайы жұмыс қабілетін шектеуші – оттегін тасымалдаушы жүйе мен биоэнергетика (күш-қуат қоры, зат алмасуы), күрделі қимыл қозғалыс пен үйлесімділікті талап ететін түрлерінде-орталық жүйке жүйесі мен талдамалар, жылдамдық-күштік түрлерінде - жүйке-бұлшық ет жүйесі.
Жаттығу салдарынана шаршаған ағзалар мен жүйелерді қалыптастырумен қатар келесі жаттығу сабағының бағыттылығын ескере отырып , негізгі аурулық түсетін ағзалардың қызметтік мғмкіншілігін арттыру тәсілдерін қолдана білу. Ол үшін жаттығулар, ойын т.б. араларындағы қысқа үзілістерді ұтымды пайдалан білу қажет.
Қалыптастырушы жинақтың қос-құрамдылығы, яғни жинақ құрамына ішкі ағзалар мен тірек-қозғалыс тіндеріне әсер етуші әдістер мен қатар жоғарғы жүйке қызметі мен иммундық жүйені реттейтін әдістердің кіргізілуі.
Қалыптасу кездері мен ір ағза, жүйенің әр түрлі жылдамдықпен қалыптасатынын ескеру.
Жинақ құрамына енгізілген дәрігер мен әдістердің бір-бірімен үйлесімділігін, бір-бірінің әсерін күшейтуін қамсыздандыру.
Жергілікті және жалпы әсер көрсететән әдістеоді ұтымды үйлестіру. Жергілікті әсері басым әдістерді белгілі бір бұлшық еттерге қолданса, көлемі мен қарқыны жоғары жүктемелерден кейін организмге жалпы ықпал көрсететін душ, ванна, дәрі-дәрмек арнайы тағам т.б. сол сияқты әдістер тиімді. Жергілікті әсер бірінші жаттығудан кейін, жалпы әсер екіншісінен кейін тиімді. Жұмыс қабілетін тез өалыптастыру үшін әрекетті жүктеме аяқталысымен жасау керек, асығыс болмаса, жаттығудан кейін 4-8 сағаттан кейін бастаса да болады.
Тағайындалған әдістердің, әсіресе дәрі-дәрмектердің спортшының денсаулығына зиянсыздығы, қосалқы әсерлерінің болмауы.
Қалыптастырушы әлістердің спрот түріне, жаттығу кезеңі мен оның мақсатына, аяқталған, не келесі жаттығудың бағыттылығына, көлемі мен қуаттылығына сәйкес болуын, кейде толық қалыптаспаудың да керектігін ескеру.
Әр адамның бірегейлігін, сондай-ақ оның табиғи қалыптасу қабілетін білу.
Дәрі-дәрмектерді, кейбір физикалық әдістерді адам әдеттеніп кетпеу үшін ұзақ уақыт қолдануға болмайды, оған қоса бұл жағдайда дәрінің әсері басым болғандықтан негізгі тітіркендіргіш – жаттығу әсері әлсірей бастайды. Сол себептен организмнің қызметтік мүмкіншілігін арттырып спорттық жұмыс қабілетін жаңа, жоғарырақ сатыға көтеру үшін жүктеменің көлемі мен қарқынын үздіксіз өсіру қажеттілігі туады. Бұл тиімді жаттықтыру тәсіліне жатпайды. Сонымен қатар организмнің табиғи қалыптасу қабілеті төмендеп, дәрі-дәрмектерді т.б. қалыптастыру әсерлерін қолдануын тоқтатылғанда спортшының қызметтік көрсеткіштерінің төмендеуі мүмкін.
Спортшының табиғи қалыптасу қабілеті жақсы, жұиыс қабілеті жақсы, жұмыс қабілеті мен машықтығы жаттығу кезеңдеріне сәйкес өссе, медициналық әдістерден гөрі ұстаздық әдістерді кеңінен қолданған жөн.
Медициналық қалыптастыру әдістерінің көлемді жинағын тек спорттық дайындау айналмасының жеке кезеңдерінде, айталық, бірнеше күндік қызу жарыс күндері, олардың қарсаңында, ауыр жаттығу топтмаларында және олар аяқталғанда, жылдық жаттығу айналмасы біткенде қолданған тиімді. Бұл жағдайларда әр қолдану кезеңінің ұзақтығы 3-4 аптадан аспауы керек және қалыптастыру әдістерін алмастырып, оларды тағайындау қағидиоарын сақтау міндетті. Ал спортшы ауырған, зорыққан кезде, немесе олардың алдын алып, организмнің ауруға қарсыласу қабілетін нығайту үшін қалыптастырушы әркеттер жүйелі, әр жағдайжа әр түрлі мерзімге тағайындалады. Өте үлкен сақтық жасөспірімдер спортында керек. Қалыптастыру шараларының спортшыны дайындаудың жалпы жоспарына кіргізіп, олардың тиімділігін өзін-өзі бақылау күнделігінде көрсетіп, дәрігерлік, дәрігерлік-ұстаздық тексеру барысында ұдайы қадағалап отыру – міндетті шарт[30,31].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет