119
диктаторлық режимдердің қолында демократиялық күштерді басудың
құралына айналды.
Социалистік бағдарлану елдерінде бірінші қатарға 60-70 жылдары
революциялық-демократиялық партиялар шықты,
олардың бағдарламалары
социалистік сипаттағы терең әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар туралы
ережелерді қамтыған еді. Социализмнің түрлі ұлттық нұсқалары жасалды:
үнділік, исламдық, африкалық. КСРО ыдырауымен және Шығыс Еуропа
елдеріндегі социалистік жүйенің сынуымен көптеген социалистік бағдарлану
елдері капиталистік даму жолына көше бастады.
80-90 жылдары Азия мен Латын Америкасының бірқатар елдерінде
авторитарлық режимдердің орнына демократиялық режимдер келді. Сонымен
қатар, үшінші әлемде бұрынғысынша авторитарлық режимі бар елдер тобы
сақталуда.
Жаңа геосаяси жағдай. КСРО ыдырауымен
халықаралық қатынас-
тардың биполярлы жүйесінің қирауы болды. Полицентризм негізінде геосаяси
күштердің жаңа конфигурациясын қалыптастыру басталды. 90-шы жылдары
әлемнің саяси картасы өзгерді. Еуропада көпполярлы әлемдегі күш
орталықтарының бірі рөлін орындай алатын әлеуеті жеткілікті біріккен
Германия – аймақтық супердержава пайда болды. Бұрынғы КСРО орнында 15
жаңа мемлекет пайда болды. Чехия мен Словакия дербес мемлекеттеріне
бөлінді, Югославия ыдырады.
КСРО-ның өзін-өзі таратуы нәтижесі болған - этноәлеуметтік
сепаратизмнің өршуі. Посткеңестік аумақта ол Қара және Каспий теңіздерінен
- Еділ мен Тянь-Шаньға дейінгі аймақтарды қамтыды. Бұрынғы КСРО
аумағындағы этностық қақтығыстар біртіндеп
ұзаққа созылған соғысқа
айналды (Таулы Қарабахта, Абхазияда, Тәжікстанда, Шешенстанда).
Югославияның ыдырауы да этносаралық және дінаралық қақтығыстардың
туындауына алып келді.
КСРО мен Шығыс Еуропадағы социалистік
елдер блогының ыдырауы
Шығыстағы геосаяси жағдайды өзгертті және мұнда саяси және идеологиялық
құрылымдардың эволюциясы үшін жаңа жағдайлар жасады. Азиядағы
панасыз қалған, социалистік режимдер, өзге жағдайларға бейімделуге
мәжбүр болды. Олардың ішінде ортодоксалды позицияларда тек Солтүстік
Корея ғана қалды, ал ҚХР, Вьетнам, Лаос және Камбоджа нарықтық өзгерістер
жолына түсті. Социалистік бағдардағы көптеген елдер оны капиталистік
жағдайға ауыстырды және дамыған капитализм
елдерімен жақындаса
бастады. Шығыс тумаларының дамыған батыс елдеріне көшіп-қонуының рөлі
артты. Нәтижесінде 90-шы жылдар Батыстың Шығысқа ықпалының күшеюі
және Шығыста да, Батыста да ұлтаралық қайшылықтардың күшеюі кезеңі
болды.
Жаңа геосаяси жағдайдың негізгі болмысының бірі - КСРО ыдырағаннан
кейін әлемде бір-ақ супердержава – АҚШ-ның қалуы болды.Алайда басқа
жетекші елдер «кіші ағайындар» рөлін ойнауды көздемейді. Бұл, атап
айтқанда, Ресей мен Қытай басшыларының 1997 жылдың сәуірінде әлемде
120
қандай да бір абсолютті көшбасшының, яғни супердержаваның болуына жол
бермеу туралы мәлімдемесінде көрініс тапты.
Бұл мәлімдемеде көпполярлы
әлемнің пайда болуы туралы айтылды, оның полюстері арасындағы
дұшпандықтың пайда болуының қаупі туралы да айтылды.
Достарыңызбен бөлісу: