Ф 06-32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет9/12
Дата16.06.2016
өлшемі1.7 Mb.
#138976
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12



6 семестр

Пәннің аталуы

Қой шаруашылығы, қой етін, жүнін, елтірісін өндіру технологиясы.

Қысқартылған атауы

ҚШҚЕЖЕӨТ

Оқу іс шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, зертханалық, тәжірибелік ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

6

Оқытушының Т.А.Ә.

Бакиров А.

Доцент/оқуытушы

Доцент

Жұмыс тілі

Қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны




Еңбек сыйымдылығы




Кредиттер/ сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары




Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Мақсаты:

Курстың мақсаты – студенттерге қойлардың экстерьерлік-конститутционалдық және интерьерлік ерекшеліктері, олардың өнімділігі (жүн, ет, қаракөл елтірісі, тондық және мехтық тері, сүт және құйрық майы), әртүрлі өнім бағытындағы қой тұқымдары, асылдандыру жұмыстары, қой отарларының толықтырудың зоотехникалық негіздері мен жүн және еті, қаракөл елтірілерін өндіру технологиясы жайлы толық құнды білім болып табылады.



Нәтижесінде:

Өз бетімен қой шаруашылығы саласының жоғарғы сапалы өнімдерін өндіру технологияларын құрастыруды және өндіріске енгізуді селекциялық жұмысқа қойылатын технологиялық талаптарды сақтауды қамтамасыз ете отырып жасай алуы; қой тұқымдарын стандарттау мақсатында сұрыптау мен жұп таңдауды; қазіргі уақытта бар тұқымдардың асыл тұқымдық және өнімділік сапаларын, аталық іздерін шығаруды; қой отарларының асыл тұқымдық және шаруашылықтықта алатын орындарына баға беруді білуі тиіс



Мазмұны

Дәрістер:Кіріспе. ТМД мемлекеттері мен Қазақстан Республикасындағы қой шаруашылығының қысқаша тарихы мен қазіргі жағдайы. Қой шаруашылығы – жүн, ет, май, елтірі, сүт-өнеркәсіптік құнды шикізат, әрі адам тағамдарының маңызды көзі. Қой шаруашылығынан түсетін өнімдерді молайту жолдары.Қойдың шығу тегі, қолға үйрету кезеңдері, биологиялық және өнімділік ерекшеліктері.Қой шаруашылығы өнімдері (жүн, қой еті, тондық тері, елтірі, қой сүті).Қой тұқымдары және тұқымдық топтары. Тұқым және тұқым топтары жайлы түсінік. Әртүрлі тұқымдар және олардың негізі.Биязы жүнді қой тұқымдары. Биязы жүнді қой шаруашылығының қысқаша тарихы. Биязы жүнді қой өсіруде қазақстандық ғалымдардың ролі. Биязы жүнді қой тұқымдарының жүнді, жүнді-етті, етті-жүнді бағыттары.Биязылау жүнді қой тұқымдары және тұқым топтары. Биязылау жүнді қой тұқымдарының қысқаша тарихы. Осы қой саласын жеделдетудің маңызы. Ұяң жүнді қой тұқымдары және тұқымтоптары. ТМД елдеріндегі және Қазақстандағы ұяң жүнді қой тұқымдарының қысқаша тарихы. Етті-майлы бағыттағы қой тұқымдары.Атиссар, Еділбай, қазақтың құйрықты қойлары және ақ жүнді жаңаарқалық типі, сарыарқа құйрықты қой тұқымы. Қой өсіру, іріктеу және жұптау әдістері, генетикалық негіздері. Қой асылдандырудағы популяциялы-генетикалық негіздері, генетикалық және паратиптік өзгергіштік, оның практикалық селекциялық маңызы.

Қой шаруашылығында асылдандыру жұмыстарын ұйымдастыру әдістері және жоспары. Қойды бонитировкалауды ұйымдастыру. Биязы, биязылау, ұяң және қылшық жүнді қойлардың тұқым стандарты мен оларды бонитировкалау және қаракөл қозыларын бонитировкалау.Қой шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы. Қой шаруашылығын мамандандыру және шоғырландыру.


Тәжірибелік сабақтар:

Қойларды сырт пішініне қарап бағалау. Қой қырқу, жүнді класқа бөлу.

Көрме, оқу-тәжірибе шаруашылығы. Озық фермерлік және шаруа қожалықтарында қойды азықтандыру.Қой қоздату және жас төлдерді өсірудің прогрессивті технологияларымен танысу.Қозының тірідей салмағының артуына қарап, саулық сүттілігін анықтау.Қой бордақылаудың жоспары мен технологиялық картасын жасау.Жүннің жіңішкелігін анықтайтын зертханалық және сараптық әдістер. Жүннің иректілігі, пішіні.Жүннің ұзындығы, беріктігі, созылғыштығы, серпімділігі, иілгіштігі және ылғалдылығы.Жүн кемістіктері, ақаулары және оларды болдырмау шаралары.Қой шаруашылығындағы өндірістік-зоотехникалық есеп. Тұқым асылдандыру кітабы.Жүнді алғаш өңдеу, қой терісі мен елтірі.және баға беру.Қой сою, ұша бөлу, еттілік категориясы және т.б. технологиялармен танысу.
Зертханалық сабақтар: Әртүрлі өнім алу бағытындағы өсірілетін қойдың сыртқы пішіні мен дене бітімі ерекшеліктері. Қой жасын тісіне қарап анықтау.

Әртүрлі топқа жататын қой жүнін танып білу. Негізгі жүн талшықтары типіне байланысты жүн саралау, талдау, үлгілері.

Жүн элементтері.Қой қырқуға арналған жоспар және технологиялық карта құру.Тондық және мехқа арналған қой терісі және елтірімен танысып, оларды бағалау мен сорттау шарттары.Ет өнімділігі, еттілігін және сойыс сапасын бағалау мен есепке алу әдістері. Қой қоңдылығын анықтау.Қой тұқымдары, олардың өзіндік ерекшеліктері және аудандастыру.Қой тұқымын асылдандыру жұмысы. Қойдың шығу тегіне, жек басының және ата тегіне сапасына қарай бағалау мен іріктеу.

Қой ұрықтандыру жоспарын құру. Қой ұрықтандыруға қошқар белгілеу.



Ата тегі сапасына қарай қошқар сапасын тексеру және талдау мәліметтері.Күйек алудың технологиялық картасын жасау, қой қоздату және төл өсіру.Қой фермаларына арнап азық жоспарын құру, қойды қыста және жазда бағудың мерзімі мен күн тәртібі.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Өз бетімен қой шаруашылығы саласының жоғарғы сапалы өнімдерін өндіру технологияларын құрастыруды және өндіріске енгізуді селекциялық жұмысқа қойылатын технологиялық талаптарды сақтауды қамтамасыз ете отырып жасай алуы; қой тұқымдарын стандарттау мақсатында сұрыптау мен жұп таңдауды; қазіргі уақытта бар тұқымдардың асыл тұқымдық және өнімділік сапаларын, аталық іздерін шығаруды; қой отарларының асыл тұқымдық және шаруашылықтықта алатын орындарына баға беруді білуі тиіс



6 семестр

Пәннің аталуы

Агробизнесті ұйымдастыру

Қысқартылған атауы

АБ Ұ

Оқу іс шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, зертханалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

6

Оқытушының Т.А.Ә.

Оразова Б.Б.

Доцент/оқуытушы

Э.ғ.к., Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Экономиалық пән (міндетті, базалық пән)

Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15 сағат. Семинар сабақтары-30 сағат. ОСӨЖ-45 сағат., СӨЖ-45 сағат

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -135 сағат,

Кредиттер/ сынақ бірліктері

3 ЕСТS

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Курстың пререквизиті: «Экономикалық теория», «Ауыл шаруашылық экономикасы»

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Мақсаты: Агробизнесті ұйымдастыру салаларындағы экономиалық білімді теориялық және тәжірибе жағынан меңгеріп, ауыл және су шаруашылықтарындағы және өндірістік кәсіпорындардағы техника-экономикалық сұрақтардың шешу жолдрын табу. Біліктілік:логикалық, аналиталық және концептуалдық ойлау дағдылардын игеру


Мазмұны

Агробизнесті ұйымдастырудың ғылымының мәні. Ауылшаруашылығы кәсіпорындарындағы өндірісті тиімді дамытып, оның бәсекелестіктегі беріктігін қамтамасыз ету заңдылықтары. Бизнестің мәні, мағынасы, ерекшеліктері. Әр түрлі меншіктегі АӨК кәсіпорындарының ұйымдастырушылық-экономикалық негіздері. Казақстан агроөнеркәсіп кешеніндегі әртүрлі меншіктегі шаруашылықты жүргізу құрылымы, қалыптасуы және дамуы. Әр түрлі меншіктегі кәсіпорындардың өндіріс жағадайы және тиімділігі. Кәсіпорындардың құқықтық ережелері, ұйымдастыру құрылымы, өндіріс көлемі, қызметі, мамандандырылуы және басқа нышандарына сай өзара айырмашылықтары. Нарықтық экономика жағдайында агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындарындағы кәсіпкерлік түрлері. Жеке кәсіпкерлік және оның нарыққа көшу кезеңіндегі даму ерекшеліктері. Нарықтық экономика жағдайындағы мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындары. Шаруа қожалықтары, олардың республикамызда дамуы. Ауыл шаруашылығы кооперацияларының формалары мен көлемі. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін кооперативтерді құру тәртібі. Ауыл шаруашылығындағы серіктестіктер және олардың түрлері мен ерекшеліктері. Шаруа қожалықтары, ауыл шаруашылығы кооперативтері және кәсіпорындар бірлестіктерін құру тәртібі және негізгі ережелері. Акционерлік қоғамдар: мәні, құру тәртібі, түрлері.рмалары, құрылымы және экономикалық мазмұны. Өсімдік шаруашылығында өндірісті ұйымдастыру. Егістік жүйе- өсімдік шаруашылығының ұйымдастырушылық-технологиялық негізі. Технологиялық карталар жасап, пайдалануды ұйымдастыру. Агротехникалық шараларды ұйымдастыру шаруашылығы, химиялық құралдарды қолдану, жер суару т.б. Ауыспалы егістің мәні және ұйымдастырушылық-экономкалық мағынасы. Егістің құрылымы. Ауыл шаруашылығындағы дақылдардың шығымдылығын жоспарлау.

Астық өндіруді ұйымдастыру. Астық өндіруді тағамдық-нарықтық тұрғыда ұйымдастыру. Өндірісті тұтынушылардың сұраныстарына бейімдеу. Халықаралық, қазақстандық агроөнеркәсіптік биржадағы астық базарындағы нарықты ескеру. Астық өндіру мен сатуды жоспарлаудың ерекшеліктері. Астық бәсекелестігі мен өнімділігін арттыру жолдары. Астық нарығы ин Мал шаруашылығы салаларын ұйымдастырудың жалпы мәселелері. Мал шаруашылығы өркендету жүйесі, оның құрамы және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында экономикалық ұйымдастыру тұрғысынан дәлелдеу. Мал Өсіруді ұйымдастыру. Табын құрылымы және табын айналымы, олардың мал шаруашылығы салаларын ұымдастыру маңызы. Малды асылдандыруды ұйымдастыру. Мал шаруашылығы салаларын және олардан алынатын өнімдерді ұйымдастырушылық-экономикалық тұрғыдан бағалау. Мал өнімділігін және өнімнің көлемін жоспарлау әдістері. Мал өнімдерінің нарығы және олардың ерекшеліктері.фрақұрылымын жетілген түрде ұйымдастыру.

Мүйізді ірі қара мал шаруашлығын ұйымдастыру. Мүйізді ірі қара малын өсіретін кәсіпорындарды, фермаларды және кешендерді ұйымдастыру. Олардың өндірістік бағыттары және ұтымды көлемдері. Ірі қара малдарын күтіп, бағу әдістері және ерекшеліктері. Сүт өндіру, өңдеу, сақтау және сатуды ұйымдастыру. Сиырларды өсіру, жайып семірту және бордақылау. Ет сату мерзімі. Әртүрлі сиыр фермаларындағы өндірістің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ету шаралары. Қой және құс шаруашылықтарын ұйымдастыру. Қой өсіретін кәсіпорындар мен фермаларды ұйымдастыру. Қой шаруашылығын басқа салалармен үйлестіру. Қой шаруашылығының мамандандырылуы. Қой шаруашылығын жоспарлау ерекшеліктері. Қой отарлары құрылымын, отар айналымы, саулықтарды ұрықтандыру, қоздату және қой өнімдерін өндіруді экономикалық-ұйымдастыру тұрғысынан дәләлдеу. Қой етін, жүнін және қаракөл елтірісін өндіруді ұйымдастыру. Қой шаруашылығы бәсекелестікте берік болуын қамтамасыз ету. Құс өндіруге мамандандырылған кәсіпорындар түрлері.Салалық ішкі өндіріс бағыттары. Құс өндіруді экономикалық-ұйымдастыру тұрғысынан дәләлдеу. Қой етін, жүнін және қаракөл елтірісін өндіруді ұйымдастыру. Қой шаруашылығы бәсекелестікте берік болуын қамтамасыз ету. Құс өндіруге мамандандырылған кәсіпорындар түрлері.Салалық ішкі өндіріс бағыттары. Құс шаруашылығындағы өндірістік бірлестіктер. Мамандандырылған құс фермалары.Құс шаруашылығын жоспарлау және ұйымдастыру ерекшеліктері. Құс шаруашылығы өнімдерін өндіру бәсекелестікке берік болуын қамтамасыз ету. Агробизнесті жоспарлау.Кәсіпкерлік қызметті жоспарлаудың мәні мен маңызы. Жоспарлау түрлері. Кәсіпкерлікті қаржымен қамтамасыз ету. Бизнес-жоспардың мәні, мазмұны, құрылымы және жасалу әдісі.

Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Емтихан- тест


6 семестр

Пәннің аталуы

Мал өнімдерін стандарттау және сертификаттау

Қысқартылған атауы

МӨСж/еС

Оқу іс шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, зертханалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

6

Оқытушының Т.А.Ә.

Асылбеков Б.Ж.

Доцент/оқуытушы

Доцент

Жұмыс тілі

Қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны




Еңбек сыйымдылығы




Кредиттер/ сынақ бірліктері

3

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Сертификаттау және метрологиялық қамтамасыз ету жүйесінің негізгі принциптерін, мақсаттары мен шешетін мәселелерін толық қанды игеру

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Мақсаты: Терең теориялық білім беруді қалыптастыру мен құқықтық, нормативтік құжаттарды тәжірибеде қолдана білуді үйрету. Мемлекеттік стандарттау, метрологтя және сертификаттау жүйесінде қолданылатын мал шаруашылығының өнімдеріне байланысты нормативтік құжаттар мен ТМД, алыс шетел мемлекеттерінің стандарттарын тікелей қолдану арқылы саудаға техникалық кедергілер тудыратын нұқсандарды жойып, халықаралық нарық жағдайына көшу қажет


Мазмұны

Дәрістер: Стандарттау туралы негізгі түсініктер Стандарттаудың даму тарихы, тұтынушылар мен мемлекеттік мүдделері

Стандарттау саласындағы негізгі түсініктер: стандарттау, мемлекеттік стандартау, техникалық – экономикалық ақпараттардың мемлекеттік жіктегіші

Мемлекетаралық стандарттау. Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым. Халықаралық стандарттау.

Қазіргі кезеңдегі стандарттаудың ілімдік негізі. Келешектегі стандарттау. Кешенді стандартау. Озық стандарттау.

Стандарттардың саласындағы нормативті құжаттар санаты.

Техникалық шарт. Стандарттардың қолданылуы. Қазақстан Республикасындағы стандарттау жөніндегі органдар мен қызметтер жүйесі.

Қазақстан Республикасындағы стандарттау әдістері. Терминдер мен анықтамалар

Мемлекетік бақылау. Мемлекеттік қадағалау. Экономикалық тиімділікті бағалаудың қағидалары мен әдістері.

Стандарттау саласындағы халықаралық ынтымақтастық. БҰҰ және аймақтық экономикалық топтастықтар мен келісімдер аясында, екі жақтық негіздегі халықаралық бейресми ұйымдарда халықаралық стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізудің деңгейі.

МС ИСО – ның стандарттау нысандары, құқықтық статусы.

МС ИСО – ны жасау мен бекіту тәртібі, халықаралық стандарттарды қолдану түрлері.

Халықаралық ақпараттық жүйе. Қазақстандағы ақпараттық қамтамасыздандыру.

Мал шаруашылығында салалар бойынша стандарттау

Мал шаруашылығы өнімдері мен оларды сынау әдістерін стандарттау

Мал шаруашылығы өнімдерін сақтау саласындағы стандарттау жағдайының жалпы сипаттамасы.

Консервілеуге негізделген сақтау тәсілдері.


Тәжірибелік: Стандарттаудың негізгі мақсаттары мен шешетін мәселелері. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының орындалуын мемлекеттік қадағалау. Мемлекеттік басқару органы. Стандарттауда қолданылатын әдістер: математикалық /статистика, болжамдық ілімі, параметрлік қатарлр және т.б./, бағдарламалық – мақсаттық, божау мен оптимизациялау, типизациялау, нормалау мен регламенттеу, унификациялау. Стандарт түрлері Қазақстан Республикасында қолданылатын стандарттар түрлері Мемлекеттік стандарттарды жасаудың тәртібі Стандарттау бағдарламасының тиімділігін анықтау Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым /ИСО/, оның міндеттері, құрылымы Стандарттау нысандарын жіктеу мен кодтау Мал шаруашылығы саласында мекемелердің фирмалық стандарттарын жасау Сапа жөніндегі Еуропалық ұйым /ЕОК/, оның мақсаты мен міндеттері: ЕО аясындағы стандарттау Мал шаруашылығы өнімдері мен оларды сынау әдістерін стандарттау: дәнді, бұршақ және майлы малтер, техникалық малтер, картоп, көкөніс, бақ шаруашылығы өнімі, тұқым және отырғызу материалы, азықтар Мал шаруашылығы өнімдерін сақтау тәсілдері /мал шикізатын/, жас көкөніс пен жемісті сақтауды стандарттау Мал шаруашылығы өнімін сақтаудың тиімді әдісін таңдау

Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын қолданылымдағы стандарттармен анықтау және сапасын анықтау тәсілдерін қолдану;

мал шаруашылығы өнімдері мен өңдеуден өткен өнімдеріне дайындалған нормативтік-техникалық құжаттарды ( МЕМ СТ-тар, ТШ, ҚР СТ, ) талдауды;

мал шаруашылығы өнімдері мен өңдеуден өткен өнімдерінің стандарттарын; сапа, кауіпсіздік және сәйкестік сертификаттарын толтырып әзірлеп беру;

Халықаралық ИСО 14000 стандарттарында белгіленген қоршаган ортаны қорғауды басқару мен табиғатты қорғау мақсатындағы нормативтік-техникалық құжаттарға талдау жасау; экологиялық жағдайын сақтау стандарттарын;

тыңайтқыштар мен малті қорғау мақсатындағы химиялық заттарға және сынақ әдістеріне қойылған нормативтік-техникалық құжаттарға талдау жасау;

сынақ зертханаларына жіберілген өнімдер үлгісін алуды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет