Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) азаматтық әуе кемелерін пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемесін бекіту туралы


Әуеайлақ оттарының сәйкестігін бағалау әдістемесі



бет3/18
Дата17.06.2016
өлшемі3.83 Mb.
#143355
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Әуеайлақ оттарының сәйкестігін бағалау әдістемесі
      72. ҚР АА ӘПЖН-ның 141–144-тармақтарына қатысты. Сыртқы бақылау процесінде от арматурасының, жарық көрсеткіштері мен көздерінің түрлері салыстырылады және орнатылған жабдықтың техникалық құжаттамасына олардың сәйкестігі тексеріледі.
      Оттың немесе жарық көрсеткішінің жоғарғы нүктесінің биіктігі ҰҚЖ немесе РЖ шетінің деңгейімен өлшенеді.
      73. Азаймайтын авариялық қордың болуы тексеріледі.
      74. Талаптары ҚР АА ӘПЖН-да сипатталмаған оттардың кіші жүйесін орнатқан жағдайда, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігі және оларды орнатудың уәкілетті органмен келісілуі тексеріледі.
      75. ҚР АА ӘПЖН-ның 147–167-тармақтарына қатысты. Қарқындылығы аз оттардың (бұдан әрі – ҚАО) жарық-сигналдық жүйесіне кіретін оттардың құрамы олардың мақсаты бойынша ҚР АА ӘПЖН-ның 10-тарауының талаптарының сәйкестігіне салыстырылады.
      Оттардың орналасу сызбасының ҚР АА ӘПЖН-ның талаптарына сәйкестігі ЖСЖ орнатуға жобаның орындаушылық құжаттамасы, сыртқы тексеру, сондай-ақ қолданыстағы бағдарламаға және әдістемеге сәйкес орындалатын ұшу тексеруімен айқындалады.
      Әуеайлақтардың оттары мен элементтерінің арасындағы қашықтықтар өлшенеді және алынған нәтижелер ҚР АА ӘПЖН-ның талаптарымен салыстырылады.
      Ұшу тексеруі кезінде жарық-сигналдық қону жабдығының және рульдеу жабдығының нақты құрамының, орналасуының және түстілігінің ҚР АА ӘПЖН-ның талаптарын көрсетілген параметрлермен салыстыру жүргізіледі. Осымен бір мезгілде оттар арасындағы аралықтарда елеулі ауытқулардың болмауы анықталады.
      Қону жарық-сигналдық жабдықтары қонуға бет алу, қону және ұшып-көтерілу кезінде тексеріледі. Қонуға бет алу кезінде, сондай-ақ жүйенің фотоға түсірілуі жүргізіледі.
      Жақындау оттарының жарық топтарын, жарық көкжиектерінің және бет алу оттарының жарық топтарының реттелу дұрыстығының ұшу тексерісі екінші айналымға кетумен қалыпты глиссада бойынша қонуға бет алу кезінде жүргізіледі. Оттарды тексеру глиссадаға кіргеннен кейін жүйенің оттарын айыруды қамтамасыз ететін қашықтықта жүргізіледі. ҰҚЖ-ның бүйірлік және осьтік оттары мен жерге қону аймағының оттары қону, қонғаннан кейінгі жүгіріс және ұшып-көтерілу кезінде тексеріледі.
      Жарықтылық сатыларын қайта қосқан кезде қараңғы аралықтардың болмауына визуалды көз жеткізеді.
      ЖСЖ-ның ұшу тексерісін қолданыстағы бағдарламаға сәйкес жүргізеді. Оның қорытындысы бойынша Ұшу тексерісінің акті жасалады.
      Оттардың үзілулері немесе жарықтылығы бойынша басқаларынан күрт ерекшеленуі жоқ болса, оларды жарамды және дұрыс реттелген деп есептеуге болады.
      76. ҚР АА ӘПЖН-ның 168–196-тармақтарына қатысты. ЖҚО жүйесі оттарының сәйкестігін бағалау осы СБӘ-нің 147–167 тармақтарына ұқсас жүргізіледі.
      77. ҚР АА ӘПЖН-ның 197–205-тармақтарына қатысты. Глиссаданы визуалды индекстеу жүйесінің сәйкестігін бағалау осы СБӘ-нің 147–167 тармақтарына ұқсас жүргізіледі.
      «D» қашықтығын айқындау әдістемесі осы СБӘ-нің 18-қосымшасында келтірілген.
      Жарық топтарының биіктету бұрыштары мен көлденең жазықтықта оттарды орнату бұрыштары глиссадалық оттарды реттеуге арналған құжаттамаға сәйкес тексеріледі.
      Кедергілерден қорғау бетінің үстінен биік тұрған кедергілердің болмауы әуеайлақ ауданында Кедергілерді тексеру актісінің деректерін пайдалана отырып белгіленеді.
      Әрбір кедергі үшін оның орналасқан орнындағы бетінің абсолюттік биіктігі айқындалады:
      
      мұнда Hо – ҰҚЖ табалдырығының абсолюттік биіктігі;
       – кедергілерден қорғау бетінің еңістену бұрышы;
      Xп – ҰҚЖ табалдырығынан кедергіге дейінгі метр қашықтығы.
      Hп – әрбір кедергінің абсолюттік биіктігі, кедергілерден қорғау беті биіктігінің Н тиісті мәніне тең немесе одан кем болуы тиіс.
      78. ҚР АА ӘПЖН-ның 206–221-тармақтарына қатысты. РЖ-дағы оттардың сәйкестігін бағалау осы СБӘ-нің 147–167 тармақтарына ұқсас жүргізіледі.
Жарық-сигналдық жабдық сипаттамаларының сәйкестігін
бағалау әдістемесі
      79. ҚР АА ӘПЖН-ның 222– 228-тармақтарына қатысты. Жарықтылықты реттегіштердің әр сатыда өлшенген шығыс токтарының мәндері пайдалану құжаттамасында келтірілген шығыс токтарының мәндерімен салыстырылады және аталған саты оттары жарықтылығының пайыздық үлесінің сәйкестігі белгіленеді. Өлшеулер кәбілдік сақинаны нақты жүктемемен қоректендіретін әрбір реттегіштің шығыс тізбегіне дәлдік класы 0,5 в мәнінен төмен емес электрдинамикалық немесе электрмагниттік жүйе амперметрінің көмегімен жүргізіледі.
      Рульдеу оттарының және басқарылмайтын жарық көрсеткіштері жарықтылығының реттелу дұрыстығын рульдеу диспетчері олардың жарықтылығын 10, 30, 100% (5, 20, 100%) қоса отырып рульдеу кезінде тексереді, ал басқарылатын жарық көрсеткіштері мен бағдаршамдар қосылуының дұрыстығы оларды тиісті диспетчерлердің ЖБП-ден негізгі рульдеу маршруттары бойынша қосуы арқылы тексеріледі.
      Белгіленген жабдықтар жинағына кіретін құрылғының көмегімен әрбір кіші жүйеде ішінара 4-5 от таңдалып тексеріледі. Оттарды орнату бұрыштарының өлшенген мәндері ҚР АА ӘПЖН-да келтірілген мәндерге сәйкес келуі тиіс.
      80. ҚР АА ӘПЖН-ның 229–234-тармақтарына қатысты. Тексерулер қону, рульдеу және старт диспетчерінің ЖБП-ден жарық-сигналдық жабдықты қосуы арқылы жүргізіледі. Бұл ретте аспап жабдықтар түрінің және оларды бақылау жөніндегі техникалық құжаттамасына сәйкес жарық-сигналдық жабдықты басқару бойынша қажетті қызметтерді қамтамасыз етуі тиіс.
      Оттардың жарықтылық сатылары бойынша реттелуін оларды қону диспетчерінің ЖБП-ден қосу және жарықтылық реттегіштерін берілген сатыға қосу дұрыстығын анықтау арқылы тексереді.
      81. ҚР АА ӘПЖН-ның 235– 236-тармақтарына қатысты. Трансформаторлық қосалқы станцияда (бұдан әрі – ТҚК) тікелей сыртқы тексеру арқылы қолданыстағы нормалар бойынша әрбір кіші жүйедегі кәбілдік желілер мен қоректендіру көздерінің нақты саны айқындалады.
      82. Кәбілдік сақиналарды оқшаулау кедергісі 2,5 кВ мегаомметрмен өлшенеді және ҚР АА ӘПЖН-ның талаптарымен салыстырылады.
      83. Резеңке оқшаулауы бар жоғары вольтті кәбілдерді сынақтан өткізу кезінде кәбіл тізбегіне түсетін кернеу жерге қатысты мынадай болуы керек:
      3 кВ дейінгі кәбілдер үшін – 1 мин ішінде 6 кВ тұрақты ток;
      5-6 кВ дейінгі кәбілдер үшін – 1 мин ішінде 10 кВ тұрақты ток.
      Әуеайлақ белгілерінің сәйкестігін бағалау визуалды да, өлшеу аспаптарының көмегімен де жүргізіледі. Сәйкестікті тексеру процесінде белгілердің болуы, орналасуы, саны, өлшемдері және түсі айқындалады.
Маркерлер сәйкестігін бағалау әдістемесі
      84. ҚР АА ӘПЖН-ның 267-тармағына қатысты. РЖ шетіндегі маркерлердің болуы мен түсі визуалды, ал орналасуы өлшеу аспаптарының көмегімен айқындалады.
      85. ҚР АА ӘПЖН-ның 275-тармағына қатысты. Маркерлердің болуы әуеайлақтың барлық топырақты элементтерінің болуына тексеріледі. Әуеайлақтың топырақты элементтері маркерлердің боялуы визуалды бағаланады. Маркерлердің мөлшері, нысаны және орналасу дұрыстығы өлшеу аспаптарының көмегімен айқындалады.
      86. ҚР АА ӘПЖН-ның 276–279-тармақтарына қатысты. Перронның прожекторлық жарықтандырудың болуы сырттай бақыланумен тексеріледі.
      87. ҚР АА ӘПЖН-ның 280-тармағына қатысты. Желкөрсеткіштің болуы, орналасуы, нысаны мен түсі әуеайлақты тексеру кезінде визуалды бағаланады.
      88. ҚР АА ӘПЖН-ның 281–284-тармақтарына қатысты. Телескопиялық траппен визуалды жалғағыш жүйесінің болуы мен орналасуы визуалды айқындалады.
      89. ҚР АА ӘПЖН-ның 285– 304-тармақтарына қатысты. РТҚ, ІІБ объектілерінде, және басқа да объектілерде жарықтандыру жабдығының болуы тікелей әуеайлақта сыртқы байқау арқылы тексеріледі.
      Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен ҚР АА ӘПЖН-ның (МОС) 7, 8 және 9-тарауларына сәйкес айқындалған әуеайлақ маңындағы аумақтар шегінде орналасқан басқа да ведомство объектілерінің жарықтандырылуын тексеру орнатылған жабдықтың орналасу, электр қоректендіру, басқару, сипаттамасы (түрі) сызбасын көрсете отырып, құрылыс салуға рұқсат берілген келісу құжаттары, сондай-ақ сыртқы тексеру арқылы жүргізіледі.
      Сөре бойынша оттардың орналасу дұрыстығы, сондай-ақ объектілерді жарықпен таңбалау сапасы объектілерді орнатуға арналған құжаттама бойынша және сыртқы байқау (визуалды) тексеріледі.
      Әуеайлақтың жарық беретін сигнал жабдықтарының жүйесін бағалау үшін қондырудың әрбір бағытына ОМИ, ЖҚО-I, ЖҚО-II, ЖҚО-III (4.1-кесте) жарық беретін сигнал жабдықтары жүйесінің сәйкестік кестесі толтырылады.
      Сәйкестік кестесін толтыру тәртібі мынадай:
      1-баған – ҚР АА ӘПЖН-ның бағаланатын тармақтарының нөмірі көрсетіледі.
      2-баған – ҚР АА ӘПЖН-ның тиісті тармақтары бойынша тексеру және сынақ нәтижелері көрсетіледі.
      3-баған – растайтын құжаттың реттік нөмірі көрсетіледі;/
      жарықсигналдық жабдықтар бойынша сәйкестік кестесін толтыру үшін растайтын құжаттар ретінде Жерүсті тексеру актісі және Ұшуды тексеру актісі дайындалуы тиіс.
      Жерүсті тексеру актісі мыналарды қамтуы тиіс:
      қондыру, ұшыру және жермен жүру құралдары оттарының барлық кіші жүйесін көрсете отырып, аталған әуеайлаққа жататын ҚР АА ӘПЖН-ның 12-15 тарауының барлық тармақтары бойынша сынақтардың нәтижелері;
      әуеайлақ (метрмен) элементтеріне қатысты оттардың, белгілердің және көрсеткіштердің нақты орналасқан орны және олардың түсі;
      оттардың (кәбілді сақина) әрбір кіші жүйесінің жүзеге асырылған электрқоректендіруі (кәбіл сақинасының саны);
      кәбіл желілерінің ең төменгі оқшаулау қарсылығы;
      бөгейтін оттардың орналасуы мен сипаттамасы;
      4-баған – ҚР АА ӘПЖН-ның талаптарымен тексеру және сынақ қорытындыларының кедергісінің нәтижесі көрсетіледі және мынадай жазба жазылады:
      «Сәйкес келеді» - бағалау параметрі ҚР АА ӘПЖН-ның талаптарына сәйкес келген жағдайда, «Баламалы түрде сәйкес келеді» - ҚР АА ӘПЖН-ның талаптарынан ауытқу болған кезде ұшулар қауіпсіздігінің баламалы деңгейін қамтамасыз ету туралы қорытынды болған жағдайда;
      «Сәйкес келмейді» - бағалау параметрі ҚР АА ӘПЖН-ның талаптарына сәйкес келмеген және жоғарыда айтылған Қорытындыда айтылмаған жағдайда;
      5-баған – ҚР АА ӘПЖН-ның талаптарынан ауытқушылық болған жағдайда соған сәйкес азаматтық авиация ұйымдары ұшу қауіпсіздігінің баламалы деңгейін қамтамасыз етуі жөнінде іс-шараларды орындаған құжаттың нөмірі, күні мен атауы көрсетіледі, сондай-ақ кестенің басқа бағандарындағы жазбаның мазмұнын (қажет болған жағдайда) түсіндіретін қосымша ақпарат көрсетіледі.
      4.1-кестені толтыру үлгілері 19-қосымшада көрсетілген.
4. Радиотехникалық жабдықтардың сәйкестігін бағалау әдістемесі
Әуеайлақтардың радиотехникалық жабдықтарының сәйкестігін бағалау әдістемесі
      90. ҚР АА ӘПЖН-ның 305-тармағына қатысты. Әуеайлақта орналасқан радиотехникалық жабдықтың құрамы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ҚР АА ӘПЖН-ның 51-қосымшасына сәйкестігі тұрғысынан салыстырылды.
      Сәйкестікті бағалауды әуеайлақта орнатылған радиожарықтандыру техникалық құралдары бір уақытта жұмыс істеген кезде пайдаланудың нақты жағдайларында нақты радиотехникалық жабдықтың жұмыс істеуін тексеру барысында жүргізеді. Бұл ретте тексерілетін жабдықтың параметрлері мен сипаттамасы пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкес болуы тиіс, ал әуеайлақтың радиожабдығының жұмыс сапасын бақылау журналында диспетчерлік құрам және ӘК-тің экипаждары тарапынан жүйелі ескерту болмауы тиіс.
      Нақты жабдыққа әзірлеуші ұйымның пайдалану құжаттамасының нақты болуы және оның пайдалану құжаттарының ведомосінде көрсетілген тізбеге сәйкес келуі, формулярлардың (паспорттардың) және жабдықты пайдалануға жарамдылық куәлігінің болуы тексеріледі.
      ILS жабдығының санаты формуляр және жарамдылық куәлігі бойынша, ал қондырудың пайдалану бағытының санаты - аэронавигациялық ақпараттар жинағы бойынша анықталады. ILS жабдығының санаты қондыру пайдаланатын бағытының санатынан төмен болмауы тиіс.
      91. ҚР АА ӘПЖН-ның 306–315-тармақтарына қатысты. Аталған жүйенің жабдық құрамын бағалау әуеайлақта жабдықтың болуын тексеру арқылы визуалды орындалады.
      92. ҚР АА ӘПЖН-ның 307–311, 316-тармақтарына қатысты. Бағыттық радиомаяктың (бұдан әрі – КРМ), глиссадалық радиомаяктың (бұдан әрі – ГРМ), маркерлік радиомаяктың (бұдан әрі – МРМ) антенналарының және алыс алаңды (қондырудың III-санаты бойынша) бақылау аппаратурасының орналасу дұрыстығын бағалау радиомаяк пен алыс алаңды бақылау аппаратурасын орнатуға арналған құжаттың ҚР АА ӘПЖН-ның талаптарына сәйкестігін тексеру кезінде жүргізіледі.
      93. ҚР АА ӘПЖН-ның 312-тармағына қатысты. Глиссада деңгейлес бұрышын бағалау ҰЖН-да көрсетілген қону бағыты глиссадасының деңгейлес бұрышының мәнін тексеру арқылы орындалады.
      94. ҚР АА ӘПЖН-ның 313-тармағына қатысты. ILS тірек нүктесінің биіктігін бағалау I, II немесе III санаттағы қону жүйесінің радиомаяктарын ұшуға тексеру бойынша қолданыстағы басшылыққа сәйкес орындалады. I-санаттың ILS ГРМ тірек пунктін есептеу үшін 7400-ден 1050 м-ге дейін жоюға, II және III санат үшін – 1830-дан 300 м-ге дейін жоюға глиссада учаскесі пайдаланылады.
      95. ҚР АА ӘПЖН-ның 314, 318, 319-тармақтарына қатысты. БРМ және ГРМ қауіпті аймақтарының мөлшері әуеайлақ ауданында ҰЖН-да келтірілген «БРМ және ГРМ қауіпті аймақтарының орналасу сызбасы» бойынша бағаланады. ӘК-ті РЖ-ға күту орындарын таңбалауды және ішкі әуежайлық жолдармен қауіпті аймақтарды кесіп өту орындарында жол белгілері мен қалқандардың болуы визуалды тексеріледі.
      Үлгіліктен ерекшеленетін қауіпті аймақтардың мөлшері мен конфигурациясы арнайы ұшуға тексеру нәтижелері бойынша немесе есептеу арқылы белгіленеді.
      96. ҚР АА ӘПЖН-ның 317-тармағына қатысты. Алыс алаңды бақылау аппаратурасын тексеру және басқару пунктінде дабылдағышты қамтамасыз ету пайдалану құжаты бойынша жүргізіледі.
      97. ҚР АА ӘПЖН-ның 320-тармағына қатысты. Радиомаяктар параметрлерін бағалауды I, II немесе III санаттағы қондыру жүйесінің радиомаяктарын ұшуға тексеру бойынша қолданыстағы басшылыққа сәйкес орындайды.
      БРМ және ГРМ (бір жиілік үшін 50% және екі жиілік үшін 80%) сәулелену қуатын азайту кезінде автоматты бақылау жүйесінің іске қосылуын тексеру КРМ және ГРМ іс-қимыл аймақтарын және курс пен глиссада құрылымын бағалау бойынша ұшуларды орындаған кезде жүргізіледі. Ұшуды тексеру актісінің «Ескертпе» бағанында аталған тексеру орындалған сәулелену қуатының мәні туралы жазба жазылады.
Қондыру радиолокаторының және әуеайлақтық шолу радиолокаторының
(ШРЛ-Ә) сәйкестігін бағалау әдістемесі
      98. ҚР АА ӘПЖН-ның 321, 325-тармақтарына қатысты. ӘК-ден жерге қону нүктесіне дейінгі аралықты айқындаудың және курстың желісінен және берілген төмендеу траекториясынан ӘК-тің ауытқуы қателіктеріне көбірек жол берген қондыру радиолокаторының (бұдан әрі – ҚРЛ) іс-әрекет аймағын тексеру, сондай-ақ ШРЛ параметрлерін бағалау ӘҚҰ радиолокациялық құралдарын жерүсті және ұшқан кезде тексерудің қолданыстағы бағдарламасына және әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.
      ӘК-ті табу ықтималдығының есебі пайдалану құжаттамасына сәйкес жүргізіледі.
      99. ҚР АА ӘПЖН-ның 322-тармағына қатысты. ҚРЛ орналастыру және реттеу дұрыстығын тексеру әуеайлақта радиолокаторды орнатуға арналған құжаттаманың ҚР АА ӘПЖН-ның талаптарына сәйкестігін бағалау кезінде жүргізіледі. Реттеу сапасы жабдықтың нақты бір түріне арналған пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкестігіне тексеріледі.
      100. ҚР АА ӘПЖН-ның 323-тармағына қатысты. Курс және ILS глиссада желілерімен ҚРЛ экранында қалыптасатын курстың және глиссаданың электрондық желілерінің сәйкестігін тексеру ILS бойынша ӘК-ге қонуға бет алу кезінде визуалды жүргізіледі. Қону диспетчері тексеру жүргізу мен курс және ILS глиссадасының желілерінде ӘК-ті ұстау қажеттілігі туралы экипажды ескертеді. Бұл ретте ОРЛ экранында белгі курстың және глиссаданың электронды желілерінде болуы тиіс. Сәйкестікті тексеру глиссадаға бет алу нүктесінен ҰҚЖ шегінен 1000 м қашықтықтағы белгіге дейінгі учаскеде жүргізіледі.
      101. ҚР АА ӘПЖН-ның 324-тармағына қатысты. ОРЛ индикаторының экранында көрінген ақпарат көлемін тексеру қондыру диспетчерінің жұмыс орнында визуалды жүргізіледі. Индикатордың экранында көрінген ақпараттың көлемі ҚР АА ӘПЖН-де көрсетілгеннен кем болмауы тиіс.
      102. ҚР АА ӘПЖН-ның 326–328-тармақтарына қатысты. Ұзақтығы және азимуты бойынша мүмкіндікке және нақты сипаттамаға рұқсат беретін бастапқы және қосалқы арналар бойынша берілген ықтималдықпен ұшудың бақыланатын бағыттарында ӘК-ті табуды тексеру ӘҚҚ радиолокациялық құралдарды жерүсті және ұшуға тексерудің қолданыстағы бағдарламасына және әдістемесіне сәйкес жүргізіледі. Әуеайлақ ауданында радиолокациялық бақылаумен қамтамасыз етілмеген ӘК-тің ұшуын жүзеге асыратын бағыттар учаскелері болған кезде жұмыс орындарында осы учаскелерде әуеайлақта орнатылған басқа радиотехникалық құралдардан ӘК туралы ақпарат алуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін (индикаторлар, табло) құрылғылардың диспетчерлерінің болуын тексеру қажет.
      103. ҚР АА ӘПЖН-ның 329-тармағына қатысты. Индикаторлар экранында көрсетілген ақпараттың көлемін тексеру ӘҚБ диспетчерлерінің жұмыс орнында визуалды жүргізіледі. Бұл ретте қосалқы арна бойынша ақпаратты көрсету сапасына, яғни ҚР АА ӘПЖН-ның талаптарына сәйкес жалған белгілердің болуы немесе болмауына аса назар аударылады.
      104. ҚР АА ӘПЖН-ның 330-тармағына қатысты. ОРЛ-А параметрлерін бағалау қолданыстағы ұшуды тексеру бойынша басшылыққа сәйкес орындалады.
Жетектік радиостанцияның және қосымша әуеайлақтық маркерлік
радиомаяктың (МРМ) сәйкестігін бағалау әдістемесі
      105. ҚР АА ӘПЖН-ның 331, 333-тармақтарына қатысты. Сәулелену сипаттамасын, ЖРС танымдық сигналы мен параметрлерінің болуын бағалауды жетекті радиостанцияларының ұшуды тексерудің қолданыстағы бағдарламасына және әдістемесіне сәйкес жүргізеді.
      106. ҚР АА ӘПЖН-ның 332-тармағына қатысты. ЖРС орналастыруды тексеру оны орнатуға арналған құжаттаманың ҚР АА ӘПЖН-ның талаптарына сәйкестігін бағалау кезінде немесе геодезиялық түсірулер деректерін ҚР АА ӘПЖН-ның талаптарымен салыстыру кезінде жүргізіледі.
      107. ҚР АА ӘПЖН-ның 334-тармағына қатысты. Қосымша маркерлік радиомаяк іс-қимыл аймағын тексеру маркерлік қабылдағыш (табло, дыбыстық сигнал) индикаторларының іске қосылу ұзақтығын тіркеу арқылы ұшып өтудің белгіленген биіктігінде ұшуды тексеру барысында жүргізіледі. Диспетчер алдын ала сигналдық құрылғының іске қосылуын басынан аяғына дейін тіркеу қажеттігі туралы экипажды ескертеді. Сигналдық құрылғының іске қосылу уақытын және ӘК-тің ұшып өтуінің жылдамдығын біле отырып, оператор мына формула бойынша қосымша маркерлік радтомаяктың іс-қимыл аймағын айқындайды:
      
      VВС - ӘК ұшу жылдамдығы, м/с;
       — сигналдық құрылғының іске қосылу уақыты, с.
      Ls – алынған мәні ҚР АА ӘПЖН-да келтірілген мәнмен салыстырылады.
      Қосымша маркерлік радиомаяк және алыс маркерлік маяк іс-қимыл аймағының төсемесінің болмауын тексеру осы радиомаяктардың сигналдарын тыңдау арқылы ұшуға тексеру кезінде жүргізіледі. Ұшуда қолданылмайтын биіктікте олардың сигналдары бір уақытта естілмеуі қажет.
      108. ҚР АА ӘПЖН-ның 335-тармағына қатысты. ILS және ОСП қондыру жүйелерінің құрамына кіретін МРМ тану сигналдарынан қосымша маркерлік маякты тану сигналдарының болуын тексеру осы сигналдарды тыңдау және салыстыру арқылы жүргізіледі.
      109. ҚР АА ӘПЖН-ның 336-тармағына қатысты. Маркерлік радиомаяк параметрлерін бағалауды радиомаяктарды ұшуға тексеру бойынша қолданыстағы басшылыққа сәйкес жүргізеді.
ҚЖЖ қондыру жүйесінің, VOR радиомаягының барлығына бағытталған
азимутты ӨЖР сәйкестігін бағалау әдістемесі
      110. ҚР АА ӘПЖН-ның 337-тармағына қатысты. Қону жүйесі жабдығының (бұдан әрі – ҚЖЖ) отырғызудың радиотехникалық жүйесінің құрамын бағалау жақын жетекті радиомаркерлік пункті (бұдан әрі – ЖЖРМ) және алыс жетекті радиомаркерлік пункті (бұдан әрі – АЖРМ) объектілерінде жетекті радиостанция мен маркерлік радиомаяк жабдықтарының нақты болуын, сондай-ақ осы бұйымдарға формулярдың болуын тексеру арқылы жүргізіледі.
      111. ҚР АА ӘПЖН-ның 338, 339-тармақтарына қатысты. ЖЖРМ және АЖРМ орналасуын тексеру оларды орнатуға құжаттаманың ҚР АА ӘПЖН-ның ұсынысына сәйкестігін бағалау кезінде немесе геодезиялық түсірулердің ҚР АА ӘПЖН-ның ұсыныстарымен салыстыру кезінде жүргізіледі.
      112. ҚР АА ӘПЖН-ның 340-тармағына қатысты. ЖРС сәйкестігін бағалау осы СБӘ-нің 331-331-тармақтары бойынша жүргізіледі.
      113. ҚР АА ӘПЖН-ның 341-тармағына қатысты. Маркерлік радиомаяктар көрсеткіштерін бағалау ILS қондыру жүйесі орнатылған қондырудың бағыттары үшін I, II немесе III-санатты қондыру жүйелерінің радиомаяктарын ұшуға тексеру бойынша қолданыстағы басшылыққа сәйкес және ILS қондыру жүйесі жоқ қондыру бағыттары үшін жетекті радиостанцияны ұшуға тексерудің қолданыстағы бағдарламасына және әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.
      114. ҚР АА ӘПЖН-ның 342-тармағына қатысты. Азимуттың ағымдағы мәнін және әуеайлақ ауданында радиомаяк іс-қимыл аймағын үздіксіз өлшенуіне тексеру қолданыстағы «Ұшуды және байланыстарды радиожарықтехникалық қамтамасыз етудің жерүсті құралдарын ұшуға тексеру бойынша басшылыққа» сәйкес жүргізіледі.
      Азимут туралы ақпараттың қателігін және бақылау аппаратурасының іске қосылу қателігін тексеру қолданыстағы пайдалану құжаттамасына сәйкес жүргізілуі тиіс.
      115. ҚР АА ӘПЖН-ның 343-тармағына қатысты. VOR азимутты радиомаягының параметрлерін бағалау жерүсті және ұшуға тексеру бойынша жүргізіледі. Маякты жерүсті тексеру қолданыстағы пайдалану құжаттамасында айтылған техникалық қызмет көрсету регламентіне сәйкес жүргізіледі. Маякті ұшуға тексеру ұшу мен байланысты радиотехникалық қамтамасыз етудің жерүсті құралдарын ұшуға тексеру бойынша қолданыстағы басшылықта айтылған бағдарламалар мен әдістемелерге сәйкес жүргізіледі.
      116. ҚР АА ӘПЖН-ның 344-тармағына қатысты. VOR борттық жабдығын тексеру пунктінің болуы әуеайлақты (таңбалау бойынша) тексеру кезінде визуалды жүргізіледі.
Алысты өлшегіш жабдығының DME (DME/N), автоматтық
радиопеленгатордың, ұшу алаңын шолудың радиолокациялық
станциясының (ҰАШ РЛҚ), жерүсті қозғалысын басқарудың
жетілдірілген жүйесінің сәйкестігін бағалау әдістемесі
      117. ҚР АА ӘПЖН-ның 345, 346-тармақтарына қатысты. Қабылдағыш-жауап бергіш құралының іс-қимылын тексеру қолданыстағы «Ұшуды және байланысты радиожарықтехникалық қамтамасыз етудің жерүсті құралдарының ұшуын тексеру жөніндегі басшылыққа» сәйкес жүргізіледі.
      Қабылдағыш-жауап бергіш құралының қателігін және бақылау аппаратурасының іске қосылу қателігін тексеру қолданыстағы пайдалану құжаттамасына сәйкес жүргізілуі тиіс.
      118. ҚР АА ӘПЖН-ның 347-тармағына қатысты. Әуеайлақтағы DME/N жүйесінің қабылдағыш-жауап бергіш құралының ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкестігін тексеру оны орнатудың жобалық құжаттамасы бойынша жүргізіледі.
      119. ҚР АА ӘПЖН-ның 348-тармағына қатысты. Қабылдағыш-жауап бергіш құралының DME (DME/N) өлшемдерін бағалау жер үстінде және ұшуда тексеру бойынша жүргізіледі. Қабылдағыш-жауап бергіш құралын жер үстінде тексеру қолданыстағы пайдалану құжаттамасында мазмұндалған техникалық қызмет көрсету регламентіне сәйкес жүргізіледі.
      Қабылдағыш-жауап бергіш құралын ұшуда тексеру қолданыстағы ұшуды және байланысты радиожарықтехникалық қамтамасыз етудің жерүсті құралдарын ұшуда тексеру жөніндегі нұсқауында мазмұндалған бағдарламаларға және әдістемелерге сәйкес жүргізіледі.
      120. ҚР АА ӘПЖН-ның 349, 350-тармақтарына қатысты. Әуеайлақ аудандарында ұшудың бақыланатын маршруттарынан өту секторларында ӘК-ті сенімді пеленгілеуді қамтамасыз етуді тексеру және автоматты радиопеленгатордың (бұдан әрі – АРП) өлшемдерін бағалау қолданыстағы бағдарламаға және автоматты радиопеленгаторлардың ұшу сынақтары әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.
      121. ҚР АА ӘПЖН-ның 351–353-тармақтарына қатысты. ҰА-да ӘК пен көлік құралдарының болуын қамтамасыз ету бойынша ұшу алаңын шолудың радиолокациялық станциясын бағалау және экранда көрсетілетін ақпарат индикаторын бағалау радиолокаторын пайдалану құжаттамасына сәйкес жүргізіледі.
      122. ҚР АА ӘПЖН-ның 354, 355-тармақтарына қатысты. Ұсынылған ақпараттың толықтығы тұрғысынан жерүсті қозғалысты басқарудың жетілдірімен жүйесін (бұдан әрі - ЖҚБ ЖБ) бағалау, басқару және бақылау пайдалану құжаттамасына және ӘҚБ диспетчері жұмысының технологиясына сәйкес жүргізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет