Ф 06. 32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет12/17
Дата25.02.2016
өлшемі1.64 Mb.
#21632
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17



Пәннің аталуы

Сценаристпен жұмыс істеу

Қысқартылған атауы

(Szhi 3304)

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндердің курстары

Тәжірибелік, жеке, СӨЖ, ОБСӨЖ

Семестр:

Семестр 6

Оқытушының Т.А.Ә.

Аманбаев Ерлан Пердебайұлы

Доцент/оқытушы:

Оқытушы.

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Тәжірибелік – 30, Жеке – 15, ОБСӨЖ – 45, СӨЖ – 45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы: 135

Кредиттер/сынақ бірліктері

3

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Мәдениеттану», «Педагогика», «Психология», «Пантамима», «Режиссура».

Білім беру мақсаттары/
құзіреттілігі

«Режиссердың сценаристпен жұмысы» курсы - жоғары білімді режиссер мамандарды дайындауға қажетті кәсіби пәндердің бірі. Болашақ режиссерлерді сценарийлі драматургияның теориялық білімдер негізімен және сценаристпен жұмыс жасау принциптерін оқытады.

Мазмұны

Тәжірибелік сабақтар: Драма әдебиетінің түбірі немесе өнердің түрі. Сценарий драматургиялық шығарманың түрі ретінде. Сценарий түсінігіне анықтама. Сценрийлердің түрлері мен типтері. Театрландырылған көріністердің сценарийлері. Сценарий - драматургияның спецификасы. Ойын-сауықтық драматургияның өзекті сипаттамасы. Сценарийлік образды ұйымдастыру. Сценарийлік драматургияның спецификасы.

Сценарийлі драматургияның негізгі формалары. Көркем ойынды және хабарлы көңіл көтеретін бағдарламалар. Театрландырылған тақырыптық концерттер. Номер-концерттік бағдарламаның негізі. Театрлы- әдет-ғұрыптық әрекеттер. Салт-жоралар - әдет-ғұрыптардың шарықтау шегі ретінде. Топтық мейрам әлеуметтік маңыздылықтың кешенді көркем формасы ретінде. Сценарийдің идеялық-тақырыптық негіздері.



Жұмысының нәтижелері/ ағынды бақылау түрлері

Драма негізін меңгеру. Сценарий драматургиялық шығарманың түрі ретінде. Сценарий түсінігіне анықтама. Сценарийлердің түрлері мен типтерін анықтау. Театрландырылған көріністердің сценарийлерін жазу. Ойын - сауықтық драматургияның өзекті сипаттамасын анықтау. Сценарийлік образды ұйымдастыру.



Пәннің аталуы

Пантомима

Қысқартылған атауы

(PAN 3(3)307)

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндердің курстары

Тәжірибелік, СӨЖ, ОБСӨЖ

Семестр:

Семестр 6

Оқытушының Т.А.Ә.

Жолдасов Еркебұлан Абдуллаұлы

Доцент/оқытушы:

Оқытушы.

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Тәжірибелік – 30, ОБСӨЖ – 30, СӨЖ – 30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы: 90

Кредиттер/сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Сценарийлік өнер», «Психология», «Актер шеберлігі», «Режиссура».

Білім беру мақсаттары/
құзіреттілігі

«Пантомима» курсы студенттерде келешек актерді тәрбиелеуге бағытталған. Театр қойылымдарын көркемдеу саласында бірқатар пәндерді, соның ішінде актерлік шеберлік және пантомиманы оқыту білім мен дағдыны қамтамасыз етеді. Курстың мақсаты қазіргі кезең экономикалық жағдай талаптарына сай кәсіби мамандарды теориялық және практикалық даярлау, шығармашылық мәселелерді өз бетімен шеше білетін белсенді тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Мазмұны

Тәжірибелік сабақтар: Ымдау-пантомима тілі. Сахналық өнер түрлері. Дау-күрес-әрекет. Оқиғалар қатары әрекеттік факт ретінде. Оқиғалар қатары. Актердің психикалық өмірінің үш қозғаушысы. Буын,бұлшық еттерді жаттықтыру. Берілетін жағдайлар. Бағалау, жанастыру. Қиялдағы заттар, қиялдағы орта, қиялдағы серіктес. Бейімделу. Түпкі мұрат. Тапжылмай қалу, қабырға, конвейер, сүйеу. «Толқын» және «Тіке толқын» қимылдарын тарату. Қимылдарды тарату. Өзекті әрекет. Контрәрекет. Келешек.

Жұмысының нәтижелері/ ағынды бақылау түрлері

Ымдау элементтерімен жұмыс. Оқиғалар қатарымен жұмыс. Буын, бұлшық еттерді жаттықтыру. Бағалау, жанастыру элементтерін игеру. «Толқын» және «Тіке толқын» қимылдарын тарату. Өзекті әрекет. Контрәрекетті анықтау.



Пәннің аталуы

Сахна құрылымы

Қысқартылған атауы

СҚ

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары

Тәжірибелік, СӨЖ, ОСӨЖ

Семестр:

6

Оқытушының Т.А.Ж.:

Күзембаев Б.Д.

Доцент/ оқытушы:

Оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақша , орысша

Оқу жоспармен сайкестігі

Базалық пән , міндеттелген компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттар саны

Тәжірибелік -15 , СӨЖ -45 , ОСӨЖ -45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -135 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

3

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Преквизиттер «Режиссура» «Режиссер мен суретшінің жұмысы»

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

«Сахна құрылымы» пәнінің негізгі мақсаты студенттерге өз беттерінше сахна құрылымын жетік біліп сахна техникасын қойылымдарға, мәдени іс-шараларға қолдануға үйрету. Қойылымдарға, мәдени іс- шараларға сахна құрылымын дұрыс таңдай білуге, сахна техникасын тиімді пайдалана білуге дұрыс ықпал етеді. Сахна құрылымының мүмкіндіктерін толық зертеп оларды пайдалану тәсілдерін меңгеру міндетті.

Мазмұны

Тәжірибелік сабақ. Студенттердің программалық тәжірибесінің негізі сахна құрылымы мен сахна техникасының түрлері. Оларды мәдени іс - шаралар мен қойылымдарға пайдалану тәсілдері заңдары. Қойылым түрі мен формасына байланысты, мәдени іс-шараның құрылымына байланысты сахна құрылымы мен сахна техникасын қолдану формасы мен түрін іздестіру, қолдану аясын біліп жасау тәсілін таңдауға негізделген.

Жұмыстың нәтижелері/ қорытынды бақылау түрлері

Болашақ мамандарды театр,киностудия,телевидение, мөдени орталықтарында жұмыс істей алуға бағыттау.



Пәннің аталуы

Сахна тілі 3

Қысқартылған атауы

СТ

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндердің курстары

Практикалық, жеке, СОӨЖ.СӨЖ.

Семестр:

Семестр 6

Оқытушының Т.А.Ә.

Ботаев Б.Ч.

Доцент/оқытушы:

Оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ.

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, таңдау бойынша компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Күндізгі, практикалық-15,жеке - 15,СОӨЖ-30,

СОЖ -30.


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы –90 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквезиттер: Сахна тілі1,2.

Білім беру мақсаттары/
құзіреттілігі

Театр - әрбір ұлт тілінің тазалығын әдеби нормаларын, шұрайы мен байлығын сақтап, тыңдаушы - көрермен қауымға жеткізіп насихаттайтын бірден - бір өнер шаңырағы дейтұғын, болсақ, сахна тілі - осы театр және кино актерлерін, режиссерлерін т.б. көптен мамандақ иелерін дайындауда маңызды роль атқаратын бірден - бір негізгі пән болып саналады. «Сахна тілі» пәні негізгі үш бөлімнен тұрады, олар: «Тыныс пен дауыс», «Дикция және орфоэпия», «Текстпен жұмыс жасау» бөлімдері. Бұл пәннің негізгі мақсаты - болашақ актерлерді, режиссерлерді тынысты толық пайдаланып дауысты дұрыс қолдана білуге, тіл тазалығын ұстартып әдеби шығармалар арқылы адамдар арақатынасының сан алуандығын көрермен қауымға жеткізе білуге, бейнелі-ойлау қабілеттіліктерін арттырып тыңдаушылармен ортақ «тіл табыса» білуге, психофизикалық «қысымнан» арылып сөзбен іс - әрекет ете білуге баулуы болып табылады.

Мазмұны

Күрделі сахналық қозғалыстар кезіндегі тыныстау. Шапшаң, дыбыс әрі қысқа мерзімде толық тыныстау. Тыныс Бұлшық еттерінің қысымы. Демді белгілі бір күпшен, жылдамдықпен үрлеп шығару. Тыныс жолдарындағы кедергілер. Тыныс күшіне арналған комплексті жаттығулар. Орта және жоғары регистрлер. Бір регистрден екінші бір регистр ауысу кезіндегі дауыс жұмсақтығы. Дауыстың ауқымдылығы мен ұшқырлығы мен жеңілдігі. Дауыс ауқымдылығын шынықтыратын комплектсі жаттығулар. Дем мен дауысты іс-қимыл жағдайын тәрбиелеу.

Жұмысының нәтижелері/ ағынды бақылау түрлері

Текстпен жұмыс жасап үйрену-болашақ режиссер үшін басты назарда болуы керек. Әдеби шығармалар мен ақ өлең монологтар мен пьесаларға қисыңды, оқиғалы-әрекетті талдау жасау арқылы студент-режиссер сөз әрекетінің элементтерін меңгере білуі, автордың стилистикалық ерекшеліктерін анықтап, оның айтайын деген ойын дөп баса білуі қажет.



Пән атауы

Тіл техникасы

Қысқартылған атауы

ST

Оқытудың түрлері

Практикалық,жеке,СОӨЖ,СӨЖ.

Семестр

6 – семестр

Оқытушының аты-жөні:

Ботаев Б.Ч.

Доцент/оқытушы

Оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестік

Базалық пән,таңдау бойынша компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттар саны

Күндізгі,практикалық-15,жеке-15,СОӨЖ-30,СӨЖ-30.

Жалпы сағат саны

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

2 – кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквезиттер: Сахна тілі 1,2.

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Сахна тілі техникасын оқытудың негізінде орфоэпия, логика, дұрыс сөйлеу әдеттерін тәрбиелеуге байланысты тыныс, дауыс, дикцияны жатықтырудың әдісі жатады. Олар негізгі 4 фактормен анықталады: мықты тірек, ашық жұтқыншақ, бос және жақын резонация, нақты артикуляция. Өзара байланыстағы және нақты жағдайда бұл элементтер арқылы сөйлеудегі және дауысты қоюдағы барлық жұмыстар жүргізіледі. Оқушылар дайындықтың жеңіл жаттығуларын, яғни дыбысты біріктіруді және дұрыс тынысты меңгергеннен кейін біртіндеп қиынына қарай көшу керек. Сөйлеу және дауыс бойынша бұл жаттығулар кезінде нақты заттармен: доппен, орындықпен, таяқпен жұмыс істеу болып табылады. Ал келесі жаттығулары қиынырақ: домалату, қанардан, дөңгелектен және кедергіден секіру, алайда ең бастысы дұрыс артикуляцияға, бос резонацияға, ашық жұтқыншаққа, тірекке бақылау жасау болып табылады.

Мазмұны

Оқушылар текстпен жұмыс жасау барысында таңдап алған мақал - мәтелдері жаңылтпаштары, шағын өлең шумақтары, әдеби шығармалары арқылы, сөзбен іс-әрекет ете білуге, айтайын деген ойлармен, талап-тілектерін тыңдаушы-көрермен қауымға жеткізе білуге машықтанады.

«Менің не айтқым келді (себеп пен мақсат)?», «Мен қалай айтам» және тыңдаушыға қалай әсер етемін жөн (қойылған мақсатқа жетуге жетелейтін әрекет)?» - деген сұрақтарға жауап бере отырып, текстке әрекетті талдау.



Жұмыстың нәтижелері / қортынды бақылау түрлері

Қара сөзбен жазылған пьеседеғы монологтар. Ақ өлеңмен жазып драматургиядағы монологтар. Драматургиядағы өлең жолдарын заңдылықтары. Монологтармен, диалогтармен жұмыс жасаудың өзін ерекшеліктері. Актер шеберлігінің негізгі элементтері. Сахналық іс - әрекет.




Пән атауы

Тіл мәдениеті

Қысқартылған атауы

ST (ііі)3225

Оқытудың түрлері

Практикалық,жеке,СОӨЖ,СӨЖ.

Семестр

6 – семестр

Оқытушының аты-жөні:

Ботаев Б.Ч.

Доцент/оқытушы

Оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестік

Базалық пән,таңдау бойынша компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттар саны

Күндізгі,практикалық-15,жеке-15,СОӨЖ-30,СӨЖ-30.

Жалпы сағат саны

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

2 – кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквезиттер: Сахна тілі 1,2.

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Тіл мәдениеті туралы сөз болғанда, алдымен, сөз бен тіл арасындағы айырмашылықты аңғарып, оның байыбын түсініп алған жөн. «Сахна тілі» пәні негізгі үш бөлімнен тұрады, олар: «Тыныс пен дауыс», «Дикция және орфоэпия», «Текстпен жұмыс жасау» бөлімдері.

Бұл пәннің негізгі мақсаты - болашақ актерлерді, режиссерлерді тынысты толық пайдаланып дауысты дұрыс қолдана білуге, тіл тазалығын ұстартып әдеби шығармалар арқылы адамдар арақатынасының сан алуандығын көрермен қауымға жеткізе білуге, бейнелі-ойлау қабілеттіліктерін арттырып тыңдаушылармен ортақ «тіл табыса» білуге, психофизикалық «қысымнан» арылып сөзбен іс - әрекет ете білуге баулуы болып табылады.



Мазмұны

Текстпен жұмыс жасау барысында оқушылар шығармалардағы фактілер мен оқиғаларды дұрыс бағалап, әңгіме, повест, пьесалардың тақырыбы мен идеясын, түпкі мақсатын дұрыс айқындап үйренеді. Алғашқы екі жылда оқушылар ұстаздарымен ақылдаса отырып таңдап алған мақал - мәтелдері жаңылтпаштары, шағын өлең шумақтары, әдеби шығармалары арқылы; сөзбен іс - әрекет ете білуге, айтайын деген ойлармен, талап - тілектерін тыңдаушы - көрермен қауымға жеткізе білуге машықтанады.

«Мен не айтқым келеді (себеп пен мақсат)?», «Менің қалай айтқым келеді және тыңдаушыға қалай әсер еткенім жөн (қойылған мақсатқа жетуге жетелейтін әрекет)?» - деген сұрақтарға жауап бере отырып, текстке әрекетті талдау.



Жұмыстың нәтижелері / қортынды бақылау түрлері

Қара сөзбен жазылған пьеседеғы монологтар. Ақ өлеңмен жазып драматургиядағы монологтар. Драматургиядағы өлең жолдарын заңдылықтары. Монологтармен, диалогтармен жұмыс жасаудың өзін ерекшеліктері. Актер шеберлігінің негізгі элементтері. Сахналық іс - әрекет.




Модуль аталымы

Грим

Модульдің қысқаша аталымы

Грим

Оқу пән курсынан оқу іс-шаралар

Лекции, практикалық, СОӨЖ, СӨЖ


Семестр:

Семестр 6

Модульге жауапты

Альжанова Б.Т.

Доцент/оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілі, орыс тілі

Оқу жоспарымен ара қатынасы

Міндетті компонент (МК)

Оқыту формасы, академиялық сағат саны

Тәжірибелік – 15, СОӨЖ- 30, СРС – 30, жеке - 15

Еңбек сиымдылығы

90

Кредиттер /сынақ бірлігі

2

Модуль шеңберіндегі оқыту әдісінің шарттары

Грим жасау процесі мен тәсілдерін меңгеру. Сомдалған бейненің ішкі мәнін, сырқы бейнесінің мәнін аша білу.

Білім беру мақсаты/ хабардарлық

Грим пәнінің негізгі мақсаты студенттерге өз бетінше сыртқы келбетін өзгерте алуға үйрету. Болашақ мамандарды театр, киностудия, телевидение, мәдени орталықтарында жұмыс істей алуға бағыттау.

Грим жасау процессі мен тәсілдерін меңгеру. Грим шеберлігі арқылы актердің ішкі мәнін, таза сыртқы бейнесінің мәнін ашу.



Мазмұны

Тәжірибелік: Коррективтік грим. Коррективтік грим - жалпы өң. Бет анатомиясы. Беттің ойдым және дөңес жерлері. Әсемділіктің белгілі ережелері. Бет-әлпетті гримдеуге дайындаудын дәстүрлі және жаңаша түрлері. Кейіпкерлерге тән реңді алу үшін бояуларды бір-бірімен араластыру. Еріткіш қосу, жұмсақ ыскыштьщ көмегімен бетке жағылатын жалпы өнді дайындау. Өңделген грим - реңкті бояулар. Реңкті бояулар. Реңкті бояулардың мағынасы «Жапырык. өндер жақындатады, ал қараңғылары-алыстатады» ережесі бойынша реңкті бояулардың көмегімен беггің ойдын жсрлерін көлеңкелеу және жарық түсіру. Бетке жағуда оң қолдың саусақтарын пайдалану. Өнделген (коррективтік) грим-маңдай, жак, мұрын. Бет пішін терісі фактурасының әрқилығы-жалпы өнді жүмсақ ыскыштьщ, саусактардың. кылкдламның көмегімен жағу. Дөңес, жазық. ашык, және тар маңдай. Самай ойдығьш, қабақ үсті сүйектерін және мандай дөнестеріне тоқталу. Толық және қабысынкы жақтар.

Оқу ісәрекетінің нәтижесі –қорытынды тексеру формасы

Грим жасау процесі мен тәсілдерін меңгеру. Сомдалған бейненің ішкі мәнін, сырқы бейнесінің мәнін аша білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет