Еуразиялық экономикалық комиссия алқА Өкім


 Дозиметрия (егер қолданылатын болса)



бет16/66
Дата17.11.2023
өлшемі409.99 Kb.
#483511
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   66
clco 31122015 187 doc

11. Дозиметрия (егер қолданылатын болса)


Радиофармацевтикалық препараттарға қатысты осы тарауда ішкі радиациялық дозиметрия туралы толық деректерді көрсету қажет. Қалған барлық препараттарға қатысты осы тарауды алып тастау керек.

12. Радиофармацевтикалық препараттарды дайындау бойынша нұсқаулық (қажет болған жағдайда толтырылады)


Фармацевтикалық препараттарға қатысты қажет болған жағдайда кез келген аралық препарат (мысалы, элюат немесе қолдануға дайын радиофармацевтикалық препарат) өзінің ерекшеліктеріне сәйкес келетін ең көп сақтау уақыты кезеңін көрсете отырып, ex tempore дайындау және дайындалған препараттың сапасын бақылау бойынша қосымша егжей-тегжейлі нұсқаулық жасалады.
Сонымен қатар, бастапқы қаптамаларды және қалған препаратты жою бойынша арнайы нұсқаулықты ұсыну қажет. Мынадай тұжырымдаманы пайдалануға жол беріледі: «[Саудалық атауы] дәрілік препаратының жалпы сипаттамасы мүше мемлекеттің уәкілетті органының «Интернет» ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі [уәкілетті органның сайты]
және (немесе) Одақтың [Одақтың сайты] ресми сайтында қолжетімді
».

Дәрілік препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа және медициналық қолдануға арналған дәрілік препараттың жалпы сипаттамасына қойылатын талаптарға


№ 1 ҚОСЫМША




Дәрілік препараттың жалпы сипаттамасында, дәрілік препаратты медициналық қолдану бойынша нұсқаулықта (қосымша парақшада) көрсетілетін қосымша заттардың және мәліметтердің

ТІЗБЕСІ




Атауы

Енгізу жолы

Қосымша заттың шекті мөлшері

ҚП1 және ДПЖС2 көрсетілуі тиіс мәліметтер

Түсініктеме

1.

Азобояғыштар:
1) тартразин Е102;
2)
сары түс (FCF) Е110;
3) азорубин, кармуазин Е122;
4) понсо 4R (пунц
ті 4R), қызыл кошениль А Е124;
5)
қара гаухар тас BN, қара PN Е151

пероралды

*

аллергиялық реакция тудыруы мүмкін

Е102, Е110, Е122 балаларға арналған дәрілік препараттарда қолдануға тыйым салынған

2.

Апротинин

жергілікті

*

гиперсезімталдықты немесе ауыр аллергиялық реакция тудыруы мүмкін

жергілікті енгізу жолы деп қан айналымымен байланысты бөліктерге жағу түсіндіріледі (мысалы, жаралар, ағзаның қуыстары және т.б.)

3.

Жержаңғақ майы

барлығы

*

(атауын көрсету) дәрілік препараттың құрамында жержаңғақ майы бар. Егер арахиске немесе сояға аллергияңыз бар болса, осы дәрілік препаратты қолданбаңыз

тазартылған жержаңғақ майының құрамында жержаңғақ ақуызы болуы мүмкін. Одақ Фармакопеясының бабы қалдық ақуызға сынақты қамтымайды. ДПЖС-ға қарсы көрсеткіш енгізіледі

4.

Аспартам Е951

пероралды

*

фенилаланин дереккөзін қамтиды. Фенилкетонуриясы бар адамдарға зиянды болуы мүмкін




5.

Бензалконий хлориді

офтальмологиялық дәрілік нысандар

*

көзді тітіркендіруі мүмкін. Жұмсақ көру линзаларымен байланыстан аулақ болыңыз. Қолданар алдында көру линзаларын алып тастаңыз және кемінде 15 минуттан кейін оларды қайта киіңіз. Жұмсақ көру линзаларының түсін өзгертуі мүмкін




жергілікті

*

тітіркендіргіш, тері реакцияларын тудыруы мүмкін

 

ингаляциялық

1 дозада 10 мкг

бронхоспазм тудыруы мүмкін

 

6.

Бензилді спирт

парентералды

кемінде 90 мг/кг/тәу доза кезінде

шала туған және жаңа туған сәбилерге қарсы көрсетілген. Нәрестелер мен 3 жасқа дейінгі балаларда токсикалық және анафилактоидты реакция тудыруы мүмкін

ҚП және ДПЖС <көлем>-ге бензил спиртінің санын мг көрсету қажет

90 мг/кг/тәу және одан артық доза кезінде

шала туған және жаңа туған сәбилерге қарсы көрсетілген. Бензил спиртін 90мг/кг/тәу асатын дозада енгізу кезінде өлім қауіпті токсикалық реакцияларға байланысты осы препаратты нәрестелерге және 3 жастан төмен балаларға қолдануға болмайды

ҚП және ДПЖС бензил спиртінің санын доза көлемінде мг көрсету қажет

7.

Бронопол

жергілікті

*

жергілікті тері реакцияларын тудыруы мүмкін (мысалы, жанаспалы дерматит)

 

8.

Бутилгидроксианизол Е320

жергілікті

*

жергілікті тері реакцияларын (мысалы, жанаспалы дерматит) немесе көздің немесе шырышты қабықшаның тітіркенуін тудыруы мүмкін

 

9.

Бутилгидрокситолуол Е321

жергілікті

*

жергілікті тері реакцияларын (мысалы, жанаспалы дерматит) немесе көздің немесе шырышты қабықшаның тітіркенуін тудыруы мүмкін

 

10.

Галактоза

парентералды

*

егер сіз кейбір қанттарға төзгісіз ауыратын болсаңыз, осы дәрілік препаратты қабылдар алдында емдеуші дәрігерге қаралыңыз

ДПЖС үшін: галактозаға сирек кездесетін тұқым қуалайтын төзгісіз аурулары бар пациенттер, мысалы галактоамия, осы препаратты қолданбау керек

пероралды

*

егер сіз кейбір қанттарға төзгісіз ауыратын болсаңыз, осы дәрілік препаратты қабылдар алдында емдеуші дәрігерге қаралыңыз

ДПЖС үшін: галактозаға сирек кездесетін тұқым қуалайтын төзгісіз аурулары бар пациенттер, мысалы галактоамия немесе глюкоза-галактозалы мальабсорция, осы препаратты қолданбау керек

пероралды және парентералды

5 г

дозасына «х» г галактозаны қамтиды, қант диабеті бар пациенттер мұны ескеруі қажет




11.

Гепарин (қосымша зат ретінде)

парентералды

*

аллергиялық реакция тудыруы және қан жасушаларының санын азайтуы мүмкін, бұл қанның ұюы жүйесіне әсер етуі мүмкін. Гепаринге аллергиялық реакциясы бар пациенттер құрамында гепарині бар препараттарды қабылдаудан алшақ болуы керек

 

12.

Глицерин

пероралды

1 дозада 10 мг

бас ауруын, асқазанның бұзылуын және диарея (іштің өтуін) тудыруы мүмкін

 

ректалды

1 г

аздап іштің өтуін тудыруы мүмкін




13.

Глюкоза

пероралды

*

егер дәрігер Сізде кейбір қанттарға төзгісіз ауру бар екенін хабарласа, осы дәрілік препаратты қабылдар алдында емдеуші дәрігерге қаралыңыз

ДПЖС үшін: сирек кездесетін глюкоза-галактозалы мальабсорциясы бар пациенттер осы препаратты қолданбау керек

пероралды және парентералды

5 г

дозасына «х» г галактозаны қамтиды, қант диабеті бар пациенттер мұны ескеруі қажет




ішке қабылдауға арналған ерітінділер
соратын шайнайтын таблеткалар

*

тісті зақымдауы мүмкін

егер дәрілік препарат ұзақ уақыт қолдануға арналған болса ғана, мысалы, 2 апта және одан көп, мәліметтерді қосу керек

14.

Диметилсульфоксид

жергілікті

*

теріні тітіркендіруі мүмкін

 

15.

Калий

парентералды

бір реттік дозада калий
1 ммольдан төмен

осы препарат 1 ммольдан төмен калийді қамтиды
(39 мг) … (дозаны көрсету), яғни шын мәнінде «құрамында калий жоқ»

мәліметтер дәрілік препаратта калийдің жалпы мөлшері бойынша есептелген шекті мәнге жатады. Препаратты тағайындайтын тұлғаларды хабардар ету және ата-аналарды балалар дозасында қолданылатын препараттарда калийдің мөлшері төмен екеніне сендіру аса маңызды

парентералды,
пероралды

бір реттік дозада калий 1 ммоль және одан көп

осы препарат ... (дозаны көрсету) «x» моль (немесе «y» мг) калийді қамтиды. Бүйректердің функциясы төмен пациенттер және калийдің түсуі шектелген диета ұстайтын пациенттер ескеруі қажет




вена ішіне

30 ммоль/л

енгізген жерінде ауырту тудыруы мүмкін




16.

Бензой қышқылы және бензоаттар:
1)
бензой қышқылы Е210
2) натри
й бензоат Е211
3) кали
й бензоат Е212

жергілікті

*

теріні, көзді және шырышты қабықшаны әлсіз тітіркендіреді.

 

парентералды

*

теріні, көзді және шырышты қабықшаны әлсіз тітіркендіреді. Жаңа туған сәбилерде сары аурудың дамуы қаупін арттыруы мүмкін




17.

Сорбин қышқылы және оның тұздары

жергілікті

*

жергілікті тері реакцияларын тудыруы мүмкін (мысалы, жанамалы дерматит)

 

18.

Ксилитол

пероралды

10 г

іштің өтуін тудыруы мүмкін.
Ксилитол
2,4 ккал/г препаратты қамтиды

 

19.

Лактит Е966

пероралды

*

егер сіз кейбір қанттарға төзгісіз ауыратын болсаңыз, осы дәрілік препаратты қабылдар алдында емдеуші дәрігерге қаралыңыз

ДПЖС үшін: фруктозаға сирек кездесетін тұқым қуалайтын төзгісіз аурулары бар, галактозаға, галактоземияға немесе глюкоза-галактозалы мальабсорциясы бар пациенттер осы препаратты қолданбау керек

10 г

аздап іштің өтуін тудыруы мүмкін.
Лактит 2,1 ккал/г препаратты қамтиды




20.

Лактоза

пероралды

*

егер сіз кейбір қанттарға төзгісіз ауыратын болсаңыз, осы дәрілік препаратты қабылдар алдында емдеуші дәрігерге қаралыңыз

ДПЖС үшін: галактозаға сирек кездесетін тұқым қуалайтын төзгісіз аурулары бар, лопарея лактазасы жетіспеушілігі немесе глюкоза-галактозалы мальабсорциясы бар пациенттер осы препаратты қолданбау керек

5 г

дозасына x г лактозаны қамтиды (x/2 г глюкоза м x/2 г галактоза), қант диабеті бар пациенттер мұны ескеруі қажет




21.

Ланолин (жүн майы)

жергілікті

*

жергілікті тері реакцияларын тудыруы мүмкін (мысалы, жанамалы дерматит)

 

22.

Латекс,
табиғи каучук

барлығы

*

осы дәрілік препараттың контейнері латексті каучукты қамтиды. Ауыр аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін

қосымша заттар сирек ұшырасады, бірақ ескерту талап етіледі

23.

Мальтит Е965,
изомальтитол Е953,
сұйық мальтит (гидрогенизирленген глюкоза шәрбаты)

пероралды

*

егер сіз кейбір қанттарға төзгісіз ауыратын болсаңыз, осы дәрілік препаратты қабылдар алдында емдеуші дәрігерге қаралыңыз

ДПЖС үшін: фруктозаға сирек кездесетін тұқым қуалайтын төзгісіз аурулары бар пациенттер осы препаратты қолданбау керек

10 г

аздап іштің өтуін тудыруы мүмкін.
Мальтит (изомальтитол) 2,3 ккал/г препаратты қамтиды

 

24.

Маннитол (маннит) Е421

пероралды

10 г

аздап іштің өтуін тудыруы мүмкін

 

25.

Бергамот майы,
бергаптен


жергілікті

*

УК сәулелерге сезімталдықты арттыруы мүмкін (табиғи және жасанды күн сәулесі)

егер майдың құрамында бергаптен қамтылмауы көрсетілсе, қолданылмайды

26.

Полиэтоксилирлденген майсана майы, гидрогенизирленген полиэтоксилирленген майсана майы

парентералды

*

ауыр аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін

 

пероралды

*

асқазанның бұзылуын және диарея (іштің өтуін) тудыруы мүмкін

 

жергілікті

*

тері реакцияларын тудыруы мүмкін

 

27.

Күнжіт майы (зығыр)

барлығы




сирек жағдайда ауыр аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін

 

28.

Соя майы,
гидрогенизир
ленген соя майы

барлығы

*

дәрілік препарат (атауын көрсету) жержаңғақ майын қамтиды. Егер сізде жержаңғаққа немесе сояға аллергия бар болса, осы дәрілік препаратты қолданбаңыз

жержаңғақ майына арналған түсініктемеге ұқсас.
ДПЖС-да: қарсы көрсеткіш

29.

Натрий

парентералды

препараттың реттік дозасында натрий 1 ммоль төмен

осы препарат … (дозаны көрсету) 1 ммоль (23 мг) кем натрийді қамтиды,
яғни, шын мәнінде құрамында натрий қамтылмаған

мәліметтер дәрілік препараттағы натрийдің жалпы сөлшері беуінше есептелген шекті мәнге жатады.
Препаратты тағайындайтын тұлғаларды хабардар ету және ата-аналарды балалар дозасында қолданылатын препараттарда натрийдің мөлшері төмен екеніне сендіру аса маңызды

парентералды
пероралды

реттік дозада 1 ммоль натрий

осы препарат … (дозаны көрсету) «x» моль (немесе «y» мг) натрийді қамтиды. Натрийдің түсуі шектелген диета ұстайтын пациенттер ескеруі қажет




30.

Сынаптың органикалық қосылыстары:
1) тиомерсал;
2) фенил
сынап нитраты;
3) фенил
сынап ацетаты;
4) фенил
сынап бораты

офтальмо­логиялық нысандар

*

аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін

 

жергілікті

*

жергілікті тері реакцияларын (мысалы, жанамалы дерматит) және тері түсінуі өзгеруін тудыруы мүмкін

 

парентеральный

*

осы дәрілік препарат консервант ретінде (тиомерсал) қамтиды, сізде (сіздің балаңызда) аллергиялық реакция туындау ықтималдығы бар. Сізде (сіздің балаңызда) қандайда бір аллергия бар болса, бұл туралы емдеуші дәрігерге хабарлаңыз

 

егер вакцинаны алдыңғы енгізуден кейін сізде (сіздің балаңызда) бұзушылықтар туындаса, бұл туралы емдеуші дәрігерге хабарлаңыз

вакциналар туралы қосымша мәліметтерді көрсету талап етіледі

31.

Парагидроксибензоаттар және олардың эфирлері:
1) этилгидроксибензоат Е214;
2) пропилгидроксибензоат Е216;
3) натри
й пропилгидроксибензоаты Е217;
4) метилгидроксибензоат Е218;
5) натри
й метилгидроксибензоаты Е219

пероралды, офтальмо­логиялық нысандар,
жергілікті

*

аллергиялық реакциялар туындатуы мүмкін (соның ішінде, мерзімі ұзартылған)

 

парентералды
ингалациялық

*

аллергиялық реакциялар туындатуы мүмкін (соның ішінде, мерзімі ұзартылған) және ерекше жағдайларда бронхоспазм

 

32.

Перу бальзамы

жергілікті

*

тері реакцияларын туындатуы мүмкін

 

33.

Пропиленгликоль және оның эфирлері

жергілікті


*

теріні тітіркендіруі мүмкін

 

пероралды
парентералды

400 мг/кг – ересектер үшін
200 мг/кг – балалар үшін

алкоголь қабылдауға ұқсас симптомдар туындатуы мүмкін

 

34.

Бидай крахмалы

пероралды

*

целиакиясы бар адамдарға қолдануға болады.
Бидайға аллергиясы бар пациенттерге (целиакийден ерекшеленетін) осы препаратты қолданбау керек

бидай крахмалы глютен қамтуы мүмкін, бірақ тек іздік мөлшерде ғана, сондықтан целиакиясы бар адамдар үшін қауіпсіз деп саналады (бидай крахмалындағы глютен Одақ Фармакопеясының бабында сипатталған ақуыздың жалпы мөлшеріне сынақпен нормаланады)

35.

Инвертті қант

пероралды




егер дәрігер Сізде кейбір қанттарға төзгісіз ауру бар екенін хабарласа, осы дәрілік препаратты қабылдар алдында емдеуші дәрігерге қаралыңыз

ДПЖС үшін: фруктозаға сирек кездесетін тұқым қуалайтын төзгісіз аурулары бар немесе глюкоза-галактозалы мальабсорциясы бар пациенттер осы препаратты қолданбау керек

5 г

дозасына «x» г фруктоза және глюкоза қоспасын қамтиды, қант диабеті бар пациенттер мұны ескеруі қажет




ішке қабылдауға арналған ерітінділер, соратын, шайнайтын таблеткалар

*

тістерді зақымдауы мүмкін

егер дәрілік препарат ұзақ уақыт қолдануға арналған болса ғана, мысалы, 2 апта және одан көп, мәліметтерді қосу керек

36.

Сахароза

пероралды

*

егер сіз кейбір қанттарға төзгісіз ауыратын болсаңыз, осы дәрілік препаратты қабылдар алдында емдеуші дәрігерге қаралыңыз

ДПЖС үшін: фруктозаға сирек кездесетін тұқым қуалайтын төзгісіз аурулары бар, глюкоза-галактозалы мальабсорциясы немесе сахараза-изомальтаза жетіспеушілігі бар пациенттер осы препаратты қолданбау керек

5 г

дозасына «x» г сахароза қамтиды, қант диабеті бар пациенттер мұны ескеруі қажет




ішке қабылдауға арналған ерітінділер, соратын, шайнайтын таблеткалар

*

тістерді зақымдауы мүмкін

егер дәрілік препарат ұзақ уақыт қолдануға арналған болса ғана, мысалы, 2 апта және одан көп, мәліметтерді қосу керек

37.

Сорбитол Е420

пероралды
парентералды

*

егер сіз кейбір қанттарға төзгісіз ауыратын болсаңыз, осы дәрілік препаратты қабылдар алдында емдеуші дәрігерге қаралыңыз

ДПЖС үшін: фруктозаға сирек кездесетін тұқым қуалайтын төзгісіз аурулары бар пациенттер осы препаратты қолданбау керек

пероралды

10 г

аздап іштің өтуін тудыруы мүмкін.
сорбитол
2,6 ккал/г калорий қамтиды




38.

Стеарил сприті

жергілікті

*

жергілікті тері реакцияларын тудыруы мүмкін (мысалы, жанамалы дерматит)

 

39.

Цетостеарил спирті,
Цетилді спирт

жергілікті

*

жергілікті тері реакцияларын тудыруы мүмкін (мысалы, жанамалы дерматит)

 

40.

Сульфиттер, метабисульфиттерді қоса:
1)
күкірттің қос тотығы Е220;
2) натри
й сульфиті Е221;
3) натри
й бисульфиті Е222;
4) натри
й метабисульфиті Е223;
5) кали
й метабисульфиті Е224;
6) кали
й бисульфиті Е228;

пероралды,
парентералды,
ингаляциялық

*

сирек жағдайда гиперсезімталдықтың ауыр реакцияларын және бронхоспазм тудыруы мүмкін

 

41.

Фенилаланин

жергілікті
пероралды
парентералды

*

осы препарат фенилаланинді қамтиды. Фенилкетонуриясы бар адамдар үшін зиянды болуы мүмкін

 

42.

Формальдегид

жергілікті

*

жергілікті тері реакцияларын тудыруы мүмкін (мысалы, жанамалы дерматит)

 

пероралды

*

асқазанның бұзылуын және диарея (іштің өтуін) тудыруы мүмкін

43.

Фруктоза

пероралды

*

егер дәрігер Сізде кейбір қанттарға төзгісіз ауру бар екенін хабарласа, осы дәрілік препаратты қабылдар алдында емдеуші дәрігерге қаралыңыз

ДПЖС үшін: фруктозаға сирек кездесетін тұқым қуалайтын төзгісіз аурулары бар пациенттер осы препаратты қолданбау керек

парентералды

5 г

дозасына «x» г фруктоза қамтиды, қант диабеті бар пациенттер мұны ескеруі қажет




ішке қабылдауға арналған сұйық дәрілік нысандар, шайнайтын таблеткалар

*

тістерді зақымдауы мүмкін

егер дәрілік препарат ұзақ уақыт қолдануға арналған болса ғана, мысалы, 2 апта және одан көп, мәліметтерді қосу керек

44.

Хлоркрезол

жергілікті,
парентералды

*

аллергиялық реакциялар туындатуы мүмкін

 

45.

Эритрозин E127

пероралды

0 – 0,1 мг/кг

эритрозин қамтитын дәрілік препараттарды қалқанша безі патологиясы бар пациенттерге тағайындауға және қолдануға болмайды

балаларға арналған дәрілік препараттар құрамында тыйым салынған

46.

Этанол

пероралды,
парентералды

реттік дозада 100 мг кем

осы дәрілік препарат этанолдың (алкогольдің) аздаған мөлшерін қамтиды, … (дозаны көрсету) 100 мг кем

осы нұсқау ата-аналарға және балаларға препараттың аздаған мөлшерде алкогольді қамтитынына сенімділік береді

реттік дозада 100 мг - 3 г аралығында

осы дәрілік препарат … % этанолды (алкогольді) қамтиды, яғни дозасына … мг дейін, бұл дозасына … мл сыраға, … мл шарапқа тең.
Алкоголизммен ауыратын адамдарға зиянды. Жүкті және емшекпен қоректендіретін әйелдерге, балаларға және бауыр және эпилепсиямен ауыратын пациенттер секілді осындай жоғары тәуекел топтарына ескеру қажет

ҚП-да сәйкесінше 5 және 12 об % этанолдан оны атаулы есептей отырып, сыра мен шараптың эквивалентті көлемін көрсету қажет. ҚП әртүрлі тарауларында жекелеген нұсқаулар талап етілуі мүмкін

пероралды,
парентералды

препараттың реттік дозасында 3 г

осы дәрілік препарат … об. % этанолды (алкогольді) қамтиды, яғни дозасына дозасына … мг дейін, бұл дозасына … мл сыраға, … мл шарапқа тең.
Алкоголизммен ауыратын адамдарға зиянды. Жүкті және емшекпен қоректендіретін әйелдерге, балаларға және бауыр және эпилепсиямен ауыратын пациенттер секілді осындай жоғары тәуекел топтарына ескеру қажет.
Осы дәрілік препараттағы алкоголь басқа дәрілердің әсерін бұзуы мүмкін.
Осы дәрілік препараттағы алкоголь автомобильді басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпал етуі мүмкін.




____________________
1 ҚП – дәрілік препаратты медициналық қолдану бойынша нұсқаулық (қосымша парақша).
2 ДПЖС – медициналық қолдануға арналған дәрілік препараттың жалпы сипаттамасы.
Ескерту. «*» белгісі әсер етуші заттардың сандық мөлшеріне тәуелсіз сәйкес ақпаратты медициналық қолдануға арналған дәрілік препараттың жалпы сипаттамасында, медициналық қолдануға арналған нұсқаулықта (қосымша парақшада) көрсету қажеттілігін білдіреді. Тағамдық бояғыштарды Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 22 шілдедегі № 58 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың «Тағамдық қосапалардың, хош иістендіргіштердің және технологиялық қосымша заттардың қауіпсіздігі талаптары» ТР 029/2012 техникалық регламентіне енбеген немесе ол онымен тыйым салынған дәрілік нысанның құрамында пайдалануға жол берілмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет