Есназар асель жаңабергенқызы



Pdf көрінісі
бет31/69
Дата11.04.2024
өлшемі3.69 Mb.
#498404
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   69
dissertation

«Мәтінді қайта жетілдір» әдісі. Мәтін бөліктерін реттеу, орны ауысқан 
сөйлемдерді реттеу мәтінді қайта жетілдіріп жазу тәсілі арқылы мүмкін болады. 
Мәтін бөліктерінде айтылған ойдың дамуының бірізділігі мен жүйесі 
болатынына талдау жасау арқылы көздерін жеткізіп отыру керек. Мысалы, 
оқушыға сөйлемдердің ретін тауып қоюға үйретуге мынадай тапсырма беріледі: 
мына мәтіндегі сөйлемдерді өз орнына қойып, реттеп жазыңдар. 
2-тапсырма. Мәтінді оқы. Сөйлемдерді ретімен баянда.
Ақ бота 
0) Інгеннің өзіне қатты ұқсаған, сүттей аппақ, кішкене ботасы бар.0) 
Аулада ойнап жүр едік, екі атты адам бір үйір түйені қуалай айдап, мал 
қораға кіргізді. 0) Қызық көріп, қасына бардық. 0)Түйелердің ішінде менің 
назарым ауғаны – боталы ақ інген. 0) Қап-қара мойылдай дөңгелек үлкен 
көздері жәудіреп, еріксіз қызықтырады. 0) Әжемнің «Ой, ақботам» деп, мені 
аймалайтыны есіме түсіп, мен дәл осылай әдемі көрінем бе екен? – деп 
ойладым. 0)Шудалары ақ жібектей желпілдеп, тұла бойын басқан аппақ ұлпа 
жүндері мақтадай үлбіреп тұр. 
 (Баспа материалдары бойынша) 
Оқушылар тапсырмадағы 0) деген жерге сөйлемнің орны тәртібі бойынша 
нөмірін қойып шығуы тиіс. Мәтіндегі оқиғаның жүйелі баяндалуын көрсететін 
айдап, кіргізді; көріп, бардық, бар, желпілдеп, тұр, қызықтырады деген 
сөздердің, яғни әрбір сөйлемде әрекеттің рет-ретімен орындалуын көрсететін
сәйлемдерді байланыстыратын сөздердің көмегімен реттеп жазуға болатыны 
түсіндіріледі. Мұндай тапсырмалар сөйлемнің мазмұнына, ойдың өрбуіне назар 
аудартып, сөйлемдерді байланыстыру жолын меңгеруге көмектеседі. Егер 
оқушы дайын мәтіндегі сөйлемдерді рет-ретімен орналастырып, бір-бірімен 
үйлестіруді жақсы меңгерсе, мәтін құраған кезде белгілі бір логикалық 
жүйемен байланыстырып жазу онша қиындық келтірмейді
«Салыстыр және қарама-қарсы қой» әдісі. Мәтіндердің бір-біріне 
қаншалықты ұқсас екенін бағалау мүмкіндігін қарастыруда салыстыру әдісінің 
орны ерекше. «Салыстыр және қарама-қарсы қой» әдісін қолдану арқылы 
оқушыға екі мәтін беріп, қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтарды 
байқағандарын сұраймыз. 
3-тапсырма. Екі бөлікті салыстыр.
Мінез – адам бойындағы алтын мен 
жауһардан да артық жылтырап, көзге 
ұрып тұратын әшекей. «Тегінде, адам 
баласы адам баласынан ақыл, ғылым, 
мінез, ар деген нәрселермен озады. Бұдан 
өзге нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі 
де – ақымақшылық» деген Абай атамыз он 
сегізінші қара сөзінде. Жақсы мінез – жан 
көркі. Адамды кең пейіл, көпшіл ететін де, 
я болмаса қытымыр, кекшіл ететін де – 
Жақсы мінез жан азығың әрдайым
Жақсы болсаң жарқырайды маңдайың, 
Жаман 
мінез 
індетіне 
тұтылсаң, 
Оңа қоймас бұл жалғанда жағдайың. 
 
Жақсы мінез жанашырың жалғасың, 
Ғылым үйрен, оқудан көз талмасын
Заман тұрмас қадірін біл уақыттың, 
Бүгінгі іс ертеңгіге қалмасын. 
 


73 
бойға біткен мінез.
(М. Тоқсанбаева) 
 
(Н. Бимурзаев) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет