Ф-об-007/017 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет2/11
Дата25.02.2016
өлшемі0.97 Mb.
#20238
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Жұмыс бағдарламасында сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы)



Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі кажет



Семинар сабақтарында - студент талдау, салыстыру, тұжырымдау,

проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек



СӨЖ – студенттің өзіндік жұмысы. Студент үйге берілген тапсырмаларды

орындайды, өз бетімен меңгереді.



5. КУРСТЫҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ


Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)

Постреквизиттер (пәннен кейін өтілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)

Кафедра

Кафедра қабылдаған шешім, хаттамасы №___ күні





Қазақстан тарихы, Қ.Р кейбір ақтаңдақтары

Қазақстанның қазіргі заман тарихы

Отан және шетел тарихы





6. Оқу сабақтарының құрылымы:
Жұмыс бағдарламасында сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.

Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет



Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент ОБСӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.

Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.

7. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР (Rules):

  1. Сабаққа кешікпеу керек.

  2. Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

  3. Сабаққа іскер киіммен келу керек.

  4. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

  5. Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

  6. Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

8. ОҚУ САҒАТТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БӨЛІНУ КЕСТЕСІ

ІІІ-кредит



Тараулар атауы, реті

Аудиториялыќ сабаќтар

Аудиториядан тыс сабаќтар

лекция

прак

Сем

лабор

Обсөж

Сөж

1

Қазақстан І дүниежүзілік империалистік соғыс кезеңінде.


1




1







3

2

Алаш және Үш

жүз партияларының құрылуы.



1













3

3

Қазақстандағы 1917 жылғы Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы.

1













3

4

1917 ж Қазан төңкерісі және оның алғы шарттары.

1













3

5

Алашорда және Түркістан автономиясы үкіметтің құрылуы және олардың тағдыры.

1




1







3

6

Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнатудың ерекшеліктері.

1













3

7

Қазақстан шетел интервенциясы мен азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жылдар).

1













3

8

Қазақ кеңес мемлекетінің құрылуы.

1













3

9

Қазақстан жаңа эканомикалық саясат жылдарында.

1













3

10

Қазақ АКСР-нің Одақтас Республика болып құрылды.

1













3

11

Қазақ АКСР-нің Одақтас Республика болып құрылды.

1




1







3

12

Өлкедегі кеңестік мемлекеттік құрылыс.

1













3

12

ЖЭС-әлеуметтік-экономикалық нәтежелер.
















3

13

ЖЭС-әлеуметтік-экономикалық нәтежелер.

1













3

14

Қазақ КСР-нің құрылуы







1







3

15

Қазақ КСР-нің құрылуы

1













3

16

Қазақстандағы 1920-1930 ж мәдени құрылыс.

1













3

17

Қазақстандағы 1920-1930 ж мәдени құрылыс


1













3

18

Қазақстан Ұлы Отан соғысы кезінде 1941-1945 жж

1




1







3

19

Қазақстан Ұлы Отан соғысы кезінде 1941-1945 жж

1













3

20

Ұлы Отан соғысы кезіндегі мәдениет пен ғылым.

1




1







4

21

Ұлы Отан соғысы кезіндегі мәдениет пен ғылым.

1













4

22

1946-1970 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық экономикалық жағдайы.

1













4

23

50 ж мен 60ж І-жартысындағы Қазақстанның қоғамдық –саяси өмірі.

1




1







4

24

50 ж мен 60ж І-жартысындағы Қазақстанның қоғамдық –саяси өмірі.

1













4

25

Тың және тыңайған жерлерді игеру, оның келеңсіз салдары

1




1







3

26

Тың және тыңайған жерлерді игеру, оның келеңсіз салдары.

1













3

27

1970-1980 жж Қазақстан.

1




1







3

28

Қазақстан қайта құру мен тәуелсіздік жолында.

1













3

29

Қазақстан –тәуелсіз егеменді мемлекет.

1













3

30

Қазақстан –тәуелсіз егеменді мемлекет.

1




1







3

Барлығы:

30




10







95


9. Лекция сабақтары

1-лекция

Тақырыбы: Қазақстан І дүниежүзілік империалистік соғыс кезеңінде.

Жоспары:

  1. І дүниежүзілік империалистік соғыстың отар аймақтарға әсері.

  2. Қазақстанда бұқара халық жағдайы нашарлауы, салықтың өсуі.

  3. Патша өкіметінің қазақ шаруаларының малдарын тартып алуы.

  4. Жалпы ұлттық дағдарыстың пісіп жетілуі.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

  1. Қазақ ССР тарихы 5-томдық. 4-5 томдар. Алматы 1981 ж.

  2. Х.Маданов Қазақ халқының арғы-бергі тарихы А., 1995

  3. Ә.Әбдіәкімұлы Қазақстан тарихы А., 1997 ж.

  4. К.Мамырұлы. Қазақ тарихы А.,1995ж.

  5. А.Күзембайұлы, Е.Әбіл История Республики Казахстан А.,1998 г.

Лекция мақсаты: 1914 және 1918 жылдар арасындағы Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғысын айқын ашып көрсету. Қазақстан тарихында орын алған бірінші дүниежүзілік импералистік бағытының өзара байланысты буындарына сипаттама беру. Бірінші дүниежүзілік үстемдік үшін патша өкіметінің көп тарихи оқиғаларын шолу жасау.

Лекция мәтіні:

1914 жылғы бірінші тамызда бірінші дүниежүзілік соғыс басталды. Онда империалистік державалардың екі мықты тобы-Антанта (Англия, Франция, Ресей және олардың одақтастары) мен Австрия-Германия блогы (Германия, Австрия-Венгрия, Түрция және олардың сателиттері) бір-біріне қарсы шықты.

Ресей соғысқа әзірліксіз, әскери-өнеркәсіптің қуаты төмен күйде, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті; армиясының әскери-техникалық жағынан қамтамасыз етілуі нашар еді. Отарлықтағы, сондай-ақ жергілікті жердегі мемлекеттік аппарат азғындағы, бюрократизмге, қазынаны ұрлауға, жемқорлыққа белшесінен батқан-ды. Әскери және азаматтық шенеуніктер арасында сатқындық жаппай етек алған. Қатардағы солдаттардың жауынгерлік қаһармандығына қарамастан, орыс армиясы жеңіліске ұшырап, шегіне берді.

Патша өкіметі соғыс басталған алғашқы күннен-ақ Қазақстанның барлық облыстарында “Төтенше жағдай” енгізді: жиналыстар өткізуге, стачкаларға, ереуілдерге, жұмыстар жалтауға тыйым салынды. Тек өкіметке ғана емес, тіпті жергілікті патшалық әкімшіліктерінің лауазымды адамдарына қарсы шыққандардың дарға асылатынын жариялады. Мұндай режимді түрлі шенеуніктер, болыс басқарушылары мен ауыл старшындары полицейлік және әкімшілік озбырлықты қоздыру, әр түрлі қоқанлоқылық, парақорлық, жергілікті халықты тонау үшін пайдаланды.

1914 патшалық Ресейдің дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл Бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Ол патша чиновниктері мен жергілікті әкімдердің және байлардың зорлық-зомбылығы мен озбырлығын күшейтті. Жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді, шаруалардың ірі қара малы мен мал азыған соғыс қажетіне алу күшейді. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының азаюына әкеп соқты. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты. Қалалар мен ауылдардағы еңбекші бұқараның жағдайы күрт төмендеді.

Майдандарда жауды жеңу мақсатына деген сылтаумен қазақ халқын тонау, олардың жеріән тартып алу одан әрі жалғасты. Бұл әсіресе Сырдария облысының солтүстік-шығыс аудандарында, Жетісу облысының оңтүстігінде және Қазақстанның басқа да облыстарында күшейе түсті.

Соғыс жылдары тек Түркістаннан майдандағы әскерлердің қажеті үшін 38 мың шаршы метр киіз, 300 мың пұт ет, 473.928 пұт балық, 70 мың жылқы, 12797 түйе күштеп алынып, майдан аймақтарына жіберілді. Қазақ шаруашылығын кәсіпорындарға, бай-кулак шаруашылықтарына жалдап жұмыс істету күшейді.

Дүниежүзілік империалистік соғыс елде өнеркәсіптің қирауына, ауыл шаруашылығының тоқырауына (дағдарысына), халық арасындағы аштыққа алып келді. Жергілікті жерлерде шенеуніктер мен әкімшіліктердің зорлап алым-салық жинауы өсті. Бұл кезде әр түрлі салықтардың 10-ға тарта түрі болды. 1916 жылы 3 миллиард сомға жаңа мемлекеттік заемға жазылу науқаны жүргізілді, онда қазақ халқының мойнына ауыр салмақ болып түсті. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен байланысты қазақ халқына тағы бір ауыртпалық-әскери салық аслды. Оның әр түтінге көлемі 1 сом 84 тиын мөлшерінде белгілінді.

Соғыс жылдарында патша өкіметі қазақтардан жерді тартып алуды жалғастырды. Бір ғана Жетісу облысы бойынша 1914 жылға қарай 2 миллион 703 мыңнан астам десятина шұрайлы жер тартып алынды. Өлкеде халықтар арасындағы ұлттық бөлінушілік күшейді. Қазақ даласында жалпы ұлттық дағдарыс пісіп жетілді.

Соғыс ауыртпалығы Қазақстанда жұмысшылар мен шаруалар қозғалысының өсуіне түрткі болды. 1915 жылы маусым айында Екібастұз, Байқоныр көмір кендерінде, Спасск мыс кен руднигінде, Орынбор-Ташкент темір жолында жұмысшылардың қозғалысы бой көтерді.

Соғысқа қарсы, қымбатшылыққа және етек алып келе жатқан аштыққа қарсы қалалар мен деревняларды қала кедейлері мен майданға кеткен солдаттардың әйелдері ереуілге шықты. 1916 жылы қаңтар айында мұндай толқулар Верный, Семей қалаларында болды. Орынбор облысы Ақ Бұлақ поселкесінің, Жетісу облысы Лепсі уезінің бірқатар селоларының кедейлері мен майданға кеткен әскерлердің әйелдері жергілікті саудагерлер мен көпестердің дүкендерін талқандады. Сөйтіп, қоғамдағы қанаушы және қаналушы таптар арасындағы қарама-қарсылық, бір-біріне қарсы шығу жалпы бұқаралық сипат алды.

Бақылау сұрақтары:

1. Бірінші дүниежүзілік соғыс пен екінші дүниежүзілік соғыстың айырмашылығы не?

І-ші дүниежүзілік импералистік соғыстың отар аймақтарға әсері?

3 Дүниежүзілік импералистік соғыс елде өнеркәсіптің қирауы?

4. Бірінші дүниежүзілік импералистік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға аса ауыр зардабын тигізуі?

5. Бірінші дүниежүзілік соғыстың шығу себептері?


2-лекция

Тақырыбы: Алаш және Үш жүз партияларының құрылуы.

Жоспары:

  1. Алаш партиясының құрылуы, атқарған қызметі.

  2. Алаш партиясының жетекшілері.

  3. Алаш партиясының бағдарламасы.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. С. Асфендияров Қаз. Тар очерк.А-93.

  2. Т. Жұртбаев “Дұлыға” А-94.

  3. М. Мағауин “Қаз.тар әліппесі” А-95.

  4. “Қаз.тар” вж. Д.б.к.д. А-92.

  5. Ө. Жәнібеков “Уақыт керуені” А-92.

  6. Ә. Әбдәкімұлы “Қаз.тар” оқу құр. А-97.

  7. “Подробно о партий Алаш” сборник докум-в А-92.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет