Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет


  Екіжақты аймақтық ынтымақтастық жəне халықаралық техникалық көмек



Pdf көрінісі
бет95/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   195
kazakhstanII.KAZ

4.4 
Екіжақты аймақтық ынтымақтастық жəне халықаралық техникалық көмек 
Екіжақты жəне халықаралық ынтымақтастық  
Қазақстан қоршаған ортаны қорғау саласында екіжақты жəне аймақтық ынтымақтастықты 
белсенді дамытып келеді. Республика қоршаған ортаны қорғау туралы оннан аса елдермен 
екіжақты қарым-қатынас жасауға қол қойды (Ресей Федерациясы, Қытай жəне Қырғызстан), 
Құрама Штаттары, Швейцария жəне Əзірбайжан. Ресей Федерациясымен жасалған үш келісім 
Байқоңыр космодромындағы экология жəне табиғатты қолдану мəселелерін (2005 ж.), 


100
 
 
 
 
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру 
қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық (2004 ж.) жəне трансшекаралық су 
қоймаларын бірігіп қолдану жəне қорғау (1992 ж.) мəселелерін қамтиды. Қытаймен 
жасалынған келісім бойынша трансшекаралық өзендер туралы гидрологиялық жəне 
гидрохимиялық ақпараттар, мəліметтер алмасу үрдісі белгіленеді (2006 ж.). Шу жəне Талас 
өзендеріндегі гидрологиялық құрылыстарды мемлекетаралық қолданыста пайдалану туралы 
Қырғызстанмен жасалған келісім осы екі өзен бойынша Комиссия құралғаннан кейін өз күшіне 
енді (2000.).
Келтірілген мысалдар аймақтық ынтымақтастық үшін трансшекаралық су мəселелерінің 
ерекше маңыздылығын атап көрсетеді. Бұдан басқа да аймақтық ірі мəселелер қатарына Арал 
теңізі бассейнінің экожүйесі мен Каспий теңізіндегі ынтымақтастық жағдайы кіреді.
2000 жылы ОА бес елінің қоршаған ортаны қорғау министрлігінің сауалы бойынша ірі 
аймақтық мəселелерді шешу мақсатында қоршаған ортаны қорғау бойынша атқарылатын 
қызметтің Аймақтық жоспарын құру туралы бастамасын ортаға салды (ҚОҚҚАЖ). ҚОҚҚАЖ 
2001 жылы тұрақты даму жөніндегі Мемлекетаралық комиссияның (ТДЖМК) жалпы 
жетекшілік етуімен БҰҰДБ жəне ЮНЕП қолдауымен дайындалып шығарылды. ҚОҚҚАЖ бес 
басым сұрақтан тұрады, атап айтсақ: ауаның ластануы, судың ластануы, жердің тозуы, 
қалдықтарды басқару жəне таулы экожүйелердің азуы. Əйтсе де ҚОҚҚАЖ шеңберінде жүзеге 
асырылатын аймақтық жəне екіжақты бағдарламалар мен жобалардың болмауы сияқты
ҚОҚҚАЖ келесі қызметі туралы да мəлімет берілмеген. Осыған орай, аймақтық 
ынтымақтастық пен аймақтық мəселелерге қатысты интеграцияланған əдістерді күшейту 
туралы жоспардың басымдылығына əлі қол жетпеген деген қорытындыға келеміз.
Трансшекаралық сулар 
Қазақстан «Шығыс Еуропа, Кавказ жəне Орталық Азия елдерінің су ресурстары саласындағы 
ынтымақтастығының басымдылығы» жобасына қатысады, аталған жоба ЕЭК БҰҰ Су 
конвенциясының жұмыс бағдарламасының шеңберінде жасалынған. Бұл жоба трансшекаралық 
суларды басқарудың түрлі аспектілері бойынша ВЕКЦА елдерінің мамандарын ұзақ мерзімді, 
көп салалы дайындықтан өткізуді қамтамасыз етеді. 2007 жылдың қазан айында Алматы су 
бассейндері, су басқару жəне аймақтық жоспарлау жөніндегі ЕЭК БҰҰ, БҰҰДБ жəне ЕҚЫҰ 
ұйымдастырған біріккен семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: (a) трансшекаралық суларды 
бірігіп басқару институттарын құру аясындағы ВЕКЦА елдері, түрлі мекемелер мен жобалар 
аралығында тəжірибе алмасуға ықпал ету жəне əлеуетті дамыту; (b) тиімді біріккен органдар 
құруды алға жылжыту.
Жоғарыда аталған Қазақстан мен Қырғызстан аралығындағы Шу-Талас өзен комиссиясы 
гидротехникалық құрылыстарды мемлекетаралық қолдану, сондай-ақ суды басқару 
инфрақұрылымының техникалық қызмет көрсетуі мен пайдаланылуын анықтау жəне бөлу 
жұмыстарына жауап береді. Осы уақытқа дейін Комиссияның қызметі жағымды қырынан 
бағаланып келеді жəне ол басым жағдайда трансшекаралық сулар саласындағы 
ынтымақтастықты кеңейту тұрғысын күшейтуге байланысты Орталық Азияның көптеген 
елдеріне үлгі болуға лайық.
1992 жылғы Қазақстан мен Ресей аралығында қол қойылған трансшекаралық суларды бірігіп 
қолдану жəне қорғау туралы Үкіметаралық келісім екі ел арасындағы біріккен қызметтің 
негізіне айналды. Трансшекаралық сулардың гидрохимиялық жəне гидрологиялық 
мониторингі, 
ал 
Қазақстанда 
Солтүстік, 
Батыс 
жəне 
Шығыс 
Қазақстандағы 
гидрометеорологиялық орталықтар аралығында мониторинг өткізілу үстінде. Бұл Келісімде 
трансшекаралық сулардың жағдайы жəне өзендер елеулі деңгейде ластанған немесе оқыс су 
тасқыны болған жағдайдағы апатты мəлімдеу процедуралары туралы жиі (ай сайын) ақпарат 
алмасу үрдісі қарастырылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет