Ф 06-32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет7/12
Дата16.06.2016
өлшемі1.7 Mb.
#138976
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


5 семестр

Пәннің аталуы

Ауыл шаруашылық малын азықтандыру

Қысқартылған атауы

АША

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, зертханалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

5

Оқытушының Т.А.Ә.

Қожалы Бакытжан

Доцент/оқытушы:

а.ш.ғ.докторы

Жұмыс тілі:

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі/акакдемиялық сағаттардың саны

135/күндізгі

Еңбек сыйымдылығы




Кредиттер/сынақ бірліктері

3

Модуль аясында оқуға қабылдау жағдайлары

Перереквизиттер:

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілгі

Ауылшаруашылық малын азықтандыру- жоғары дәрежелі ветеринарлық мамандарын даярлауда ең іргелі пәндердің бірі болып есептелінеді. Бұл пәнді оқудағы мақсат- студенттерге ауыл шаруашылық малдарын азықтандырудың және олардың өнімдерін өндірудің терең теориялық және практикалық маңызын үйреніп меңгеру. Мал азықтандыру пәні бойынша зоотехникалық талдау әдістемелері, азықтардың химиялық құрамы, азық қоректілігі, азықтармен мал түлектерін азықтандыру әдістемесі сияқты негізгі мәселелер жөнінде іргелі білім беру.

Мазмұны

Дәріс: Кіріспе. 1. Азық қоректілігін химиялық құрамымен бағалау. Азық коректілігін коректік заттармен бағалау. Мал денесіндегі зат пен энергия алмасуын зерттеу әдістері. Азық энергиялық қоректілігі.Азық құнарлығы. Азықтардың протеиндк, көмірсулық, липидтік, витаминдік, минералдық коректілері. Мал денесін дегі коректік заттар қоры. Жемшөптің құнарлығын комплексті бағалау. Азықтың классификациясы (жіктелуі). Жемшөпті дайындаудың ғылыми негіздері және олардың сапасын бағалау.Өсімдік тектес азықтар. Көк азық, шырынды, ірі, жайылымдар, құнарлы азық.Жануар тектес азықтар. Минералды, синтетикалық азықтар және олардың малды азықтандырудағы маңызы.Ауылшаруашылық малдарын мөлшерлі қоректендіру негізі. Деталдық қоректендіру нормасы және оның маңызы. Сауынды сйырларды азықтандыру. Толыққұнды рационды құрастыру принципі және типтік тәуліктік рацон.Буаз, суалып кеткен сйырларды, тұқымдық бұқаларды азықтандыру. Ірі қара малдарының қоректік заттарға қажеттілігі және оларды негіздеу, жас төлдерді қоректендіру ерекшеліктері.Бір жасқа дейінгі бұзауларды өсіріп жүйелеп бағу және жем шөпке үйрету. Қойларды азықтандыру. Қойларды бордақылау және жайып семірту. Фермерлі және арендалық шаруашылықтарда қойларды бордақылау.Жылқыны, әртүрлі жас топтағы асыл тұқымды айғырларды және құлынды азықтандыру, бордақылау.Шошқаларды азықтандыру ерекшіліктері. Суалмаған мегежінді азықтандыру.Тұқымдық еркек шошқаларды, енесінен айырған торайларды және өсіруге қалдырылған төлді нормалап азықтандыру. Құстардың зат алмасу және ас қорыту ерекшеліктері. Тұқымдық, бройлер құстар мен жұмыртқалайтын мекиенді азықтандыру. Тауықтың балапанын өсіру және етті құсты азықтандру ерекшеліктері. Суда жүзетін құстармен үндіктерді азықтандыру ерекшеліктері.Малдарға азықтағы N,P,Ca «Тепе теңдік» тәжірибесін жүргізетін әдістемелерді үйрену және жүргізу.
Зертханалық: Тауықтың балапанын өсіру және етті құсты азықтандру ерекшеліктері. Суда жүзетін құстармен үндіктерді азықтандыру ерекшеліктері. Малдарға азықтағы N,P,Ca «Тепе теңдік» тәжірибесін жүргізетін әдістемелерді үйрену және жүргізу. Азықтың құнарлығын химиялық құрамы бойынша бағалау. Жалпы рационда және жеке алынған азықтың құнарлығын анықтау. Азықтың құнарлы заттарының қорытылуын анықтау әдістері және техникасы. Мал рационындағы құнарлы заттардың қорытылған қосындысын есептеу (ҚҚЗҚ). Протейннің, минералды заттардың, сүрлемдегі қант мөлшерінің биологиялық толыққандығы бойынша сүрлемнің құндылығын бағалау. Шаруашылықта малдың дұрыс азықтандырмағанын анықтау. Көк азықтың түрлері және оларды пайдалану . Сүрлем мен пішендеме түрлері және оларды пайдалану технологиясы. Пішен мен сабан түрлері және оларды пайдалану. Дәнді азықтар мен құрама жем түрлері және оларды пайдалану. Техникалық өндіріс қалдықтары және жануар тектес азықтар. Ауылшаруашылық малдарын азықтандырудың түрі мен рацион мөлшері. Сауын сиырлар үшін толыққанды рационды құрастыру принципі және типтік тәуліктік рацон. Жүнді бағыттағы қойлар мен ешкілерді азықтандыру ерекшеліктері. Суалмаған ұрғашы шошқалардың рационын нормалау және құрастыру принциптері.

Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері






5 семестр

Пәннің аталуы

Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы

Қысқартылған атауы

АШМӨжәне С.

Оқу іс шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, зертханалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

5

Оқытушының Т.А.Ә.

Омар М.О.

Доцент/оқуытушы

Доцент

Жұмыс тілі

Қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны




Еңбек сыйымдылығы




Кредиттер/ сынақ бірліктері

3

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Мал азықтандыру, мал гигиенасы т.б.

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Студенттерге ежелден қалыптасып келе жаткан, ұзақ уақыттар бойы тәжірибелермен тексерілген мал өнімділігін арттыру, оның тұқымдық сапасын жақсарту әдістері жөнінде іргелі білім беру


Мазмұны

Дәрістер: Мал өсіру және селекцияның негізгі мәселелері. Малдың шығу тегі мен эволюциясы. Малдың өсіп-жетілу. Мал сұрыптау. Малды дене бітімі, сыртқы пішіні және ішкі құрылысы бойынша бағалау және сұрыптау. Малды өніміне қарай бағалау және сұрыптау. Малды ата тегіне қарай бағалау және сұрыптау. Малды ұрпағынығң сапасына қарай бағалау және сұрыптау. Сұрыптау жұмыстарын ұйымдастыру. Жұп таңдау. Селекцияның негізгі генетикалық өлшемдері. Мал тұқымы туралы ілім. Таза тұқым өсіру. Туыстарды шағылыстыру. Аталық із және аналық ұя бойынша селекция жүргізу. Будандастыру. Мал шаруашылығындағы гибридтеу. Тұқым асылдандыру жұмысы - малды жетілдірудің кешенді жүйесі. Мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын ұйымдастыру.
Зертханалық сабақтар:

Малдың өсіп – жетілуін анықтау. Төлді қалаған өнім бағытында тәрбиелеп өсіру. әр түрлі дене мүшелерін сипаттап, зерттеу. Малдың экстерьері мен конституциясын бой өлшемдері арқылы бағалау, малдың тұлға индектсерін есептеп шығару. Малдың экстерьері мен конституциясын графикалық кескінгдеу арқылы бағалау. Малдың сүт өнімділігі және оны есептеу әдістері. Малды сүт өнімділігі бойынша бағалау. Шошқаны өсімталдығы бойынша бағалау. Құсты жұмыртқа өнімділігі бойынша бағалау. Қойды жүн өнімділігіне қарай бағалау. Жылқыны жұмыс өнімділігіне қарай бағалау. Шежіре құру. Малды жанама туыстарына қарай бағалау. Аталық малдың препотенттілігін анықтау. әр түрлі будандастыру мен гибридтеу әдісін зерттеу.



Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Малдың эволюциясы мен жеке өсіп жетілуі заңдылықтарын, мал тұқымы қалыптасуының теориялық негіздерін, мал шаруашылығы интенсивтендіру жағдайында олардың тұқымын асылдандыру жұмыстарын ұйымдастыру принциптерін жетік игеру. Мал сұрыптау, жұп таңдау және мал өсміру әдістерін толық игеріп алу т.б.



5 семестр

Пәннің аталуы

Мал акушерлігі және көбею биотехнологиясы

Қысқартылған атауы

МАКБ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, зетханалық, ОБСӨЖ

Семестр:

5 семестр

Оқытушының Т.А.Ә.

Божбанов Б.Ж.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15, зертханалық – 15, ОБСӨЖ–15


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 45

Кредиттер / сынақ бірліктері

2 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Пәнді оқып-үйрену барысында студенттер анатомия, генетика, гистология және эмбриология, физиология, биоорганикалық және биологиялық химия, алғашқы ветеринариялық көмек, малды азықтандыру, мал шаруашығы, микробиология және иммунология вирусология, ветеринариялық гигиена, клиникалық диагностикалау, рентгенология негіздері пәндерінен алған білімдеріне сүйенеді

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

студентерге мал организмінде болатын жыныстық процестердің қалыпты және патологиялық жағдайы,малды қолдан ұрықтандыру, ұрықтану,буаздық, туу туғаннан кейінгі кезеңнің,жаңа туған төл физиологиялық және паталогиялары,сүт безі физиологиясы мен патологиялары,сонымен қатар малдың бедеулігі, қолдан ұрықтандыру мен эмбрионды тасмалдау жөнінде теориялық білім берумен қатар тәжірибе жүзінде үйрету

Мазмұны

Дәрістер: Малдың көбеюінің негіздері.Ұрғашы және еркек малдың жыныс тық мүшелерінің анатомиялық және топографиялық ерекшеліктері.Әртүрлі малдың жыныстық және физиологиялық жетілуі нің мерзімдері.Жыныстық цикл және оның сатылары. Жыныстық циклдің феномендері және оларды анықтау. Жарамды және жарамсыз жыныстық циклдер. Ұрықтану, буаздық және оны анықтау Аналық жыныс торшасы мен спермий лердің ұрғашы малдың жыныс жүйесіндегі қозғалысы және өміршеңдігі. Ұрықтану процесінің мәні және өтетін орны.Эмбрионның, төлдің және төл қабаттары ның дамуы. Төл қабаттарының өзара қатынасы. Эмбрионның және төлдің дамуын дағы қауіпті кезеңдер.Туу және туғаннан кейінгі кезең. Туу алдындағы белгілер Тууды қалыптастыра тын факторлар. Туу және оның кезеңдері.Буаздықтың, патоло гиялары. Аборттар, олардың жіктелуі және олардың ақыры. Буаздық паталогияла рын дауалаудың және анықтаудың жалпы қағидалары. Туудың және туғаннан кейінгі кезеңнің пата логиялары.Туу патало гияларының себептері. Туу кезінде акушерлік көмек көрсету.Жаңа туған төлдің физиологиялық ерек шеліктері және аурула ры. Дені сау төл алу негіздері. Жаңа туған төл аурулары және оларды дауалау.Бедеулік және қысыр қалу туралы ілім. Аналық малдың бедеулігі және аталық малдың белсіздігі. Бедеулік және қысыр қалу, көп төлділік, төлшеңдік туралы түсінік.Сүт безінің физиоло гиясы және паталогия лары. Әр түлік малдың сүт безінің анатомиялық топографиялық ерекшеліктері.Желінсау,олардың жіктелуі және олардан келетін экономикалық шығынды анықтау.Аталық малды көбею биотехнологиясында пайдалану. Аталық мал ретінде еркек малды сұрыптау және дайындау. Жыныстық рефлекстердің тежелуі, олардың алдын алу.Шәует алу. Жасанды қынаптың құрылысы, оны жинау және дайындау. Шәует алу әдістері және әртүлік малдан шәует алу техникасы.Шәуеттің физиология сы және биохимиясы. Шәует, оның құрамы және түрінің ерекшелік тері. Шәуеттің биохимиясы. Қолдан ұрықтандыру және эмбриондарды көшіріп кондыру. Шәуетті алу тәсілдерін биологиялық негіздеу.
Зертханалық сабақтар: Ұрғашы және еркек малдың жыныс аппаратының анатомиясымен топографиясының түліктік ерекшеліктері. Күйіттеуші малды дайындау және оны пайдалану .Жыныстық циклінің феномендерін анықтау. Буаздықты анықтау әдістері. Жаңа туған төл ауруларын анықтау. Бедеулікті анықтау. Жасанды қынаптың құрылысы, дайындау және жинау әдістері . Шәует алу техникасы және санитарлық биохимиялық бағалау. Шәуетті көзбен және санитарлық бағалау. Спермилердің тыныс алу коэфицентін, өлі тірісін анықтау. Шәуетті сұйылту. Шәуетті сақтау және тасымалдау. Сиырды қолдан ұрықтандыру. Қой мен ешкіні қолдан ұрықтандыру . Эмбрионды көшіріп қондыру үшін малдың жыныстық циклін стимулдеу, синхрондау

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Малды қолдан ұрықтандыру технологиясын, буадықты анықтауды, тууға көмектесуді білу. Ұрғашы және еркек малдың жыныс аппаратының құрылымдық және физиологиялық ерекшеліктерін, жыныстық циклдің өтуін, ұрықтандырудың тиімді уақытын, мен ретін, ұрықтандыру технологиясын білу. Жыныс феномендерін анықтау, шәуеттің және эмбрионның сапасын анықтау, буаздықты анықтау, дедеуліктің диагностикасын қою



6 семестр

Пәннің аталуы

Мал дәрігерлігі негіздері

Қысқартылған атауы

МДН

Оқу іс шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, зертханалық, ОСӨЖ

Семестр:

5

Оқытушының Т.А.Ә.

Божбанов Б.

Доцент/оқуытушы

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Дәрістер – 15 сағ. Зертханалық – 15 сағ. СӨБӨЖ – 15

Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

45 / күндізгі

Еңбек сыйымдылығы




Кредиттер/ сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Анатомия, физиология, микробиология, зоогигиена

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Мамандықтар бойнша шаруашылықты жүргізуге кең көлемді білім беру, мал организмінде болатын әр түрлі патологиялық үрдістерді анықтау, аурудың шығу себептерін алдын алу және онымен күрес шараларын жүргізуді меңгертуге үйретеді.


Мазмұны

Дәрістер: Паталогиялық физиология және анатомия негіздері. Жергілікті қан айналымының бұзылуы. Клиникалық диагностика. Фармакология. Ішкі жұқпалы емес аурулар. Хирургиялық аурулар. Жалпы эпизоотология. Эпизоотияның таралуына себепкер жағдайлар. Жеке эпизоотология. Жалпы паразитология. Инвазиялық аурулардан мал шаруашылығына келетін экономикалық шығын және олардың медико-санитарлық маңызы. Инвазиялық аурулардың эпизоотологиясы. Жануарлар гельминтоздары. Жануарлар арахнозы. Жануарлар протозооздары мен эндомотоздары.
Зертханалық сабақтар:

Гипергиотикалық үрдістер. Жергілікті қан айналымының бұзылуы. Қабыну және оның нысандары. Антибиотиктер және нитроцурандар. Дәрілердің негізгі түрлері. Оларды қолданудың тәсілдері. Ветеринариялық тәжірибедегі асептика және антисептика. Қолды дезинцекциялау. Малдың жұқпалы ауру қоздырушысы. Жануарлардың жұқпалы ауруларының алдын алу үшін арнайы препараттармен танысу. Дезинфекциялайтын заттарды дайындау. Трематодтарды және олардың биологиялық даму циклін препараттыр арұқылы оқып үйрену. Цестодтарды және олардың биологиялық даму циклін оқып үйрену. Нематодтарды және олардың биологиялық даму циклдерін оқып үйрену. Гельминтоздардың тірі және өлгеннен кейінгі жүргізілетін негізгі балау әдістері мен танысу. Мал шаруашылығында қазіргі кездегі тиехнологияны қолданып, герминтозды ауруларын жою.



Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Жануарлар ауруларының сыртық және ішкі себептері туралы білімді, кеңнен тараған аурулардың пайда болу себептерін анықтай білуді және жеке басты сақтандыру шараларын қолдана білуді, қарапайым емдеу әдістерін қолдана отырып, ауруға алғашқы көмек көрсетуді кеңінен тараған жұқпалы немесе жұқпалшы емесауруларды, олардың пайда болуын және алдын алу жолдарын білуді, мал басын қорғау мақсатында сақтық шараларын жүргізуге көмек беруді қамтамасыз етеді.



5 семестр

Пәннің аталуы

Мал шикізатын тауартану және сараптау

Қысқартылған атауы

МШТС

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, зетханалық, ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

5 семестр

Оқытушының Т.А.Ә.

Асылбеков Б.Ж.

Доцент / оқытушы:

Доцент

Жұмыс тілі

Қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15, зертханалық – 15, ОБСӨЖ–30, СӨЖ - 30


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90

Кредиттер / сынақ бірліктері

2 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: пәнді оқып-игеруі үшін студент алдымен жануарлар анатомиясы, морфологиясы, мал азықтандыру, жануарлар физиологиясы, биоорганикалық және биологиялық химия, микробиология, вирусология, физика, химия сияқты пәндермен таныс болуы және толық игерген болуы қажет

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

жоғары тұтынушылық қасиеттерін зерттеумен қатар, мал шикізатынан өндірілетін жоғары сұранысты дайын заттар мен жартылай фабрикаттарды қамтамасыз етуі

Мазмұны

Дәрістер: Кіріспе. Мал шикізатын тауартану және сараптау пәні туралы түсінік. Тауар сапасын бақылау. .Ет және ет өнімдерінің сапасын сараптау. Сүт және сүт өнімдерінің тауарлық қасиеті мен түрлері. Жүн шикізатын тауартану және сараптау. Жүннің қасиеттері. Тері шикізаты жөніндегі жалпы түсінік. Әр түрлі тері шикізатының құрылымының ерекшеліктері, терінің топографиялық бөлшектері. Тері шикізатының қасиеттерін анықтайтын және құрылымына әсер ететін жағдайлар. Мех-тондык шикізатын тауартану және сараптау. Еліміздегі тондык шикізат қоры, мех-тондык шикізат жүйелері. Бағалы ан терісі шикізаты туралы жалпы мағлұмат. Мал шикізатың экспортгау және импорттау. Мал және шошқа қылшықтары туралы жалпы түсінік. Мал шикізатынын косымша түрлерінін тауартануы.
Зертханалық сабақтар: Тауарды сараптау жолдары, тауартануда қолданылатын терминдер. Тауарларды топтастыру, тауар сапасына сараптау жүргізу тәртібі. Шұжық, жартылай ет фабрикаттарының сапасын сараптау, ет жастығын анықтау. Сүт өнімдерінің сапасын сараптау, зерттеуге үлгі алу. Жүн шикізатының тауартануы, ақауы мен кемістіктері. Жүн қасиеттері, ылғалдылығы, шайырлығы, таза жүн шығымы. Тері шикізатын тауартану. Теріні топтастыру .Теріні алғаш өңдеу, жіктеу және бағалау. Мех-тондық шикізатының тауартануы. Мех-тондық шикізатының ақаулары. Бағалы аң терілерінің тауартануы. Мал шикізатын экспорттау және импорттау. Мал және шошқа қылшықтарын сараптау. Малдың қосымша шикізаттарының тауартануы

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Пәнді игерген соң студент, мал шикізатының тауарлык қасиеттерін жете білуге және сараптауға міндетті олардың сапа көрсеткіштерін мемлекеттік стандарттармен сәйкес кез-келген түрінде (өңделмеген, консервіленген алғашқы өңделген) бағалауға тиіс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет