Есназар асель жаңабергенқызы



Pdf көрінісі
бет29/69
Дата11.04.2024
өлшемі3.69 Mb.
#498404
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   69
dissertation

Сөздің перцептивті мағынасы – сезім мүшелері арқылы санадағы 
шағылысумен байланысты мағына. Мысалы, «қыс» сөзі, түсі – аппақ, қалың, 
таза; дыбысы бойынша - қоңырау, күңкілдеу; иісі бойынша – хош және т.б. 
Сөздің перцептивті мағынасы сөздің жеке авторлық бейнелі мағынасын 
анықтайды. Оқушылар үшін қыс – бұл: бораны алыс қап; кәрлі қыс: ұртында 
қар, мұртында мұз; кигізді үстіндегі ақ халатын; ақ уыздай ақша қарды басқан 
кім?! 
Сөздің 
ассоциативті 
мағынасы
Сөз 
тудыратын 
ассоциативті 
мағынасының кеңдігі оқушылардың қоршаған әлем туралы мәтіндер, әңгімелер, 
суреттер, кескіндеме және музыка арқылы алған білімдерінің тереңдігіне 
байланысты. Сонымен, «жаңбыр» сөзі оқушылардың санасының әртүрлі 
бірлестіктерін тудырады: дауыл, құйын, жер үстіндегі торнадо; жеңілдік, 
қуаныш, сенім, еркіндік; нөсер, жел, шаң, тыныс алу қиын, қарсылық; терезе, 
таза ауа, денсаулық және т. б. 
Сөздің этимологиялық мағынасы сөздікпен анықталады. Бастапқыда 
«жел» сөзі «жел құдайының» атымен байланысты болды. Желдің символдық 
мағынасы бар: ол Құдайдың хабаршысы және ғарышты басқаратын күш ретінде 
әрекет етеді. Жел көбінесе ашулы, болжанбайтын және жойқын күш, өзгерудің, 
тұрақсыздықтың күшті белгісі ретінде бейнеленген. 
Сөздің мифологиялық мағынасы сөздікпен анықталады: танымал нанымдар 
бойынша жел - бұл жын-перілер, ол жақсы (жақсы, қолайлы жел) және жаман 
(қара жел, зұлым, өткір, суық) болуы мүмкін. 
Бұдан шығатын қорытынды, оқушылар сөздің мағынасын түсіну арқылы 
әр ғылым саласы бойынша жазылған мәтіндерді түсініп оқу әрекетіне 
жаттықтырылады, түсініксіз ұғымның мәнін игереді. 
Адамның ең қысқа ойы да қатысым да сөйлем арқылы жеткізіледі. 
Сондықтан оқушы өз ойын жеткізу үшін сөйлем құрау тәсілдерін игеру керек. 
Сөйлем сөз тіркестерінен тұратын болса, сөз тіркестері сөз түрлендіруші 
қосымшалардың қолданылу дағдысы арқылы қалыптасады. Оқушылардың сөз 
тіркестері 
туралы 
дағдыларын 
қалыптастыруда 
мынадай 
жұмыстар 
ұйымдастырылады: 1) оқушыларға сөз тіркесін түсіндіргенде сөйлемнен 
оқшаулап, жеке түсіндіруге болмайды. Өйткені, сөз тіркесі - сөйлем жасайтын 


69 
материал; 2) сөз тіркесінің толық мағыналы екі я одан да көп сөзден 
жасалатыны туралы мәлімет бақылау арқылы жүзеге асыру керек; 3) сөйлем 
құрамындағы сөз тіркестері сұрақ қою арқылы ажыратылады; 4) сөз тіркесін 
сұрақ-жауап арқылы үйрету [145].
С.Аманжолов сөйлемге мынадай анықтама берген: «Тиянақты ойды 
білдіретін бір сөзді, я бірнеше сөз тіркесін сөйлем дейміз». Демек, сөз тіркесі – 
сөйлем құрудың негізі болып саналады. Сондай-ақ, профессор сөз тіркесі 
туралы: «Кейбір сөз сөйлем мүшесі басқа сөзді, я сөз тізбегін анықтап, 
толықтап, пысықтап немесе түрліше қиюласып, бірін-бірі керек ету жолымен 
байланысады. Мұндай байланыстарды сөйлемдегі сөздердің тіркесі дейміз», - 
деген анықтама береді [146]. Автордың ойын қорытатын болсақ, бастауыш 
сынып оқушылары сөйлем құрауда сөз тіркесін синтаксисін меңгеруі керек
онда сөз тіркесі сөйлемдегі сөздердің байланысы болып шығады.
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлем құрастыру дағдыларын арттыру 
үшін жаттығу жұмыстарын ұсынамыз: мәтіннен құрмалас сөйлемді табу, жай 
сөйлемнен құрмалас сөйлем жасау, берілген сызбаға сәйкес сөйлем құрау, 
сөйлемдерді талдау, жинақтау, салыстыру әдістерін қолдану, сурет бойынша,
тірек бойынша сөйлем құрастыру оны талдау, сұрақтарға жауап жаздыру, 
сөздердің мағынасын өзгертпейтіндей етіп басқа сөздермен алмастыру, 
табиғатты бақылау арқылы ой, қиялдан туындайтын сөйлем құрастыру және 
т.б. 
Осы ретте, К.Д.Ушинский: «егер сіз бір сөз айтқызудың өзі қиын соғатын 
класқа кірсеңіз, сурет көрсетуден бастаңыз, сонда класс сөйлей жөнеледі...», - 
дейді. Суретті бала көзімен көреді, сол заттар жөнінде ой өрісінің жетілуіне 
жәрдемін тигізеді. Оқушылардың ой-өрісін дамыту тіл дамыту жұмысымен 
тығыз байланысты. Олардың тілін дамыту, дүниеге көзқарасын кеңейту, ойын 
жетілдіру мақсатында мұғалім балаларды экскурсияға да алып шығады, түрлі 
жазба жұмыстарын да жүргізеді немесе суретшілердің суреттерін пайдаланып, 
әңгіме құратып айтқызады. Бұл жұмыстардың бәрінде де көзделетін мақсат – 
оқушыларды ұққан нәрселерін айтып беруге дағдыландыру. Мұнда: 
сөйлемдерді дұрыс құруға, ойларын жүйелі түрде баяндауға, әсерлі, көркем 
тілмен сөйлеуге үйрету [147]. 
Қорыта келгенде, сөз тіркесі мен сөйлем оқушылардың ойы мен тілін 
дамытудың әдістемелік негізі болады.
Сонымен, оқушы сөйлеуге үйрету үшін лингвистикалық білім негізінде 
мәтін түзе білуге жаттықтырылады. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау 
мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда мәтіннің алатын маңызы зор. Мәтін – 
қазақ тілін оқыту барысында негізгі оқыту нысаны. Біріншіден, тілден білім 
беретін материал оқыту мәтіндері болса, екіншіден, жаттығулардың тұтас мәтін 
түрінде берілуі де мәтінмен жүргізілетін жұмыстардың сараланып, жүйеленуін 
қажет етеді. Сондықтан, ең алдымен, мәтіннің қызметін таныту - оқушыға тіл 
бірліктерін игерту қызметтік тұрғыдан танып білуге, сол арқылы оқушының 
логикалық ойлау мен тілін дамытудың бірізді қалыптасуына мүмкіндік 
беріледі. Өйткені, мәтінде тіл бірліктері (сөз, сөз тіркесі, сөйлем) тегіс 
қатысады. 
Сондай-ақ 
мәтіннің 
грамматикалық 
болмысын 
таныту, 


70 
лингвистикалық білім беру арқылы оқушыларға тілдік жүйе, ол жүйенің 
жекелеген элементтерінің маңызды қызметтері мен олардың өзара 
байланыстары және соның негізінде туындайтын катынастардың ерекшеліктері 
меңгертіледі. Демек, мәтін туралы білім, білік, дағды дамыта оқыту мен оқыту 
пәндері бойынша қалыптасады. 
А.Айғабылов «мәтін дегеніміз - бір тақырыпқа енетін мағыналық 
тұтастығы бар бірнеше сөйлемнің жиынтығы. Ол тақырып мазмұнына қарай 
ұзақ та, қысқа болуы мүмкін» деген пікір білдіреді [148].
Мұғалім мәтінді түсінікті, қарапайым тілмен түсіндіре отырып, балаға 
қоғамдық көзқарас қалыптастыруға тиіс. Ол мына сатылардан тұратын нұсқау 
түрінде болуы тиіс: біріншісі – мәтінді оқу, соның нақты мазмұнын түсініп, 
шығарманың тақырыбын игеру, бұл мәтінді оқудан туатын алғашқы жинақтау 
болмақ; екіншісі – сол шығарманың түрімен таныстыру, бұл танымның ғылыми 
сатысы. Оны шығарма идеясын және мәтінмен жұмыс жүргізу талқылау 
арқылы жинақтаймыз; үшінші саты – жинақтау кезінде бала сол мәтінді оқудан 
алған білімі мен әсерін байытады; төртінші саты - жүйелі түрде жаттығу 
арқылы іске асырылады. Ол тез оқуға, оқығанын ауызша айтуға, әсерлі дауыс 
арқылы жазып үйренуге, есте сақтау қабілетін дамытуға негізделеді. Осы төрт 
түрлі қасиетті баланың бойына дарытқанда ғана білімі баянды болмақ. Жүйелі 
жүргізілген белгілі бір мақсаттағы жаттығулар білімді дағдыға айналдырады. 
Осыдан барып бірнеше жаттығулардың нәтижесінен ол ұмтылмастай 
қалыптасады [77,б. 78] 
Мәтінмен жұмыс істеу әдістемесі әрі теориялық әрі тәжірибелік ұғымда 
қолданылады, яғни бұл әдіс мәтінмен жұмыс кезінде теориялық дағды берудің 
тәсілдерін, соған байланысты тәжірибелік дағды мен тәлім-тәрбие беру 
амалдарын саралайды. Соны тәжірибе жүзінде іске асырудың тәсілі мен 
жолдарының жүйесін көрсетеді. Оқушылардың білімі мен тәжерибелік 
дағдысын қалыптастыру жолындағы мұғалімнің жүргізетін жұмыс түрі оқыту 
әдістерінің құрылымына тікелей байланысты. Мәселен, А.Байтұрсынов: «Әдіс - 
керекшіліктен шығатын нәрсе, әдістің жақсы жаман болмағы жұмсалатын 
орнының керек қылуына қарай», - деген [149]. 
Мәтінмен жұмыс жүйесін теориялық жақтан үйрену әдістері оқу 
материалдарының теориялық негіздері мен заңдарын меңгертумен бірге 
мұғалім тақырыптың өзіндік белгілерін ғылыми тұрғыдан сұрыптап, 
мәтіндердің мазмұны мен көлеміне және әрбір сабақтың құрамына сай оқытылу 
жүйесін белгілейді. Бұл бағдарламаның көлеміне негізделеді де, оқушылардың 
ой дәрежесі мен жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріледі. Жаңа материалды 
меңгертуде әуелі мәтіннің ішкі қасиеттерін саралап, осыған лайықты 
дидактикалық материалдар пайдаланған жөн. Сонымен оқыту әдісін 
түрлендіру, оқушылардың өздігінен жұмыс орындауда белсенділігін арттыру 
мәселесі қойылады. Осыған орай көрнекті ғалымдар оқыту әдісінің көп екенін 
айтқан [149,б. 111]. 
Олай болса, пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының 
ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік жүйесін құраушы 


71 
келесі компоненті - дәстүрлі және инновациялық әдіс-тәсілдер. Әр әдіс-тәсілді 
тілдік дағдыларды ескере отырып топтастырдық [150].
Сурет 15 - Бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдыларын 
қалыптастырудың әдіс-тәсілдері 
Оқытудың бұл әдістері мен тәсілдері оқушылардың ойлау мен сөйлеу 
дағдысы мен икемділіктерін, пәндік ұғымдарды меңгеруі мен жан-жақты
дамуын, ойдың беріктігі мен қабілетін арттырады. 
Ендеше, біз пәнаралық байланыста берілген мәтіндермен жұмыс жасауда 
ойлау мен сөйлеу дағдысын қалыптастырудың ұтымды әдістері ретінде 
«Сөйлемдер» стратегиясы», «Мәтінді қайта жетілдір», «Салыстыр және қарама-
қарсы қой» және т.б. қарастырамыз. Бұл әдістердің тиімділігі тәжірибе 
барысында дәлелденді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет