4 Тарау: Халықаралық келісімдер мен міндеттемелерді жүзеге асыру
101
Арал теңізі жөніндегі ынтымақтастық
Арал теңізінің күрделі мəселесі кеңінен танымал. 1960 жылдан бастап 1990 жылдар
аралығында жасалынған экстенсивті ирригациялық схемалар жалпы суармалы ауданды 8
миллионға жеткізіп, екі есеге арттырды. Арал теңізіне келіп қосылатын тармақтардың елеулі
түрде азаюына байланысты теңіздің деңгейі де осы кезең аралығында 17 м дейін төмендеді.
Осымен қатар болып отырған басқа да күрделі экологиялық мəселелер су мен жердің
тұздануына ықпал етті. Аудандағы орманды алқаптың 50% жойылып, жердің эрозиясы күшейе
түсті.
1993 жылы Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары Аралды құтқару жөніндегі
Халықаралық Қор (АҚХҚ) құрды. Қордың негізгі міндеті – халықаралық қауымдастықты Арал
теңізінің апатты жағдайы туралы мəліметтермен ақпараттандыру жəне Орталық Азияның бес
елінен, донор-елдерінен жəне халықаралық мекемелерден Арал теңізі бассейні Бағдарламасына
(АТББ) ресурстар тарту. АТББ негізгі міндеттері: (a) Арал теңізі бассейнінің экологиялық
жағдайын тұрақтандыру; (b) бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіру; (c) су жəне жер
ресурстарын басқару əдістерін жетілдіру; (d) бағдарламалық жоспарлау жəне барлық деңгейде
жүзеге асыруды басқару құрылымдарын құру. АҚХҚ Атқарушы комитеті Орталық-азиялық
бес елмен жəне аймақтық мекемелермен біріге отырып, 2003 жылдан 2010 жылдар
аралығындағы кезеңде Арал теңізі бассейнінің экологиялық жəне əлеуметтік-экономикалық
жағдайын жақсартуға арналған арнайы қызметтер Бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты.
Қазақстан ЕО қолдауымен ирригациялық сулар мен Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі су
ағысын ұлғайтуға мүмкіндік беретін өзен сағасын жақсарту сұлбасын қолдауды тиімді
қолдануды арттыру тарапынан қызмет көрсетіп отыр. Сонымен бірге Арал теңізінің солтүстік
бөлігін жартылай қайта қалпына келтіру жұмыстары да жүргізілуде. Сырдария өзеніндегі
ирригациялық құрылыстарға өзен ағысын арттыру үшін жөндеу жəне жаңарту жұмыстары
жүргізілді. 2005 жылдың тамыз айында Қазақстан Арал теңізін екі жартыға бөлетін бетон
дамбасының құрылысын аяқтады (Көкарал плотинасы), осының нəтижесінде Арал теңізінің
солтүстік бөлігіндегі су деңгейі едəуір артты жəне оның тұздану деңгейі төмендеді. Едəуір
балық қоры да қайта оралды. Арал қаласын теңіз жəне басқа плотинамен біріктіруді қайта
қалпына келтіру мақсатында канал құрылысының жоспары жасалынды (Дүниежүзілік банк
бөлетін несие арқылы қаржыландырылады). Дегенмен Арал теңізінің, негізінен алғанда
Өзбекстан аумағында орналасқан оңтүстік бөлігінің жағдайын өзгерту мəселесіне үлкен күш
салынып отырған жоқ. Осы мəселе бойынша аталған елдер арасындағы ынтымақтастық
деңгейі осы күнге дейін төмен болып отыр.
Каспий теңізі мəселелері бойынша ынтымақтастық
Каспий теңізімен тоғысатын бес ел арасындағы ынтымақтастықты үлкен маңыздылыққа ие
Əзірбайжан, Иран Ислам Республикасы, Қазақстан, Ресей Федерациясы жəне Тəжікістанды
қосқанда, барлық қатысушылар бағалайды. 2003 жылғы Каспий теңізі ортасын қорғау
жөніндегі Негіздемелік Конвенцияның (Тегеран Конвенциясы) өз күшіне енуі (2006 жылы)
экологиялық мəселелер жөніндегі ынтымақтастыққа қол жеткізудегі маңызды қадамға
айналды. Бұл Конвенцияның мақсаты каспийлік ортаны барлық ластаушы көздерден қорғауға,
сондай-ақ теңіздің биологиялық ресурстарын қорғау, сақтау, қайта қалпына келтіру жəне
тиімді пайдалануға негізделген. Қазақстан Тегеран Конвенциясын 2005 жылы бекітті. Екі
жақтың қатысуымен ең бірінші конференциясы (I ЖК) Баку қаласында 2007 жылдың мамыр
айында өтті.
Негіздемелік конвенция бірқатар хаттамаларды қарастырады. Каспий теңізіне қосылатын
елдер төрт хаттаманың басымдылығын белгіледі, атап айтсақ:
•
Ластаудың жерүсті көздері туралы Хаттама;
102
Достарыңызбен бөлісу: |