Ф-об-007/017 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет9/11
Дата25.02.2016
өлшемі0.97 Mb.
#20238
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Лекция мақсаты: Ұлы Отан соғысы кезіндегі мәдениет пен ғылым бірқатар дами келгені, халыққа білім беру жүйесі және де сауатсыздықты жою маңызды роль атқарды, өйткені қазақ халқының болмысына тән білім беру жүйесі әлі де болса тез қарқынмен аспаған еді. Сондықтан да халықтың білімге деген ықыласы күшті болғандықтан олар өздерінің өмірін білімге бұрған еді. Лекция мәтініне толығырақ шолып, біз Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мәдениет пен ғылымға өте көп мәліметтерді жинап тереңіннен зерттеп тарих беттеріне қалдырмақпыз.

Лекция мәтіні:

Еліміздің шығыс аудандары мен Қазақстанның халық шаруашылығының түбегейлі мәселелерін зерттеп, соның негізінде жасалынған ұсыныстарынды іске асыруға академи В. О. Комаров бастаған КСРО Ғылым Академиясының және Қазақ бөлімшесі Президумының төрағасы, көрнекті ғалым Қ. И. Сәтбаев бастаған республиканың жүзден аса ғалымдары қатысты. Олар қазба байлықтың көптеген жаңа орындарын ашты, олардың майдан мүддесі үшін тез игерілуіне үлес қосты.

Ғалымдар, жоғары оқу орындарының ұстаздары, мектеп мұғалімдері және тағы басқалары халық арасындағы идеялық-тәрбие беру саласында үлкен жұмыс жүргізді. Денсаулық сақтау қызметкерлері қажырлықпен еңбек етті. Соғыстың арқасында емханаларда емдеуде болған жаралы жауынгерлердің жетпіс пайыздан астам қайтадан қатарға қосылды. Соғыс кезінде 118 техникумнан 92-сі сақталды, онда оқитын оқушылар саны тек 389 адамға ғана қысқарды. 1941ж дейінгі 20 жоғары оқу орына 1944 ж жаңадан 5 институт қосылды. Олар: Алматы шетел тілдері, Шымкент технологиялық, Қазақ дене тәрбие институттары, Алматы консерваториясы, Қазақ педогогикалық қыздар институты. Республика жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің саны 1941 ж 10,4 мыңнан 1945 жылы 15 мыңға дейін өсті.

Осындай қиын-қыстау күндерге қазақ совет әдебиетін дамытуға үлкен көңіл бөлінді. Соғыс кезінде А.Толстой айтқандай, кеңес поэзиясының алыбы Жамбылдың өлеңдері Отан қорғауға шақырған қаһарлы дабыл іспеттес болды. Оның “Ленинградтық өрендерім” атты өлеңінің өнегелік те, тәрбиелік те, мәні зор еді. Майдангер ақын Қ. Аманжолов “Жеңістің, дауыл мен оттың жыршысымын” деп орынды айтты. Н. Тихонов айтқандай, оның “Абдолла” поэзиясының інжу-маржанына айналды. Партизан шоғырының комиссары Ж.С. Саинның шығармаларын есімі естен кетпейтін Назым Хикмет “Кеңес Одағының барлық халықтарының мызғымас достығының белгісі” деп атады. М. Әуезовтің соғыс кезінде “Абай” эпопеясының бірінші кітабын жазуы, қазақ әдебиетінің әлемдік аренаға шығуына жол салды. Қазақ әдебиетімен бірге қазақ өнері де дамыды. Соғыстың алғашқы үш жылы ішіндеҚазақстан өнер шеберлері өздері қамқорлыққа алған ұжымдарыда 20 мың спектакль мен концеррттер көрсетті, олардың ішінде мыңнан астам концерт майдан шебеінде берілді.

Соғыс жағдайы ғылым мен мәдениеттің одан әрі өркендеуіне белгілі бір дәрежеде кедергі жасады. Алайда соғыс кезінің жағдайлары алға қойғанміндеттерді орындауға байланысты ғылымның кейбір ибағыттары шапшаң қарқынмен дами бастады. 1942 жылы КСРО ҒА Қазақ филиалы жанынан аспирантура ұйымдастырылды, соғыс жылдары онда 237 адам оқыды, 63 докторлық және кандидаттық диссертация қорғалды. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметкерлердің саны 1940 жылғы 152-ден 1945 жылдың аяғында 864-ке жетті. Олардың ішінде КСРО ҒА-сының академигі мен корреспондент мүшесі, 57 ғылым докторы, 184 ғылым кандидаты. ВАСХНИЛ-дің Қазақ филиалы жүйесінде 600-ден астам ғылым қызметкер еңбек етті, олардың ішінде 34 ғылым докторы мен кандидиты болды.

1944 жылдың аяғында КСРО ҒА Қазақ филиалының құрамына 16 институт және 7 сектор жұмыс істеді, ғылым проблемаларының өрісі кеңіді. Зерттеу жұмыстарына бөлінген қаржы 11 есе көбейді. 1945 жылдың аяғына қарай Қазақстанда барлығы 75 ғылыми мекеме, лоборатория, тәжірбие станцилары бар еді. Соғыс жылдары халықшаруашылық және әскери маңызыбар 160-тан аса практикалық ұсыныс жасалынды.

1945 жылы қазанда құрылған Ұлттық Ғылым академиясы республиканың мәдени өміріндегі маңызы зор құбылыс болды. Мұнда ғылыми кадрлардың қалыптасуы мен ғылымның дамуында эвакуацияланған ғылыми күштердің көрсеткен көмегі айтарлықтай болды, ал бұл күштер аз емес еді: 20-дан астам ірі-ірі ғылыми-зерттеу институттары, солармен бірге акдемиктер И.И. Мещанинов, Л. И. Прасолов, А.С. Оролов, М.М.Завадский және басқа көрнекті ғалымдар бұл кезеде республикамызда тұрып жатқан. КСРО ҒА президент В. Л. Комаров бастаған аса көрнекті ғалымдар тобы осындай жұмыс істеді.

Халыққа білім беру. Жоғары мектеп. Соғыс кезіндегі орасан зор қиыншылықтарға қарамастан халыққа білім беру ісіне зор қамқорлық жасалынды. 1943 жылғы қаңтардан басып барлық мектептерде, техникумдар мен жоғары оқу орындарында оқитын қазақтарды, басқа да шығыс халықтары өкілдерін оқығаны үшін ақы төлеуден босату қамқорлықтың айқын айғақтарының бірі болды. Жұмысшы жастардың кешкі мектептері жүйесін кеңейту, оқушы кадрларды даярлау, тиісті мақсатында пайдаланылмай келген мектеп үйлерін қайтарып беру тәртібі жөнінде нақты шаралар жүзеге асырылды.

Қазақ интеллигенциясы кадрларының өсуінде, ғылым мен мәдениеттің дамуында жоғары мектеп пен техникалық орта оқу орындары-Алматы шетел тілінде, Шымкент технологиялық, Дене тәрбиесі институттары, Алматы консерваториясы, Педагогикалық қыздар институттары ашылды. Студенттердің саны 1941 жылғы 10,4 мыңнан 1945 жылы 15 мыңға дейін көбейді.

Республикада білікті кадрлар даярлауда эвакуацияланған оқу орындары (20-дан астам жоғары оқу орындары мен 16 техникум еді, олардың 11-і Алматыда болатын) едәуір жұмыс атқарды. Жоғары оқу орындарының ғалымдары кадрлар даярлаумен бірге қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының заказдары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын да жүргізді.

Қазақ әдебиті Қазақстанның жазылушылары мен ақындары өздерінің патриоттық борыштарын лайықты орындады, олардың 90-ға жуығы майдандары және жау тылында жаумен шайқасты. Әдебиеттің өзекті тақырыбы отанды қорғау болды. Майдангер жазушы Б. Бұлқышевтың публицистикалық туындыларында жауды талқандаудағы бұйрығы жастардың қаһарманды бейнесі жасалды Жамбылдың “Отан бұйрығы”, “Мәскеуге”, “Батырдың ұрпағы”, “Ленин қаласының шапағаты” секілді туындылары, әсіресе оның “Ленинградтық өренім” атты өлеңі кең тарады.

Бақылау сұрақтары:


  1. Ұлы Отан соғысы кеіндегі елдегі жаппай білім беру саласының даму қарқыны қандай болды?

  2. Ұлы Отан соғысы жылдары шыққан әдеби шығармалар туындысының авторлары?

  3. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы орта мектептердегі жалпы білім алушылардың қанша пайыздық көрсеткішін құрады?


25-лекция

Тақырыбы: 1946-1970 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық экономикалық жағдайы.

Жоспары:

  1. Соғыстың халық шаруашылығына тигізген зардаптары.

  2. Қалпына келтіру дәуіріндегі негізгі міндеттер мен қиыншылықтар.

  3. Жаңа өнеркәсіп орындарының салынуы өндірістің тиімділігін, еңбек өнімділігін арттыру жолындағы күрес.

  4. Өнеркәсіп пен транспорт саласында жоспардың мерзімінен бұрын орындалуы.

Пайдаланған әдебиеттері.

1. Аманжолов Қазағыстан тарихының дәрістер курсы. 2-3 том.

2. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге деиін. 5- томдық.

3. Мусин Қазағстан тарихы.



Лекция мақсаты: 1946-1970 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық экономикалық жағдайы әсіресе ауыл шаруашылығы өте қарқынмен дамыды . Өйткені Қазақстанда өндірістік өнеркәсіппен қатар ауылшаруашылығына баса назар аударған еді. Соғыстан кейін елдегі хал-ахуал басқа елдерге қарағанда әлдеқайда жақсы еді . Сондықтанда қазақ халқы егін егіп күн көрумен қатар елдегі өнеркәсіп ошақтарында да қара жұмыс істеп күн көру қамын ойластырған еді.

Лекция мәтіні:

Соғыс Қазақстан жерінде болған жоқ. Сондықтан шаруашылығы бүлінген жоқ. Солай болса да КСРО халық шаруашылығының ажырамас бір бөлігі ретінде республика эканомикасы да соғыс жылдарында әскери жағдайға, соғыстан соң бибіт өмірге икемделді . 1945 - 1960 жылдары Қазақстанның өнеркәсібінің отын - энергетика саласы жақсыдамыды. Қарағанды көмір алқабында ондаған ірі шахталар мен байыту фабрикалары іске қосылды. Екібастұзда ашық әдіспен көмір өндірудің көлемі күрт ұлғайды. 50 - жылдары көмір шабу, қопару және оны вагондарға келу жұмыстары толық механикаландырылды. Республика бойынша көмір өндірудің жылдық көлемі соғысқа дейінгі деңгейден 2,5 есе артып , 1960 жылы 32,3 млн тоннаға жетті. Бұл жылдары Алматыда, Құлсарыда, Өскемен су электір стансалары, Жезқазғанда жылу - электір орталығы салынды. Қарағанды мен Шымкентте қосымша қуаттар іске қосылды .

Бұқтырма СЕС - інің құрылысы басталды 50 - ші жылдардың 2 - ші жартысында жылу - электр орталығы салынды және оның жүйелері орталықтан басқарыла бастады. Қуат өндірудің техникалық жабдықталуы едәуір артты . 1945 - жылы республикада 1,15 млрд квт сағат электр куаты өндірілсе, 1960-жылы оның жылдық көлемі 10,6 млрд квт сағатқа жетті. 4-5 жылдық деп аталатын жылдарда Теміртаудағы қазақ металлургия зауыты іске қосылды. Ақтөбе ферросплов зауытының қуаты едәуір ұлғайды. 1947 жылы Өскемен қорғасын - мырыш комбинаты алғашқы мырышын берді. Балқаш мыс қоры зауытының текші қорғасын - мырыш комбинатының қуаттары арттырылды, шикізат базасы ұлғайтылды. Лениногр қорғасын зауыттары қайта құрылып кеңейтілді. 50 -ші жылдардың алғашқы мырышын берді.

Балқаш мыс қорыту зауытының, Текші қорғасын - мырыш комбинатының қуаттары арттырылды, шикі зат бағасы ұлғайды .

Шымкент, Лениногор қорғасын зауыттары қайта құрылып, кеңейтілді. 50 - ші жылдардың алғашқы жартысында өнеркәсіпке республикаға бөлінген күрделі қаржының 40,4 проценті тиді.

Оның 9,47проценті ауыр өнер кәсіп салаларын дамытуға бағышталды. Бұл жылдары өнеркәсіптің жалпы көлемі 82 процент, қара метал прокатын шығару 119 процент машина жасау өнер кәсібінің өнімі 2 есе артты. 6-5 жылдық жылдарында да осы салалардың дамуына айрықша көңіл бөлінді. Аталған кезінде республика барынша жыл сайын жүздеген өнер кәсіп орындары мен цехтар іске қосылып отырды. Жезқазған мен байыту фабрикасы, Өскемен тау кен машина жабдықтарын жасау зауыты мен қорғасын - мырыш комбинты, соколов Сарыбай комбинатының алғашқы кезегі, Ақтөбе хром қоспалары зауыттары салынды. Темір өндіруден республиканың одақтағы үлесі күрт артып, 5, 4 процентке жетті.

Қарағанды металургия комбинаты республиканы ғана емес, сібір орал және Орта Азяны қамтамасыз ететін базаға айналды. Қара және түсті металургияның бір шама жедел қарқынмен дамуы және 50 -шы жылдардың 2 - ші жартысы мен 60 - шы жылдардың басындағы эканомды мигратциялық шаралардың нәтижесінде республиканың халық санының күрт артуы энергетика , тасмал және құрылыс істерін де жоғары қарқынымен дамытуға мәжбүр етті.

Сондықтан кейінгі кезеңнен бастап 60-шы жылдардың басына дейінгі уақыт аралығында республикада химия өнер кәсібі пайда болып дами бастады. Қаратауда кен - химия комбинаты республиканы ғана емес, Сібір Орал және Орта Азияны металмен қамтамасыз ететін базаға айналды. Қара және түсті металлургияның бір шама жедел қарқынмен дамуы және 50-жылдардың 2-ші жартысы мен 60-шы жылдардың басындағы жанында меграциялық шаралардың нәтижесінде республиканың халық санының күрт артуы энергетика, тасымал және құрылыс істерін де жоғары қарқынмен дамытуға мәжбүр етті.

Соғыстан кейінгі кезеңінен бастап 60 жылдардың басына дейінгі уақыт аралығында республикада химия өнеркәсібі пайда болып дами бастады. Қаратауда кен-химия комбинаты, Жамбылда суперосфофат, Қостанайда жасанды талшықтар зауыттары салынды. Қарағандыда синтетикалық каучак, Ақтөбеде хром қосылыстар зауыты кеңейтілді. 50-жылдардан бастап минералды тыңайтқыштар өндірудің көлемі артты.

Соғыстан кейінгі онжылдықтарда социалистік жарыс кең етек алды. Қай саланың қай кәсіпорнынан болса да, еңбек озаттары мен жаңашылдар көптеп шығып отырды, 1948 жылы тұңғыш рет шахтерлер күнінің аталып өтуіне байланысты Қарағанды кеншілерінің бір тобына Социалистік еңбек ері атағы берілді. Олардың арасында шахта бастығы І. Күзембаев, пен комбайыншысы Б. Нұрмағамбетов, проходшылар бригадирі П. Акуловтар болды. Қазақ металлургия зауытының болат қорытушылары А.Дәрібаев, И. Голубев, матей станциясының машинкісі М. Қалтағаев сынды озат жұмысшылар өз ісінің нағыз шеберлері ретінде көзге түсті.

Соғыстан кейінгі онжылдықтардан Қазақстанның тұрғындар санының жедел өсуі құрлыс индустриясының ауқымын кеңейтуге мәжбүр етті: Қалалар өсіп, кәсіпорындар мен тұрғын үйлер көптеп салына бастады. Құрылыс материалдарын шығарудың көлемі күрт артты.

Сазтөбеде, Қарағандыда, Семейде, Өскеменде, Шымкентте, цемент заоттары бой көтерді. Талдықорғанда, Өскеменде, Қызылжарда, Қостанайда кірпіш зауыттары салынып, бұл бұйымды шығаратын Алматы мен Шымкенттегі кәсіпорындар кеңейтілді, әк, алебастер өндіру де ұлғайтылды. Темір-бетон шығару ісі белең ала бастады.

Ауыл шаруашылық шикізатының молдығы жеңіл және тамақ өнеркәсібінің дамуы қарқының жоғарлатуға әсерін тигізді. Жамбылда, Семейде, Петропавлда, Павлодарда тері илейтін былғары жасалатын кәсіпорындар. Алматы мен Шымкентте мақта-мата комбинаты салынды. Қарағандыда аяқ-киім тігу мен шұлық шығаратын кәсіпорындар орын тептті. Жезқазғанда, Семейде, Ақтөбеде тоқыма фабриклары жұмыс істей бастады. Аталған кезеңде Ақтөбеде Шымкентте, Жамбылда, Теміртауда ет комбинаттары, ондаған сүт, май айыратын, ірімшік қайнататын зауыттар, ірі наубайханалар іске қосылады.

Республикада аса бай өнеркәсіп шикізатының болуы және оны орталыққа тасып алу қажеттігі көлік пен байланысты жүйелерін дамытуға бөлімге күрделі қаржының мөлшері 65,4 млн. Сом болғанда, 1956-1958 жылдары оған 146,4 млн сомның күрделі қаржысы бөлінді. 1945 жылы темір жол желілерінің ұзындығы 8212 шақырым болса, 1960 жылы оның пайдаланылатын желілерінің ұзындығы 11470 шақырымға жетті. Темір жол тасмалының үлесі 91,7 процент болды.

Бұл кезде тасмалдың өзге түрлерінің өзен, құбыр және авиацияның үлесі мардымсыз еді.

Ұлы Отан соғысынан кейінгі барлық елдер, соның ішінде Қазақстанда жаңадан бейбіт еңбек етуде, өндіріс пен ауыл шаруашылығын қалпына келтіріп, одан ары дамытуға кірісті.

Қарағанды көмір бассейінінде оннан астам үлкен шахталар мен байту фабрикалар кеңінен дамыды. Осы жылдары Өскемен су электр станциясы, жезқазғанда жылу электр станциялары жұмысқа қосылды. Соғыстан кейінгі жылдарда мәдениеттің материалдық базасы әлсіз болды. Соғыстан алдынғы жылдардағы оқымыстылардың үлкен тобының құртылуы, олардың бірқатарының майданнан оралмай қалуыда мәдениеттің алға басына көп кедергісін тигізді.

Ғылым Академиясы құрылғаннан кейінгі жылдарда Қазақстан ғалымдары жемісті еңбек етті. Қазақ КСР СА-ның ғылыми мекемелері 1946-1949 жылдары халық шаруашылығына енгізу үшін 900-ден астам ұсыныс пен зерттеу ұсынды. Минерал, шикі заттар, мен кен орындарын табиғатта таралу заңдарын ашып, болжамды металлогендік карта жасағаны үшін Қ.И.Сатбаев бастаған бір топ ғылымға (құқық) сыйлық берілді.

50 жылдар ішінде Қазақстанда қоғамдық салаларының базасы едәуір кеңейтілді. ҚазМу-де филология факультеті ашылды. 1958 жылы қазақ КСРҒА-ның философия және құқық институты құрылды.

1950 жылдың аяғына қарай Қ .К. С. Р Ға-ның жүйесінде 50 ғылыми зерттеу мекемесі, оның ішінде 19 институт, 13-сиктер, 2 музей, абиратория,3 ботаника баға мен 8 ғылыми база жұмыс істеді.

Академия жүйесінде жаңа институттар-физика, техника, экономика, Алтайкен, металургия институттары, космос сәулелері лабараториясы, Аспроботаника секторы ашылды. 1957 жылдан бастап ядролық физика -техникалық институты ядро-физика институты болып қайта құрылды, атом редакторы мен циклоны салына бастады.

1947 жылы М Әуезов "Абай " романының екі кітабын жазып бітірді. Шығарма КСРО мемлекеттік сыйлығына ұсынылды. 1955 ж жазушының іргелі туындысының жалғасы - "Абай жолы" эпопеясы дүниеге келді. Бұл шығарма автордың ғана емес, көп жанырлы қазақ әдебиетінің жетістігі деп есептиді. Қазақтың ұлы ақыны, философ, ағартушы Абайдың шырғалаңы көп, күрес пен ізденіске толы өмір жолы роман да халықтың өмірімен жете байланысты суреттелді.



Бақылау сұрақтары:

1. Соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстандағы әлеуметтік және экономикасының ерекшелігі?

2. 1946-50 жж арналған IV бесжылдықтың негізгі экономикалық міндеті қандай болды.

2. 1946-1950 жж өнеркәсіпті және көлікті дамыту.

3. Жаңа кен орындарының ашылуы және темір жолдарының салынуы.

4. Ауылшаруашылығының жағдайы. Колхоздардың бірігуі.

5. 1946-50 жж әдебиет пен халыққа білім беру ісінің дамуы.

6. Қазақстанның 50-жылдардың басы мен 60-жылдардың ортасындағы өнеркәсібінің дамуы және жаңа салалардың құрылуы.

7. 70-ші жылдардың басындағы республика экономикасындағы тоқырау жағдайының байқалуы.

26-лекция

Тақырыбы: 50-жыл мен 60–жыл. І-жартысындағы Қазақстанның қоғамдық саяси өмірі.

Жоспары:

1.Өнеркәсіптің дамуы және оның жаңа салаларының құрылуы.

2.Көлік және құрылыс .

3.Техникалық прогресс және оны өндіру жолындағы күрес.

4.Партия өмірі.

5.Кеңестер.



Пайдаланған әдебиеттер.

1. “Қазақстан тарихы” 5 томдық Алматы 1998 ж.

2. “Қазақстан тарихы очерктері” Алматы 1994 ж.

3.Мусин.


4.Аманжолов “Қазақстан тарихы”

5. “Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін”Алматы 1998 ж.



Лекция мақсаты: 50 жыл мен 60 жылдардың І жартысындағы Қазақстанның қоғамдық саяси өмірі, өнеркәсіптің дамуы және оның жаңа салаларының құрылуы сонымен қатар көлік және құрылыс атты тақырыпты алға қоя отырып біз сол жылдардағы Қазақстанның ішкі және сыртқы қоғамдық-саяси өміріндегі жағдайларды қамти отырып лекцияның мәтініне толығырақ түсіріп баяндап өтпекпіз.

Лекция мәтіні:

1953-жылы 5-наурызда Коммунистік партия мен Кеңес Одағының басында 30 жылдан астам отырған М.В.Сталин қайтыс болды. Сталин өлгеннен кейін елде демократиялық қайта құру процесі қарқынды жүре бастады. Демократиялық өзгерістердің ықпалымен Кеңес өкіметі шамадан тыс орталықтандыруды босаңсытуды және одақтас республикалардың шаруашылық ,саяси-мәдени құрылыс саласындағы құқықтарын кеңейтуге бағытталған кейбір шараларды жүзеге асыруға мәжбүр болды. Бұл кезде Қазақстанның бюджет құқықтары кеңейтіліп ,оның көлемі едәуір өсті.Атап айтқанда 1951-1955 ж.ж өнеркәсіпке жұмсалған қаржының жалпы көлемі 1941-1950 жылмен салыстырғанда 2,3 есе артты. Ал 1956 жылдан бастап табыстың кейбір түрлері бойынша республикалық бюджеттерге қаржы бұрынғыдан да көбірек бөліне бастады. Қазақстан бюджетінің шығыс көлемі 1953-1960 жылы 7 еседен аса ұлғайды: 434,9 млн сомнан 3 млрд .53 млн сомға дейін жетті.

1954-1956 жылдарда одақтық министрліктерден республика қарамағына 144 ірі кәсіпорын, ал 1959 жылы түсті металлургияның барлығы 26 кәсіпорындары берілді.Мұның нәтижесінде Одақтық- республикалық өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 2 еседен артық ұлғайды. Түсті металлургия, қара металлургия мен химия өнеркәсібі кәсіпорындарын салу, байланыс қала және село құрылысы, геология және жер қойнауындағы қорларды қорғау министрліктері басқада одақтық министрліктер, одақтық республикалық болып қайта құрылды.Су шаруашылығы министрлігі қалына келтірілді.Республикадағы министрліктердің құқтары бұрынғыға қарағанда едәуір өсті.Оларды құру кезінде Қазақстан үкіметі шаруашылықтың рекшеліктерін, жұмыс көлемін және өркендеу келешегін ескеретін болды. Сонымен бірге одақтс республикалар жалпы одақтық сипаттағы мәселелерді шешуге бұрынғыдан гөрі белсене қатыса бастады. Одақтас республикалардың эканомикалық және мәдени өркендеуіне байланысты ұсыныстарын талқылау үшін КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесі әрі республиканың өкілдігі болатын эканомикалық комиссия құрды.

Жергілікті Кеңестердің шаруашылық және мәдени құрылыс істерінде оның ішінде халыққа білім беру, сауда, коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы құқтары кеңейтілді.Кеңестерге жергілікті өнеркәсіп өндірісін жоспарлау және олардың өкімін бөлу, тұрын үй салуды ұйымдастыру, қаржы-бюджет мәселелерін шешуде үлкен міндеттер жүктелді.

Ғылыми-техникалық прогресс-қоғамның әлеуметтік –эканомикалық дамуының ең маңызды факторы. 60-жылдары ғылыми-техникалық прогрестің табыстары кең көлемде енгізілді: электрлендіру және химияландыру, кәсіпорындарды бір жолға қуатты күшті жоғары өнімді жабдықтармен жарақтандыру, учасклерді цехтарды, кәсіпорындарды және т.б. механикаландыру және автоматтандыру есебінен өндіріс интенцивтендірілді. Кен шығару өнеркәсібінде көмір өндірудің негізгі роцестері: қазу , құлату, және тазалау зобайларына жеткізу, жер астында тасымалдау және темір жол вагондарына тиеу және т.б механикаландырылды.

Республиканың жетекші кен өндіру кәсіпорындарының қазіргі заманғы еңбек құралдарымен жарқтанумен онда қолданылатын технология жөнінен олар дүние жүзінің таңдаулы кәсіпорындары дәрежесінде, ал тіпті жбдықтардың кейбір түрлері жөнінен олардың алдында болды. Жер астында кен өндірудің озық жүйесі, жоғары өнімді жабдықтар, шапшаң бұрылау барған сайын кеңінен енгізіле берді, тиеу – тасымалдау процестері механикаландырылды. Металлургия кәсіп – орындрында технологиялық процесстерді шапшаңдатушы фактор ретінде оттегі үлкен көлемде қолданылды. Балхаш кен- металлургия комбинатында мыс концентраттарын тікелей конверторлардың өзінде өңдеу өңдеу процесі енгізілді. Іздеу- барлау жұмыстарының , мұнай өңдеудің технологиясы мен техникасы түбірінен өзгерді. 1965-жылы 308 мұнай скважинасында мұнай шығару процестері комплексті автоматтандырылды және техникаландырылды. 198 мың тонна мұнай жер қабатына ықпал жасау тәсілі арқылы шығарылды.Машина жасауда құюдың озық әдісі енгізілді , жинау, уста-пресс және басқа цехтардың техникасы тынымсыз жетілдірілді.

Дегенмен жоғары өнімді процестер мен технология мейлінше табан енгізілді. Шығарылған бұйымдардың конструкцияларында озық материялдар: полимерлер, ағаш, пластиктер және басқалар пайдаланылмады. Электр энергитикасында жабдықтрлдың құрылымы өзгерді, бір жолғы қуаты күшті агрегаттар енгізілді, жоғары қысымда жұмыс істейтін сгрегаттар көбейді.Автоматика, телемеханика және электронды есептеу техникасы енгізілді.

Сайып келгенде, республика өнеркәсібінде кәсіпорындарды қайта құру және техникамен қайта жарақтандыруда жаңа техниканы ,озық технологияны енгізуде белгілі табыстарға қол жетті.

Осымен бірге ғылым мен техниканың жетістіктері өндірісіне үлкен қиындықпен және өмір сүріп отырған шаруашылық цех ашудың арқасында емес, қайта оның еркінен тыс енгізілді. Кәсіпорындар және тұтас іс жүзінде алып қарағанда өнімдердің техникалық дәрежесін арттыруға мүдделі емес, өйткені олардың көздегені жоспар, көлем , жалпы өнім болды.

60- жылдарда ақ халық шаруашылығына бюрократтық жолмен басшылық жасаудың өміршең еместігі айқын сезіле бастады. Елдің сол кездегі басшылығы өзгеріс жасаудың қажет екнін түсініп , эканомиканы терең құруға әрекет жасады.



Бақылау сұрақтары:

1. 60-ж ортасында күрделі құрылыстағы басты кемшіліктер.

2. 60 ж республикадағы ең ірі фосфор шикізат өндіруші кәсіпорындар.

3. 1966 ж жоспарлаудың жаңа тәртібінде қанша кәсіпорын көшірілді.

4. 60-70 жж ұйымдық жинақтау шаралары қандай мақсатпен жүргізілді.

5. Ауылшаруашылық өндірісіндегі қайшылықтар.

6. Өнеркәсіптегі жағдай, Өндіріс саласындағы кемшіліктер.
26-лекция

Тақырыбы: 50-жыл мен 60–жыл. І-жартысындағы Қазақстанның қоғамдық саяси өмірі.

Жоспары:

1.Өнеркәсіптің дамуы және оның жаңа салаларының құрылуы.

2.Көлік және құрылыс .

3.Техникалық прогресс және оны өндіру жолындағы күрес.

4.Партия өмірі.

5.Кеңестер.



Пайдаланған әдебиеттер.

1. “Қазақстан тарихы” 5 томдық Алматы 1998 ж.

2. “Қазақстан тарихы очерктері” Алматы 1994 ж.

3.Мусин.


4.Аманжолов “Қазақстан тарихы”

5. “Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін”Алматы 1998 ж.



Лекция мақсаты: 50 жыл мен 60 жылдардың І жартысындағы Қазақстанның қоғамдық саяси өмірі, өнеркәсіптің дамуы және оның жаңа салаларының құрылуы сонымен қатар көлік және құрылыс атты тақырыпты алға қоя отырып біз сол жылдардағы Қазақстанның ішкі және сыртқы қоғамдық-саяси өміріндегі жағдайларды қамти отырып лекцияның мәтініне толығырақ түсіріп баяндап өтпекпіз.

Лекция мәтіні:

1953-жылы 5-наурызда Коммунистік партия мен Кеңес Одағының басында 30 жылдан астам отырған М.В.Сталин қайтыс болды. Сталин өлгеннен кейін елде демократиялық қайта құру процесі қарқынды жүре бастады. Демократиялық өзгерістердің ықпалымен Кеңес өкіметі шамадан тыс орталықтандыруды босаңсытуды және одақтас республикалардың шаруашылық, саяси-мәдени құрылыс саласындағы құқықтарын кеңейтуге бағытталған кейбір шараларды жүзеге асыруға мәжбүр болды. Бұл кезде Қазақстанның бюджет құқықтары кеңейтіліп, оның көлемі едәуір өсті. Атап айтқанда 1951-1955 ж.ж өнеркәсіпке жұмсалған қаржының жалпы көлемі 1941-1950 жылмен салыстырғанда 2,3 есе артты. Ал 1956 жылдан бастап табыстың кейбір түрлері бойынша республикалық бюджеттерге қаржы бұрынғыдан да көбірек бөліне бастады. Қазақстан бюджетінің шығыс көлемі 1953-1960 жылы 7 еседен аса ұлғайды: 434,9 млн сомнан 3 млрд .53 млн сомға дейін жетті.

1954-1956 жылдарда одақтық министрліктерден республика қарамағына 144 ірі кәсіпорын, ал 1959 жылы түсті металлургияның барлығы 26 кәсіпорындары берілді.Мұның нәтижесінде Одақтық- республикалық өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 2 еседен артық ұлғайды. Түсті металлургия, қара металлургия мен химия өнеркәсібі кәсіпорындарын салу, байланыс қала және село құрылысы, геология және жер қойнауындағы қорларды қорғау министрліктері басқада одақтық министрліктер, одақтық республикалық болып қайта құрылды.Су шаруашылығы министрлігі қалына келтірілді. Республикадағы министрліктердің құқтары бұрынғыға қарағанда едәуір өсті.Оларды құру кезінде Қазақстан үкіметі шаруашылықтың рекшеліктерін, жұмыс көлемін және өркендеу келешегін ескеретін болды. Сонымен бірге одақтс республикалар жалпы одақтық сипаттағы мәселелерді шешуге бұрынғыдан гөрі белсене қатыса бастады. Одақтас республикалардың эканомикалық және мәдени өркендеуіне байланысты ұсыныстарын талқылау үшін КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесі әрі республиканың өкілдігі болатын эканомикалық комиссия құрды.

Жергілікті Кеңестердің шаруашылық және мәдени құрылыс істерінде оның ішінде халыққа білім беру, сауда, коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы құқтары кеңейтілді.Кеңестерге жергілікті өнеркәсіп өндірісін жоспарлау және олардың өкімін бөлу , тұрын үй салуды ұйымдастыру, қаржы-бюджет мәселелерін шешуде үлкен міндеттер жүктелді.

Ғылыми-техникалық прогресс-қоғамның әлеуметтік –эканомикалық дамуының ең маңызды факторы. 60-жылдары ғылыми-техникалық прогрестің табыстары кең көлемде енгізілді: электрлендіру және химияландыру, кәсіпорындарды бір жолға қуатты күшті жоғары өнімді жабдықтармен жарақтандыру, учасклерді цехтарды, кәсіпорындарды және т.б. механикаландыру және автоматтандыру есебінен өндіріс интенцивтендірілді. Кен шығару өнеркәсібінде көмір өндірудің негізгі роцестері: қазу, құлату, және тазалау зобайларына жеткізу, жер астында тасымалдау және темір жол вагондарына тиеу және т.б механикаландырылды.

Республиканың жетекші кен өндіру кәсіпорындарының қазіргі заманғы еңбек құралдарымен жарқтанумен онда қолданылатын технология жөнінен олар дүние жүзінің таңдаулы кәсіпорындары дәрежесінде, ал тіпті жабдықтардың кейбір түрлері жөнінен олардың алдында болды. Жер астында кен өндірудің озық жүйесі, жоғары өнімді жабдықтар, шапшаң бұрылау барған сайын кеңінен енгізіле берді, тиеу – тасымалдау процестері механикаландырылды. Металлургия кәсіп – орындрында технологиялық процесстерді шапшаңдатушы фактор ретінде оттегі үлкен көлемде қолданылды. Балхаш кен- металлургия комбинатында мыс концентраттарын тікелей конверторлардың өзінде өңдеу өңдеу процесі енгізілді. Іздеу- барлау жұмыстарының , мұнай өңдеудің технологиясы мен техникасы түбірінен өзгерді. 1965-жылы 308 мұнай скважинасында мұнай шығару процестері комплексті автоматтандырылды және техникаландырылды. 198 мың тонна мұнай жер қабатына ықпал жасау тәсілі арқылы шығарылды. Машина жасауда құюдың озық әдісі енгізілді, жинау, уста-пресс және басқа цехтардың техникасы тынымсыз жетілдірілді.

Дегенмен жоғары өнімді процестер мен технология мейлінше табан енгізілді. Шығарылған бұйымдардың конструкцияларында озық материялдар: полимерлер, ағаш, пластиктер және басқалар пайдаланылмады. Электр энергитикасында жабдықтрлдың құрылымы өзгерді, бір жолғы қуаты күшті агрегаттар енгізілді, жоғары қысымда жұмыс істейтін сгрегаттар көбейді. Автоматика, телемеханика және электронды есептеу техникасы енгізілді.

Сайып келгенде, республика өнеркәсібінде кәсіпорындарды қайта құру және техникамен қайта жарақтандыруда жаңа техниканы ,озық технологияны енгізуде белгілі табыстарға қол жетті.

Осымен бірге ғылым мен техниканың жетістіктері өндірісіне үлкен қиындықпен және өмір сүріп отырған шаруашылық цех ашудың арқасында емес, қайта оның еркінен тыс енгізілді. Кәсіпорындар және тұтас іс жүзінде алып қарағанда өнімдердің техникалық дәрежесін арттыруға мүдделі емес, өйткені олардың көздегені жоспар, көлем , жалпы өнім болды.

60- жылдарда ақ халық шаруашылығына бюрократтық жолмен басшылық жасаудың өміршең еместігі айқын сезіле бастады. Елдің сол кездегі басшылығы өзгеріс жасаудың қажет екнін түсініп , эканомиканы терең құруға әрекет жасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет