Еуразиялық экономикалық комиссия



бет7/12
Дата30.09.2024
өлшемі0.89 Mb.
#504138
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
clco 31122015 188 doc 2

НҰСҚАУЛАР

Есеп бастапқы санын есептеуге болатын вирустар үшін, мысалы эндогендік вирустар үшін қолданылады.


Мысал.
1. Шарты. Жасушалық өсінді жиынтығында өлшенген немесе есептелген вирустардың концентрациясы 106/мл тең.
Вирустардан тазартудың есептеу факторы >1015 құрайды.
Препараттың бір дозасын дайындау үшін қажетті өсіндіні жинау көлемі 1 л (немесе 103 мл) тең.
2. Бір дозаға бөлшектердің болжалды санын есептеу:


Осылайша, күтілетін мәні миллион дозаға бір бөлшектен кем.

3-тарау. Биотехнологиялық әдістердің көмегімен алынған зерттелетін дәрілік препараттардың (клиникалық зерттеулерге арналған препараттардың) вирустық қауіпсіздігін бағалау

1. Кіріспе


Биотехнологиялық әдістердің көмегімен алынған дәрілік препараттардың вирустық қауіпсіздігін қамтамасыз ету кешенді процесс болып табылады, бұл ретте зерттелетін дәрілік препараттың (ЗДП) сенімді бағасының сыни мәні бар. Осы тарау деректер бойынша ұсынымдарды және медициналық қолдану үшін биотехнологиялық препараттарға клиникалық зерттеу жүргізу үшін рұқсат алуға арналған деректемелер құрамына қосу қажет вирустық қауіпсіздік туралы құжаттаманы қамтиды. Тіркеу дерекнамасының тиісті бөлімдерін жасауға қойылатын талаптар келтірілген осы Қағидалардың 2-тарауын да басшылыққа алған жөн. Осы Қағидалардың 2-тарауында клиникалық зерттеулерде зерделенетін биотехнологиялық дәрілік препараттарға қатысты ұсынымдар қамтылмағанына қарамастан, олардың негізгі принциптері сәйкес келеді және орындалуы тиіс.


Осы тарау демеушілер үшін де, реттеуші органдар үшін де клиникалық зерттеу уақытында зерттеліп отырған биотехнологиялық дәрілік препараттардың вирустық қауіпсіздігін бағалауға арналған үйлесімді тәсілдерді қамтиды. Бұл әсіресе, әртүрлі мүше мемлекеттер ықтимал қамтылатын көп орталықты зерттеулер жүргізген кезде құнды.

2. Қолданылу саласы


Осы тараудың қолданылу саласы осы Қағидалардың 2-тарауында көрсетілген адамнан немесе жануарлардан алынған жасушалардың сипатталған банктерінен алынған өсінді in vitro жасушадан шығарылған медициналық қолдану үшін зерттелетін биотехнологиялық дәрілік препараттарға қолданылады. Көптеген зерттелетін дәрілік препараттар, мысалы, CHO, NS0 немесе SP2/0 кеміргіштердің жақсы сипатталған жасушалық желілерінен алынған, дегенмен сол сияқты пайдаланылады және пайдаланылуын жеке тәртіппен қарауды қажет ететін бірқатар басқа жасушалық желілерді әзірлеу сатысында.


Осы тараудың ережелері моноклондық антиденелерге және зерттелетін, рекомбинантты суббірлікті вакциналарды қоса алғанда, рекомбинантты ДНК әдісімен алынған дәрілік препараттарға қолданылады. Алайда, осы тараудың талаптары құрамында рекомбинантты вирустар немесе бактериялар (репликацияланатын да, репликацияланбайтын да) немесе тірі аттенизацияланған және инактивацияланған вакциналар бар зерттелетін дәрілік препараттарға қатысты қолданылмайды. Зерттелетін, гибридомалық жасушалардан алынған, in vivo өсірілген дәрілік препараттар осы тараудың қолдану аясына кірмецді.
Осы тарауда дәрілік препараттарды клиникалық әзірлеудің барлық кезеңдеріне қолданылатын вирустық қауіпсіздікке қойылатын талаптар жазылған. Ол клиникаға дейінгі сынауда ғана зерттелетін дәрілік препараттарға қолданылмайды. Тіркеу дерекнамасына қосуға жататын деректерге қойылатын талаптар осы Қағидалардың 2-тарауында қамтылған.

3. Құқықтық негізі


Клиникалық зерттеулер жүргізу мүше мемлекеттерде халықаралық шарттармен және Одақ құқығын құрайтын актілермен және мүше мемлекеттердің заңнамасымен реттеледі. Клиникалық зерттеулерде зерделенетін зерттелетін дәрілік препараттар Комиссия бекітетін Одақтың тиісті өндірістік практика қағидаларына сәйкес өндірілуге тиіс.


4. Қағидалар


4.1. Жалпы принциптер


Биотехнологиялық зерттелетін дәрілік препараттардың вирустық қауіпсіздігін зерттеудің мақсаты клиникалық зерттеу субъектілері үшін қолайлы қауіпсіздік деңгейін растау болып табылады.


Тіркелген биотехнологиялық дәрілік препараттың вирустық қауіпсіздігі мыналарды қамтитын, бірін-бірі өзара толықтырушы үш тәсілмен қамтамасыз етіледі:
жасуша желілерін және адамнан немесе жануарлардан алынған басқа шикізатты іріктеу және вирустық контаминацияға сынау;
өсіруден кейінгі өңдеу процестерінің инфекциялық вирустардан тазартуды қамтамасыз ету мүмкіндіктерін бағалау;
осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес өндірістің белгілі бір кезеңдерінде препараттарды контаминациялаушы вирустардың бар-жоғы тұрғысынан сынау.
Өндірістік процестің және препараттың зерттелетін биотехнологиялық дәрілік препараттарға қатысты эксперименттік сипатына байланысты дәрілік препаратты тіркеу үшін қажетті деректермен салыстырғанда вирустық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша сынау бағдарламаларын: біріншіден, өндірістің аяқталуына қарай, продуцент-жасушаларда немесе өңделмеген өлшеніп оралмаған өнімде вирустың болуын осы тараудың 4.2.3-кіші бөліміне сәйкес бағалау көлемі бойынша және екіншіден, осы тараудың 4.2.4-кіші бөліміне сәйкес вирустық жүктемені төмендету валидациясын зерттеу көлемдері бойынша қысқарту көзделген. Мұндай қысқарту бағдарламасы осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес «1-жағдаятқа» және «2-жағдаятқа» жатқызылатын жасушалық желілерге ғана қолданылатын болады. Фармацевтикалық өндірушінің өз тәжірибесі де осы тараудың 4.2.4-кіші бөліміне сәйкес вирустық қауіпсіздікті зерттеу көлемінің қысқаруына ықпал ете алады. Деректерді ұсынудан басқа, қатерді бағалауды мынадай факторлардың бірнешеуін немесе бәрін ескере отырып жүзеге асырған жөн:
жасуша желісінің болмысы және тарихы;
жасуша желісінің қасиеттерін белгілеу дәрежесі;
өндіріс және олардың сапасын бақылау уақытында адамнан және (немесе) жануардан алынған шикізатты пайдалану;
өнімнің бөгде агенттермен контаминациялану мүмкіндігі;
өндірушінің пайдаланылатын жасуша желілерімен жұмыс тәжірибесі;
өндірушінің пайдаланылатын вирустық жүктемесін төмендететін арнайы әдістемелерді қолдану тәжірибесі;
жарияланған деректер.

4.2. Биотехнологиялық зерттелетін дәрілік препараттардың вирустық қауіпсіздігін қамтамасыз ету


4.2.1.Жасушалық желіні саралау: вирустардың болуына сынау.


I фазаның зерттеулерін бастамас бұрын, ЖББ-да осы Қағидалардың
2-тарауына сәйкес вирустық контаминацияның болуына сынақ жүргізу қажет. Клиникалық зерттеу процесінде ғана РБК құруға болады, сондықтан клиникалық зерттеудің ең бастапқы сатыларында пайдаланылатын кейбір зерттелетін биотехнологиялық дәрілік препараттарға қатысты ол құрылмауы да мүмкін. Алғашқы РБК құрылғаннан кейін ол осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес сыналуға тиіс. Дегенмен, өңделмеген өлшеніп оралмаған өнімді осы тараудың 4.2.3-кіші бөліміне сәйкес сынаған кезде өндіріс үшін шекті in vitro жасушалық жасындағы жасушаларды сынау талап етілмейді.
Эндогендік ретровирустар немесе ретровирус тәріздес бөлшектер қазіргі уақытта пайдаланылатын жасуша желілерінің басым бөлігінде болғандықтан, олар жаңа жасуша желілерінің құрамында да болуы ықтимал, олардың бар-жоғы тұрғысынан жасуша желілерін сынауға ерекше назар аудару қажет.
4.2.2. Биологиялық жолмен алынған шикізат.
Зерттелетін биотехнологиялық дәрілік препараттардың вирустық қауіпсіздігін бағалаған кезде өндірісте пайдаланылатын биологиялық шикізатты (әсіресе жануарлардан немесе адамнан алынған) ескеру қажет. Оның вирустық қауіпсіздігін бағалаудың қолайлы тәсілдері шикізаттың түрі мен шығу тегі қаупін, оны өңдеу және сынау, сондай-ақ оны дәрілік препараттардың өндірісінде және осы тараудың 4.2.3-кіші бөліміне өңделмеген өлшеніп оралмаған материалдармен жүргізілген сынауда пайдалану жағдайларын ескере отырып бағалау болып табылады.
Биологиялық жолмен алынған шикізаттың вирустық қауіпсіздігіне қатысты тиісті құжаттарды ұсыну қажет. Бұқа сарысуын пайдаланған кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құжаттарды және Одақ Фармакопеясының жануарлардың кеуекті энцефалопатиясының берілу қаупін төмендету жөніндегі талаптарын басшылыққа алған жөн.
4.2.3. Өңделмеген өлшеніп оралмаған өнімді вирустардың бар-жоғы тұрғысынан сынау.
Зерттеу сатысына қарамастан, клиникалық зерттеу (зерттелетін дәрілік препарат) үшін материалдарды өндіруге пайдаланылатын өңделмеген өлшеніп оралмаған өнімнің әрбір сериясын осы Қағидалардың 2-тарауының талаптарына сәйкес сынау қажет. Сыналатын үлгі (қажеттілігіне қарай) жасушаларды, ал сынау – in vitro тестілерін, бөгде агенттердің бар-жоғына ПТР-скринингті, егер ол қолданылатын болса ретровирус тәріздес бөлшектерді бағалауды қамтуға тиіс. СНО жасуша желісінен алынған өлшеніп оралмаған материалдар үшін қосымша сынақ талап етілмейді. Егер өндіріс NS0 немесе Sp2/0 жасуша желілеріне, ал сынау инфекциялық ретровирустарға негізделсе, бір мәрте жүргізген жөн, бірақ продуцент-жасушаның өсінділерінде, мысалы, өндірісті өнеркәсіп ауқымына аударған кезде айтарлықтай өзгеріс болған жағдайда, оларды қайта жүргізу қажет. Егер өндіріс өзге жасуша желілеріне, сынау инфекциялық ретровирустарға және осы Қағидалардың 2-тарауының
3.2.3-кіші бөлімінде көзделген in vivo сынағына негізделсе, бір мәрте жүргізген жөн, бірақ продуцент-жасушаның өсінділерінде мысалы, өндірісті өнеркәсіп ауқымына аударған кезде айтарлықтай өзгеріс болған жағдайда, оларды қайта жүргізу қажет.
Көрсетілген сынақтар бойынша ұсынымдар 1-кестеде ұсынылған.

1-кесте



Өңделмеген оралмаған өнімді сынауға қойылатын талаптар






In vitro сынақтары

Инфекциялық
ретровирустарға
сынақтар*

In vitro сынақтары*

CHO

Иә, барлығы алынған оралмаған өнімдер**

Жоқ

Жоқ

NS0 Sp2/0

Иә, барлығы алынған балк-препараттар**

Иә, берілген өндіріс ауқымында 1 рет

Жоқ

барлық өзге
жасуша желілері

Иә, барлығы алынған балк-препараттар**

Иә, берілген өндіріс ауқымында 1 рет

Иә, берілген өндіріс ауқымында 1 рет

__________________________
* Жасушалармен байланысқан вирустарды айқындау үшін сыналатын материалда мүмкіндігінше жасушалар немесе жасушалар фрагменті қамтылуға тиіс. Перфузияға ұшырайтын жасуша өсінділеріне қатысты өндіруші сынау мақсаттары үшін жасушаларды қамтитын сынамаларды іріктеу үшін анағұрлым сай келетін кезеңді айқындауы және негіздеуі тиіс. Сондай-ақ, өнімнің сериясын өндіру үшін пайдаланылатын мерзімнен жоғары өсінді жасушалардан алынатын сынау материалын алуға жол беріледі; бұл жағдайда, таңдалған тәсілді негіздеу қажет. Инфекциялық ретровирусқа сынау, егер неғұрлым сезімтал тестілер теріс нәтижелер көрсетсе, төмендетілуі мүмкін.
** Ретровирустардың немесе ретровирус тәріздес бөлшектердің санын айқындауды әзірлеменің белгілі бір кезеңінде өлшеніп оралмаған өнімнің алғашқы үш сериясына (немесе егер өлшеніп оралмаған өнім үш сериядан аз көлемде өндірілсе, одан аз санына) қатысты ғана жүргізген жөн.

Егер, жасуша желісі осы вирусқа сезімтал болса, тышқандардың ұсақ вирусына (MMV) сынауды қосқан жөн.


Өңделмеген өлшеніп оралмаған материал үшін сынақтарды әзірлеу кезінде осы тараудың 4.2.2-кіші бөліміне сәйкес жасушаларды өсіру уақытында пайдаланылатын шикізаттың көзін және вирустық қауіпсіздігін назарға алу қажет. Егер адамнан немесе жануарлардан алынған шикізат, мысалы бұқа сарысуы пайдаланылса, қосымша арнайы сынақтар талап етілуі мүмкін.
4.2.4. Вирустық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістерінің валидациясы.
Әдістер валидациясының мақсаттары вирустарды инактивациялау (элиминациялау) үшін тиімді деп есептелуі мүмкін процестер кезеңін сипаттау мен бағалау және вирустардың (вирустық бөлшектердің), мысалы эндогендік ретровирустық бөлшектердің қамтылуын төмендетудің жалпы шамасының санын бағалау болып табылады. Әрбір жағдайда жасуша желілерінің сипаттамасын, биологиялық жолмен алынатын шикізатты пайдалануды, сондай-ақ вирустарды инактивациялауға (элиминациялауға) тиімді болуы мүмкін процестердің табиғи кезеңдерін ескере отырып, жеке тәсіл талап етіледі.
Вирустарды табу әдістемелерін шектеуге байланысты, вирусқа продуцент-жасушалар желілерін тікелей сынау көлеміне қарамастан, алғашқы сәттен жасушаларда бар немесе продуцент-жасушаларды өсіру уақытында пайдаланылатын биологиялық жолмен алынған материалдарда болатын жасушаларда вируспен белгісіз контаминациялану мүмкіндігі сақталады. Тиісінше, тіпті егер биологиялық жолмен алынған шикізат пайдаланылмаса және жасуша желісі толық тексерілсе де, барлық зерттелетін дәрілік препараттардың вирустарды инактивациялауға (элиминациялауға) қабілеттілігіне өңдеудің кейінгі кезеңдерін бағалау қажет.
Вирустық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістерінің валидациясын клиникалық зерттеу басталғанға дейін жүргізген жөн. Қабықты және қабықсыз вирустар әлеуетті контаминант болуы мүмкін және вирустық қауіпсіздік бойынша зерттеулер қабықты вирустар сияқты кіші қабықсыз вирустарды да, әсіресе парвовирустарды қамтуы тиіс. Өлшеніп оралмаған жинақта бар екені алдын ала белгілі болған барлық вирустардың немесе вирустық бөлшектердің өнімді кейіннен өңдеу барысында тиімді инактивацияланғанын немесе элиминацияланғанын растау қажет. Осы Қағидалардың 2-тарауында көзделген 2-жағдаятта вирустарды инактивациялауды (элиминациялауды) валидациалау кезінде эндогендік ретровирустар немесе ретровирус тәріздес бөлшектер болған жағдайда, өлшеніп оралмаған жинақта болатын бөлшектерден толық тазартуды растау үшін ретровирусты пайдалану қажет.
Вирустық жүктемені төмендету жөніндегі зерттеулерді осы Қағидалардың 2-тарауында көзделген принциптерге сәйкес жүзеге асырған жөн, алайда орнықтылықты (яғни вирустық жүктемені төмендетуге арналған өндіріс процестері көрсеткіштерінің ықпалын) растау үнемі талап етіле бермейді. Вирустық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал ететін препараттарды тазартудың тиісті кезеңдеріне сипаттама беру қажет. Осы кезеңдерде әлеуетті вирустарды инактивациялау (элиминациялау) уақытында продуцент-жасушалар желісінің вирустық қауіпсіздігін, мысалы эндогендік ретровирусты контаминацияның түрі мен дәрежесін немесе өндіріс уақытында адамнан немесе жануарлардан алынған материалды, сондай-ақ контаминацияның ықтимал дәрежесін ескерген жөн. Осы Қағидалардың 4-тарауында осы зерттеулер туралы толық ақпарат қамтылған.
Өндірістің кемінде 1 кезеңінің вирустық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалын зерттеген жөн және бағалауды кемінде 2 ортогоналды сатыда жүргізу қажет. Ортогоналды сатылар вирустарды инактивациялаудың (элиминациялаудың) әртүрлі механизмдерімен сипатталатын процестердің сатысын қамтиды. Тиімділік критерийлері осы Қағидалардың 4-тарауында келтірілген. Вирустық қауіпсіздіктің айтарлықтай қамтамасыз етуді болжамайтын өндіріс кезеңдерін зерттеу талап етілмейді.
Вирустық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді кезеңінің жаңғыртылуы кемінде 2 тәуелсіз экспериментте расталуы тиіс.
Валидациялық зерттеу жүргізу кезінде технологиялық процестің параметрлерін (анағұрлым нашар сценараийді), егер олар белгілі болса пайдалану қажет. Алайда, әзірлеу барысында жаңа технологиялық процестің мұндай неғұрлым нашар шекті параметрлері белгіленбеуі мүмкін. Бұл жағдайларда, өндіруші берілген режимде өндірістің нақты процесін жүзеге асырғанын растаған кезде репрезентативті (модельдік) шарттарды пайдалану негізделген.
Көрсетілген зерттеулердің көлемін қысқарту мынадай жағдайларға ықпал етеді:
егер осы кезең уақытында парвовирустар сияқты кіші қабықшасыз вирустарды қоса алғанда, вирустардың ауқымды спектрімен байланысқан вирустық жүктемені тиімді төмендетуді көрсету мүмкін болса, вирустарды инактивациялаудың (элиминациялаудың) нақты бір кезеңін зерттеу жеткілікті болуы мүмкін. Алайда, 2-жағдаятқа түсетін жасушалардың ретровирустық бөлшектерден толыққанды тазартылғанын растау үшін әдетте, өндірістің кемінде 1 кезеңіне бағалау жүргізу қажет;
өсіргеннен кейінгі өндірістің белгілі бір сатыларын пайдалану бойынша өндірушінің алдыңғы тәжірибесін ескеру қажет. Егер өндіруші іріктелген және өндірістің жақсы сипатталған процестерін қолдану арқылы препараттардың осындай ұқсас үлгілерін әзірлесе, мұндай препараттардың вирустық жүктемесін төмендету бойынша деректер өндіріс кезеңінде балама жаңа препаратқа қолданылуы мүмкін.
Әдетте, өндірістің осы кезеңі бойынша деректерді пайдалану үшін ол вирустық жүктемені төмендетуді қамтамасыз ететін, өндіріс процестерінің параметрлерін егжей-тегжей зерделеуді қоса алғанда, мұқият тексеруден өтуі тиіс. Егер нақты бір кезеңге қатысты бір препараттан артық препарат үшін пайдалануға болатын деректер болса, вирустық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тиімділігі әрбір жағдайда салыстырмалы болуы тиіс. Жаңа және бұдан бұрын өндірілген препаратты (препараттарды) осы нақты кезеңге дейін өңдеу ұқсас стратегия бойынша жүзеге асырылуы тиіс.
Жаңа препаратты өндіру үшін әзірлеушінің ішкі деректерін қолдануға негіздеме ұсыну қажет, мысалы, егер осы кезеңнің алдындағы сатыда алынған аралық өнімнің салыстырмалы биохимиялық құрамы болса және сәйкестендіру әдістерімен тазартудан өтсе, өндірістің белгілі бір кезеңінде вирустық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы деректерге сілтеме жасауға болады. Өндіруші әзірлеушінің ішкі деректері және тиісті аралық өнімнің құрамы қолданылатын өндіріс кезеңіне сыни талдау нәтижелерін ұсынуы тиіс. Бұл мәліметтер мыналарды, мысалы, сүзгінің типін, сүзгіге түсетін үлестік жүктемені, ағынның жылдамдығын, аралық өнімдердің қысымын және (вирустық сүзгілерге қатысты) құрамын немесе толықтырғыш қабатының биіктігін, жүктемесін, буферлік ерітіндінің және өндірістің аралық өнімдерінің құрамын, сондай-ақ хроматографиялық әдістерге арналған ағымдардың желілік жылдамдығын қоса алғанда, бағаналардың өлшемін қамтуы тиіс. Бұдан басқа, әрбір жаңа препараттың алдыңғы препараттарда болмайтын компоненттері болуы мүмкін, сондықтан осы препараттарға тән компоненттердің әлеуетті ықпалын ескеру қажет. Талдау екі жағдайда да пайдаланылатын өндіріс кезеңінің әлеуетті вирустық контаминанттарды инактивациялаудың (элиминациялаудың) ұқсас қасиеттері бар екені туралы тұжырымды толық растауы тиіс. Егер осы кезеңді салыстыруда сенімділік болмаса немесе дерекқор орталықтанған препараттың вирустық жүктемені төмендету процесінің қабілетіне ықпал етуін жою үшін жеткілікті түрде сенімді болмаса, кезеңнің нақты тиімділігін растау үшін тиісті вирусы бар кемінде бір циклді өңдеуді жүзеге асыру қажет. Егер технологиялық процестің көрсеткіші айтарлықтай ерекшеленсе, мысалы ұқсас жабдықты пайдаланған кезде әртүрлі хроматографиялық бейіндер алынса, кезең көрсетілген әдістемеге және осы Қағидалардың 2-тарауында көзделген принциптерге сәйкес валидациялауға жатады.
Жарияланған деректер вирустарды инактивациялау (элиминациялау) кезеңдеріндегі мүмкіндіктерді айқындау үшін пайдалы болуы, сондай-ақ олардың негізінде болатын механизмдерді түсінуге ықпал етуі мүмкін. Бұл вирустық жүктемені төмендетуге және валидациялауға жататын белгілі бір кезеңдерде анағұрлым нашар шекті мәндерді белгілеуге ықпал ететін түйінді технологиялық параметрлерді зерделеуді жеңілдетеді. Дегенмен, нақты бір препаратқа вирустық жүктемені төмендетудің жарияланған факторларын қолдану технологиялық процестердің, аралық өнімдердің салыстырылуын ауқымды растауды және препаратпен жанама өндіріс факторларының вирустық жүктемені төмендетуге ықпал етпейтініне кепілдік беруді талап етеді. Вирустық жүктеменің төмендеуі әртүрлі технологиялық параметрлерге және аралық өнімнің нақты құрамына тәуелді болуы мүмкін. Бұдан басқа, вирустық жүктемені төмендету бойынша берілген қабілеттілік таңдалған вирустар үшін (мысалы хроматографиялық әдістерді пайдаланған кезде) ерекше болуы мүмкін. Сондықтан, жарияланған деректер жан-жақты талдануы тиіс.
Мамандандырылған бағаналарды пайдалануға және әзірлеудің ең бастапқы сатыларында препараттар сериясының аз болуына байланысты зерттелетін дәрілік препараттарға қатысты бағаналарды қайта пайдалану және қайта генерациялау бойынша арнайы зерттеулер, әдетте талап етілмейді. Дегенмен, зерттелетін дәрілік препараттардың өндірісі үшін бағаналар қарқынды қайта пайдаланылған жағдайларда, бұл фактіні вирустық жүктемені төмендету процесінің қабілеттілігін зерттеу кезінде ескеру қажет.
Вирустық жүктемені төмендету әдістерін қайта валидациялау.
Алдыңғы зерттеуде пайдаланылған (мысалы I фазаның алғашқы зерттеуінде) зерттелетін дәрілік препараттар туралы деректерді кейінгі зерттеулерде қолдануға болады. Алайда, зерттелетін дәрілік препараттарды әзірлеу кезінде өндіріс процестерінде айтарлықтай өзгерістер болуы мүмкін және бұл өзгерістер вирустық жүктемені төмендету қабілетіне тікелей немесе жанама (егер, өзгеріс өндіріс кезеңдерін бағалау уақытында ескерілмесе) ықпал етуі мүмкін. Тиісінше егер, қолда бар деректер алдыңғы клиникалық зерттеулерде пайдаланылатын зерттелетін дәрілік препараттардың өндірісін көрсетпесе, қайтадан бағалау келесі клиникалық зерттеулер басталғанға дейін жүргізілуі тиіс. Енгізілген өзгерістерге қарай, вирустарды іріктеуді қайта қарау және қажетіне қарай вирустық жүктемені төмендету процесінің мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін қосымша вирустарды енгізу қажет. Егер тіпті осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес ұзартылған клиникалық зерттеулердің ең кейінгі сатыларында (мысалы III фаза) толық валидация талап етілмесе, өндірушілер «модельдік» вирустарды және өндіріс процестерінің кезеңдерін бағалауды ескере отырып, таңдалған тәсілдерді негіздеуі тиіс. Осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес вирустық қауіпсіздікті толық ауқымды валидациялық зерттеулерді өндіріс пен тазартудың түпкілікті процесі жасалғаннан кейін жүргізу қажет.
4.2.5. Талдамалық әдістемелерді сипаттау және аттестаттау.
Бастапқы материалды және аралық өнімдерді вирустардың
бар-жоғы тұрғысынан сынау үшін немесе процестің вирустық жүктемені төмендету қабілетін бағалау кезінде әртүрлі талдамалық әдістемелер пайдаланылуы мүмкін. Вирустарды табу бойынша зерттеу әдістері цитопатиялық іс-әрекеттерді (ЦПІ) және көптеген индикаторлық жасуша желілеріне гемадсорбцияны бағалау бойынша in vitro сынақтарының, in vivo сынақтарының және мысалы, ПТР қолдана отырып, вирустың бар-жоғын ерекше сынаудың ауқымды спектрін қамтиды. Ретровиурстардың бар-жоғын сынауды жүргізу кезінде трансмиссиялық электрондық микроскопия (ТЭМ), әртүрлі жасуша желілерін және кері транскриптазаны (мысалы, препараттағы күшейтілген кері транскриптазаны (PERT)) пайдалана отырып, бірлесіп өсіру әдісімен талдау пайдаланылуы мүмкін.
Клиникалық зерттеу фазасына қарамастан, вирустардың бар-жоғын (сапалық та, сандық та әдістерін) тексеру үшін пайдаланылатын талдамалық әдістемелердің жарамдылығын негіздеу қажет. Әдетте, осы Қағидалардың 2-тарауының 3.2. және 4-кіші бөлімдері қолданылады. Пайдаланылатын әдіс және оны бақылау тәсілі туралы дәл түсінік беру үшін реагенттерді, бақылауларды, сынау процедураларын және валидтілік критерийлерін қоса алғанда, талдамалық әдістемелердің мейлінше толық сипаттамасын ұсынған жөн. Фармакопеялық әдістемелерді пайдаланған кезде нақты сілтемелер келтіру қажет.
Қажет болған кезде жасуша банктері жүйесін және басқа да бастапқы материалдарды саралау кезінде пайдаланылған талдамалық әдістемелерге қатысты, сондай-ақ өңделмеген өлшеніп оралмаған материалды вирустардың бар-жоғы тұрғысынан сынау үшін кесте форматында талдамалық әдістемелерді саралау және (немесе) валидациялау нәтижелерінің резюмесін (мысалы, оң және теріс бақылауды, сезімталдықты, сандық айқындауды және табу шегін қолдана отырып, ерекшеліккке қатысты алынған мәндердің нәтижелерін) ұсыну қажет. Әрбір әдісті саралау туралы толық есепті ұсыну қажет емес, бірақ мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының сұратуы бойынша ұсыну үшін олардың болуы қажет.
Вирустық жүктемені төмендету жөніндегі зерттеулерде қолданылатын қосымша талдамалық әдістемелерге қатысты осы әдістемелердің вирустық бөлшектердің санын айқындау үшін жарамдылығын растайтын жан-жақты ақпаратты ұсыну қажет. Ақпарат бағалау жөніндегі зерттеулердің, мысалы санын айқындау шегінің, ерекшеліктің, зерттеу ішіндегі түрленгіштіктің, буферлік ерітіндінің (матрицаның) вирустық инфекциялықты айқындауға ықпалының, сондай-ақ таңдалған «модельдік» вирустардың индикаторлық жасушаларды инфекциялаушы қабілетіне ықпал ететін препарат пен буферлік ерітінді цитоуыттылығының сипатын қамтуы тиіс. Вирусологиялық сынақтардың нәтижелерін статистикалық бағалау жөніндегі ұсынымдар осы Қағидалардың 2-тарауына № 3 қосымшада келтірілген. Егер қолданылатын болса, вирустардың бар-жоғын тексеруді орындаған келісімшарттық зертханалардың есебі қабылдануы мүмкін.

4.3. Вирустық қауіпсіздік қатерін бағалау


Препараттың вирустық қауіпсіздігі туралы деректерді ұсынудан бөлек, клиникалық зерттеу жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішпен бірге вирустық қауіпсіздіктің қатерін бағалауды да ұсыну қажет. Осы тараудың 4.1 және 4.2.1 – 4.2.4-кіші бөлімдерінде көрсетілген факторларды негізгі факторлар деп есептеген жөн. Осы Қағидалардың


2-тарауына сәйкес жасуша желілерін және адам мен жануарлардан алынған барлық шикізатты вирустық контаминанттардың бар-жоғына сынау нәтижелерін және өндірістің тиісті процестерінде препаратта инфекциялық вирустардың жоқ екенін тексеруді ескеру қажет.
Қатерді бағалау осы Қағидалардың 2-тарауына № 5 қосымшаға сәйкес бір дозаға шаққандағы болжамды бөлшектердің санын айқындауды және өндірістік процестерінің барлық сатыларын қамтуы тиіс.
Жекелеген жағдайларда клиникалық зерттеу үшін жиынтық қатерді бағалау кезінде қолдануға көрсетілімдер, қолдану дозасы, жиілігі, экспозицияға ұшырайтын адамдардың саны, зерттеу ұзақтығы мен пациенттердің иммунологиялық мәртебесі сияқты клиникалық параметрлерді қараған жөн. Бұл контексте осы параметрлердің кейбіреулерінің I, II және III фазалардың арасындағы кезеңде өзгеруі мүмкін екенін ескерген жөн. Клиникалық параметрлер бірінші кезекті шешімдерді қабылдау үшін пайдаланылатын параметрлер ретінде қаралуы тиіс, бірақ олар вирустық қауіпсіздік тұрғысынан клиникалық зерттеу жүргізуге рұқсат беру туралы қорытынды шешім қабылдаған кезде ескерілуі мүмкін.
Әрбір жағдайды жеке қараған жөн.

4.4. Зерттеу кезінде вирустық қауіпсіздікті


қайтадан бағалау

Зерттелетін дәрілік препараттарды сынау уақытында технологиялық өзгерістер жиі енгізіледі, бұл ретте, олардың кейбіреулері бұрын белгіленген вирустық қауіпсіздіктің бағасына ықпал етуі мүмкін. Вирустық қауіпсіздіктің қатерін бағалау орындалған зерттелетін дәрілік препараттың өндірісі процесіне өзгерістер енгізілген барлық жағдайларда, өндіруші барлық енгізілген өзгерістерді құжаттауы және олардың әрқайсысы бойынша қатерді қайтадан бағалау қажеттігі туралы шешім қабылдауы тиіс. Кейбір жағдайларда өзгерістің вирустық қауіпсіздіктің қатерін бағалауға ықпал ететіні айқын болады. Алайда, айқын ықпал етуі немесе аяқталуы белгісіз болған кезде, қайтадан бағалау жүргізу қажет және қажет болған кезде, тиісті эксперименттік зерттеу жүргізу қажет. Бұл жағдайларда, вирустық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің барлық аспектілерін ескеру қажет.


Вирустық қауіпсіздік бойынша зерттеудің валидтілігін төмендетуі мүмкін өзгерістерге қатысты осы тараудың 4.2.4-кіші бөліміндегі «Вирустық жүктемені төмендету әдістерін қайта валидациялау» кіші бөліміне жүгіну қажет.

4.5. Клиникалық зерттеу жүргізуге рұқсат алуға арналған


құжаттама форматы

Клиникалық зерттеу жүргізуге рұқсат алуға арналған дерекнамаға вирустық және ТГЭ қауіпсіздігіне қатысты құжаттарды қамтитын бөлімдерді қосу қажет. Барлық деректер негізгі дерекнаманың басқа бөлімдеріне сілтеме мейлінше аз жасалып, бірге жинақталуы тиіс, ол бұларды бірыңғай бағалауды орындауға мүмкіндік береді. Жасуша желілерін сынау туралы бастапқы деректерді және вирустық қауіпсіздік бойынша зерттеулерді қоса алғанда, толық есептерді талап етілген кезде ұсыну қажет. Ұсынылған деректерді бағалау уақытында, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары зерттелетін дәрілік препараттардың вирустық қауіпсіздігі туралы неғұрлым дәл әрі анық түсінік алуы үшін осы есептерді сұрауға құқылы. Бастапқы деректерді есептің бір бөлігі ретінде келісімшарттық немесе дербес зертханалар ұсынуы мүмкін. Егер өтініш беруші бұдан бұрын алған дербес деректерді (яғни басқа препараттар жөніндегі деректерді) пайдаланса, дербес деректерді бағалауға және олардың валидтілігіне сенімді болуға немесе зерттелетін дәрілік препараттың әзірлемесін негіздеуге мүмкіндік беретін жеткілікті деректер жинағын ұсынуы қажет.


4-тарау. Вирустық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістерінің валидациясы: вирустарды инактивациялау және жою әдістерінің валидациясы бойынша зерттеу нәтижелерін әзірлеу, жүргізу және интерпретациялау


І. Кіріспе


1.1. Осы тарауда биологиялық препараттардың вирустық қауіпсіздігіне валидациялық зерттеу жүргізу және оның вирустарға ықпал ету қажеттілігі қаралады. Пайдаланылатын вирустарды таңдауды және алынған, әсіресе вирустарды инактивациялау және (немесе) элиминациялау үшін тиімді деп есептеуге болатын процестердің кезеңін айқындауға қатысты деректерді интерпретациялауды қоса алғанда, валидациялық зерттеуді жоспарлау жөнінде ұсынымдар беру осы тараудың негізгі мақсаты болып табылады.


1.2. Осы тарауда тірі вирустық вакциналарды (соның ішінде
гендік-инженерлік тірі векторларды) қоспағанда, медициналық қолдану үшін биологиялық дәрілік препараттардың барлық санатынан вирустарды инактивациялау және (немесе) элиминациялау процедураларының валидациясы қаралады. Қаралатын препараттардың түрлері:
адамнан немесе жануарлардан алынған in vitro жасушалық желілерін өсіру кезінде алынатын препараттар;
in vivo өсіру кезінде немесе адамның немесе жануарлардың ағзалары мен тіндерінен алынатын препараттар;
адамның немесе жануарлардың қанынан немесе зәрінен немесе басқа биологиялық сұйықтықтарынан алынған препараттар.
1.3. Вирустық контаминация қатері өндірісі жануарлардан немесе адамнан алынған материалды пайдалануды болжайтын барлық биологиялық препараттар үшін тән болып келеді. Биологиялық препараттың вирустық контаминациясы бастапқы материалмен, мысалы жануардан алынған жасушалар банктерімен, адамның қанымен, адамның немесе жануардың тіндерімен негізделуі мүмкін, бөгде агенттер өндіріс процесіне, мысалы жасушаларды өсірген кезде жануарлардың сарысуы пайдаланылған кезде енгізілуі мүмкін.
1.4. Осы тараудың 1.3-тармағында көзделген вирустардың берілуінің негізгі себебі бастапқы материалдардың контаминациясы болып табылады. Биологиялық препараттың контаминациясы өндіріс процесінде инфекцияланған материалды пайдаланған кезде немесе қосалқы затпен болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда вирус препаратты айналысқа енгізгеннен кейін бірнеше жылдар өткен соң табылуы мүмкін, өйткені контаминация инфекциялық агенттердің болуы туралы жеткілікті білім алынғанға дейін болды (сары безгек профилактикасына арналған вакцина табиғи түрде тауық жұмыртқаларын инфекциялайтын құстар лейозының вирусымен және тұрақтандырғыш ретінде пайдаланылған адам сарысуында болатын В гепатитінің вирусымен контаминиациялануы мүмкін, SV40 вирусы полиомиелит пен аденовирустық инфекцияның профилактикасына арналған, SV40 вирусының табиғи резервуары болып табылатын макака резустарынан алынған бүйрек жасушаларының бастапқы өсінділерінде шығарылатын вакциналарды контаминациялауы мүмкін). Бұдан басқа, адамның плазмасында болатын вирустар, мысалы АИТВ және С гепатитінің вирусы қан препараттарын контаминациялауы мүмкін.
1.5. Биологиялық дәрілік препараттардың әлеуетті вирустық контаминациясын бақылау мақсатында өзін-өзі толықтыратын негізгі үш тәсілді пайдалануға болады:
бастапқы материалдарды іріктеу және табылатын вирустардың жоқтығы тұрғысынан сынау;
өндірістік процестердің вирустарды инактивациялау немесе элиминациялау қабілетін сынау;
препаратты тиісті өндіріс кезеңдерінде табылатын вирустардың жоқтығы тұрғысынан сынау.
Тәсілдердің ешқайсысы өз бетінше жеткілікті кепілдік бермейді, сондықтан оған қол жеткізу мақсатында олардың комбинациясын пайдалану қажет.
1.6. Бастапқы материалдарды сынау вирустық контаминацияны азайтудың міндетті шарты болып табылады. Сынақтарда вирустардың бір немесе одан көп түрлері табылуы мүмкін, алайда жекелеген сынақтардың ешбіреуі барлық белгілі вирустардың бар-жоғын растауға қабілетсіз. Оның үстіне, оң нәтиже алу мақсатында кез келген талдамалық жүйелер біршама аз вирустық контаминацияны талап етеді, сынау сондай-ақ сынамаларды іріктеу кезінде статистикалық қателіктермен шектелген. Кейбір сынақтар, мысалы адам плазмасындағы С вирустық гепатитіне антиденелерге сынақтар инфекцияланғаннан кейін біраз уақыт өткен соң пайда болатын инфекциялардың маркерлерін өлшеуге қабілетті. Ұқсас пайымдар дәрілік препараттарды сынауға қатысты әділетті.
1.7. Осыған байланысты биологиялық дәрілік препараттарда инфекциялық вирустардың жоқ екенін растау көп жағдайларда олардың бар-жоғын тікелей сынау есебінен ғана емес, өндіріс процесінің оларды инактивациялауға немесе элиминациялауға қабілетін растау арқылы да орын алады. Вирустарды инактивациялау және (немесе) элиминациялау процесінің валидациясы биологиялық препараттардың қауіпсіздігін белгілеу үшін, әсіресе бастапқы материалдар мен шикізаттың, мысалы плазмадан алынған препараттардың адам үшін патогенді вирустармен контаминациясының жоғары ықтималдығы кезінде басты рөл атқаруы мүмкін. Бұдан басқа, көптеген жағдайларда, бұрын ол туралы белгілі болмаған агенттермен контаминация болғандықтан және өндіріс кезінде мұндай мүмкіндік туралы тіпті күдік болмаған кезде, өндіріс процесін бағалау вирустардың ауқымды спектрінің (белгісіз қауіпті вирустарды қоса алғанда) элиминациялауға ұшырайтынына белгілі бір сенімділік беруі мүмкін.
1.8. Валидациялық зерттеулерді жүргізудің және вирустық жүктемеге валидациялық зерттеулерді жоспарлау кезінде пайдаланылуы қажет вирусологиялық тәсілдердің жалпы принциптерін сипаттау осы тараудың басты мақсаты болып табылады. Өндірушілер өндіру кезінде және тазарту процедураларында пайдаланылатын бастапқы материал мен шикізаттың қасиеттерін, сондай-ақ осы қауіпсіздік аспектісіне ықпал етуі мүмкін басқа да факторларды ескере отырып, нақты препаратқа қатысты осы тарауда қамтылған қағидаларды пайдалануы тиіс. Өндірушілер вирустарды элиминациялауды бағалау жөніндегі зерттеулерде, тіркеу дерекнамасында өздері пайдаланған тәсілдерді түсіндіруі және негіздеуі тиіс.

2. Вирустық контаминация көздері


Биологиялық препараттардың вирустық контаминациясы мыналармен негізделуі мүмкін.


2.1. Бастапқы материал мен шикізат материалдың немесе шикізаттың көзі болып табылатын жануарлар түрін инфекциялайтын вирустармен контаминациялануы мүмкін. Қанда әртүрлі вирустар болуы мүмкін және адам плазмасынан алынған препараттарды қолдану В және С гепатиттерінің вирустарымен, АИТВ-мен, B19 парвовирусымен және кейбір кездері А гепатитінің вирусымен инфекциялануға алып келді. Кейбіреуі адам үшін патогенді болып табылатын тышқан вирустары тышқан гибридомаларын контаминациялауы мүмкін. Генетикалық манипуляцияны жүзеге асыруға арналған жасуша желілері вирустармен контаминациялануы мүмкін, осыған байланысты оларды таңдауда аса ұқыпты болу және жасушалық желілермен тиісінше сипатталатын жұмысты бастау үшін генетикалық манипуляциялағанға дейін табылатын бөгде агенттердің болмауы тұрғысынан сынауды жүргізу қажет.
2.2. Жасушалар латентті немесе ұзақ сақталатын инфекцияның көзі болуы мүмкін, мысалы вирустық геном түрінде жасушалардың бір буынынан келесісіне тігінен берілуі мүмкін және инфекциялық вирус ретінде кезең-кезеңмен экспрессиялануы мүмкін ұшық вирусы немесе ретровирус көзі болуы мүмкін.
2.3. Өндірістік жасушалық желіні құру кезінде жануарлардың басқа түріне тән контаминациялаушы вирус түсуі мүмкін, мысалы, Эпштейн-Барр вирусымен трансформацияланған моноклондық антиденелерді секрециялайтын адамның лимфобластоидты жасушалық желісі тышқандардың миелома жасушаларымен қосылғаннан кейін тышқанның ретровирусын жұқтыруы мүмкін.
2.4. Бөгде вирустар контаминацияланған жануарлардың өнімдерін өндіріс процесінде пайдалану кезінде түсуі мүмкін, мысалы, жасуша өсінділері бұқа сарысуын пайдалану салдарынан бұқа вирустарымен контаминациялануы мүмкін немесе аффиндік хроматографияда пайдаланылатын тышқанның моноклонды антиденелері препаратты тышқан вирустарымен контаминациялауы мүмкін.
2.5. Контаминацияланудың өзге де көздері болуы мүмкін, мысалы, өндірістік персонал немесе шығу тегі биологиялық емес шикізат.

3. Валидациялау процесі


3.1. Вирустардан тазарту жөніндегі валидациялық зерттеулердің мақсаты:


өндіріс процесінде бастапқы материал мен шикізатты контаминациялау қабілеті белгілі вирустар немесе болжамды түрде осындай қасиеттері бар вирустар тиімді түрде инактивацияланатынын және (немесе) элиминацияланатынын растаудан;
өндіріс процесінде жаңа немесе болжап білуге болмайтын вирустар инактивациялануы және (немесе) элиминациялануы мүмкін екенін тікелей емес растаудан тұрады.
Бұған өндірістің әртүрлі кезеңдеріндегі материалға вирусты әдейі қосу (spiking) және келесі кезеңдер барысында оның элиминациялануы мен инактивациялану дәрежесін өлшеу есебінен қол жеткізіледі. Бұл тәсіл инфекциялық вирустың болуын азайтуды қамтамасыз етуге тиімді кезеңдерді айқындауға мүмкіндік береді; ол процестің контаминациялаушы вирустардың жұғуын элиминациялаудағы процестің жалпы қабілеттілігін сипаттайды.
3.2. Вирустарға валидациялық зерттеулер тиісті кезеңдерде материалдарды тікелей сынау сияқты препараттың вирусологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сонымен бірге, вирустарға барлық валидациялық зерттеуді процестің шынайы мүмкіндіктерін шамалап бағалау ретінде қараған жөн, өйткені өндіріс процесіне мінсіз валидациялық зерттеу жүргізу күрделі құбылмалыларды көптеп тартуға байланысты қиынға түсуі мүмкін. Пайдаланылатын вирустың белгілі бір зертханалық штамында немесе процедурада болатын тіпті болмашы модификациялаудың өзі вирустардың элиминациясы мен инактивациясына зор ықпал етуі мүмкін екенін нәтижелер көрсетіп отыр.
3.3. Егер бастапқы материал немесе шикізат, мысалы, адамның немесе жануарлардың қаны, тіндері және органдары жеткілікті түрде сипатталмаса немесе жасушаларды өсіру in vivo жағдайларында жүзеге асырылса, вирустық контаминациялану ықтималдығы артады, сондықтан да өндіріс процесінде, әдетте, вирустарды инактивациялаудың және (немесе) элиминациялаудың бір немесе бірнеше тиімді кезеңдері қамтылуға тиіс. Плазмадан алынған препараттар вирустық қауіпсіздікке қатысты ерекше қауіп туғызады.
3.4. Егер бастапқы материалдың (мысалы, толық сипатталған жасушалар банкі) вирусологиялық қаупі аз болса, тазарту процесі, әдетте, вирустарды инактивациялаудың және (немесе) элиминациялаудың арнайы кезеңін қамтымайды және тазартудың валидацияланған процесін вирустарды инактивациялаудың және (немесе) элиминациялаудың жеткілікті дәрежесін қамтамасыз етті деп есептеледі. Жасалған клиникалық тәжірибе бұл тәсілдің қандай да бір кемшілігін таппады. Дегенмен, моноклонды антиденелерді (МкАД) өндірушілер өндіру процесінде вирустарды инактивациялаудың және (немесе) элиминациялаудың арнайы кезеңдерін пайдаланады, өйткені тышқаннан алынған МкАД жасушалық продуцент желілері ықтимал инфекциялық ретровирустардың әртүрлі көлемін бөледі.
3.5. Жасушалар өсінділерінің жүйелеріне вирустар репликацияларын сақтау тән екенін есте сақтаған жөн. Осыған байланысты, жасушалар банкі өзін жақсы жағынан танытқанымен, өсінділердің вирустық контаминациялану қатері сақталып, бөгде вирустармен контаминацияланудың бірлі-жарым оқиғалары туралы хабарламалар бар.
3.6. Талап етілетін валидациялық зерттеулерді жүргізу негіздемесі және олардың көлемі өндіріс процесі мен препарат типіне (мысалы, бастапқы материал көзі болып табылатын жануарлар түріне, бастапқы материал мен шикізаттың түрленгіштік дәрежесіне, белсенді өнімнің тұрақтылығына және т.б.) тәуелді болады. Зерттеулердің жеткіліктілігі жеке-дара тәртіппен айқындалатын болады.

4. Валидациялау үшін вирустарды таңдау


4.1. Валидациялау үшін вирустар, біріншіден, табиғаты жағынан препаратты контаминациялай алатын вирустарға мүмкіндігінше жақын болуға, екіншіден, вирустарды тұтастай элиминациялау жүйесін айқындау үшін физикалық-химиялық қасиеттер диапазоны неғұрлым кең болуға тиіс.


4.2. Валидациялық зерттеулердің көпшілігінде вирустар штамдары пайдаланылады, оларды алу және санын айқындау оңай. Вирустардың әртүрлі зертханалық штамдарының бір-бірінен ерекшеленетін, сондай-ақ вирустарда табиғи түрде кездесетін қасиеттері болуы мүмкін. Демек, валидациялық зерттеуде пайдаланылған кез келген вирус іс жүзінде «модельдік» вирус болып табылады. Өндіруші валидациялық зерттеудің мақсатына және осы тарауда көрсетілген принциптерге сәйкес вирустарды таңдауды негіздеуге тиіс. Ықтимал контаминанттармен ұқсастығы көп болғандықтан не олардың қасиеттері ұқсас болғандықтан, екі ұқсас вирусты валидациялық зерттеулер үшін пайдалану мүмкін болған жағдайда, егер өзгеше негізделмеген болса, неғұрлым резистентті вирусты пайдаланған жөн.

4.3. Вирустарды таңдау үлгілері


Адамның плазмасынан алынған қоюлану факторларының концентраттары АИТВ контаминациясына ұшыраған. Осыған байланысты, мұндай материалдардың өндірісін вирустардан тазарту процесінің инфекциялық АИТВ-ны инактивациялау және (немесе) элиминациялау қабілеттілігі тұрғысынан бағалау қажет.


Кеміргіштерден алынған жасушалық желілер, әдетте, эндогендік ретровирус бөлшектерінен тұрады, олар инфекциялық (С-типті бөлшектер) немесе инфекциялық емес (А-типті бөлшектер) болуы мүмкін. Егер бастапқы материал немесе шикізат кеміргіштердің жасушалық желісінен алынатын болса, өндіріс процесін оның тышқандардың жақын тектес зертханалық ретровирустарының бірін инактивациялау және (немесе) элиминациялау қабілетіне бағалау қажет.
Вирустық инфекциялықты элиминациялау процесінде жалпы қабілетін бағалау үшін пайдаланылған физикалық-химиялық қасиеттердің кең диапазонына ие вирустардың үлгілері мыналар болып табылады:
кішігірім қабықсыз вирустар ретінде – SV40, жануарлар полиовирусы және парвовирусы;
ірі қабықты РНК-вирустар ретінде – паратұмау немесе тышқан ретровирусы;
ірі ДНК-вирусы ретінде – ұшық вирусы.
Валидациялық зерттеулерден өткен вирустардың үлгілері кестеде келтірілген.

Кесте
Вирустарға валидациялық зерттеулерде пайдаланылған вирустардың үлгілері





Вирус

Тұқымдастығы

Тегі

Табиғи иесі

Геном

Қабыша

Мөлшері

Нысаны

Физикалық-



















(нм)




химиялық өңдеуге

























резистенттілігі

Везику­лярлық стоматит вирусы

рабдовирустар

везикуловирус

жылқы,
сиыр

РНК

бар

70x150

оқ

төмен

Паратұмау вирусы

парамиксови-
рустар


парамиксовирус

әртүрлі

РНК

бар

100 - 200

плеосфера

төмен

Адамның иммун-тапшылығы вирусы

ретровирустар

лентивирус

адам

РНК

бар

80 – 100

сфералық

төмен

Тышқандардың лейкозы вирусы

ретровирустар

с типті онковирус

тышқан

РНК

бар

80 – 110

сфералық

төмен

Синдбис вирусы

тогавирустар

альфавирус

адам?

РНК

бар

60 - 70

сфералық

төмен

Бұқа вирусты
диарея вирусы



тогавирустар



пестивирус



сиыр



РНК



бар



50 - 70



плеосфера



төмен

Жалған құтырма вирусы

ұшық вирустары

варицелловирус

шошқа

ДНК

бар

120 - 200

сфералық

орташа

1 типті полимиелит вирусы

пикорнавирустар

энтеровирус

адам

РНК

жоқ

25 - 30

икосаэдриялық

орташа

Энцефало­
миокардит вирусы

пикорнавирустар

кардиовирус

тышқан

РНК

жоқ

25 - 30

икосаэдриялық



орташа

Вирус

Тұқымдастар

Тегі

Табиғи иесі

Геном

Қабықша

Мөлшері
(нм)

Нысаны

Физикалық-химиялық өңдеуге резистенттілігі

Реовирус 3

реовирустар

ортореовирус

әртүрлі

РНК

жоқ

60 - 80

сфералық

орташа

A гепатиті

пикорнавирустар

гепатовирус

адам

РНК

жоқ

25 - 30

икосаэдриялық


икосаэдриялық

жоғары

SV40

паповавирустар

полиомавирус

маймыл

ДНК

жоқ

40 - 50

өте жоғары

Парвовирустар (ит, шошқа)

парвовирустар

парвовирус

ит,
шошқа

ДНК

жоқ

18 - 24

икосаэдриялық

өте жоғары

Бұл кестеде валидациялық зерттеулерде пайдаланылған вирустардың толық тізбесі қамтылмаған. Демек, кестеде көрсетілген вирустарды пайдалану міндетті емес. Өндірушілерге басқа да вирустарды, әсіресе, олар нақты өндірістік процестер үшін неғұрлым жарамды болса, пайдалану ұсынылады.


4.4. Пайдаланылған вирустардың инфекциялығын сандық тұрғыдан айқындаудың тиімді, сезімтал және сенімді әдісінің болуы қажет. Жоғары титрда алуға болатын вирустарды пайдаланған дұрыс, алайда бұған үнемі қол жеткізіле бермейді.
4.5. Қой, ешкі және бұқа тіндерінен алынатын препараттар орталық жүйке жүйесі мен лимфо тіндерде жинақталатын қышыма қотыр сияқты трансмиссивті кеуекті энцефалопатия агенттерімен контаминациялануы мүмкін. Осы агенттер жөніндегі нұсқаулар Комиссия бекітетін Одақтың фармакопеясында және осы Қағидалардың жеке тарауында келтірілген.

5. Валидациялық зерттеулер дизайны


5.1. Валидациялық зерттеулер өндірістің әртүрлі кезеңдерінде вирустарды әдейі қосуды және келесі арнайы кезең немесе өндіріс кезеңдері барысында оның элиминациялану (инактивациялану) дәрежесін өлшеуді болжайды. Өндіріс процесінің әрбір жеке кезеңін валидациялау міндетті емес. Вирусты инактивациялауға (элиминациялауға) үлес қосуы мүмкін-ау деген кезеңдерді ғана валидациялық зерттеу нысанасы ету қажет.


5.2. Комиссия бекітетін Одақтың тиісті өндірістік практика қағидаларында өндірістік технологиялық желіге қандай да бір вирусты әдейі түсіруге жол берілмейді. Осыған байланысты валидацияны вирусологиялық жұмыс жүргізуге арналған жеке зертханалық жабдықта, технологиялық желінің үлкейтілген (кішірейтілген) нұсқасында жүргізу қажет, онымен вирусология және өнеркәсіптік биоинженерия бойынша жұмыс тәжірибесі бар персонал айналысуға тиіс. Зерттеуді Комиссия бекітетін Одақтың тиісті зертханалық практика қағидаларына сәйкес жүргізу қажет.
5.3. Препараттың вирустық қауіпсіздігін бағалау мақсатында үлкейтілген жүйеде алынған нәтижелерді қабылдаудың міндетті шарты модельдік және толық масштабтық процедуралардың салыстырмалылығы болып табылады. Осыған байланысты, pH, температура, ақуыздың және басқа да құрамдастардың концентрациясы, реакция уақыты, бағананың биіктігі (column bed height), ағынның желілік жылдамдығы, ағын жылдамдығының биіктікке арақатынасы (bed height), эльюирлеу бейіні және кезеңнің тиімділігі (мысалы, шығуы, теңгерімі, өзіне тән жылдамдығы, құрамы) сияқты процесс параметрлерін салыстыру арқылы үлкейтудің валидтілігін растау қажет. Олардың нәтижелерге ықтимал әсері тұрғысынан амалсыз болатын ауытқуларды талдау қажет.
5.4. Мүмкіндігінше, вирустық инфекцияланудың төмендеуіне қандай процестің (вирусты инактивациялау немесе вирус бөлшектерін элиминациялау) есебінен қол жеткізілетінін көрсету қажет. Бұған жағдайды негізге ала отырып, вирустық жүктеме теңгерімін және (немесе) төмендеу кинетикасын айқындау арқылы қол жеткізуге болады. Вирустық инфекциялануды төмендететін процесс бөлшектердің элиминациялануын қамтамасыз ететін процестерге қарағанда, модельдеуге жеңіл бой алдырады. Вирустардың инактивациялану кезеңінің инактивация кинетикасын зерделеу және оны есептерде кесте мен графикалық форматта сипаттау қажет. Егер тым жылдам инактивациялау процесс шарттарын тіркеу және сипаттау көмегімен вирустық жүктеме кинетикасын көрсетуге мүмкіндік бермесе, инфекцияланудың инактивациялау есебінен шын мәнінде төмендейтінін дәлелдеу үшін қосымша зерттеулер жүргізу қажет. Осылайша, вирус түскен үлгінің немесе матрицаның ықтимал теріс әсерін байқауға, байқау шектерін анықтай отырып, сандық айқындау әдісіне бағытталған тиісті бақылауды енгізу қажет.
5.5. Өндірістің осы кезеңінің көмегімен вирустарды инактивациялау (элиминациялау) тиімділігіне әсер ететін өндірістік параметрлерді зерделеу және вирустық жүктеме құрамының тиісті өндірісішілік шектерді белгілеу үшін пайдаланылған нәтижелерді келтіру қажет. Сыни параметрлерге мыналар жатады:
ағынның жылдамдығы, араластыру жылдамдығы, бағаналар мөлшері, бағаналарды қайталап пайдалану және т.б. сияқты механикалық параметрлер;
ақуыз құрамы рН, температура, ылғал құрамы және т.б. сияқты физикалық-химиялық параметрлер.
5.6. Бастапқы материал құрамындағы антиденелер бөлу және инактивациялау кезеңдерінде вирустардың әрекетіне әсер етуі мүмкін. Валидациялық зерттеулерде осы мән-жайды ескеру қажет.
5.7. Вирустық жүктеменің қол жеткізілетін лог-төмендеуінің валидтілігі өндірісішілік шектерді белгілеу үшін пайдаланылған процестің сыни параметрлері вариациясының әсерімен айқындалады.
5.8. Ұқсас немесе сондай процестердің вирустарды инактивациялау (элиминациялау) қабілеті бойынша жарияланған жұмыстар неғұрлым тиімді кезеңдерді анықтауға мүмкіндік береді. Алайда, валидациялық зерттеулерге тән болатын және процесті модельдеу, пайдаланылатын вирустарды таңдау әрі зертханалық масштабта толық масштабты өндіріс параметрлерін айқындау қажеттігіне байланысты түрленгіштік – валидациялау туралы деректердің өтініш берушінің өзі ұсынған эксперименттік зерттеулерге негізделуге тиіс екенін білдіреді.
5.9. Зерттелуге жататын, өндірістік кезеңде бастапқы материалға қосылатын вирустың көлемі, мүмкіндігінше, көп болуға тиіс, бұл өндірістік кезеңнің вирусты тиісті түрде инактивациялау (элиминациялау) қабілетін айқындау үшін керек. Алайда, қосылатын вирустың көлемі өндірістік материалдың құрамын елеулі түрде бұзбауға тиіс (әдетте, қосылатын вирус көлемі 10 %-дан аз болады). Мүмкіндігінше, вирустық жүкемені төмендетудің есептеп шығарылған факторлары вирус көлеміне негізделуге тиіс, оны бастапқы материалға қосылған вирус көлеміне қарап емес, вирусты қосқаннан кейін бастапқы материалдан байқауға болады.
5.10. Мүмкіндігінше, модельді эксперименттердегі үлгілерден алынған вирусты ультрафильтрлеу сияқты одан әрі манипуляция жасамай тиртрлеген жөн. Егер одан әрі өңдеу қажет болса (мысалы, ингибиторларды немесе уытты заттарды жою) немесе барлық үлгіні бір мезгілде титрлеуді қамтамасыз етуге бағытталған сақтау болжанса, осы процедуралардың зерттеу нәтижесіне қалай әсер ететінін айқындау мақсатында тиісті бақылауды енгізу қажет. Уытты әсерін қоса алғанда, үлгінің байқау жүйесіне әсерін құжаттау қажет, өйткені үлгілер байқау шектеріне әсер етеді.
5.11. Инфекциялануды сандық айқындауды Комиссия бекітетін Одақтың тиісті зертханалық практика қағидаларында айқындалған принциптерге сәйкес жүргізу қажет, олар түйіршіктің түзілуін, синцития немесе ошақтар сияқты басқа да цитопатиялық әсерлерді, соңғы нүктелер бойынша титрлеуді (мысалы ТСІD 50 айқындау әдістемесі), вирустық антигендер синтезін байқауды және басқа да әдістерді қамтуы мүмкін. Нәтиженің тиісті статистикалық дұрыстығын айқындау мақсатында әдіс жеткілікті дәрежедегі сезімталдыққа ие болуы және қайта басталатын болуы және осы тарауға № 1 қосымшаға сәйкес жеткілікті қайталанып әрі бақыланып жүргізілуге тиіс.
5.12. Нуклеин қышқылдарын амплификациялау әдістері (мысалы, ПТР) вирустық геномдарды анықтау үшін жоғары сезімталдыққа ие тәсіл болып табылады, олар жасушалар өсінділерінде өспейтін В және С гепатиті сияқты вирустарды байқауға қабілетті болады. Алайда, осы технологияның маңызды шектеуі геномды амплификациялау әдістемесінде инактивацияланған вирусты табу болып табылады, бұл ықтимал тиімді процестің көмегімен қол жеткізілген вирустық инактивация дәрежесін төмендетуі мүмкін. Вирустарды элиминациялауға байланысты процестерді зерттеуде ПТР-дің сезімталдығы жоғары. Осы технологияны пайдалану кезінде негізгі қиыншылықтар квантификациялау, стандарттау, сапаны бақылау және нәтижелерді интерпретациялау болып табылады. Валидациялау процесіне енгізер алдында ПТР әдістемесін біржақты валидациялау және стандарттау қажет, оң және де теріс нәтижелерді интерпретациялау кезінде барынша сақтық таныту қажет.
5.13. Жүйеде қалып қоюы ықтимал кез келген вирусты осы жүйені қайталап пайдаланар алдында тиісінше жоюды қамтамасыз ету қажет (мысалы, бағаналарды тазарту және т.б. арқылы).

6. Деректерді интерпретациялау


6.1. Вирустарды инактивациялау (элиминациялау) кезеңінің тиімділігін айқындау кезінде факторлар комбинациясын ескеру қажет. Инактивацияланған (элиминацияланған) вирустың саны негізінде ғана кезеңді бағалау вирустар құрамын төмендетудің белгілі бір дәрежесін қамтамасыз ететін процесс қауіпсіз препарат алуға әкелетін болады деген қате қорытындыға келудің себебі болуы мүмкін. Келесі факторлар вирустарды инактивациялау (элиминациялау) кезеңінің тиімділігіне әсер етеді, сондықтан да әрбір жағдайда:


осы тараудың 4-бөліміне сәйкес пайдаланылған, сыналатын вирустардың дұрыстығын;
осы тараудың 5-бөліміне сәйкес валидациялық зерттеулердің дизайнын;
вирустық жүктемені төмендетудің қол жеткізілген мәнін (lg) мұқият бағалау қажет. Вирустық жүктемені төмендететін, 4,0 lg-ге тең немесе одан асатын факторлар нақты зерттелетін сыналатын вирусқа біржақты әсер етуді айғақтайды. Сонымен бірге, вирустық жүктемені төмендету факторының сандық мәнін кезең тиімділігінің бірден-бір, абсолютті шарасы ретінде пайдалануға болмайды; кін.р дәрежесін қамтамасыз ететін вирус қауіпсіз препарат алуға әкелетін болады деген қате қорытынды
төмендетудің өлшенген лог-факторы консервативті (тұрақты) баға болып табылатын-табылмайтынын көрсететін инактивациялау кинетикасын мұқият бағалау қажет. Вирустардың инактивациясы, әдетте, бірінші кезектегі қарапайым реакция болып табылмайды, қалыпты жағдайда оның бастапқы фазасы жылдам болып, кейіннен баяу фазаға ауысады. Уақыт өте келе, инактивациялау жылдамдығының елеулі түрде төмендеуі инактивациялаушы агент тиімділігінің төмендегеніне немесе вирустардың қалған құрамының инактивациялаушы агентке тұрақты екеніне куә бола алады, ал бұл кезеңнің тиімділігінің жоғары еместігін, тұрақты еместігін білдіреді;
вирустардың белгілі бір сыныптарына ғана қатысты инактивациялау (элиминациялау) сипатын және оның селективтілігін мұқият бағалау қажет. Вирустарды инактивациялаудың (элиминациялаудың) бұл процесі бір вирустарға қатысты тиімділігі жоғары болып және басқаларға қатысты тиімсізболуы мүмкін (мысалы, Р/Д өңдеу қабықтыларға қарсы тиімді болғанымен, қабықсыз вирустарға қатысты тиімсіз);
вирустарды инактивациялау (элиминациялау) процесінің параметрлердің болмашы вариацияларына бейімділігі кезеңнің жарамдылық дәрежесіне әсер ететін болады;
сандық айқындау әдісдемелерінің сезімталдық шектерін мұқият бағалау қажет.
Жоғарыда санамаланған факторларды жиынтық бағалау негізінде кезеңді вирустарды инактивациялау (элиминациялау) қабілеті бойынша тиімді, орташа тиімді немесе тиімсіз кезеңдерге жатқызу туралы шешім қабылданады.
6.2. Вирустарды инактивациялау (элиминациялау) процесінің жекелеген кезеңінің тиімділігі жөніндегі деректерді интерпретациялаудың жеке варианттары мынадай шарттармен айқындалады:
егер процесс кезеңіне 6,0 lg вирус енгізілсе және енгізілген көлемнен 4,0 lg вирус байқалса, кезең жалпы элиминациялауға үлес қосқанымен, оны тиімді деп тануға болмайды;
егер процесс кезеңіне 6,0 lg вирус енгізілсе, алайда препараттың цитоуыттылығынан препараттағы әдістеменің сезімталдық шегі 4,0 lg вирусты құрайтын болса, 2,0 lg вирустың ғана элиминацияланғаны расталады, ал кезең тиімді деп танылмайды. Процесс кезеңі іс жүзінде вирустың үлкен көлемін элиминациялауға қабілетті болады, мұны эксперименттің басқа дизайнының көмегімен растауға болады;
егер процесс кезеңіне 6,0 lg вирус енгізілсе және енгізілген көлемнен 2,0 lg вирус байқалса, вирустың елеулі бөлігі элиминацияланған. Препарат вирусологиялық стерильді болып табылмайды. Алайда, вирустар құрамының бұлайша төмендеуі жаңартылатын болса және оған құбылмалы процесс әсер етпесе, процестің белгілі бір тиімділігі болады. Ол вирустық жүктеменің жиынтық түрде төмендеуіне үлес қосады және вирустық жүктемені төмендететін процесс ретінде тануға болады;
егер процесс кезеңіне 6,0 lg вирус енгізілсе және 2,0 lg тең болатын вирусқа сезімталдық шегі бар препаратта байқалмаса, шамамен 4,0 lg вирустың элиминациялануы расталады. Бұл көрсеткіш маңызды болып табылады, ал процесс іс жүзінде вирустың көлемдік зерттеу кезінде айқындауға болатын көлеміне қарағанда біршама көп вирусты элиминациялауға кепілдік беруге қабілетті болады;
егер вирус инактивациялауға ұшырайтын болса, инфекциялығының төмендеу кинетикасы маңызды. Егер процесс кезеңі ұзақ инкубациялауды болжайтын болса (мысалы, он сағат бойы қыздыру), ал инфекциялылық байқаудың жоғары шегіне жылдам жетсе, процестің көбінесе растауға болатынға қарағанда молырақ вирулицидті әсері бар деп пайымдауға болады. Алайда, инфекциялылық баяу төмендесе, ал байқау шектеріне өңдеу соңында қол жеткізілсе, кезеңнің вирустық қауіпсіздікке кепілдігі төмен болады.
6.3. Бөлу процестері, тұтастай алғанда, вирустарды элиминациялаудың тиімді кезеңдері болып табылмайды, алайда, олар вирустарды элиминациялауға үлес қоса алады. Бөлу процестері, әдетте, валидациялық мақсаттар үшін үлкейтуге және бақылауға қиындықпен қол жеткізілетін бірқатар құбылмалы процестерге ие болады. Бөлу вирустың гель матрицалармен өзара іс-қимылына әсер ететін аса өзіндік ерекшелігі бар физикалық-химиялық қасиеттеріне және преципитациялау ерекшеліктеріне байланысты. Осылайша, «модельдік» вирусты бөлу гликозилдеу сияқты беткі қасиеттерінде салыстырмалы кішігірім айырмашылықтары болуына байланысты нысаналы вирусты бөлу бейініне толық сәйкес келмеуі мүмкін. Тіпті зертханада алынған «релевантты» вирус «жабайы» вируспен салыстырғанда осы тұрғыда басқа қасиеттерді көрсетуі мүмкін. Алайда, бөлу процесі вирустық жүктемені қайта жаңартылатын төмендетуге әкелсе және егер бөлуге әсер ететін өндіріс параметрлерін тиісті түрде сипаттау және бақылау мүмкін болса, ал қаланатын фракцияны құрамында вирус болжамды түрде бар фракциядан сенімді түрде бөлу мүмкін болса, осы процесс тиімді кезең критерийіне жататын болады.
6.4. Валидациялаудың мақсаты вирустарды инактивациялаудың тиімді кезеңдерін анықтаудан және өндіріс процесінің оларды инактивациялау (элиминациялау) қабілетіне жалпы бағаны алудан тұрады. Вирустық жүктемені төмендетудің жиынтық факторы, әдетте, осы тарауға № 2 қосымшаға сәйкес жекелеген факторлар жиынтығынан көрінеді. Әрбір кезеңде алынатын төмендетудің шағын факторларын қарапайым жиынтықтау жаңылыстыруы мүмкін. Вирустық титрді 1,0 lg-ге және одан аз төмендету вирустардан тазартуға валидациялық зерттеулердегі орын алып отырған шектеулер салдарынан сенімсіз болып табылады, сондықтан вирустық титрді төмендетудің осындай шамасы бар барлық факторды елемеген жөн. Өндірушілер элиминациялауға үлес қосуы мүмкін, бірақ сенімділігі төмен процесс кезеңдерінен тиімді кезеңдерді саралауға тиіс. Бір кезеңде тірі қалған вирустың келесі кезеңге резистенттілік мүмкіндігін немесе керісінше, оның қабылдағыштығының жоғарылығын ескеру қажет. Тұтастай алғанда, тиімділігі жоғары болатын бір кезең осындай жиынтық әсерге ие басқа кезеңдерге қарағанда, вирустық қауіпсіздікке көп кепілдік береді.
6.5. Егер өндіріс процесінің көмегімен вирустық жүктеменің шамалы төмендеуіне қол жеткізілетін болса және қауіпсіздіктің негізгі факторы вирустың элиминациялануы болса, өзіндік ерекшелігі бар қосымша кезеңді немесе инактивациялау (элиминациялау) кезеңін көздеу қажет.
6.6. Өндірушілер барлық вирусқа қатысты вирустық жүктемені төмендетудің қол жеткізілген факторларының қолайлылығын негіздеуге тиіс. Нәтижелер жеке-дара тәртіппен қаралатын болады.
6.7. Вирустарды инактивациялаудың (элиминациялаудың) тиімді кезеңіне ұшыраған материалдың және өңделмеген материалдың аражігін ажыратуды көздейтін, Комиссия бекітетін Одақтың тиісті өндірістік практика қағидаларының принциптерін қатаң сақтау қажет.

7. Валидациялық зерттеулерді шектеу


Валидациялық зерттеулер дәрілік препарат қауіпсіздігінің қолайлы деңгейін белгілеуді қамтамасыз етуге үлес қосқанымен, дәрілік препараттың қауіпсіздігін дербес қамтамасыз етпейді. Вирустардан тазарту бойынша валидациялық эксперименттер жүргізу және жоспарлаудың бірқатар факторлары процестің табиғи вирустық инфекциялылықты элиминациялау қабілетін дұрыс бағаламауға әкелуі мүмкін. Оған төменде санамаланған факторлар жатады.


7.1. Вирустың әртүрлі зертханалық штамдары өңдеудің сол бір түріне сезімталдығы бойынша ерекшеленуі мүмкін. Осылайша, зерттеуде таңдалған белгілі бір вирус тазарту процесін модельдеу үшін өзі таңдалған вирустың қасиеттерін көрсетпеуі мүмкін. Табиғи вирустардың, мысалы өздерінің қасиеттеріне әсер етуі мүмкін липидтермен өзара әрекеттескен кезде болжауға болмайтын қасиеттері болуы мүмкін. Өндіріс процесін валидациялау мақсатында пайдаланылатын вирустық препараттар, көбінесе, тіндердің өсінділерінен алынады. Өндірістік кезеңде тіндер өсінділерінен алынған вирустың әрекеті, мысалы, егер табиғи және өсірілген вирустар тазалығы немесе агрегация дәрежесі бойынша ерекшеленетін болса, табиғи вирустың әрекетінен ерекшеленуі мүмкін. Вирус штамдарын, оларды өсіруді және сандық айқындауды, сондай-ақ қайта даярлау мен сақтауды құжаттау қажет.
7.2. Кейбір жағдайларда, вирустық жүктемені төмендетудің логарифмдік факторларын қосуға жол берілмейді. Мысалы, егер матрица вирустың 104 инфекциялық бірлігін адсорбциялауға қабілетті болса және кейіннен аффинділігі салыстырылатын материалды адсорбциялауға қабілетсіз болса, 104 инфекциялық бірлігі көлемінде енгізілген барлық вирус, бірақ 104 инфекциялық бірлігін енгізген кезде тек қана 1 % вирус, жойылатын болады. Осылайша, өлшенетін клиренс енгізілген титрге қарай басқаша болады.
7.3. Вирустық инфекциялылықты инактивациялау, көбінесе, бастапқы фазасы жылдам және кейінгі фазасы неғұрлым баяу болатын екі фазалы қисық сызықты білдіреді. Инактивациялаудың бірінші кезіңінен аман қалған вирус келесі кезеңдерде неғұрлым шыдамды болады. Соның салдарынан, вирустық жүктемені төмендетудің жиынтық факторы жаңадан дайындалған вирус суспензиясы енгізілген әрбір кезеңге есептелген, төмендету факторларының жиынтығы болуы міндетті емес. Мысалы, егер резистентті фракция вирустық агрегаттар нысанын қабылдаса, инфекциялылық әртүрлі химиялық өңдеу түрі мен қыздыруға шыдамды болуы мүмкін.
7.4. Модельдік масштабта өңдеу, әдетте, үлкейтілген процесс жүргізілгеніне қарамастан, толық масштабты өңдеуден ерекшеленетін болады.
7.5. Табиғи вирусқа антиденелердің болуы вирустық бөлшектен оларды бөлуге немесе оның химиялық инактивациялауға сезімталдығына әсер етуі мүмкін, бірақ сонымен қатар ол инфекциялылықты бейтараптандыру есебінен зерттеуді жоспарлауды күрделендіруі мүмкін. Зерттеу дизайнының дұрыстығын айқындау қиын болуы ықтимал. Антиденелердің болуы процестің маңызды құбылмалысы болуы мүмкін.
7.6. Ақуыз құрамы немесе температура сияқты өндіріс параметрлеріндегі аздаған айырмашылықтар әртүрлі механизмдер есебінен вирустық инфекциялылықты төмендетуде үлкен айырмашылықтарға әкелуі мүмкін.

8. Қайталама зерттеулер


8.1. Өндіріс процесінің өзгеруі жаңа валидациялық зерттеу жүргізуді талап етуі мүмкін.


8.2. Теориялық білімнің жинақталуына қарай, тазартудың валидациялық процестері қолайлы стандартты қанағаттандыруды жалғастыратынын растау мақсатында қайта тексеруді талап ететін болады.

Еуразиялық экономикалық одақтың


биологиялық дәрілік заттарына зерттеулер жүргізу қағидаларының
4-тарауына
№ 1 ҚОСЫМША




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет