116
Сараланған әлеуметтік құрылым қалыптасты. Батыс қоғамында қазір өмір
сүретін сегіз стратаны (қабатты) бөліп көрсетуге болады:
ең жоғарғы топ (страта) – ірі корпорациялардың иелері, жоғары
әкімшілік және әскери қызметкерлер, ғылым,
медицина, мәдениет
қайраткерлері;
- жоғары топ – фирма менеджерлері, инженер-техник кадрлары, заңге-
рлер, университет оқытушылары, жоғары еңбекақы алатын дәрігерлер,
биржалық брокерлер;
- жоғары орташа тап – орта буынның басқарушылары, мұғалімдер,
дәрігерлер.
Үшінші дүние елдерінің экономикалық дамуы. Дамудың капиталистік
нұсқасын таңдап алған үшінші дүние елдері 50-жылдарда
экономиканы
жаңғырту жолына түсті. Ол жекеменшік кәсіпкерлік пен нарықты дамыту,
аграрлық реформалар мен индустрияландыру, дамыған елдердің қаражаты
мен тәжірибесін пайдалану болды. 70-80 жылдары дамушы елдерде
трансұлттық корпорациялар мен ұлттық
монополиялардың өкілі бар
монополистік капитализм пайда болды. Социалистік бағдарды таңдап алған
дамушы елдерде мемлекеттік сектор үстем болды. Үшінші дүние елдері
экономикасының дамуына олардың өткен отарлық тарихы кері әсерін тигізді.
Біржақты мәдениет қалыптасты. Үшінші дүние елдері өздерінің экономика
мен қаржы жағынан Батысқа тәуелділігін жою үшін маңызды шаралар
қолдануға тырысты. БҰҰ осыған орай Хартия қабылдады.
Экономика
саласында белгілі табыстарға қол жеткізе бастады. "Жаңа индустриялы елдер"
пайда болды.
Үшінші дүние елдерінің әлеуметтік дамуы. Әлеуметтік дамуы күрт
жеделдетілді. Жаңа таптар, әлеуметтік топтар, монополистік буржуазия пайда
болды. Құрамы біртекті емес жұмысшы табы қалыптасты. Орташа топтар
үлкен рөл атқарды. Өмір сүрудің орташа ұзақтығы артты. Білім, оқу-ағарту,
халықты кәсіпкерлікке даярлау саласында ілгерілеушілік байқалды. Алайда
жалпы үшінші дүние елдеріне әлеуметтік қатынастар саласында
кертартпалық, сауаттылықтың төмен деңгейі, дәстүрлі моральдық, діни және
басқа ұғымдар тән болды.
Жаһандану. ХХ ғасырдың соңы дүниежүзі
бейнесінің жаңа кейіпке
келуімен көзге түсті. "Жаһандану" деген атау алған үрдіс маңызды болды.
Жаһанданудың мәні мемлекеттік күштерді емес, нарықтық күштерді
белгілейтін әртүрлі экономикалар арасындағы кедергілердің азаю үдерісінде
жатыр. Жаһандану дегеніміз – ұлттық экономиканың біртұтас, жалпы
дүниелік жүйеге топтасуы. Осыған орай, экономикалық ықпалдастық
үдерістері әлемдік сипатқа ие болды. Қазіргі уақытта 15-тен
астам
ықпалдастық бірлестік бар. Олар: Еуропалық Одақ (ЕО), Солтүстік Америка
еркін сауда ассоциациясы (САЕСА), Азия-Тынық мұхиты аймағы
экономикалық ынтымақтастығы (АТМЭЫ) және т.б.
Әлемнің саяси дамуының ерекшеліктері. Екінші дүниежүзілік соғыстан
кейінгі батыс қоғамының саяси дамуы. Батыс Еуропа мен АҚШ-тың барлық
117
жетекші саяси партиялары реформизм идеологиясы мен практикасын
қолдады.
Бірқатар
елдерде
ымырашылдық
реформизм
идеялары
Конституцияға енгізілді. Батыс Еуропа реформалардың бастаушысы болды.
Демократиялық социализмнің негізгі құндылықтары тұжырымдалды. 50-60
жылдары Батыс елдерінде аралас экономика қалыптасты. Қоғамды
дамытудың лейбористік-реформистік тәсілі басым сипат алды. Ауқатты
мемлекеттер
қалыптасты.
Мемлекеттің
әл-ауқаттылық
ұстанымы
скандинавиялық немесе шведтік социализм үлгілерінде болды. 1974-1975
жылдары "Жаңа консервативтік толқынға" жол ашылды.
Олардың
бағдарламаларында экономикадағы мемлекеттің рөлін төмендету, меншікті
мемлекет билігінен шығару, жекешелендіру,
жеке бастамалар көтеру,
бәсекелестік, экономикалық және әлеуметтік салалардағы нарықтық
ұстанымдарды өрістету басты орын алды. Осы толқын өкілдеріне М. Тэтчер,
Р. Рейган жатады.
Достарыңызбен бөлісу: