Ф 06-32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет8/12
Дата16.06.2016
өлшемі1.7 Mb.
#138976
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

5,6,7 семестрлер

Пәннің аталуы

М6. Шет тілі

Қасқартылған атауы

ШТ

Оқу іс-шаралары оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 5-7

Оқытушының Т.А.Ә.

Курбанбаева С.Н.,Ашимова Т.С

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы, оқытушы

Жұмыс тілі

Ағылшын тілі,орыс тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Жалпы білім беретін пән, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Практ.- 60сағ., ОСӨЖ-60сағ., СӨЖ –60сағ.

Еңбек сыйымдылығы

180 сағ

Кредиттер /сынақ бірліктері

4 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиты: қазақ тілі, орыс тілі ,Шетел тілі І,

Білім беру мақсаттары /құзіреттлігі

«Шетел тілі» пәнін оқытудың мақсаты қарым –қатынас жасаудың 4 түрін (оқу, жазу,сөйлеу,жазу) қолдана отырып,мамандардың кәсіби аясында шет тілін қолданумен анықталады, шет тілінде қарым-қатынас жасау.

Мазмұны

Практикалық сабақ ағылшын тілін оқуды жалғастырушы топтарға қарастырылған, -онда төмендегі сұрақтар қаратырылады:ағылшын/неміс тілдерінің терминологиялық лексикасы. Тілдің ғылыми стилінің морфологиясы. Тілдің ғылыми стилінің синтаксисі. Тезистер. Реферат түрлері. Эссе. Баяндама.

Оқу жұмысының нәтижелері/ытынды бақылау түрлері

Күнделікті кең тараған жағдаяттарда қарым-қатынас жасау үшін қажет лексико-грамматикалық материалдарды меңгеру,тілдің және сөйлеу іс-әрекеттерінің әр түрін дамыту. Студенттердің білім деңгейі ағымдық ,межелік және қорытынды бақылау түрінде – емтихан тест түрінде қабылданады.



6 семестр

Пәннің аталуы

Агроөнеркәсіптік кешенінің кәсіпорын қаржылары

Қысқартылған атауы

АПК кәсіпорын қаржылары

Оқу іс шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, зертханалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

6

Оқытушының Т.А.Ә.

Жұлдызбаев Н.Е.

Доцент/оқуытушы

Доцент

Жұмыс тілі

Қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Дәріс – 15, тәжірибелік – 15, СОБӨЖ – 30

Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

60 сағат/ күндізгі

Еңбек сыйымдылығы




Кредиттер/ сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

"Қаржы" пәні, "АӨК кәсіпорындары қаржылары" пәні мен жалғасатын негізгі пән болып табылады, ол қоғамның өндірістік қатынастарының белгілі, шаруашылық және әлеуметтік өмірде қолдану мен айқындау механизмі ретіндегі қаржылық қатынастардың ерекшелігін оқытады, қаржы туралы теориялық білімді қалыптастырады.

"АӨК кәсіпорындары қаржылары" курсын сәтгі ұғыну үшін "Қаржы", "Мемлекетгік бюджет","салық және салық салу", «Ақша, несие, банктер», "Микроэкономика", "Кәсіпорындар экономикасы", "Нарықтық экономика негіздері", «Банк ісі негіздері», «Бағалы қағаздар нарығы","Сақтандыру ісі" және т.б. пәндерді білу керек.




Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Мақсаты: АӨК кәсіпорындары қаржысын ұйымдастыру, қаржылық тұрақтылыққа жету мақсатында тиімді басқару мен оңтайландыру, алынатын таза табысты жоғарылатын, компания иелерінің меншігі мен жағдайын жоғарылату негіздерін қамтамасыз ету.



Мазмұны

«АӨК кәсіпорындары қаржылары курсы экономикалық ғылымдарының маңызды құрамдас бөлiгiнiң бiрi – кәсiпорын қаржысының ерекшелiгi зерттелетiн негiзгi (базалық) оқу пәнi болып табылады.

Батыс әдебиеттерінде "Корпорациялық қаржы" қаржы менеджментінің синонимі болып есептеледі. Қаржы менеджменті АӨК кәсіпорындары қаржыларының қолданбалы бөлігі болын табылады. Екеуі де компанияның инвестициялық шешімдері мен осы инвестициялық шешімдерді қаржыландыру көздерін таладау бойынша шешімдердің жиынтығы ретінде анықталады.

Қаржы менеджменті әдетте мәдениетке, яғни қаржы теориясын тәжірибеде қолдануға бағытталса, АӨК кәсіпорындары қаржыларыда негізінен сәйкесінше тұжырымдамалар мен формулаларды ғылыми негіздеуте көп көңіл бөлінеді.

АӨК кәсіпорындары қаржылары — батыс және отандық университеттерде және бизнес мектептерінде экономикалық білім беру жүйесіндегі негізгі және міндетті курстарының бірі. Оның мазмұны қаржының жалпы теориялық тұжырымдамдарын және дамыған қаржы нарығында, бағалы қағаздардың құнын қалыптастыруға бағытталған акционерлік компанияның қаржылық басқарудың тәжірибелік әдістерін қамтиды.

Оку обьектісі - микродеңгейдегі қаржының қызмет етуі, заңнамалық және нормативтік актілер шеңберіндегі ұйымдық — құқықтық нысандағы түрлі кәсіпорындарды қаржылық реттеу саласында жинақталған тәжірибелік білім.

" АӨК кәсіпорындары қаржылары " курсының мазмұны меншікті қаржылық ресурстарды қалыптастыру, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу мен пайдалану, сондай-ақ негізгі өндірістік қорлар мен айналым қаражаттарын, өндірісті және өнім, қызмет көрсету жұмысты өткізуді қалыптастыру процесінде пайда болатын ақша қатынастары жүйесі болып табылады.

АӨК кәсіпорындары қаржылары мемлекеттің бірыңғай қаржы жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл ең алдымен жалпы қоғамдық өнім, ұлттык табыс және ұлттық байлық қүрылатын материалдық өндіріс саласына қызмет көрсетумен айқындалады. Мәні жағынан корпорациялар қаржысы қаржы жүйесінін, ерекше бөлігі болып табылады. Олар өндіріспен тығыз байланысты және экономика дамуының заңдылықтарын көрсетеді, экономикалық бизнестің құрамына кіретін категория болып табылады.

Корпорация қаржысының жағдайы жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорларының қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуіне елеулі әсер етеді. Неғұрлым кәсіпорындардың қаржылык жағдайы мықты әрі берік болса, соғұрлым жалпы мемлекеттік жәнс аймақтық ақша қорлары толығымен қамтамасыз етіледі, әлеуметтік-мәдени және қоғамның басқа да қажеттіліктері жеткілікті түрде қанағаттандырылады.

Кәсіпорынның қаржылық қызметі екі жан-жақты бағытталған факторлар әсерінен құралады: фирма ішіндегі қатынастар және сыртқы бизнес ортамен қатынастар. Сондықтан да нарық жағдайындағы корпорациялар деңгейіндегі қаржылық қатынастар жүйесін басқарудың қажетті құралы болып қаржылық жағдайдың, жалпы деңгейіне әсер ететін барлық факторлардың өзара байланысын дұрыс түсіну табылады. Ол үшін шаруашылық жүргізудің

жоғары тиімділігіне жету мақсатында қаржылық тетіктер мен ынталандыруларды дұрыс қолдану қажет. Партнерлермен қарым-қатынастардың перспективасы мен сипатын ескеру маңызды(тауарларды сату сатып алу, тауарлық-материалдық құндылықтарды жабдыктау бойынша корпорациямен байланысты тұлғалар ғана емес, сондай-ақ акционерлер, кредиторлар, банктер, қор нарықтары, салықтық және сақтандыру органдары).

Бағдарламаны әзірлеу процесінде әрбір тақырып бойынша курсты тәжірибелік ұғынудың түрлі әдістері мен жолдары қарастырылған: іскерлік ойындар, есептер, презентациялар, реферат жазу, баяндама, студенттерге пәнді білуге шығармашылық ойды дамытуға өзіндік жұмыстар жүргізу.

Пәнді оқыту әдістері болып статистика-экономикалық қаржылық талдау және жоспарлау және т.б. болып табылады.




Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

"АӨК кәсіпорындары қаржылары" курсын оқығаннан кейін студент мынадай білім қабілеттілік жүйесіне ие болу қажет:

  • АӨК кәсіпорындары қаржылық механизмінің теориясы мен тәжірибесін білу (қаржылық ресурстарды, ақша қаражаттары мен олардың көздерін қолдану, бөлу, құрумен байланысты қаржылық қатынастарды басқару түрлерін, нысандарын және әдістерін);

  • АӨК кәсіпорындары қаржылық жағдайын бағалай білу, стратегиялық, ағымдағы және оперативтік қаржылық жоспар мен болжамды құрай білу;

  • Нарықтық экономика жағдайындағы АӨК кәсіпорындары қызмет етуінің әр түрлі салаларында онтайлы қаржылық шешімдерді қабылдау біліктілігіне ие болу

Қорытынды бақылау түрі: емтихан




6 семестр

Пәннің аталуы

Ауыл шаруашылық экономикасы

Қысқартылған атауы

А/Ш Экон.

Оқу іс шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, зертханалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

6

Оқытушының Т.А.Ә.

Асылбеков Б.Ж.

Доцент/оқуытушы

Доцент

Жұмыс тілі

Қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны




Еңбек сыйымдылығы




Кредиттер/ сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары




Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Мақсаты:


Мазмұны

Дәрістер:
Зертханалық сабақтар:


Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері






6 семестр

Пәннің аталуы

Ірі қара шаруашылығы. Сүт және ет өндіру технологиясы.

Қысқартылған атауы

ІҚШСЖЕӨТ

Оқу іс шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, зертханалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

6

Оқытушының Т.А.Ә.

Бакиров А.

Доцент/оқуытушы

Доцент

Жұмыс тілі

Қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны




Еңбек сыйымдылығы




Кредиттер/ сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары




Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Мақсаты:Курстың мақсаты – студенттерді өз мемлекетімізбен шет мемлекеттердегі ірі қара шаруашылығының жағадайымен, ірі қараның биологиялық және шаруашылық ерекшеліктері мен таныстырып, одан аз шығын шығарып, экологиялық таза өнім алу үшін ұтымды пайладануды үйрету.

Нәтижесінде:Өз бетімен ірі қара кәсіпорындарының (асыл тұқымды зауыттар мен тауарлы сүт фермаларының) технологиялық параметрлерін есептеуді, ірі қараларды бонитировкалауды, сүт фермаларына жоғары өнімді сауын сиырларды сұрыптауды, ірі қаралардың жасы мен қоңдылығын ажырата білуді зоотехникалық есеп жүргізуді, табанның сүт және ет өнімділігін жоспарлау мен талдауды, малдың жасы мен жынысына байланысты азықтандыру рациондарын жасауды, малдың өнімділік қасиеттерін бағалауды, сүт пен ет өндіруді жоспарлауды және ірі қараны бонитировкалауды болуы тиіс.

Мазмұны

Дәрістер: Кіріспе. Ірі қара конститутциясы, экстерьері, интерьері және түсі. Конститутция мен дене бітімі типтерін зерттеу мен бағалау әдістері. Сүтті етті және қос бағыттағы ірі қара экстерьерінің, интерьерінің және контитутциясының ерекшеліктері. Ірі қара өнімдері, сүт өнімділігі. Сүттің құрамы мен оның тағамдық маңызы. Сүт бездерінің құрылымы. Сүтке,және оның құрамына әсер ететін жағдайлар. Ет өнімділігі. Еттің морфологиялық жәнен химиялық құрамы, тағамдық маңызы. Ет өнімділігіне әсер ететін жағдайлар. Ірі қара тұқымы. Ірі қараның өнімдік бағытына қарай топтастырылуы. Әлемдік және жергілікті тұқымдар. Сүтті ірі қара мал тұқымдары: голштин, қара-ала, қырдың қызылы, айршир, джерсі, т.б. Сүтті-етті ірі қара мал тұқымдары: алатау, кострома, симментал, швиц, монбельярд. Етті-ірі қара мал тұқымдары: қалмақ, қазақтың ақ басы, әулиекөл, герефорд және т.б. Әртүрлі өнім бағытындағы мал табының құрылымы мен өндірісті жүргізу қарқындылығы. Сиырдың қысыр қалуы жөніндегі негізгі түсінік. Сиыр табынын толықтырудың негізгі көрсеткіштері. Сиырды қысыр қалдырмау үшін атқарылатын жұмыстар. Бұқалар мен сиырларды шаруашылықта пайдалану. Сиырларды бұзаулауға даярлау және төл алу. Тұмса сиырларды өнімділігі және желіндерінің морфофункционалдық қасиеттері бойынша бағалау. Сүтті және етті ірі қара шаруашылықтарында төл өсіру тәсілдері. Төлдің өсуін жоспарлау. Алғаш рет қашырылатын тайыншалардың жасы мен тірілей салмағы. Сиыр табынының жас төлмен толықтырудың негізі. Сүт өндіру технологиясы. Сауын сиырларды қысқы және жазғы уақыттарда ұстау тәсілі. Мал азығын дайындау мен тарату, табиғи және екпе жайылымдарды пайдалану әрі екпе көкмайсамен қамтамасыз ету. Циклограмма жөнінде түсінік. Сүт өндіру технологиясының цехтары, әр цехта болу мезгілі, сиыр орындарын есептеу.Ет өндіру технологиясы.Малды өсіру, жетілдіру және бордақылау жөніндегі түсініктер. Бордақылау шаруашылықтарының түрлері.Бордақыланатын малдарды басу технологиясының операциясы және оны экологиялық негізде бағалау. Мамандандырылған етті ірі қара шаруашылықтарындағы сиыр-бұзау технологиясының ерекшеліктері. Бордақыланған малдарды өткізу. Асылдандыру жұмыстары. Асылдандыру жұмысының ірі қара мал өнімін көбейтудегі әсері. Асылдандыру жұмысының өз еліміздегі және шет мемлекеттерде дамуы. Фермеклік шаруашылықтарда малдарды өсіру және бордақылау ерекшеліктер. Малды жием және барда азықтармен бордақылау.

Зертханалық сабақтар: Дене мүшелері, экстерьерінің тұқымына, жасына және жынысына байланысты айырмашылықтары. Экстерьері және конститутциясының оқу тәсілдері.Малдың жасын айыру, ен салу тәсілдері.Малды өлшеу, тірі малдың дене мүшелерін алу, дене индекстерін есептеу.Бақылау сауынын жүргізу ережелері және сүт сынамаларын талдауды сұрыптау. Сауын маусымының сызығы және оның бағалары. Сүт майлылығы мен белоктығы бойынша есептеулер. Сауын маусымы бойынша орташа пайызы, бір пайыздық сүт, сүт майлылығының мөлшері. Тірілей салмағы және сойғаннан кейінгі еттің есептеу тәсілдері мен бағалау. Сүт кешеніндегі технологиялық операциялар. Нақты шаруашылықтағы сүт өндіру технологиясымен танысу. Ірі қара етін өндіретін кешендегі технологиялық операциялар. Сүтті ірі қара малдың селекциялық-генетикалық параметрлерін есептеу. Тайыншалардың өсіп жетілуін жоспарлау. Табынды өз төлімен өсіру көрсеткіштері, оларды есептеу. Сүтті және сүтті –етті бағыттағы ірі қараларды бонижировка техникасы мен оны ұйымдастыру. Сүтті бағыттағы ірі қарамен жүргізілген асылдандыру жұмысының нәтижелері жөніндегі есепті құрастыру. Сүтті және сүтті-етті бағыттағы жұқымдық бұқаларды ұрпағының сапасы бойынша бағалау.

Практикалық сабақтар: Ірі қара шаруашылығындағы өндірістік және асыл тұқымдық есепті ұйымдастыру және оның принциптері. Малдың өнімділік және асыл тұқымдық сапасын бағалау. Жануарлардың жасын анықтау және ен салу. Мал басының қозғалысы жайлы есеп құрастыру. Малдың экстерьерін бағалау. Малдың өнімділік бағытына, жасы мен жынысына байланысты. Асыл тұқымды шаруашлылықтардағы сиырлар мен қашарларды қолдан ұрықтандыру. Ірі қара малды бонитировкалау және оны жетекші асыл тұқымды табындарда талдау. Сүтті бағыттағы ірі қарамен жүргізілген асылдандыру жұмысының нәтижелері жөніндегі есепті құрастыру. Сүтті және етті-сүтті бағыттағы тұқымдық бұқаларды ұрпағының сапасы бойынша бағалау. Етті бағыттағы ірі қараларды бонитировкалау. Табындағы асылдандыру жұмысының жоспарымен танысу. Сиырлардың форма бойынша сауылатын сүтін жоспарлау. Белгілерінің жиыны бойынша қорытынды класын анықтау. Бұқалардың класын анықтау. Жасмалдың класын анықтау. Сүтті және сүтті-етті бағыттағы тұқым бонижировка қорытындысын талдау.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Өз бетімен ірі қара кәсіпорындарының (асыл тұқымды зауыттар мен тауарлы сүт фермаларының) технологиялық параметрлерін есептеуді, ірі қараларды бонитировкалауды, сүт фермаларына жоғары өнімді сауын сиырларды сұрыптауды, ірі қаралардың жасы мен қоңдылығын ажырата білуді зоотехникалық есеп жүргізуді, табанның сүт және ет өнімділігін жоспарлау мен талдауды, малдың жасы мен жынысына байланысты азықтандыру рациондарын жасауды, малдың өнімділік қасиеттерін бағалауды, сүт пен ет өндіруді жоспарлауды және ірі қараны бонитировкалауды болуы тиіс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет