4 Тарау: Халықаралық келісімдер мен міндеттемелерді жүзеге асыру
99
Қазақстанға екінші фазаға (жүзеге асыру) қатысу туралы ұсыныс жасалынды, мұнда
көрсетілетін қолдау Конвенция шеңберіндегі кешенді тапсырмалармен байланысты
мəселелерді шешуші елдерге көмек көрсетуге бағытталған.
Қазақстанда өнеркəсіптік апаттардың трансшекаралық салдары туралы конвенцияны жүзеге
асырудың заңнамалық базасы жасалынды. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызмет
нəтижелерінің бірінші Шолуы жазылған соң ҚР Үкіметінің
Қауіпті өндірістік нысандардағы
өндірістік қауіпсіздік туралы Заң (2002 ж.),
ТЖ аса тəуекелді мекемелерінің тізімін бекіту
туралы шешімі (2001 ж.), Қазақстанның 2004–2015 жылдарға арналған экологиялық
қауіпсіздігі Тұжырымдамасы, сондай-ақ Апатты жағдайлар мен өндірістік апаттардың
алдын алу жəне əрекеттесу жəне осы саладағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру
Тұжырымдамасымен қатар (2005 ж.
). бірнеше заңдары, шешімдері жəне саяси құжаттары,
қабылданды. Институционалды əлеуеттің дамуын төтенше жағдайларды мемлекеттік
тұрғыдан бақылау жəне мониторингтеу жөніндегі Комитет пен
Ұлттық кризистік орталығы
(аталған екі ұйым да ТЖ Министрлігінің құрамына кіреді) қамтамасыз етеді. Кен қазушы жəне
мұнайгаз салаларындағы, сонымен бірге Каспий теңізі жағалауы аймағындағы компаниялар
атқаратын алдын алу жəне дайындық шараларына басты назар аударылады. ТЖМ жəне басқа
да мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жұмыстары қолға алынған, дегенмен мұндай
үйлестіруді, ішінара, ҚОҚМ ғана бірігіп іске асыруға болады.
Трансшекаралық ықпалдың қоршаған ортаға қатысты бағасы
2001 жылы Қазақстан трансшекаралық байланыстағы (Эспоо Конвенциясы) қоршаған ортаға
ықпал жасауын бағалау конвенциясына (ҚОЫЖБ) бірікті. Қазақстан Стратегиялық
экологиялық бағалау Хаттамасын (СЭБ) бекіткен жоқ. Көрші елдердің ішінде осы
Конвенцияны Əзірбайжан, Қырғызстан жəне Ресей Федерациясы бекітті. Қазақстан өз
заңнамасын осы Конвенциямен үйлестіруге көп күш салды. 2007 жылғы
Экологиялық кодексте
осы конвенцияның талаптарына сəйкесетін ережелер қамтылған. ОВОС үрдісі
Мемлекеттік
экологиялық сараптама процедурасына енгізілген. Алайда жұртшылықтың іс жүзінде осы іс-
шараға қатысуы əлі нақтыланған жоқ əрі көп жағдайда бұл тек қағаз жүзінде айтылып жүр (1, 2
жəне 3 Тар. қар.). СЭБ процесі
Экологиялық кодекс шеңберіндегі заңды талап болып саналады,
дегенмен мұнда берілген атау туралы тікелей аталған ешқандай мəлімет кездеспейді (3 тар.
қар.).
Эспоо Конвенциясын жүзеге асыруға қатысты аймақтағы елдерге көмек көрсету жəне басқа
елдерді де осы Конвенцияны қосуға үндеу мақсатында, халықаралық мекемелерге көмекші
ретінде екі аймаққа арналған жеке ережелердің екі кешені құрылды, атап айтсақ:
Каспий теңізі
аймағындағы трансшекаралық байланыстағы қоршаған ортаға ықпал етуді бағалаудың
негізгі қағидалары жəне Орталық Азия елдері үшін трансшекаралық байланыстағы қоршаған
ортаға ықпал етуді бағалаудың негізгі қағидалары. ЕЭК БҰҰ қатысуымен 2005 жылдан
бастап ұшқыш жобасын іске асыру қолға алынды (
Эспоо Конвенциясының Қазақстан мен
Қырғызстанда тəжірибе жүзінде іске асырылуы). Қырғызстанның
кен өндіруші екі
компаниясы бойынша (Жеруи алтын кені үлескесі жəне Андаш мыс/алтын қазба үлескесі)
ОВОС материалдары Қазақстанға түсініктемелер беру үшін ұсынылды. Ұшқыш жобасын іске
асыру тұрғысындағы екі ел арасындағы ынтымақтастық үлкен жетістікке қол жеткізді.
Достарыңызбен бөлісу: