Есназар асель жаңабергенқызы


Пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау



Pdf көрінісі
бет28/69
Дата11.04.2024
өлшемі3.69 Mb.
#498404
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   69
dissertation

2.2 Пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау 
мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік жүйесі 
Бұл тармақшада 
біз пәнаралық байланыста бастауыш сынып 
оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік 
жүйесін қарастыруды жөн көрдік. Одан соң жүйеге түсірілген теориялық 
негіздерге сүйене отырып, пәнаралық байланыста бастауыш сынып 
оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесін және 
оның тиімділігін педагогикалық эксперимент арқылы сынақтан өткізу міндеті 
шешілуі көзделуде. Осы орайда ең алдымен, пәнаралық байланыста бастауыш 
сынып оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың 
әдістемелік жүйесін жасаудың қажеттігі туындайды.
Ендеше, ғалымдардың В.В.Краевский [139], Н.Л. Стефанова [140], 
Т.А.Вороненко [141], В.В.Малев [142] әдістемелік жүйеге берген 
анықтамаларын талдап өтейік: 
- «әдістемелік жүйе» - педагогикалық іс-әрекеттің тұтас моделі, содан 
кейін ол осы іс-әрекеттің жобасында нақтыланады; 
- «әдістемелік жүйе» - бұл өзара байланысты бес компоненттің жиынтығы: 
мақсаттар, мазмұн, әдістер, құралдар және оқытудың ұйымдастырушылық 
формалары; 
- «әдістемелік жүйе» - бұл оқытудың мақсаттары, мазмұны, әдістері мен 
формалары, құралдары мен жоспарланған нәтижелерін қамтитын оқу 
процесінің әртүрлі компоненттерін көрсететін модель;
- «әдістемелік жүйе» - жүйеден тыс мақсаттар қою; әдістемелік жүйенің 
көптеген элементтерін келесі элементтерді қосу арқылы кеңейту; күтілетін оқу 
нәтижелері; оқытудың мазмұнын, әдістерін, нысандары мен құралдарын іріктеу 
технологиялары; әдістемелік жүйенің элементтері арасында байланыс орнату 
технологиялар жиынтығы;
- «әдістемелік жүйе» - оқу процесін ғылыми негізделген жоспарлау; 
теориялық және практикалық дайындықтың бірлігі мен өзара кірігуі; оқу 
материалын оқудағы қиындықтың жоғары деңгейі және жылдам қарқыны; білім 
алушылардың максималды белсенділігі мен жеткілікті дербестігі; жеке және 
ұжымдық іс-әрекеттің үйлесімі; оқу процесінің техникалық оқу құралдарымен 
молығуы; түрлі пәндерді зерделейтін кешенді тәсіл.
Пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен сөйлеу 


65 
дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік жүйесі - бұл оқытудың тиімділігін 
арттыруға бағытталған оқу процесін бақылау, талдау, түзетуді жоспарлау мен 
жүргізудің өзара байланысты және өзара шартты әдістерінің, нысандары мен 
құралдарының реттелген жиынтығы. 
Ендеше, пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау 
мен 
сөйлеу 
дағдыларын 
қалыптастырудың 
әдістемелік 
жүйесінің 
компоненттері: мақсат => міндет => мазмұн => әдіс-тәсілдер=> форма => 
құрал => күтілетін нәтиже және т.б.
Пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен сөйлеу 
дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік жүйесінің өзіндік сипаты төменде 
көрсетілген (сурет 14). 
Біз ұсынған әдістемелік жүйенің мақсаты: пәнаралық байланыста 
оқушылардың ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. 
Әдістемелік жүйенің осы мақсаттан туындайтын міндеттері келесідей 
болып белгіленді: сөйлеу түрлерінің - тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым 
дағдыларын қалыптастыру; заттар мен құбылыстарды талдау, жинақтау, 
салыстыру арқылы ойлау дағдыларын қалыптастыру; тілдік қарым-қатынас 
мақсатында, әр ғылым саласы бойынша пәндердегі мәтінді орынды пайдалана 
білуді игерту. 
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдыларын 
қалыптастыру үдерісі - тілдік білім берудің маңызды қызметі, ал тілдік 
материал (мәтін жиынтығы) және тілдік жүйе (сөздік және грамматика) ойлау 
мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың құралы ғана болып табылады.
Сондықтан да бастауыш сынып оқушысының ойлау мен сөйлеу дағдыларын, 
дүниетанымы мен айналасындағы қоршаған ортамен қарым-қатынас 
мәдениетін қалыптастыруда оқу үдерісіндегі «қазақ тілі» пәнінің алатын орны 
ерекше. Пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен 
сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған арнайы білім мазмұнын іріктеуде 
және нақты тақырыптарды сұрыптауда бастауыш сыныптарға арналған «Қазақ 
тілі» оқу бағдарламасын басшылыққа аламыз.
Бастауыш мектепте «қазақ тілі» пәнін оқыту мақсаты – сөйлеу әрекетінің 
түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы 
бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып, оқу 
әрекеті мен күнделікті өмірде қолдану [143]. Қазақ тілі сабағында 
оқушылардың әртүрлі қатысымдық біліктері мен ойлау дағдыларын 
қалыптастыруда ойдың даму логикасын түсіну, қажетті ақпаратты алу, диалог 
және монолог құру дағдылары, ақпаратты жинақтап, жүйелеп, жоспар құру, 
мәтінді талдау, жинақтау, салыстыру, сөйлеудің әр түрлі стилін қолдану 
қажеттілігін ескере отырып құрылуы керек.
Пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен сөйлеу 
дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік негізі - сөз, сөйлем, мәтін арқылы 
ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. 


66 
Сурет 14 - Пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен 
сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік жүйесі 


67 
Сөз – тілдің дыбыстық, мағыналық, грамматикалық жақтарын көрсететін 
тілдің негізгі бірлігі. Сөз мағынасы ұғыммен тығыз байланысты. Сондықтан 
тілдік қатынаста белгілі бір ұғымды аңғартатын, лексикалық мағынасы бар 
сөздерді қатысымдық тұлғалардың қатарында қарастыру сөздің қатынас құралы 
ретінде жұмсалуына негіз болады. Сөздер арқылы бірнеше сөздерді 
құрастырып, адам жеке өзінің ойлаған ойын жеткізе алады. Демек, сөз – 
адамның ойын жеткізуге, ойлау қабілетін арттыруға қызмет ететін құрал, тек 
адам ғана өз ойларын сөзбен жеткізудің мүмкіндігіне ие [71,б. 46].
Оқушылардың сөздік қорын байыту мақсатымен қазақ тілі, әдебиеттік оқу, 
дүниетану, жаратылыстану, математика пәндерін байланыстыра жүргізудің 
тиімді мүмкіншіліктері бар. Адамның танымдық іс-әрекетке қатысуы 
тұрғысынан 
тілді 
зерттеу 
қажеттілігі 
оқу 
процесінде 
пәнаралық 
байланыстардың рөлі мен маңыздылығын күшейтеді, оны жүзеге асыру білімді 
дүниетанымдық жалпылау негізінде ойлау мен сөйлеу дағдыларын 
қалыптастыру мәселесін шешуде мұғалімдердің бірыңғай көзқарасын 
қамтамасыз етеді. Пәнаралық байланыстар оқушының жеке басына 
бағытталған, оның әлем туралы түсінігін қалыптастырады, оқушының ойлау 
мен сөйлеу дағдыларын жан-жақты дамытуға ықпал етеді. Мысалы: қазақ тілі 
сабағында пәнаралық оқу материалдарын қолдану сөз мағыналарының 
жиынтығын, оның мағынасын, сөздің қызмет ете алатын әртүрлі сөйлеу 
жағдайлары туралы ақпаратты қалыптастыруға ықпал етеді. Пән мұғалімі өзінің 
сабақтарында тіл материалдарын өткенде әдебиеттік оқу пәніндегі ақын-
жазушылардың шығармаларымен байланыстырып, тілдік құралдардың көркем 
мәтіндегі қолдану аясын іс-тәжірибеде игертсе, оқушылардың сөздік қоры 
молаймақ [56,с. 45] 
Ойлау мен сөйлеу дағыларын қалыптастыруда пәнаралық материалдарды 
ұйымдастыру жағдайын қарастыруды талап етеді. Пәнаралық байланыстар 
арқылы жүзеге асатын танымдық іс-әрекеттің нәтижесінде оқушылардың 
санасында сөздердің мағыналары білімді жетілдіруге мүмкіндік беретін және 
ойлау мен сөйлеу дағдыларының құрылымдық компоненттеріне айналатын 
тұжырымдамаларға айнала бастайды.
Б.Т.Ортаев өзінің зерттеуінде пәнаралық байланыстарды төрт бағытта: 
1)уақыт критерийлеріне (алдын-ала, сәйкес кейінгі); 2) жекеленген пәндердегі 
жалпы ақпараттық мәні бар (фактілі, ұғымдық, теориялық); 3) білімдер мен іс-
әрекет түрлері; 4) талдап қорытындыланған түрдегі (мазмұнды-ақпараттық, 
операциялық-іс-әрекеттік, ұйымдастыру-әдістемелік) деп қарастырады [144]. 
Біз де зерттеу барысында жекеленген пәндердегі жалпы ақпараттық мәні бар 
пәндік ұғымдардың мағынасын талдауды пәнаралық байланыста жүзеге 
асырдық.
Оқушылар сөздің мағынасын түсіну пәнаралық байланыстарды қолдану 
арқылы белсенді түрде жүреді. Сөзбен жұмыс жасау барысында сөздің оқылған 
әдеби шығармалардың контекстімен, суреттерді қабылдау арқылы қалыптасқан 
сөз идеяларының нәтижесінде пайда болады. Оқушы сөздің жеке күйде 
тұрғандағысы мен сөйлем құрамындағы мағынасы бір болмайтындығын мәтінді 
оқу барысында түсінеді. Оқушы туындының көркемдік бедер белгісін де сонда 


68 
ғана түсіне алады. Себебі әдеби шығармада көптеген сөз өзінің тура 
мағынасында қолданылмай, ауыспалы мағынада берілетіндері бар. Оқушылар 
көркем әдебиеттің бұл заңдылығын біле бермейді. Олай болса, оқушылардың 
сөздік қорын тура және ауыспалы мағыналы сөздермен толықтыру пәнаралық 
байланыста дамиды. 
Сабақта пәнаралық байланыстар жүзеге асырылған кезде, сөз оқушыларда 
аталған затты ғана емес, сонымен қатар оның мағыналық жағы - түсі, иісі, түрі 
толықтырылады. Мысалы, «күн» сөзін айтқанда, жылулық, сәуле, жарық, 
ыстық және т.б. ескеріледі. Олай болса, мұғалім әр сөзбен жұмыс жасау кезінде 
оның сөздік көмегімен тексеруге болатын лексикалық мағынасын ғана емес, 
сонымен қатар оқушылар көркем, ғылыми және танымдық мәтіндердің 
арқасында танысатын мағыналар жиынтығын да ескеруі керек. Оларға мыналар 
жатады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет