Еуразиялық экономикалық комиссия алқА Өкім



бет15/66
Дата17.11.2023
өлшемі409.99 Kb.
#483511
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66
clco 31122015 187 doc

7. Тіркеу куәлігін ұстаушы


Осы тарауда тіркеу куәлігін ұстаушының атауы және тұрақты мекенжайы немесе тіркелген қызмет көрсету орны көрсетіледі. Телефон, факс нөмірін немесе электронды пошта мекенжайын көрсетуге жол беріледі (бірақ «Интернет» ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі сайтты немесе көрсетілген сайтпен байланыстыратын электронды поштаны емес).
7.1. Тіркеу куәлігін ұстаушының Одақ аумағындағы өкілі.
Тіркеу куәлігін ұстаушы өкілінің атауын және заңды (тұрғылықты) мекенжайын, телефонын және электронды пошта мекенжайын көрсету қажет (бірақ «Интернет» ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі сайтты немесе көрсетілген сайтпен байланыстыратын электронды поштаны емес). «Тұтынушылардың шағымдарын [мекенжай көрсетіледі] мекенжайына, [телефон көрсетіледі] телефонына жіберу керек» нұсқауымен толықтырылуы мүмкін.

8. Тіркеу куәлігінің нөмірі


Мүше мемлекеттің уәкілетті органы немесе тіркеу куәлігін ұстаушы медициналық қолдануға арналған дәрілік заттарды Комиссия бекіткен тіркеу және сараптама қағидаларына сәйкес тіркеуден өткеннен кейін толтыратын тарау.

9. Бастапқы тіркеу (тіркеуді, қайта тіркеуді растау) күні


Мүше мемлекеттің уәкілетті органы немесе тіркеу куәлігін ұстаушы тіркеуден немесе тіркеуді (қайта тіркеуді) растағаннан кейін толтыратын тарау. Бастапқы тіркеу күнін және тіркеуді (қайта тіркеуді) растау күнін мынадай форматта көрсету керек:
«Бастапқы тіркеу күні: 1985 жылғы 3 сәуір.
Тіркеуді (қайта тіркеуді) соңғы растау күні: 2000 жылғы 3 сәуір»

10. Мәтінді қайта қарау күні


Бастапқы тіркеу кезінде толтырылмайды.
Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары тіркеу құжаттамасына өзгерістерді бекіткен дәрілік препараттарға қатысты соңғы өзгерістерді мақұлдау күні көрсетіледі, мысалы, ДПЖС өзгерістер енгізу туралы соңғы шешім немесе қауіпсіздік бойынша шұғыл шектеулерді жүзеге асыру күні немесе дәрілік препараттың тіркеу құжаттамасына IВ типті өзгерістер енгізу туралы хабарлама күні.
Тарауды мүше мемлекеттің уәкілетті органы Одақтың тіркелген дәрілік заттарының бірыңғай тізіліміне дәрілік препарат туралы мәліметтерді енгізу кезінде және (немесе) тіркеу куәлігін ұстаушы ДПЖС басып шығару сәтінде толтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет