Еуразиялық экономикалық комиссия



бет3/12
Дата30.09.2024
өлшемі0.89 Mb.
#504138
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
clco 31122015 188 doc 2

ТАЛАПТАР

1. Кіріспе


Осы қосымшада жазылған принциптер, негізінен, сипатталған жасушалар банктерінен алынған биотехнологиялық (биологиялық) препараттарға қатысты. Алайда бірқатар биологиялық дәрілік препараттарды, атап айтқанда, кейбір вирустық вакциналарды өндіру үшін бастапқы жасушалық өсінділер пайдаланылады.


Бастапқы жасушалық өсінділер дереккөз тінінен жасалғаннан кейін алғашқы пассаж шеңберінде пайдаланылатын болғандықтан, жасушалар банкінен алынатын жасушалық субстрат үшін жасалатындай етіп жасушалар пайдаланылғанға дейін оларды жан-жақты сипаттау мүмкін емес. Бұдан басқа, өндірілуі үшін бастапқы жасушалық субстраттар пайдаланылатын биологиялық препараттар көбінесе қарқынды өңдеуге (мысалы, тазартуға) ұшырамайды. Осы айрмашылықтарға қарамастан, биологиялық препараттарды жасау үшін бастапқы жасушалар субстраттарын қолданудың жарамдылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көп жағдайларда осы Қағидаларда жазылғандарға ұқсас тәсіл пайдаланылады.
Осы қосымшада жасушалық субстратқа жататын ақпарат беріледі, оны өндірілуі үшін бастапқы жасушалар пайдаланылатын дәрілік препараттың тіркеу дерекнамасына енгізу керек. Бұл ақпарат негізгі үш санатқа бөлінеді:
тін (ағза) көзіне және жануарлардан алынған, бастапқы жасушалық субстраттарды жасау үшін пайдаланылатын басқа да бастапқы материалдарға жататын ақпарат;
бастапқы жасушалық субстраттарды дайындауға жататын ақпарат;
препараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бастапқы жасушалық субстраттарға жүргізілетін сынақтарға жататын ақпарат.

2. Тіндердің көздері және басқа да бастапқы материалдар (шикізат)


Тіркеу дереканамасында бастапқы жасушалық субстратты дайындауға арналған тіндердің көзі ретінде пайдаланылатын жануарлар туралы ақпарат ұсынылуға тиіс. Тін патогендік агенттердің жоқ екенін растауға арналған ветеринариялық және зертханалық бақылаудан өткен сау жануардан алынуға тиіс. Егер бұл мүмкін болған жағдайларда, донор жануарлар жабық, патогенсіз (SPF) отарларда немесе табындарда өсірілген болуға тиіс. Тіндер донорлары ретінде пайдаланылатын жануарлар бұрын эксперименттік зерттеулер үшін пайдаланылмаған болуға тиіс. Жасушаларын алу үшін жануарларды пайдаланудың алдында олар белгіленген уақыт кезеңі ішінде міндетті карантиндік бақылаудан өтуге тиіс. Өндірушілер мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының ерекше талаптарға қатысты мәселелер жөніндегі түсіндірмелерін алуға тиіс.


Адамнан және жануарлардан алынған реагенттердің типі мен көзін көрсетуді қоса алғанда, бастапқы жасушалар субстраттарын алу үшін пайдаланылатын материалдар мен компоненттер туралы ақпарат ұсынылуы қажет. Табылуға бейім контаминанттар мен бөгде агенттердің жоқ екенін куәландыру үшін жануарлардан алынған компоненттермен жүргізілген сынақтарды сипаттауды қосу қажет.

3. Бастапқы жасушалық субстраттарды дайындау


Тіннен алынған жасушаларды бөлу, жасушалардың бастапқы өсінділерін жасау және оларды қолдау үшін пайдаланылатын әдістерді сипаттау қажет.


4. Бастапқы жасушалық субстраттарды сынау


Бастапқы жасушалық субстраттарды өндірісте пайдалану мүмкіндігін бағалау үшін оларға жүргізілетін сынақтарды сипаттау қажет. Бастапқы жасушалық субстраттардың болмысы оларды пайдаланудың алдында сипаттамаларын жан-жақты тексеру және айқындау мүмкіндігін болғызбайтындықтан, осы субстраттарда бөгде агенттердің жоқ екенін растау мақсатында сынақтар қатар жүргізіледі. Осылайша, осы субстраттарда бөгде агенттердің жоқ екенін растау мақсатында қатар жүргізіледі және өндіріс процесін жүзеге асыруға дейін және жүзеге асырғаннан кейін өндірісті немесе жұқтырылмаған бақылау өсінділерін байқауды, өндірістен кейін өсінді сұйықтығының және жұқтырылмаған бақылау өсінділерінен әртүрлі сезгіш, цитопатиялық өзгерістерді кейіннен зерделей отырып және гемадсорбциялайтын вирустарға сынақтар жасай отырып, вирустардың кең ауқымын табуға қабілетті индикаторлық жасушалық өсінділердің инокуляциясын, сондай-ақ қажет болған кезде ерекше агенттерге басқа да сынақтарды (мысалы, елеулі ретровирустарды) білдіруі мүмкін. Вирустарға ерекше сынақтар туралы қосымша мәліметтер тиісті ұлттық (өңірлік, халықаралық) нұсқауларда сипатталған.


Нақты препараттарды өндіруде пайдаланылатын жасушалар сынақтарының тиісті режимдері мен әдістері тіннің көзі ретінде пайдаланылатын донор жануардың түріне, бөгде агенттердің ықтимал болуына, препараттың болмысына, оны қолдануға болжанатын көрсетілімдеріне, өндірістік процесс ерекшеліктеріне және дәрілік препаратқа жүргізілетін сынақтардың көлеміне қарай түрленуі мүмкін. Өтініш берушілер нақты препарат үшін пайдаланылған тәсілдерді түсіндіруге және негіздеуге тиіс.

2-тарау. Адамның және жануарлардың жасушалық желілерінен


алынған биологиялық (биотехнологиялық) дәрілік заттардың
вирустық қауіпсіздігін бағалау

1. Кіріспе


Осы тарауда адамның немесе жануарлардың (сүтқоректілердің, құстардың және жәндіктердің) сипатталған жасушалық желілерінен алынған биологиялық (биотехнологиялық) дәрілік заттардың вирустық қауіпсіздігін сынау және бағалау сипатталған, сондай-ақ биологиялық дәрілік препаратты тіркеу кезінде мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына берілетін тіркеу дерекнамасының құрамында ұсынылуы қажет деректер сипатталған. Осы тарауда «вирус» ұғымы шеңберінде мүйізді ірі қара малдың кеуекті энцефалопатиясын қоздырғыштар, қой мен ешкінің қотыр кеселі сияқты дәстүрлі емес трансмиссиялық агенттер қаралмайды.


Осы тараудың ережелері сипатталған жасушалар банктерінен алынған жасушалық өсінділерді қолдана отырып алынған дәрілік заттарға қатысты. Оларға in vitro жасушалық өсінділерін, мысалы, интерферондар, моноклондық антиденелер және рекомбинанттық субдара вакцины қоса алғанда, рекомбинанттық ДНК технологиясы бойынша алынған препараттарды қолдана отырып алынған дәрілік препараттар жатады. Оларға сондай-ақ in vivo гибридомалық технологиясының көмегімен асцитикалық сұйықтықтан алынған препараттар да жатады. Соңғы жағдайға ерекше талаптар қойылады, салдарынан in vivo өсірілген, сипатталған банктерден жасушаларды тестілеу жүргізу жөніндегі талаптар осы тарауға № 1 қосымшада ұсынылған.
Осы тараудың ережелері басқа биологиялық заттарға да қатысты қолданылады, оларға жеке талаптар осы тарауға сілтемелерді қамтиды. Осы тарау инактивацияланған вакциналарға, барлық тірі, соның ішінде гендік инженерия әдістерімен алынған вакциналарға қолданылмайды.
Вирустық контаминация қатері жасушалық желілерден алынатын барлық биотехнологиялық препараттардың ерекшеліктері болып табылады. Мұндай контаминация бастапқы жасушалық желілер (жасушалар субстраттары) контаминациялануының өндіріс процесі ішінде вируспен кездейсоқ контаминациялануының нәтижесі болуы мүмкін және айтарлықтай клиникалық салдары болуы мүмкін. Аталған препараттардың қауіпсіздігі вирустық контаминацияға қатысты ақылға қонымды дәрежеде вирустың бар-жоғын тестілеу бағдарламасын қолданумен, сондай-ақ төменде жазылған ұсынымдарға сәйкес өндіріс процесінде вирусты жоюдың (элиминациялаудың) және инактивациялаудың тиімділігін бағалаумен қамтамасыз етілуі мүмкін деп пайымдалады.
Биотехнологиялық өнімдердің ықтимал вирустық контаминациясын бақылауға өзара толықтырушы 3 негізгі тәсіл әзірленді:
орта компонентін қоса алғанда, жасушалық желілерді және басқа да шикізатты іріктеу және адам үшін инфекциялық және (немесе) патогендік болуы мүмкін вирустармен контаминациялануының жоқтығын сынау;
өндіріс процесінің инфекциялық вирустардан тазарту бойынша мүмкіндіктерін бағалау;
өндіріс процесінің тиісті кезеңдерінде өнімді инфекциялық вирустармен контаминациялануының жоқтығы тұрғысынан сынау.
Вирустарды айқындаудың барлық сандық әдістемелері үшін өзіне тән лайықты бүкіл сынақтарға шектеу: вирустардың аз болуын анықтау қабілеттілігі (статистикалық тұрғыдан алғанда) іріктеудің мөлшеріне байланысты болады. Осыған байланысты мұндай әдістердің ешбірі препараттың қауіпсіздігін белгілеуге мүмкіндік бермейді. Дайын препараттағы вирустардың жоқтығының анықтығы көп жағдайларда олардың бар-жоғын айқындаудың тікелей әдістеріне ғана емес, сонымен қатар, тазарту процесінң вирустарды жоюға және (немесе) инактивациялауға қабілетті екенін растауға да негізделген.
Вирустарға арналған сынақтардың және өндірістің әртүрлі сатыларында вирустардан тазартуды зерттеудің қажетті түрлері мен көлемі әртүрлі факторларға байланысты болады, оларды жеке-дара тәртіппен әрбір сатыда ескеру қажет. Назарға алынуы қажет факторларға жасушалар банкінің сипатталу және саралану дәрежесі, табылған вирустардың болмысы, қоректену ортасының құрамы, өсіру әдістері, өндірістік алаңның конструкциясы мен жабдықтары, жасушаларды өсіргеннен кейін вирустарға сынақтардың нәтижелері, вирустарды жоюды қамтамасыз ету процесінің қабілеттілігі, сондай-ақ препараттың түрі және оны болжанатын клиникалық қолдану жатады.
Бұл тараудың мақсаты вирустың болуына (болмауына) өнімді сынауға қатысты жалпы тәсілдерді, вирустардан тазартудың тиімділігін бағалау жөніндегі эксперименттерді, вирустардың бар-жоғына сынақтарды жоспарлауға ұсынылған тәсілді және вирустардан тазарту жөніндегі зерттеулерді сипаттаудан тұрады.
Өндірушілер өндірілетін препараттың және қолданылатын өндіріс процесінің ерекшеліктерін ескере отырып, осы тараудың көрсеткіштерін пайдалануға тиіс. Вирустық қауіпсіздікті қамтамасыз ету стратегиясын құру үшін өндірушілер пайдаланған тәсілді түсіндіруі және негіздеуі қажет. Сараптаманы жеделдету мақсатында мүше мемлекеттің уәкілетті органы егжей-тегжей деректерді ұсынуға қосымша вирустық қауіпсіздікті бағалау жөніндегі резюмені ұсынуы керек. Мұндай резюмеге вирустық қауіпсіздікті зерттеулердің барлық аспектілерін және осы тарауда көрсетілген вирустармен контаминацияланудың алдын алу үшін пайдаланылған стратегиялардың қысқаша сипатын қосу қажет.

2. Вирустық контаминацияның ықтимал көздері


Биотехнологиялық препараттардың вирустық контаминациясы жасушалық желілердің бастапқы көзінен болуы немесе өндіріс процесі кезінде вирустың кездейсоқ енуі кезінде пайда болуы мүмкін.


2.A. ЖББ-да табылуы мүмкін вирустар


Жасушаларда жасырын немесе ұзақ сақталатын вирустық (мысалы, ұшықты) инфекция болуы мүмкін немесе бір ұрпақтан екінші ұрпаққа тігінен берілуі мүмкін эндогендік ретровирусты жұқтыруы мүмкін, өйткені вирустық геном жасушалық геномға кіріктірілген. Мұндай вирустар конститутивтік экспрессиялануы мүмкін немесе олардың экспрессиясы кенеттен пайда болуы мүмкін.


Вирустар ЖББ-ға мынадай жолдармен:
жасушалық желілер вирус жұқтырған жануарлардан алынған кезде;
жасушалық желіні жасау үшін вирус пайдаланылған кезде;
жануарлардың сарысуы компоненттері сияқты контаминацияланған биологиялық реагенттерді пайдаланған кезде;
жасушалармен жұмыс істегенде контаминациялау кезінде түсуі мүмкін.

2.B. Өндіріс процесі кезінде енгізілуі мүмкін бөгде вирустар


Вирустар дәрілік препаратқа әртүрлі жолдармен енуі мүмкін, соның ішінде:


жануарлардың сарысуы компоненттері сияқты контаминацияланған биологиялық реагенттерді пайдаланған кезде;
қажетті ақуызды кодтаушы гендердің экспрессиясын ширықтыру үшін вирусты қолдану кезінде;
контаминацияланған материалды, мысалы, моноклондық антиденелердің аффиндік хроматографиясына арналған бағаналарды пайдалану кезінде;
дәрілік нысанды алған уақытта контаминацияланған қосалқы затты пайдалану кезінде;
өндіріс процесінде, сондай-ақ жасушалармен және өсінділік орталармен жұмыс істеген уақытта контаминациялау кезінде енуі мүмкін. Жасушалық өсінділері параметрлерінің мониторингі бөгде вирустармен ықтимал контаминациялануды ерте анықтауға ықпал етуі мүмкін.

3. Жасушалық желіні саралау (аттестаттау):
вирустардың бар-жоғын сынау

Жасушалық желіні биотехнологиялық препарат өндірісінде пайдалану оның сипаттамаларының маңызды бір бөлігі вирустардың


бар-жоғын тиісінше сынау болып табылады.

3.A. ЖББ, ЖЖБ және өндіріс үшін шекті
іn vitro жасындағы жасушалар үшін вирустардың
бар-жоғына ұсынылатын сынақтар

ЖББ, ЖЖБ мен өндіріс үшін шекті in vitro жасындағы жасушалар үшін вирустардың бар-жоғына бір мәрте жүргізілуі қажет сынақтардың үлгілері 1-кестеде берілген.


1-кесте



Әртүрлі деңгейлердегі жасушалар үшін вирустардың бар-жоғына бір мәрте жүргізілуі қажет сынақтардың үлгілері



Сынақтар

ЖББ

ЖЖБ1

Шекті in vitro жасындағы жасушалар2

Ретровирустар мен басқа да эндогендік вирустардың бар-жоғына сынақтар

Жұқтыру қабілеті

+

-

+

Электрондық микроскопия3

+3

-

+3

Кері транскриптаза4

+4

-

+4




егер қолданылса5

-

егер қолданылса5

Басқа вирусқа-ерекше тестілер5










Эндогендік емес немесе бөгде вирустардың бар-жоғына сынақтар

Іn vitro сынақтары

+

-6

+

In vivo сынақтары

+

-6

+

Антиденелерді жасау сынақтары7

+7

-

-

Басқа вирусқа-ерекше тестілер8

+8

-

-

_____________________________
1. Осы тараудың 3.A.2-бөліміне сәйкес
2. Іn vitro шекті жасындағы жасушалар: өндіріс үшін шекті in vitro жасушалық жасындағы жасушалар (осы тараудың 3.A.3-бөліміне сәйкес).
3. Басқа агенттерді анықтауға да мүмкіндік береді.
4. Ретровирустың жұқтыру қабілетін анықтау кезінде қажет болып табылмайды.
5. Олардың осындай агенттерді жұқтырғаны белгілі болған жасушалық желілер үшін пайдаланылады.
6. Бірінші ЖЖБ үшін бұл сынақ осы ЖЖБ-дан алынған, шекті in vitro жасушалық жасындағы жасушаларда жүргізілуге тиіс, кейінгі ЖЖБ үшін in vitro және in vivo бір тестін не тікелей ЖЖБ-ға не шекті in vitro жасушалық жасындағы жасушаларда жүргізу керек.
7. Әдетте кеміргіштердің жасушалық желілері үшін қолданылатын тышқан (MAP), егеуқұйрық (RAP), атжалман (HAP) антиденелері өнімдерінің сынақтары.
8. Адамнан немесе адам тәрізді емес приматтардан алынған жасушалық желілерге арналған сынақтар немесе мән-жайларға қарай басқа да жасушалық желілер.

3.А.1. Жасушалардың бас банкі.


ЖББ жасушаларында эндогендік және эндогендік емес вирустық контаминацияларды анықтау бойынша қарқынды зерттеулер жүргізу керек. Құрамында бір немесе одан көп серіктестер адам тәріздес немесе адам тәріздес емес маймылдар болып табылатын гетерогибридтік жасушалық желілерге қатысты адам тәріздес немесе адам тәріздес емес маймылдардың вирустарына сынақтар жүргізу қажет, өйткені мұндай жасушалардың вирустық контаминациясы аса қауіпті болуы мүмкін.
Эндогендік емес вирустарды анықтау in vitro және in vivo инокуляциялық сынақтарын және кез келген басқа да арнайы әдістерді, соның ішінде жасушалық желі пассаждарының тарихын ескере отырып, ықтимал контаминацияланатын вирустарды айқындау үшін сәйкес келетін тышқан антиденелері (MAP – mouse antibodies production) өнімдерін тестілеу сияқты ерекше түрдегі тестілерді қамтуға тиіс.
3.А.2. Жасушалардың жұмыс банкі.
Әрбір ЖЖБ-ны биотехнологиялық өнімді өндіруге арналған бастапқы жасушалық субстрат ретінде не тікелей, не ЖЖБ-дан алынған, өндіріс үшін шекті in vitro жасушалық жасындағы жасушаларға талдау жүргізу арқылы бөгде вирустардың бар-жоғын тексеру қажет. Егер ЖЖБ-да эндогендік емес вирустардың бар-жоғына сынақтар жүргізілсе, ал ЖЖБ-дан алынған, өндіріс үшін шекті in vitro жасушалық жасқа дейін немесе одан ұзақ өсірілетін жасушаларға бөгде вирустардың бар-жоғына сынақтар жасалса, бастапқы ЖЖБ-да ұқсас сынақтарды өткізу міндетті емес. ЖЖБ-да антиденелердің пайда болуын тестілеу, әдетте, жүргізілмейді. Балама тәсіл де қолайлы, оған сәйкес зерттеулердің толық жинағы ЖББ-ға емес, ЖЖБ-ға қатысты жүргізіледі.
3.А.3. Өндіріс үшін шекті in vitro жасушалық жасындағы жасушалар.
Өндіріс үшін шекті in vitro жасушалық жасындағы жасушалар тәжірибелік-өнеркәсіптік немесе өнеркәсіптік өндірісте болжанып отырған шекті in vitro жасушалық жасына дейін немесе одан асатын жасқа дейін өсірілген продуцент-жасушалардан алынған деректердің негізінде айқындалады. Продуцент-жасушалар ЖЖБ-ны экспансиялау арқылы алынады, оларды алу үшін ЖББ-ны пайдалануға да жол беріледі. Шекті in vitro жасушалық жасындағы жасушаларды ЖББ-да және ЖЖБ-да анықталмауы мүмкін эндогендік вирустардың бар-жоғына бірнеше мәрте тексеру қажет. Өндіріс үшін шекті in vitro жасушалық жасындағы жасушаларды кемінде бір мәрте сынау (in vitro және in vivo) өндіріс процесінің бөгде вирустармен контаминациялануға ұшырамағанына көз жеткізуге мүмкіндік береді. Егер осы кезеңде бөгде вирустар анықталса, контаминациялану себептерін айқындау үшін процеске мұқият тексеру жүргізу қажет және қажет болған кезде оны толықтай қайта ұйымдастыру керек.

3.B. Вирустарды анықтау және сәйкестендіру үшін


ұсынылатын сынақтар

Эндогендік және бөгде вирустарды анықтау үшін сандық айқындаудың әртүрлі әдістері пайдаланылуы мүмкін. 2-кестеде мұндай сынақтардың үлгілері, соның ішінде пайдалану үшін ұсынылған сандық айқындаудың барлық хаттамалары берілген, алайда бұл тізбе толық немесе қатаң түрде берілген болып саналмайды.


2-кесте

Вирустардың бар-жоғына сынақтардың үлгілері





Сынақтар

Зерттелетін материал

Анықтауға
қабілеттілігі

Анықтауға шектеулер

Антиденелердің пайда болуы

жасушалар лизаты және оларды өсіру ортасы

ерекше вирусты антигендер

жануарлардың тест-жүйесіне арналған инфекциялық емес антигендер

Іn vivo вирусының скринингі



лизат жасушалары және оларды өсіру ортасы

адам үшін патогендік вирустардың кең спектрі

репликацияланбайтын және тест-жүйелерде ауруларды туындатпайтын қоздырғыштар

Мыналарға арналған іn vivo вирусының скринингі:
1) жасушалар банкінің сипаттамалары



жасушалар лизаты және оларды өсіру ортасы (біріктіріп өсіру кезінде зерттелетін материал интакт жасушаны қамтуы тиіс)

адам үшін патогендік вирустардың кең спектрі

репликацияға қабілетті емес немесе тест-жүйелерде зақымдануды туындатпайтын қоздырғыштар

2) өндіріс скринингі

өңделмеген өнімнің жинағы немесе жасушалар лизаты және өнеркәсіптік реактордан оларды өсіру орталары







Мыналардағы трансмиссиялық электрондық микроскопия:




вирус және вирус тәрізді бөлшектер

сәйкестігі бағаланған сапалы талдау

1) жасушалық субстраттағы

тіршілікке қабілетті жасушалар







2) жасушалық өсіндінің супернатантындағы

өсіндінің жасушасыз супернатанты










Сынақтар

Зерттелетін материал

Анықтауға
қабілеттілігі

Анықтауға шектеулер

Кері транскриптаз (RT)

өсіндінің жасушасыз супернатанты

ретровирустар және экспрессияланған ретровирусты кері транскриптаза

артықшылықты жағдайларда оңтайлы белсенділігі бар ферменттерді ғана айқындайды, интерпретация жасушалық ферменттердің, кейбір концентрацияланған үлгілердегі бейнесінің болуына байланысты қиындық тудыруы мүмкін



Ретровирустардың жұқтыру қабілеті (RV)

өсіндінің жасушасыз супернатанты

инфекциялық ретровирустар

репликациялануға қабілетсіз немесе дискреттік ошақтарды немесе тест-жүйеде таңдалған шытыраны қалыптастырмайтын ретровирустар

Біріктіріп өсіру

өмір сүруге қабілетті жасушалар

инфекциялық ретровирустар

репликациялануға қабілетсіз ретровирустар

1) жұқтыру қабілетінің соңғы нүктесі







репликациялануға қабілетсіз немесе дискреттік ошақтарды немесе тест-жүйеде таңдалған шытыраны қалыптастырмайтын ретровирустар

2) трансмиссиялық электрондық микроскопияның соңғы нүктесі







сәйкестігі бағаланған сапалы талдау, бұдан басқа, зерттелетін материалды индикаторлық жасушалардан айыру қиын




Сынақтар

Зерттелетін материал

Анықтауға
қабілеттілігі

Анықтауға шектеулер

3) кері транскриптазаның соңғы нүктесі







артықшылықты жағдайларда оңтайлы белсенділігі бар ферменттерді ғана айқындайды, интерпретация жасушалық ферменттердің, кейбір концентрацияланған үлгілердегі бейнесінің болуына байланысты қиындық тудыруы мүмкін



ПТР

жасушалар, өсінділік сұйықтықтар және басқа да материалдар

вирустың ерекше реттілігі

праймерлер қатысуы тиіс, вирустың жұқтыру қабілетін айқындамайды

Пайдаланылатын әдістемелердің көпшілігі ғылыми прогресс ескеріле отырып өзгеруі мүмкін болғандықтан, оларды қолдануды негіздейтін деректер болған кезде балама тәсілдер пайдаланылуы мүмкін. Өндірушілерге мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен осындай балама тәсілдерді талқылау ұсынылады. Жекелеген жағдайларда басқа да сынақтарды өткізу талап етілуі мүмкін. Сынақтар сезімталдығы мен ерекшелігінің жеткілікті болуына кепілдік беретін тиісті бақылау материалдарын қамтуға тиіс. Жануардың – жасушалық субстраттың шыққан көзінің түрі бойынша салыстырмалы түрде жоғары ықтималдықпен айқындалған вирустың бар-жоғын анықтауға болатын барлық жағдайларда арнаулы сынақтар жүргізу және (немесе) басқа да тәсілдерді қолдану талап етілуі мүмкін. Егер өндірісте пайдаланылатын жасушалық желі адам тәрізді немесе адам тәрізді емес маймылдардан алынған болса, иммундық тапшылықты немесе гепатитті туындататын вирустар сияқты адам вирустарының бар-жоғына оны қосымша тексеру (тиісті негіздеме болмаған кезде) қажет. Осы және басқа да ерекше вирустарға тән нуклеин қышқылының реттілігін анықтау үшін ПТР пайдаланылуы мүмкін. Бұдан әрі ережелердің жалпы принциптерін қысқаша сипаттау ұсынылған, соған сәйкес өндіруші өзінің әрекеттерін негіздеуге тиіс.


3.B.1. Ретровирустардың бар-жоғына сынақтар.
ЖББ жасушаларын және өндіріс үшін шекті in vitro жасушалық жасына дейін немесе одан ұзақ өсірілетін жасушаларды сынау кезінде сезімталдық жасушалық өсінділерге және электрондық микроскопияға жұқтыру қабілетін бағалауды қоса алғанда, ретровирустардың бар-жоғына сынақтар жүргізу керек. Егер жұқтыру қабілеті анықталмаса және электрондық микроскопияның көмегімен ретровирустар немесе ретровирустар тәрізді бөлшектер табылмаса, кері транскриптаза немесе жұқтыру қабілеті болмауы мүмкін ретровирустарға сәйкес келетін басқа да сынақтар пайдаланыла отырып, зерттеулер жүргізіледі. Индукцияны зерттеулер бұл жағдайда тиімсіз.
3.B.2. Іn vitro зерттеулері.
Іn vitro зерттеулері 2-кестеде көрсетілген зерттелетін материалды әртүрлі сезгіш индикаторлық жасушалық өсінділерге инокуляциялау арқылы жүргізіледі, бұл адам мен жануарлар вирустарының ауқымды санын анықтауға мүмкіндік береді. Жасушаларды сынақтар үшін таңдау сынаққа жататын жасушалар банкі алынған жануарлар түрлерімен айқындалады, бұл ретте адам тәрізді немесе адам тәрізді емес маймылдардың адам вирустарына сезімтал жасушалық желісін қосу қажет. Зерттеулер үшін әдіс пен материал вирустың типіне қарай таңдалады, оның бар-жоғы жасушалардың шығу тегі және олармен жүргізілген әрекеттер ескеріле отырып таңдалады. Цитологиялық және гемадсорбциялық вирустарды анықтауды да жүргізу қажет.
3.B.3. Іn vivo зерттеулері.
Өсірілмейтін (жасушалық өсінділерде өспейтін) вирустарды анықтау үшін 2-кестеде көрсетілген зерттелетін материал жаңа туған және ересек тышқандарды қоса алғанда, жануарларға, сондай-ақ құстардың дамып келе жатқан эмбриондарына енгізіледі. Зерттелетін жасушалық желілердің шыққан тегіне қарай жануарлардың басқа түрдеріне де зерттеулер жүргізуге болады. Тәжірибелік жануарлардың денсаулығы жағдайын бақылау керек және аурудың себептерін анықтау мақсатында нормадан кез келген ауытқуларды зерттеу керек.
3.B.4. Антиденелердің пайда болуына сынақтар.
Кеміргіштердің жасушалық желісінде бар ерекше вирустарды 2-кестеде көрсетілген зерттелетін материалды кейіннен сарысу антиденелерін немесе белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайда болатын ферменттік белсенділікті айқындай отырып, вирус жұқтырмаған (вируссыз) жануармен инокуляциялау арқылы анықтауға болады. Үлгі ретінде тышқан (MAP), егеуқұйрық (RAP), атжалман (HAP) антиденелері өнімдерінің тестілерін келтіруге болады. Анықтау үшін антиденелер өнімдерін сынау жүргізілетін вирустардың тізбесі 3-кестеде берілген.

3-кесте



Анықтау үшін антиденелер өнімдерін сынау
жүргізілетін вирустардың тізбесі



Тышқан (map) антиденелері өнімінің тесті

Атжалман (hap) антиденелері өнімінің тесті

Егеуқұйрық (rap) антиденелері өнімінің тесті

Эктромелия вирусы2,3

Лимфоциттік хориоменингит вирусы (LCM) 1,3

Хантаан вирусы1,3

Хантаан вирусы1,3

Тышқандар пневмониясы вирусы (PVM)2,3

Килхам егеуқұйрық вирусы (KRV) 2,3

K-вирус2

3-типті реовирус (Rео3)1, 3



Тышқандар энцефаломиелиті вирусы (Theilers, GDVII)2

Лактатдегидрогеназа вирусы
(LDM)1,3

Сендай вирусы1,3

Тышқандар пневмониясы вирусы (РVМ)2,3

Лимфоциттік хориоменингит вирусы (LCM) 1, 3

SV5

Егеуқұйрықтардың коронавирусы (RCV)2

Тышқандардың ұсақ вирусы 2,3




3-типті реовирус (Rео3)1,3

Тышқандардың аденовирусы (MAV) 2,3




Сендай вирусы 1,3

Тышқандардың цитомегаловирусы (MCMV) 2,3




Сиалодакриоадеит вирусы (SDAV) 2

Тышқандар энцефаломиелиті вирусы (Theilers, GDVII) 2




Тоолан вирусы (HI) 2,3

Тышқандар гепатиті вирусы (MHV) 2







Тышқандар ротавирусы (EDIM) 2,3







Тышқандар пневмониясы вирусы (PVM) 2,3







Полиомавирус 2







3-типті реовирус (Rео3) 1,3







Сендай вирусы 1,3







Тимиялық вирус 2







______________________________________
1 Адамға немесе приматтарға жұғу қабілеті дәлелденген вирустар.
2 Адамға жұғу қабілетін дәлелдейтін деректер жоқ вирустар.
3 Адамның немесе приматтардың жасушаларында in vitro репликациялануға қабілетті вирустар.

3.C. Жасушалық желілердің қолайлылығы


Өнім өндіру үшін пайдаланылатын кейбір жасушалық желілер эндогендік ретровирустарды, басқа да вирустарды немесе вирустық реттілікті қамтиды. Мұндай жағдайларда өндірісті ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдар осы тараудың 5-бөлімінде сипатталған. Эндогендік ретровирустар болып табылмайтын, құрамында вирустар бар жасушалық желілердің қолайлылығын мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары пайда мен қатерді талдауды ескере отырып, препараттың пайдасын және оның ұсынылатын клиникалық қолданылуын, контаминацияланатын вирустардың қасиеттерін, олардың адамға жұғу немесе одан ауру туындату ықтималдығын, препаратты тазарту процесін (мысалы, вирустардан тазарту деректерін талдау) және тазартылған өлшеніп оралмаған өніммен вирустарға жүргізілген сынақтардың көлемін негізге ала отырып, жеке-дара тәртіппен айқындайды.


4. Өңделмеген өлшеніп оралмаған өнімді вирустардың


бар-жоғы тұрғысынан сынау

Өңделмеген өлшеніп оралмаған өнім жасушалардың бір немесе бірнеше біріктірілген жинақтары мен өсіру ортасын білдіреді. Егер жасушаларға қол жеткізу қиын болса (мысалы, қуыс талшықтар немесе ұқсас жүйелер пайдаланылған кезде), онда өңделмеген өнім осындай биореактордан жиналған сұйықтықты білдіреді. Өнеркәсіптік биореактордан іріктелген өңделмеген өнімнің одан арғы өңдеудің алдындағы репрезентациялық үлгісі неғұрлым сәйкес келетін материалдардың бірі болып табылады, онда бөгде вирустармен контаминациялануды жоғары ықтималдықпен анықтауға болады. Вирустардың бар-жоғына тиісті сынақтарды, егер алғашқы ішінара өңдеу вирустарға сынақтардың сезімталдығын арттырмағанда ғана өңделмеген өнімге жүргізуге болады (мысалы, өңделмеген өнім зерттелетін жасушалық өсінділер үшін уытты болуы мүмкін, сонымен қатар ішінара өңделген өнім уытты болмауы мүмкін).


Белгілі бір жағдайларда бұзылмаған, сонымен бірге құрамында бұзылған жасушалар және келесі өңдеудің алдында өнеркәсіптік биореактордан іріктелген өсінді супернатанттар бар қоспаны талдау неғұрлым қолайлы болуы мүмкін. Тіркеу дерекнамасына тәжірибелік-өнеркәсіптік немесе өндірістің өнеркәсіптік ауқымында өндірілген өңделмеген өнімнің кемінде 3 сериясында алынған деректерді қосу қажет.
Өндірушілерге өнімнің өнеркәсіптік серияларында бөгде вирустардың бар-жоғын тұрақты бағалау бағдарламаларын әзірлеу ұсынылады. Вирустардың бар-жоғына сынақтар жүргізудің көлемі, саны мен жиілігі бірнеше факторлар: талап етілетін дәрілік препаратты өндіру үшін пайдаланылатын жасушалық желілердің болмысы, жасушалық желілерді саралау кезінде жүргізілген вирустардың бар-жоғына сынақтардың нәтижелері мен көлемі, өсіру әдісі, шикізаттың көздері, вирустардан тазарту жөніндегі зерттеулердің нәтижелері ескеріле отырып айқындалады. Өңделмеген өнімді сынау мақсатында, әдетте, бір немесе бірнеше жасушалық желілер пайдаланыла отырып, in vitro скринингтік сынақтары жүргізіледі. Қажет болған кезде ПТР негізінде әдістер немесе басқа да лайықты әдістер қолданылуы мүмкін.
Бөгде вирус табылған жиналған материал өнім өндіру үшін пайдаланылмауға тиіс. Егер осы кезеңде бөгде вирустар анықталса, контаминациялану себептерін айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін өндіріс процесіне мұқият талдау жүргізу қажет.

5. Вирустардан тазарту бойынша зерттеулер мен тазартылған


өлшеніп оралмаған өнімде вирустардың бар-жоғына сынақтар жүргізу кезіндегі іс-қимылдың негіздемесі мен жоспары

Өңделмеген өнімді вирустардан тазартудың тиімділігін бағалау мен сипаттамасын қоса алғанда, өндірістің әртүрлі кезеңінде ЖББ-дан бастап дәрілік препаратты алғанға дейін вирустардың бар-жоғына сынақтар жүргізудің неғұрлым сәйкес келетін және ұтымды хаттамасын әзірлеу қажет. Вирустардан тазартудың сипаттамаларын бағалау мен сипаттау бұл схемада негізгі рөл атқарады, олардың мақсаты өнімнің вирустармен контаминацияланбағанының сенімді растамасын алу болып табылады.


Вирустардан тазарту жөніндегі зерттеуде пайдаланылатын вирустарды таңдау кезінде олар туралы мәлім болған вирустардан өнімді тазарту процестерінің мүмкіндіктерін талдау қажеттіліктерін және ерекше емес «модельдік» вирустардан тазартуды сипаттау арқылы процестің орнықтылығын бағалаудың қажеттілігін бөліп алған орынды. Процесті талдау үшін препараттың вирустық қауіпсіздігін бағалау кезінде оның құрамында (мысалы, өңделмеген өлшеніп оралмаған өнімдегі) болуы мүмкін вирустардың мөлшерін және тазарту процесінде инактивациялауға және элиминациялауға болатын вирустардың мөлшерін білу қажет. Инактивациялау процедурасының уақытқа тәуелділігін білу олардағы тиімділікке көз жеткізуге мүмкіндік береді. Белгісіз контаминанттардан тазартуды талдау кезінде инактивациялаудың уақытқа тәуелді егжей-тегжей зерттеулерді жүргізу, инактивациялаудың және (немесе) элиминациялаудың жаңартылуын растау және процесс параметрлерін талдау талап етіледі. Ерекше емес «модельдік» вирустарды зерттеулер дизайнында пайдалана отырып тазартудың сенімділігі тұрғысынан өндіріс процесін сипаттау кезінде қауызсыз вирустарға ерекше назар аудару қажет. Вирустардан тазартуды сипаттау үшін қажетті зерттеулердің көлемі жасушалық желілерді және өңделмеген өнімді сынау нәтижелеріне байланысты болады. Мұндай зерттеулерді осы тараудың 6-бөлімінде көзделген әдіснама бойынша жүргізу қажет.
Процесті талдауды жүргізу кезіндегі іс-қимыл жоспарының, вирустардан тазарту мен жасушаларды және (немесе) өңделмеген өнімді вирустарға сынақтардың нәтижелеріне қарай сипаттаудың үлгісі 4-кестеде берілген.

4-кесте



Вирустардан тазарту процесін жүргізу кезіндегі іс-қимыл жоспарының және тазартылған өнімдегі вирустарға сынақтарды сипаттаудың үлгісі



Жағдаят

Мәртебе

1

2

31 2

42

52

Вирустың бар-жоғы1

-



+

+

(+)3 4

Вирус тәрізді бөлшектер1









(+)3

Ретровирус тәрізді бөлшектер1



+





(+)3

Вирус анықталды

қолданылмайды

+

+

+



Адам үшін патогендік вирус

қолданылмайды

4

4

+

белгісіз

Іс-қимылдар

Ерекше емес «модельдік» вирустарды пайдалану кезінде вирустардан тазарту процесінің сипаттамасы

иә5

иә5

иә5

иә5

иә7

«Релеванттық» немесе ерекше «модельдік» вирустарды пайдалану кезінде вирустардан тазарту процесін бағалау

жоқ

иә6

иә6

иә6

иә7

Тазартылған өнімде вирустың бар-жоғын сынау

қолданылмайды

иә8

иә8

иә8

иә8

_______________________________
1Жасушалық субстрат және (немесе) өңделмеген өнім деңгейінде вирустың
бар-жоғына сынақтардың нәтижелері. Әдетте, вируспен контаминацияланған жасушалық өсінділерді өндірісте пайдалануға жол берілмейді. Алайда эндогендік вирустар (мысалы, ретровирустар) немесе егер вирустық тазартуды бағалаудың тиісті процедуралары жүргізілсе, ЖББ-ның интегралдық (құрамдас) бөлігі болып табылатын вирустарды пайдалануға жол беріледі.
2Вирустармен контаминацияланған материал көзі ретінде пайдалануға (олардың адам үшін жұқпалылығына және (немесе) патогендігіне қарамастан), ерекше жағдайларда жол беріледі.
3 Вирус тікелей немесе тікелей емес әдістердің көмегімен табылды.
4 Патогендік емес деп есептеледі.
5Ерекше емес «модельдік» вирустардың көмегімен тазартуды сипаттауды жүргізу қажет.
6Процесті бағалауды «релеванттық» немесе ерекше «модельдік» вирустардың көмегімен жүргізу қажет.
7E жағдаятын сипаттауды қараңыз.
8 Ізделіп отырған вирусты табудың ерекшелігі мен сезімталдығы жоғары лайықты әдістерінің көмегімен тазартылған өнімде вирустар табылмайтынын растау қажет. Тіркеу дерекнамасында тәжірибелік-өнеркәсіптік немесе өнеркәсіптік тәсілмен алынған өңделмеген өнімнің кемінде үш сериясы туралы деректерді ұсыну қажет. Алайда жасушалық желілерден (мысалы, CHO жасушалары) эндогендік бөліктері жақсы сипатталған және оларды тазарту жолға қойылған тазартылған өнімде инфекциялық емес бөліктердің бар-жоғын айқындау, әдетте, талап етілмейді.

Бұдан әрі мұндай іс-қимыл жоспарының әртүрлі нұсқалары қаралады. Барлық жағдайларда тазартуды сипаттауды ерекше емес «модельдік» вирустарды пайдалана отырып жүргізу қажет. Неғұрлым жиі болып табылатындар 1 және 2-жағдаяттар. Кеміргіштердің ретровирусы болып табылмайтын вируспен контаминацияланған процудент-жасушалар, әдетте, пайдаланылмайды. Егер 3, 4 және 5-жағдаяттарда сипатталған жасушалық желі пайдаланыла отырып, препараттарды өндіру үшін дәлелді және тиісті түрде негізделген негіздер болса, оларды мүше мемлекеттің уәкілетті органымен келісу қажет. 3, 4 және 5-жағдаяттарда өндіріс процесінде табылған вирусты инактивациялауға және (немесе) элиминациялауға бағытталған валидацияланған тиімді кезеңдерді көздеу қажет.


1-жағдаят. Егер жасушаларда және өңделмеген өнімде вирустар, вирус тәрізді бөлшектер және ретровирус тәрізді бөлшектер табылмаса, ерекше емес «модельдік» вирустарды пайдалана отырып, вирустарды элиминациялауды және инактивациялауды жүргізу қажет.
2-жағдаят. Егер патогендік емес деп саналатын, кеміргіштердің ретровирустары немесе ретровирус тәрізді бөлшектері (мысалы, кеміргіштердің A- және R-типтерінің бөлшектері) ғана табылса, ерекше емес «модельдік» вирустарды, мысалы, тышқандар лейкозы вирусын пайдалана отырып, процеске талдау жүргізу қажет. Тазартылған өнімді сынауды қаралатын вирусқа қатысты ерекшелігі мен сезімталдығы жоғары лайықты әдістерді пайдалана отырып жүргізу қажет. Тіркеу дерекнамасында тәжірибелік-өнеркәсіптік немесе өнеркәсіптік тәсілмен алынған тазартылмаған өнімнің кемінде үш сериясы туралы деректерді ұсыну қажет. Препараттарды өндіру үшін субстраттар ретінде CHO, C127, BHK және оларға қатысты қауіпсіздігіне, препараттардың вирустық контаминациясымен байланысты проблемалар туралы деректер түспеген, тышқандар гибридомасы жасушалық желісі сияқты жасушалық желілері жиі пайдаланылады. Жасушалық желілерге қатысты эндогендік бөлшектері жақсы сипатталған және оларды тазарту және оларды тазарту жолға қойылған тазартылған өнімде инфекциялық емес бөлшектердің бар-жоғын айқындау, әдетте, талап етілмейді. Зерттеулерді 1-жағдаятта сипатталғандай, ерекше емес «модельдік» вирустарды пайдалана отырып жүргізу қажет.
3-жағдаят. Егер жасушалардың немесе өңделмеген өнімнің құрамында оларға қатысты адамға жұқтыруға қабілеті белгісіз вирустар (кеміргіштердің ретровирустарын қоспағанда) болса (мысалы, кеміргіштердің ретровирустарын (2-жағдаят) қоспағанда, осы тараудың 3-кестесіне 2-сілтемеде көрсетілген вирустар), вирустарды элиминациялауды және инактивациялауды зерделеу жөніндегі зерттеулерде табылған вирусты пайдалану қажет. Егер табылған вирусты пайдалану мүмкін болмаса, тазартудың қолайлылығын растау мақсатында «релеванттық» немесе ерекше «модельдік» вирусты пайдалану қажет. Инактивациялаудың сыни сатыларында сәйкестендірілген (немесе «релеванттық» немесе ерекше «модельдік») вирустарды уақытқа тәуелді инактивациялау мұндай вирустардың бар-жоғына процесті талдаудың бір бөлігі болуға тиіс. Тазартылған өнімді сынауды қаралатын вирусқа қатысты ерекшелігі мен сезімталдығы жоғары лайықты әдістерді пайдалана отырып жүргізу қажет. Тіркеу дерекнамасында тәжірибелік-өнеркәсіптік немесе өнеркәсіптік тәсілмен алынған тазартылмаған өнімнің кемінде 3 сериясы туралы деректерді ұсыну қажет.
4-жағдаят. Егер адамның белгілі патогені (мысалы, осы тараудың
3-кестесіне 1-сілтемеде сипатталған) табылса, өнімді айрықша жағдайларда пайдалануға жол беріледі. Осыған байланысты вирустарды элиминациялауды және инактивациялауды зерделеу жөніндегі зерттеулерде лайықты әдістер пайдаланыла отырып, оған қатысты ерекшелігі мен сезімталдығы жоғары табылған вирусты қолдану ұсынылады. Егер табылған вирусты пайдалану мүмкін болмаса, «релеванттық» және (немесе) ерекше «модельдік» вирусты пайдалану қажет. Тазарту және инактивациялау барысында процестің іріктелген вирустарды элиминациялау және инактивациялау қабілетін растау қажет. Инактивациялаудың негізгі кезеңдерінде процесті талдау барысында инактивациялаудың уақытқа тәуелділігі туралы деректерді алу қажет. Тазартылған өнімді сынауды қаралатын вирусқа қатысты ерекшелігі мен сезімталдығы жоғары лайықты әдістерді пайдалана отырып жүргізу қажет. Тіркеу дерекнамасында тәжірибелік-өнеркәсіптік немесе өнеркәсіптік тәсілмен алынған тазартылмаған өнімнің кемінде 3 сериясы туралы деректерді ұсыну қажет.
5-жағдаят. Егер жасушаларда немесе өңделмеген өнімде қолда бар әдістердің көмегімен сыныптау мүмкін емес вирус табылса, вирус патогендік болуы мүмкін болғандықтан, өнім, әдетте, жарамсыз болып саналады. Өте сирек жағдайларда препаратты өндіру үшін дәлелді және негізделген себептер болған кезде осындай жасушалық желіні пайдалана отырып, өндіріс процесін жалғастырудың алдында мүше мемлекеттің уәкілетті органымен келісу қажет.

6. Вирустардан тазарту процедураларын бағалау


және олардың сипаттамалары

Вирустарды элиминациялау және (немесе) инактивациялау процедураларын талдау мен сипаттаудың биологиялық (биотехнологиялық) препараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ерекше маңызы бар. Егер биологиялық препараттар жан-жақты сипатталмаған жасушалық желілерден алынған болса, бұл препараттардың бар-жоғы туралы белгісіз болған және болжанбаған агенттермен контаминациялануы орын алды. Вирустардан тазартуды бағалау барлық белгісіз, күдік туғызбаған және қауіпті вирустар жойылатынына белгілі бір көз жеткізуді қамтамасыз етеді. Зерттеулер тиісті құжатталумен және бақылаумен жүргізілуі керек.


Вирустардан тазарту жөніндегі зерттеулердің мақсаттары оларды вирустарды инактивациялау (элиминациялау) үшін тиімді деп саналатын өндіріс процесінің кезеңдерін бағалау және осы кезеңдердің көмегімен өнімде вирустардың болуын жиынтық азайтуды сандық бағалау болып табылады. Бұған өңделмеген материалға және (немесе) өндіріс процесінің әртүрлі кезеңдерінде алынатын түрлі фракцияларға вирустардың елеулі мөлшерін әдейі бір мезгілде қосу және кейінгі кезеңдерде оларды қажетті элиминациялауға немесе инактивациялауға қол жеткізілетінін растау есебінен қол жеткізіледі. Егер тиісті тазартуға кезеңдердің аз мөлшері есебінен қол жеткізілетін болса, онда өндіріс процесінің қалған кезеңдерінің вирустық қауіпсіздігін бағалау тұрғысынан бағалау және сипаттау талап етілмейді. Өндіріс процесінің қалған кезеңдері қол жеткізілген инактивациялауға (элиминациялауға) жанама әсерін тигізуі мүмкін екенін есте сақтау керек. Өндірушілер вирустардан тазарту жөніндегі зерттеулерді жүргізу үшін пайдаланылған тәсілді түсіндіруге және негіздеуге тиіс.
Вирустардың инфекциялаушы қабілетін төмендетуге вирустық бөлшектерді элиминациялау немесе оларды инактивациялау есебінен қол жеткізіледі. Өндіріс процесінің әрбір зерделенген кезеңінде вирустың инфекциялаушы қабілетін төмендетудің ықтимал механизмдерін сипаттау және олардың инактивациялау немесе элиминациялау есебінен қол жеткізілгенін көрсету қажет. Инактивациялау кезеңдерін зерттеуді сынамалар әрбір уақыт нүктелеріне іріктелетіндей етіп жоспарлау қажет, бұл ретте осы тараудың 6.B.5-кіші бөліміне сәйкес инактивациялаудың қисық сызығын құру керек.
Вирустардан тазартуды бағалау жөніндегі зерттеулер ЖББ-да болатын вирустардан тазартуды растау және (немесе) өндіріс процесінде анықталмауы мүмкін немесе контаминациялануы мүмкін бөгде вирустардың жойылғанына белгілі бір дәрежеде көз жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. Вирустық жүктемені төмендету факторлары, әдетте, логарифмдік координаталарда көрінеді, яғни вирустың қалған инфекциялаушы қабілеті ешқашан нөлге дейін түспейтініне қарамастан, оны математикалық тұрғыдан айтарлықтай төмендетуге болады.
Олардың бар-жоғы туралы белгілі вирустардан тазарту жөніндегі зерттеулерге қосымша ретінде басқа вирустарды элиминациялау және (немесе) инактивациялау процесінің мүмкіндіктерін бағалау жөніндегі зерттеулерді жүргізу қажет. Әртүрлі биохимиялық және биофизикалық қасиеттерге ие, олардың құрамында болуы туралы белгісіз немесе болуы күтілмейтін вирустар пайдаланылатын зерттеулердің мақсаты, әдетте, оларды инактивациялаудың немесе элиминациялаудың белгілі бір дәрежесін (өзіндік қатерін) емес, процедуралардың сенімділігін зерделеуді білдіреді. Өндіріс процесінің осы тараудың 6.C кіші бөліміне сәйкес вирустарды инактивациялау немесе элиминациялау қабілетін растауды мүмкіндігінше қамтамасыз ету керек. Мұндай зерттеулер қауіпсіздіктің өзіндік (белгілі бір) қатерін бағалауға бағытталмаған, яғни осы қатер үшін тазартудың белгілі бір дәрежесіне қол жеткізу талап етілмейді.

6.A. Вирустарды элиминациялауды бағалау мен сипаттау үшін


вирустарды таңдау

Жүйенің өнімді вирустардан тазартуының жалпы қабілетін сынау үшін тазартуды бағалау және процесті сипаттау жөніндегі зерттеулерге препаратты контамнациялай алатын және физикалық-химиялық қасиеттердің кең диапазонына ие вирустардың қасиеттері жөнінде еске салатын вирустарды қосу қажет. Осы тарауды басшылыққа ала отырып, өндіруші бағалау және сипаттау жөніндегі зерттеулердің мақсаттарына сәйкес және осы тараудың негізінде вирустарды таңдауды негіздеуі тиіс.


6.А.1. «Релеванттық» вирустар және «модельдік» вирустар.
Вирустардан тазарту жөніндегі зерттеулер жүргізудің негізгі аспектісі оған қандай вирустарды қосуды айқындау болып табылады. Мұндай вирустар үш санатқа бөлінеді: «релеванттық» вирустар, ерекше «модельдік» вирустар және ерекше емес «модельдік» вирустар.
Тазарту және (немесе) инактивациялау процесінің «релеванттық» вирустарды жою және (немесе) инактивациялау қабілетін растау қажет. Егер «релеванттық» вирус болмаса немесе ол вирустардан тазарту процесін бағалау жөніндегі зерттеулерге бейімделмеген болса (мысалы, оны in vitro жеткілікті дәрежеде жоғары титрінде өсіру мүмкін болмаса), алмастыру ретінде ерекше «модельдік» вирустарды пайдалану қажет.
Кеміргіштерден алынған жасушалық желіде, әдетте инфекциялық
(С-типті бөлшектер) немесе инфекциялық емес (A- және R-типті цитоплазмалық бөлшектер) болуы мүмкін эндогендік ретровирус бөлшектері немесе ретровирус тәрізді бөлшектер болады. Өндіріс процесінің мұндай жасушалары пайдаланыла отырып алынған өнімдердегі ретровирустарды элиминациялау және (немесе) инактивациялау қабілетін айқындау қажет. Бұған тышқандар лейкемиясы вирусын – тышқаннан алынған жасушаларға арналған ерекше «модельдік» вирусты пайдалана отырып қол жеткізуге болады. Мысалы, Эпштейн-Барр вирусымен (EBV) B-лимфоциттердің иммортализациялануы және моноклондық антиденені шығаратын адамның жасушалық желілерін алу кезінде өндіріс процесінің ұшық вирусын элиминациялау және (немесе) инактивациялау қабілетін айқындау қажет. Ерекше «модельдік» вирус ретінде жалған құтыру вирусын да пайдалануға болады.
Егер мақсаты өндіріс процесінің вирустарды элиминациялаудың және (немесе) инактивациялаудың жалпы қабілетін сипаттау (тазарту процесінің сенімділігін сипаттау) болса, әртүрлі қасиеттерге ие өзіне тән емес «модельдік» вирустарды пайдалана отырып, тазарту сипаттамалары жөнінде зерттеулер жүргізу қажет. Мұндай талдауда «релеванттық» және (немесе) ерекше «модельдік» вирустармен жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін қолдануға болады. Вирустардың барлық типтерімен сынақтар жүргізу талап етілмейді. Физикалық және (немесе) химиялық әсерлерге елеулі орнықтылығын көрсететін вирустарға артықшылық беру қажет. Мұндай вирустарды зерделеу нәтижелері өндіріс процесінің вирустарды элиминациялаудың және (немесе) инактивациялаудың жалпы қабілеті туралы дәлелдейтін мәліметтер көзі болады. Пайдаланылған вирустарды таңдау және олардың мөлшері өндіріс процесіндегі жасушалық желілердің сапасы мен оларды сипаттау дәрежесіне байланысты болады.
Физикалық-химиялық құрылымдардың кең диапазонына ие лайықты «модельдік» вирустардың үлгілері және вирустардан тазарту жөніндегі зерттеулерде пайдаланылған вирустардың үлгілері осы тарауға
№ 2 қосымшада берілген.
6.А.2. Басқа да аспектілерді қарау.
Жоғары титрге дейін өсіруге (байытуға) болатын вирустарды пайдаланған жөн, алайда бұл әрқашан мүмкін бола бермейді.
Өндірістің әрбір зерттелетін кезеңінде пайдаланылған әрбір вирусты сандық айқындаудың тиімді және сенімді әдістемесі болуы қажет.
Тазартылуына зерттеу жүргізетін персоналдың денсаулығына келтірілуі мүмкін ықтимал зиянды ескеру қажет.

6.B. Вирустарды тазартуды бағалау мен сипаттау жөніндегі зерттеулер дизайны және оларды жүргізудің міндетті шарттары


6.В.1. Өндірістік үй-жайлар, жабдықтар және персонал.


Комиссия бекітетін, Одақтың тиісті өндірістік практикаларына сәйкес өндірістік жабдыққа қандай да бір вирустарды енгізуге жол берілмейді. Осыған байланысты вирустардан тазарту жөніндегі зерттеулерді вирустармен жұмыс істеу үшін жабдықталған бөлек зертханада вирусологиялық біліктілігі бар персонал тазарту процесінің азайтылған нұсқасын жоспарлаумен және оны дайындаумен айналысатын өндірістік персоналмен ынтымақтастықта жүргізуі тиіс.
6.В.2. Азайтылған ауқымдағы өндіріс жүйесі.
Өндірістің азайтылған ауқымының валидтілігін (жарамдылығын) дәлелдеу қажет. Азайтылған ауқымда тазартудың деңгейі өндірістің әдісіне барынша сәйкес келуі тиіс. Барлық параметрлердің (хроматографиялық жабдық, бағана сорбенті қабатының биіктігі (column bed-height), ағынның желілік жылдамдығы (linear flow-rate), ағын жылдамдығының сорбент қабатының көлеміне арақатынасы (flow-rate-to-bed-volume ratio) (жанасу уақыты), буферлік ерітінділер мен гельдердің түрлері, pH мәні, ақуыздың, тұздың және өнімнің температурасы мен концентрациясы) өндірістің өнеркәсіптік тәсіліне барынша жақындатылғанын растау қажет. Нақ сол элюирлеу бейінін алу қажет. Процедураларға қатысты ұқсас талаптарды сақтау қажет. Болмай қоймайтын ауытқуларға олардың нәтижелерге әсер етуі тұрғысынан талдау жасау қажет.
6.В.3. Вирустарды кезең-кезеңмен элиминациялауды талдау.
Вирустардан тазарту жөніндегі зерттеулерді жүргізу кезінде өндірістің біреуден көп кезеңінің вирустарды элиминациялауға қосқан үлесін мүмкіндігінше бағалаған жөн. Вирустарды жоюдың ықтималдығы зор кезеңдерді олардың вирустарды элиминациялауға және инактивациялауға қабілетін бөлек бағалау қажет, бұл реттежекелеген кезеңдердің ара-жігін дәл ажыратуға ерекше назар аудару керек. Сыналуға жататын әрбір кезеңде материалда әрбір кезеңнің тиімділігін бағалау үшін қажетті вирустың жеткілікті мөлшері болуы тиіс. Әдетте, сыналуға жататын әрбір кезеңде вирус өндірісішілік материалға қосылады. Кейбір жағдайларда жоғары титрдегі вирусты өңделмеген өнімге қосу және оның реттілік кезеңдері арасында оның концентрациясын өлшеу жеткілкті болады. Егер вирусты элиминациялауға айырып алу процедураларының көмегімен қол жеткізілсе, қажет болған кезде және мүмкіндігінше әртүрлі фракциялар бойынша вирустық жүктеменің бөлінуін зерделеу ұсынылады. Егер өндіріс процесінің көптеген кезеңдерінде вирулицидтік буферлік ерітінділер бүкіл процесті бағалаудың бір бөлігі ретінде пайдаланылса, балама стратегияларды, мысалы, аз вирулицидтік буферлік ерітінділерді параллель қосуды пайдалануға жол беріледі. Вирустың титрін әрбір зерттелетін кезеңге дейін және одан кейін айқындау қажет. Нәтижелердің қажетті статистикалық мәнін қамтамасыз ету мақсатында қайталану саны жеткілікті болатын, сезімталдығы мен жаңғыртылуы жоғары инфекциялаушы қабілетін сандық айқындаудың әдістемесін пайдалану қажет. Негіздеме жеткілікті болған кезде инфекциялаушы қабілетін анықтауға бағытталмаған сандық әдістемені пайдалануға жол беріледі. Инфекциялаушы қабілетін айқындау жөніндегі барлық әдістемелерге әдістердің сезімталдығын қамтамасыз ету мақсатында тиісті вирустық бақылауды қосу қажет. Бұған қоса осы тарауға
№ 3 қосымшаға сәйкес вирустарға сынақтардың нәтижелерін интерпретациялаудың статистикалық тәсілдеріне қойылатын талаптарға сәйкес төмен концентрациядағы вирустың сынамаларын іріктеудің ерекшеліктерін назарға алу қажет.
6.В.4. Вирустарды физикалық жолмен элиминациялаудың және инактивациялаудың үлесін айқындау.
Вирустың инфекциялаушы қабілетін төмендетуге оны элиминациялау немесе инактивациялау есебінен қол жеткізіледі. Вирустың инфекциялаушы қабілетін төмендетудің ықтимал механизмдерін өндіріс процесінің әрбір зерделенген кезеңінде сипаттау және олардың элиминациялау немесе инактивациялау есебінен қол жеткізілгенін көрсету қажет. Егер өндіріс процесі инфекциялаушы қабілетін қанағаттандыратындай төмендетуге қол жеткізуге мүмкіндік бермесе, ал вирусты элиминациялау препарат қауіпсіздігінің негізгі факторы ретінде қаралса, элиминациялаудың және (немесе) инактивациялаудың арнайы немесе қосымша кезеңдерін енгізу қажет. Белгілі бір кезеңде элиминациялаудың және инактивациялаудың ара-жігін ажырату талап етілуі мүмкін (мысалы, егер бір кезеңдегіден көп пайдаланылған буферлік ерітінді әрбір кезеңде инактивациялауға әсер ете алады деген ықтималдық болса, яғни буферлік ерітіндінің инактивациялауға әсері бірнеше хроматографиялық кезең арасында бөлінсе, бұл ретте әрбір осы хроматографиялық кезең есебінен қол жеткізілетін элиминациялау дәрежесін айқындау қажет).
6.В.5. Инактивациялауды бағалау.
Өңделмеген өнімдегі немесе аралық материалдағы вирусты инактивациялауды бағалау үшін инфекциялық вирус енгізілуі және вирустық жүктемені азайтудың факторы (коэффициент) есептелуі тиіс. Вирусты инактивациялау бірінші реттегі қарапайым процесс болып табылмайтынын, әдетте ол мейлінше күрделі әрі оның жылдам 1-фазасы және баяу 2-фазасы болатынын ескеру керек. Сондықтан да зерттеу сынамаларды іріктеудің әртүрлі уақыт нүктелерінде өткізілетіндей және инактивациялаудың қисық сызығы түзілетіндей жоспарлануы тиіс. Инактивациялау жөніндегі зерттеулерге ең төмен экспозицияға сәйкес келетін уақыт нүктесімен қатар, ең төмен экспозиция нүктесінің алдында болатын және нөлден ерекшеленетін кемінде бір уақыт нүктесін қосу ұсынылады. Қосымша деректер, әсіресе егер «релеванттық» вирус адам үшін патогендік болып табылса және оны инактивациялаудың тиімді процесі жасалса, қажет. Алайда вирустық бөліктердің суррогаттары (мысалы, қытай атжалманының жұмыртқа жасушасындағы ішкі цитоплазмалық ретровирус тәрізді бөлшектері) ретінде ерекше емес «модельдік» вирустар немесе ерекше «модельдік» вирустар пайдаланылатын инактивациялау зерттеулерінде тазартудың жаңғыртылуын кемінде 2 зерттеуде растау қажет. Алғашқы вирустық жүктемені мүмкіндікке қарай оны бастапқы материалға қосқаннан кейін вирусты анықтау арқылы айқындау қажет. Егер бұл мүмкін болмаса, онда алғашқы вирустық жүктеме препараттың бастапқы материалына қосылатын вирус титрі бойынша есептеледі. Егер инактивациялаудың жоғары жылдамдығы процестің шарттарын пайдалана отырып, инактивациялаудың қисық сызығын жасауға мүмкіндік бермесе, инактивациялау барысында инфекциялаушы қабілеті жойылғанын растау мақсатында тиісті бақылау көзделуі қажет.
6.В.6. Хроматографиялық бағаналарды пайдалану және қайта генерациялау.
Тазарту процесінде пайдаланылатын хроматографиялық бағаналарды және басқа да жүйелерді уақыт өте келе немесе қайталап (көп мәрте) пайдалану кезінде олардың вирусты элиминациялауға қабілеті өзгеруі мүмкін. Көп мәрте қолданылғаннан кейін вирустардан тазартудың тұрақтылығын айқындау бағаналарды қайталап пайдаланудың мүмкіндігін ақтайды. Өндірістік жүйеде ықтимал тежелген вирустардың тиісті түрде жойылғанын және оны қайталап пайдалану алдында алып тасталғанын растау қажет. Осындай растау, мысалға, тазарту және қайта генерациялау процедураларының вирусты инактивациялайтынын немесе элиминациялайтынын көрсетеді.
6.В.7. Ерекше сақтық шаралары.
Жоғары титрдегі вирустарды дайындау кезінде физикалық жолмен элиминациялауды жақсартатын, бірақ инактивациялауды төмендететін және осылайша іс жүзінде өндіріспен өзара байланысын бұрмалайтын олардың агрегациясына жол бермеу үшін сақтық шараларын сақтау қажет.
Құрамында болуын анық айқындауға болатын вирустың ең төмен мөлшерін ескеру қажет.
Сынамалардың көбеюі, концентрациясы, сүзілуі немесе олардың көбею алдында сақталуы нәтижесінде вирустың инфекциялаушы қабілетін төмендетуді талдау мақсатында зерттеуге сандық айқындау әдістемесін параллель бақылауды қосу қажет.
Вирустарды «қосуды» өнімді ерітпеу немесе оның қасиеттерін өзгертпеу үшін азғантай көлемде жүзеге асыру қажет. Сыналатын ақуыздың сынамасы ол ерігеннен кейін одан әрі өнеркәсіптік тәсілмен алынатын өнімге сәйкес болып табылмайды.
Буферлік ерітінділердегі, қоректену ортасындағы, реактивтердегі және т.с.с. азғантай айырмашылықтар вирустардан тазартуға айтарлықтай әсер етуі мүмкін.
Вирустарды инактивациялау уақытқа байланысты болады, сондықтан вирус қосылған өнім белгілі бір буферлік ерітіндіде немесе белгілі бір хроматографиялық бағанада қалатын уақыт өндірістің өнеркәсіптік процесінің шарттарына сәйкес келуі тиіс.
Буферлік ерітінділер мен өнімді уыттылығына және вирус титрін айқындау үшін қолданылатын әдістемелер нәтижелеріне әсеріне бөлек бағалау қажет, өйткені бұл компоненттер индикаторлық жасушаларға теріс әсер етуі мүмкін. Егер мұндай ерітінділер индикаторлық жасушалар үшін уытты болса, құрамында қосылған вирус бар буферлік ерітіндіні еріту,
pH түзету немесе диализ талап етілуі мүмкін. Егер өнім өзіндік вирусқа қарсы белсенділікке ие болса, «имитациялық» циклде («mock» run) өнімсіз тазарту зерттеулерін жүргізу талап етілуі мүмкін, дегенмен, бұл ретте өнімді алып тастау немесе оны вирусқа қарсы белсенділігі жоқ ұқсас ақуызға алмастыру өндірістің кейбір кезеңдерінде вирустардың күйіне әсерін тигізеді. Қосылған вирусты элиминациялауға және (немесе) инактивациялауға тек қана айқындау әдістемелеріне арналған сынамаларды дайындау үшін пайдаланылатын процедуралардың (мысалы, диализ, сақтау) әсерін бағалау үшін жеткілікті дәрежедегі бақылауды қосу қажет.
Тазартудың көптеген схемаларында бірдей немесе ұқсас буферлік ерітінділер немесе бағаналар қайталап пайдаланылады. Деректерді талдау кезінде мұны назарға алу қажет. Вирусты элиминациялаудың нақты әдістерінің тиімділігі ол пайдаланылатын өндіріс кезеңіне байланысты болуы мүмкін.
Егер өндіріс жағдайлары немесе буферлік ерітінділер шамадан артық цитоуытты немесе вирусты болса, вирустық жүктемені азайтудың жиынтық факторлары (коэффициенттері) толық бағаланбауы мүмкін, мұндай жағдайда бағалау жеке-дара тәртіппен жүргізіледі. Ішкі шектеулерге немесе вирустардан тазарту жөніндегі зерттеулердің сәйкес келмейтін дизайнына байланысты вирустық жүктемені азайтудың жалпы факторлары (коэффициенттері) да қайта бағалануы мүмкін.

6.C. Вирустардан тазарту жөніндегі зерттеулердің нәтижелерін интерпретациялау


Вирустарды элиминациялауды және (немесе) инактивациялауды бағалаудың мақсаттары вирустарды элиминациялау және (немесе) инактивациялау үшін тиімді деп есептелетін өндіріс процесінің кезеңдерін талдау мен сипаттау және өндіріс кезінде қол жеткізілетін вирустардың болуын жалпы азайтуды сандық айқындау болып табылады. Вирустық контаминанттар болған кезде (2 – 5-жағдаяттар), дәрілік препарат қауіпсіздігінің тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін вирустың элиминацияланғанын немесе инактивацияланғанын растау ғана емес, сонымен бірге вирустардан тазарту процесінде тиімділік қорының қалатынын да көрсету қажет. Өндіріс процесі барысында элиминацияланған немесе инактивацияланған вирустың мөлшерін өңделмеген өнімде болған мөлшерімен салыстыру қажет.


Мұндай салыстыруды жүзеге асыру үшін вирустың өңделмеген өнімнің құрамында болуын бағалау қажет. Мұндай бағалау инфекциялаушы қабілетін айқындау әдістемелері немесе өзге де әдістемелер, мысалы, трансмиссиялық электрондық микроскопия (ТЭМ) пайдаланыла отырып жүзеге асырылады. Тазартудың бүкіл процесі дәрілік препараттың бір дозасына барабар өңделмеген өнім көлеміндегі вирустың болуына қарағанда, оның айтарлықтай көп мөлшерін элиминациялауға тиіс. Вирустардан тазарту жөніндегі зерттеулерде вирустық жүктемені азайту факторларын (коэффициенттерін) есептеу осы тарауға № 4 қосымшаға сәйкес, бір дозаға арналған бөлшектердің күтілетін мөлшерін есептеу – осы тарауға № 5 қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
Әртүрлі сыныптардағы вирустардан тазарту механизмдері бірінен-бірі ерекшеленуі мүмкін. Вирустарды инактивациялау және (немесе) элиминациялау процедураларының тиімділігін растайтын деректерді талдау кезінде мынадай факторлардың құрамдасуын пайдалану қажет:
пайдаланылған тест-вирустардың жарамдылығы;
тазарту зерттеулерінің дизайны;
вирустық жүктеменің қол жеткізілген азаюы (логарифмдерде);
инактивациялаудың уақытқа тәуелділігі;
өндіріс процесі параметрлері өзгеруінің вирусты элиминациялауға және (немесе) инактивациялауға ықтимал әсері;
талдау әдістемелерінің сезімталдығы (айқындау және табу шектері);
вирустардың белгілі бір сыныптарына қатысты инактивациялау және (немесе) элиминациялау процедураларының селективтілігі.
Тазартудың тиімділігіне мына тәсілдердің кез келгенімен қол жеткізуге болады: көп кезеңді инактивациялау, көп кезеңді қосымша бөліп алу немесе инактивациялау мен бөліп алу кезеңдерінің комбинациясы. «Модельдік» вирустарды бөліп алу ізделіп отырған вирусты бөліп алуға қарағанда, басқаша болуы мүмкін, өйткені бөліп алу әдістері вирустардың өзіндік ерекшелігі жоғары, олардың гель матрицалармен өзара әрекеттесуіне және шөгу қасиеттеріне әсер ететін физикалық-химиялық қасиеттеріне байланысты болады. Өндірістің бөліп алуға әсер ететін параметрлері тиісті сипаттауға және бақылауға жатады. Айырмашылықтар сыртқы беттегі қасиеттерге, мысалы гликозилдеуге байланысты болуы мүмкін. Алайда, осындай әлеуетті айырмашылықтарға қарамастан, тиімді элиминациялауға бөліп алудың қосымша кезеңдерін құрамдастыру немесе инактивациялау мен бөліп алу кезеңдерін құрамдастыру арқылы қол жеткізіледі. Осылайша, бөліп алудың жақсы жоспарланған кезеңдері, мысалы, хроматографиялық процедуралар, сүзгілеу және экстракциялау, егер олар жақсы бақыланатын жағдайларда жүзеге асырылатын болса, вирустарды элиминациялаудың тиімді тәсілдері болуы мүмкін. Вирустарды элиминациялаудың тиімді кезеңі кемінде тәуелсіз екі зерттеумен расталуы қажет вирустық жүктеменің жаңғыртылуына ие болуға тиіс.
Азайтудың жиынтық факторы (коэффициенті), әдетте, жекелеген факторлардың жиынтығы түрінде көрінеді. Егер азайтудың жеке факторы (коэффициенті) 1,0 lg немесе одан кем болса, онда ол елеусіз болып танылады және негіздеме болмаған кезде жиынтық факторды (коэффициентті) есептеуде ескерілмейді.
Егер өндіріс процесі жұқтырушы қабілетті қанағаттанарлықтай азайтуға қол жеткізуге мүмкіндік бермесе, ал вирусты элиминациялау препарат қауіпсіздігінің негізгі факторы ретінде қаралса, инактивациялаудың және (немесе) элиминациялаудың қосымша кезеңдерін енгізу қажет. Барлық вирустарға қатысты өндірушілер азайтудың алынған факторларының (коэффициенттерінің) қолайлылығын негіздеуге тиіс. Нәтижелер көрсетілген факторлар негізінде бағалануға тиіс.

6.D. Вирустардан тазарту жөніндегі зерттеулерді шектеулер


Вирустардан тазарту жөніндегі зерттеулер дәрілік препарат қауіпсіздігінің қолайлы деңгейін қамтамасыз етуге әсерін тигізеді, алайда олар оның қауіпсіздігін өздігінен айқындамайды. Дегенмен, дизайн элементтерінің бірқатары және вирустардан тазарту жөніндегі зерттеулерді орындау вирустардың жұқтыру қабілетін азайтатын процесс қабілетінің дұрыс бағаланбауына алып келуі мүмкін. Мұндай факторларға мыналар жатады:


Тазарту жөніндегі зерттеулерде пайдаланылған вирустық препараттарды, әдетте, тіндердің өсіндісінде алады. Өндіріс кезеңіндегі тін өсінділерінен вирустың күйі табиғи вирустың қасиеттерінен ерекшеленуі мүмкін, мысалы, егер табиғи және өсірілген вирустар тазалығы немесе агрегация дәрежесі бойынша ажыратылады.
Вирустардың инфекциялаушы қабілетін инактивациялау, әдетте, екі фазалы қисық сызықпен сипатталады, онда бастапқы жылдам фаза баяуға ауысады. Инактивациялаудың бірінші кезеңінен кейін қалған вирустар келесі кезеңдерге неғұрлым төзімді болуы мүмкін деген ықтималдық бар. Мысалы, егер резистенттік фракция вирустық агрегаттардың нысанын қабылдаса, олардың инфекциялаушы қабілеті әртүрлі химиялық әсерлерге және қыздыруға төзімді болуы мүмкін.
Жиынтық процестің инфекциялаушы қабілетін төмендету мүмкіндігі әртүрлі кезеңдегі вирустық жүктемені азайту логарифмдерінің жиынтығы түрінде көрінеді. Әртүрлі кезеңдерде, әсіресе шамалы азайтылатын (мысалы,
1,0 lg-ден аз) кезеңдерде азайту факторларын (коэффициенттерін) жинақтап қосу вирусты элиминациялауды бағалаудың шынайы көрсеткішінің тым артуына алып келуі мүмкін. Сонымен бірге, тізіп жинақталмаған сәйкес немесе ұқсас процедураларды қайталау есебінен алынған азайту факторларын (коэффициенттерін) жинақтап қосуға жол берілмейді.
Азайту факторларын (коэффициенттерін) титрді азайту логарифмі түрінде көрсету вирустың қалған инфекциялаушы қабілетінің айтарлықтай азайғанына қарамастан, оның ешқашан нөлге дейін төмендемейтінін білдіреді. Мысалы, құрамында бір миллиметрге шаққанда 8,0 lg инфекциялаушы бірлік бар препараттың инфекциялаушы қабілетін 8,0 lg факторға азайту әдістеменің табу шегін ескере отырып, бір миллиметрге 0,0 lg немесе бір миллиметрге бір инфекциялаушы бірлікті береді.
Өңдеудің тәжірибелік-өнеркәсіптік тәсілі, тіпті ауқымы азайтылған процестің дизайнына қарамастан, өнеркәсіптік тәсілден ерекшеленуі мүмкін.
Вирустық жүктемені азайтудың инактивациялаудың ұқсас механизмдері есебінен қол жеткізілген жеке факторларын (коэфффициенттерін) қосу вирустардан жиынтық тазартудың қайта бағалануына алып келуі мүмкін.

6.E. Деректерді статистикалық талдау


Вирустардан тазарту зерттеулерінің нәтижелерін интерпретациялау мақсатында олар деректерді статистикалық талдауды қамтуы тиіс. Алынған тұжырымдарды растау үшін зерттеулер нәтижелерінің осы тарауға № 3 қосымшаға сәйкес статистикалық мәні болуы тиіс.


6.F. Вирустардан тазартуды қайталап бағалау


Өндіріс процесінің елеулі өзгерістерін немесе тазарту кезінде олардың вирустардан тазартуға тікелей және жанама әсерін бағалау және қажет болған кезде жүйені қайталап бағалауға тарту қажет. Мысалы, өндіріс процесінің өзгерістері жасушалық желі вирустарының өнімі өзгеруінің себебі болуы мүмкін, өндіріс кезеңдерінің өзгеруі вирустардан тазарту дәрежесіне әсерін тигізуі мүмкін.


7. Қорытынды


Осы тарауда адамның жасушалық желілерінен алынатын қауіпсіз биотехнологиялық препараттарды өндіруге үлес қосатын вирустық контаминацияның қатерлерін бағалаудың және вирустардан өнімді тазартудың тәсілдері сипатталған және мыналарды:


вирустық контаминанттардың бар-жоғына жасушалық субстраттың бастапқы материалын мұқият сипаттауды (скринингін);
адамның организміне троптық контаминанттарды анықтау арқылы қатерді бағалауды;
өңделмеген өнімдегі бөгде вирустарға сынақтардың тиісті бағдарламасын енгізуді;
вирустардан барынша көп тазартуға қол жеткізу мақсатында вирустарды инактивациялаудың немесе элиминациялаудың әртүрлі әдістерін пайдаланыла отырып, сол бір өндіріс процесінде вирустардан тазарту зерттеулерін егжей-тегжей жоспарлауды;
вирустарды инактивациялауды және элиминациялауды талдауға бағытталған зерттеулерді жүргізуді қоса алғанда, бірқатар стратегиялардың маңызы сипатталған.

Еуразиялық экономикалық одақтың дәрілік заттарына биологиялық зерттеулер жүргізу қағидаларының


2-тарауына
№ 1 ҚОСЫМША




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет