Ф 06-32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет12/12
Дата16.06.2016
өлшемі1.7 Mb.
#138976
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12



7 семестр

Пәннің аталуы

М45. Өндірістік іс-тәжірибе

Қысқартылған атауы

ӨІТ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Өндірістік іс-тәжірибе, ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

7 семестр

Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент / оқытушы:




Жұмыс тілі

Қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Практикалық - кәсіптік бөлім

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

5 апта

Еңбек сыйымдылығы




Кредиттер / сынақ бірліктері

2 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Мамандыққа кіріспе, ғылыми жаратылыстану және математикалық негіздері пәндері, арнайы мамандандырылған пәндер.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Практиканың негізгі мақсаты - студенттерді өз мамандығы бойынша өндірістік жағдайда кәсіптік білімін тәжірибелік түрде меңгеріп, шешім қабылдай алуға үйрету. Теориялық курстан алған білімді іс-практика жүзінде толықтыру.

Кәсіптік жаттығу аталған кафедралардың бейімделген зертханаларында, саласы сәйкес ғылыми зерттеу мекемелерінде, өндірістік кәсіпорындарында, ауыл шаруашылық ұжымдарында, фермерлік қожалықтарда жүргізіледі.

Оқу – жоспарына сәйкес берілген практика өтілген материалдардан алған білімдерін бекіту үшін қолданылады. Сонымен қатар келесі курстарда өтілетін пәндерді жақсы меңгеру үшін мәліметтер алады.


  • практиканың жұмыс бағдарламасында көрсетілген тапсырманы толық орындауға;

  • кәсіп орынында орнатылған ішкі еңбек тәртібіне бағынуға;

  • еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және санитарлық ережелерді оқып орындауға:

  • курстық жобаға материал жинауға міндетті.

- әртүрлі ауыл шаруашылық малдарының өнімділіктерін, экстерьерін, интерьерін зерттеу әдістерін меңгеру.

- мал мен құстарды азықтандыру, күтіп-бағу, өсірудің тәжірибелік маңыздылығын игеру.

- табынды өз төлінен өсірумен, малдар мен құстардың тұқымдары, ата-енелері және аналық ұялары мен тәжірибе жүзінде танысу.

Өндірістік және диплом алдындағы тәжірибе 3-4 курстарда әртүрлі мен түріндегі шаруашылықтар мен фермаларда ұйымдардың мамандары мен бойынша кафедра оқытушысының жетекшілік жасауы арқылы өтеді.



  • мал өсіретін шаруашылықтардың экономикасы және ұйымдастыруларымен танысу.

  • Менеджер-зоотехниктің, зоотехник – селекционердің мал өсіретін шаруашылықтарды ұйымдастыру және іс жүргізу жұмыстарының тәжірибелік машықтарын игеру, ауыл шаруашылық малдарын есепке алу, бонитировкалау, ұрпағының сапасы бойынша бағалауды үйрену.

  • Малдардың өнімділіктерін талдау, азықтарды дайындау мен есепке алу , қажеттіліктерін есепке алу, жас төлдердің өсіп жетілуін есепке алу.

  • Бекітілген диплом тақырыбы бойынша эксперименталдық және т.б. материалдарды жинақтап байланыстыру.

  • Жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін алдын ала апробациялау және оларды өндірісте жүзеге асыруға ұсыныстар енгізуді үйрену.

Мазмұны

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу технологиясы. Студенттер өз бетімен ірі қара кәсіпорындарын (асыл тұқымды зауыттар мен тауарлы сүт фермаларының) технологиясын игеруі тиіс. Ірі қара табынын толықтыру, асылщандыру жұмыстарын жете меңгеруі керек.

Құс шаруашылығы және құс өнімдерін өндіру технологиясы. Студенттер құс өсіретін кәсіпорындарда құс өнімдерін өндіруде - технологиясын жетілдіру, әр шаршы метр жерден өнім шығымымен көбейтіп сапасы арттыру және өзіндік құнын төмендету шараларына көңіл аударуы қажет. Жұмыртқа өндіру технологиясын, жұмыртқа салу динамикасының ерекшеліктерін, жұмыртқалау алшақтығына әсер ететін факторларды үйренуі керек . Ет өндіру технологиясын, тұтынушылар талабына сәйкес өсіру, құсты бордақылау, оның мерзімдерін, құс өсіру қарқынын жеделдетуді, ет өнімділігін арттыруды білуі тиіс. Жұмыртқаларды инкубациялау процесстерімен танысуы керек. Инкубация мен сойыс қалдықтары және қосалқы өнімдердің пайдалану жолдарын үйренуі керек.

Қаракөл елтірісін өндіру технологиясы. Студенттер қаракөл қой шаруашылықтарында қозы союды,

Елтірі және май сылу тәсілдерін үйренуі керек. Елтіріні тұздап кептіру консервілеу. Құрғақ тұздау, сулап тұздау, қышқылды тұздау және ашыту тәсілдерін және оларды құрғату, тазалау, қабаттап жинауды үйренуі керек. Қоймаға қабылдау кезінде тұздалған қаракөл елтірісін сорттауды үйреніп білуі керек. Қаракөл қозыларын сою кезінде мәндір алуды, оны сақтауды, сорттауды, тұздап кептіру жолдарын үйренуі тиіс.



Сүт өндіру технологиясы Сауын сиырларды қысқы және жазғы уақыттарда ұстау тәсілдерін мал азығымен қамтамасыз етуді анықтау тәсілдерін, мал азығын дайындау мен тарату, табиғи және екпе жайылымдарымен пайдалану жолдарын ірі қара мал фермер шаруашылықтарында үйренуі тиіс. Табынның құнылымы және жеке-жеке мамандығын шаруашылықтардағы олардың ерекшеліктерін, сүтті өндірістік негізде өндіру технологиясын, оның зоотехникалық және экономикалық негіздерін осы тәсілдердің артықшылығы мен кемшіліктерін үйренуі керек. Сүт өнімдерінің фермаларда алғашқы тазалығын, майлылығын және сортын анықтауды үйренуі керек.

Қымыз өндіру технологиясы. Студенттер жылқы шаруашылықтарында өндірілетін қымыздың тағамдық қасиетін, оның химиялық құрамын, қоректілігін және емдік қасиеттерін үйренуі керек. Бие желінін, құрылысын және сүт беру ерекшеліктерін үйренуі керек. Биелердің тұқымына байланысты сүттілігін бағалауды және оны анықтау әдістерін үйреніп білуі керек. Қымыз фермасына сауын биелерді іріктеуді, оларды қолмен және машинамен сау және оны ұйымдастырудың жолдарын үйреніп білуі керек. Қымыз және оның құрамы, бие сүтімен қымыз стандарттарын білуі тиіс.

Жұмыртқа өндіру технологиясы. Студенттер құс жұмыртқаларын өндіретін кәсіпорындарда, жұмыртқа өндіру технологиясымен жете танысып шығулары тиіс. Жұмыртқаның түзылуін, қалыптасуын, құрылысын және химилық құрамын үйреніп білуі тиіс. Құстардың тұқым жұмыртқалау мерзімдерін, жұмыртқа салу динамикасын, ерекшеліктерін, жұмыртқалау жиілігімен сапасын арттыру жолдарын толық еңгеруі керек. Құс тұқымдарының жұмыртқа салу ерекшеліктерін жүзінде үйреніп ілуі керек.

Құс етін өндіру технологиясы. Студенттер құс етін өндіретін кәсіпорындарда (бройлер птицефабрикасы) құс етін өндіру технологиясымен жете танысып шығулары керек. Бұл кәсіпорындар ет өнімділігіне қарай бағалауды, атап айтқанда сойыс ет шығымын есептеуді үйренуі керек. Құс етінің қоректік дәрежесін, дәмділігін , химиялық құрамын анықтауды үйренуі керек. Ет өндірісінің технологиясын тұтунушылар талабына сәйкес құсты өсіруді, құсты бордақылауды, оның мерзімдерін, құс өсіру қарқынын жеделдетуді өнеркәсіп технология саласында үйреніп білуі және машықтануы керек. Құс етінің өнімділігін арттыру жолдарын үйреніп білуі керек.

Шошқа етін өндіру технологиясы. Студенттер шошқа өсіретін арнайы кәсіпорындарда және шошқа фермаларында олардың жұмыс принциптерімен өндірістік үрдістерімен еңбекті цехтық әдіспен ұйымдастыру технологиясымен, технологиялық топтар құру тәртібімен, шошқа қораларын құрал-саймандармен жабдықтау, арнайы өнеркәсіптік үрдістерді механикаландыру жұмыстарымен жете танысып шығулары керек. Шошқаларды жедел семірту олардың ет өнімділігін арттыру жолдарын үйреніп білуі керек.

Практиканы жүзеге асыру. Оқу және өндірістік тәжірибелерді ұйымдастыруларға қойылатын талаптар:

Оқу тәжірибесі 1 және 2 курста оқытушының жетекшілігімен оқу шаруашылығында өтеді.



Тәжірибе жетекшісі оқушылардың есептерін қарастырып, кафедра меңгерушісіне тәжірибе жүргізілгендігі туралы оларға жасалған ескертпелер мен оқушылардың тәжірибелік дайындығын жетілдіруге арналған ұсыныстары көрсетіліп жазбаша есеп беріледі.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Іс-тәжірибе соңында студент күнделікпен бірге 30-40 бет көлемінде жазбаша түрде жетекші оқытушыға іс-тәжірибе есебін тапсырып оны комиссия алдында қорғауы шарт.



8 семестр

Пәннің аталуы

МАБ және Дипломдық жұмысты қорғау

Қысқартылған атауы

МАБжДЖҚ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Эксперименттерінің орындалуы, СӨЖ, ОБСӨЖ, қорғау

Семестр:

8семестр

Оқытушының Т.А.Ә.

Мәмбетәлі О.

Доцент/оқытушы:

Қожалы Б., Омар М., Ермекбаева Р., Божбанов Б., Бакиров А., Дәуренбеков Х., Асылбек Р.Жылқыбаев А.

Жұмыс тілі

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Мемлекеттік аттестациялық қорытынды ББКЖ

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

СӨЖ- 340 сағ, ОБСӨЖ – 20сағ.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 360 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

8 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Қорғауға жіберілуі үшін студенттің ББКЖ бойынша барлық пәнді оқытылуы және 228 ECTS алуы керек.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

ББКЖ мақсаты/ компетенциясы: Бітірушінің өндірістік техникалық жобалық-конструкторлық және ғылыми-зерттеу қызметінің өз бетінше жұмысына кәсіптік дайындық деңгейін анықтау; мамандық бойынша теориялық және практикалық білімі мен практикалық шеберлігін жүйелеу, бекіту және кеңейту; жасаған мәселелер мен сұрақтарды шешудегі өзіндік жұмыстарды жүргізу шеберлігін және зерттеу мен тәжірибе әдімстемесін игеруді дамыту. Сәйкес саладағы актуальды міндеттерді шешу үшін арнайы және анықтама әдебиеттерді қолдана білу, студенттердің өз бетінше жұмыс жасауға дайындығын шығару; студенттердің шығармашылық жұмысықа және өз бетінше пікір алысуды жүргізуге шешім қабылдауға негіздеу мен қорғай білуге дайындығын бағалау.

Мазмұны

ББКЖ студенттің қорытынды өзіндік жұмыс және 80-100 беттік түсіндірме жазудан, А1 форммат бетіндегі 6-8 бет графикалық беттен тұрады. Түсіндірме жазуға келесі құрылымдық элемменттер кіреді: титулдық бет, тапсырма, мазмұны, аннотация, нормативтік сілтемелер, анықтамалар, белгілер мен қысқартулар, кіріспе, бітірушінің квалификациясын анықтайтын негізгі бөлім, тіршілік қауіпсіздігі бөлімі, қоршаған ортаны қорғау бөлімі, экономика, бизнес жоспар бөлімдері, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Студенттер ВКРБ қорғауы мемлекеттік стандартқа сай жүргізіледі, оны комиссия алдында қорғауы шарт. ВКРБ қорғауынан соң бағаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет