Ф-об-007/017 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет3/11
Дата25.02.2016
өлшемі0.97 Mb.
#20238
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Лекция мақсаты: Қазақ халқы отарлық езгіге қарсы ғасырлар бойы күрескен. ХХ ғ. басында қазақ зиялыларының патшалық және большевиктік режимне қарсы күресін көрсету. Халқының бостандығы үшін қайраткерлердің асқақ мақсатын көрсету.

Лекция мәтіні.

I.“Алаш” партиясының құрылуы 1913 жылға қарай ойысады. Партияның бағдарламалық құжаттарының қабылдануы саяси ұйым ретінде қалыптасуы 1917 жылдары желтоқсанда жүзеге асырылады. Бұл бастауымен басшылығында Алихан Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Омаров Е. Т.б. қайраткерлер тұрды. “Алаш партиясының” бағдарламасының құрастырлуы авторлары да солар болып табылады. ХХ ғасыр басында “Алаш” қоғамының әлеуметтік негізін шаруалар, жұмыстар, қала демократиясының өкілдері құрады. “Алаш” партиясының бағдарламасы ең тұңғыш “қазақ” газетінде жарық көрді. Ұлттық демократияшыл зиялылар Ұлтазаттық идеясын таратушы қазақ халқының ұлттық сана сезімін оятушы отаршылдыққа қарсы дем беруші оны шыңғысхан ұрпағы Ресейдің либерал демократиялық қоғамдық жоғарғы билікті қайраткері, Бұрын Кадет партиясы орталық комитетінің мүшесі А. Бөкейханов басқарады. Көрнекті ағартушылар мен демократтар революциялық қозғалысқа белсене қатысқандар А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Ермеков, Ақбаев т.б. көптеген қайраткерлер оның серіктестігіне пікірлестеріне айналды. “Ақпан” революциясын кейін 1905 ж. бастап құрылған “Алаш” партиясы қайта жанданды. 1917 ж. сәуір, мамыр айларында “Алаш” партиясының облыстық ішінара съездері болып өтті. Съезде “Алаш” партиясы бағдарламасының жобасы әзірленді.

II. “Алаш” партиясының бағдарламасының жобасы сол кезде Орынборда оқыған зиялы қырғыз адамдарының тобы әзірледі. Бекітілген бағдарламасы да орталық қасиетті де жоқ “Алаш” партиясының атынан құрылтай жиналыста кандидаттардың тізімі жарияланды. Жалпы алғанда “Алаш” партиясының бағдарламаларының жобасы мыналар:

Басқару түрі

Автономия

Азаматтық негізгі құқығы.

Дін ұстау туралы мәселе.

Соттар туралы.

Қорғаныс.

Салықтар.

Жұмыс мәселесі.

Халық ағарту.

Жер мәселесі.

1917 жыл қараша 1918 жыл қаңтарға аралығында өткен құрылтай жиналыста сайлауларының нәтижесінде қазақ еңбекшілерінің көпшілігі “Алаш” партиясының бағдарламаларын жасады. “Алаш” партиясын жақтаушыларды “Алаш” ордашылар да. Кеңес Үкіметінің 1918 жыл көктеміндегі “Алаш” ордаға қарсы күресі қазақ газетін жабудан басталды.

III. “Алаш” партиясының жетекшілері Қазан революциясының және Қазақ мемлекетінің Кеңестік негізде қару идеясын қабылдануы себептерін атап көсететін болсақ тайпалар мен байланысты айтылады. Олар үнді Европа тілдері шоғыры мен мәдени қауымдастарына жатқызылып, қазақ даласындағы Андронов мәдениетінің өкілдері ретінде танылды. Олардың жиынтық атауы, “Арьия” бз.б. 2 мың жылдың 2 ширегі аталмыш тайпаның ұлы қоныс аудару дәуірі б. Бұлар оңтүстік Шығысқа қарай бет алып солтүстік Үнді Иран мен Мисопотомия жеріне барып тоқтаған.

Үнді Арьилер тілінің жұқаналары Хеттекалық (қазіргі туркия жері) қыш тақталарында таңбалар ізін қалдырған. Өте ерте заманда Ерилер мен Үнді Арилерінің ата-бабалары халық болып саналады. Түркі Ирандықтар д.а.б. Олардың қоғамы басты 2 топқа бөлінді.

Қызметкер абыздар.

Бақташы жауынгерлер.

Арилер көшпелі тіршілік етіп мал шаруашылығы мен айналысқан. Ұрыстарда арбаларды пайдаланған. Арбаға жегу үшін жабайы жылқыларды ұстап қолға үйреткен.

Ежелгі қазақтардың әсіресе таулы аймақтарда мекендеген б.з.б. 2 мың жылдарының 2 ширегінде, мың жылдардың басында Қазақстан мен Орта Азия жерін мекендеген Арин тайпаларының жері Түркі отаны болып табылады.

Заратуыстралықтарының діни отаны діни кітабы “овеста” болып табылады.

Арилерінің негізгі діні “зооростризм” б.т. Овеста арқылы Хукария тауына (Памир, Тастай мен Тянь-Шань) тау жүйесі бастау алатын киелі “ардви” (Амудария және Сырдария) бастау алатын өзендерінің ағып жатқаны анықталады. Ал Ранха Кама өзен бассеиндер байланыстырлатын Ардви өзі құятын Варатуша теңізі қазіргі Қазақ төңкерісінен көп бұрын олар Қазақстанның әлеуметтік экономикалық және саяси дамуына өз көзқарастары бағдарламаларын кең насихаттады.

Федеративтік республикаға кірген әр бір мемлекет федерация мүшелерімен өз бетінше жұмыс істей алады деп саналады.

Алаш партиясының ақиқат жағында болды. Олар үшін кедейлер жолдастары, байлар халық жаулары еді.

Жұмысшылар заңмен қорғалуы тиіс еді.

Алаш партиясының бұл мәселе бойынша социал демократтарының меньшевиктік тобымен басқаларының бағдарламаларын қолдады. Алаш партиясы Қазақстан тарихында үлкен маңызы орынға ие.



Бақылау сұрақтары:

  1. Уақытша үкіметтің Қазақстанда жүргізген саясаты?

  2. «Алаш» партиясының бағдарламалық талаптарын қазақ еңбекшілірі қалай қабылдады?

  3. «Үш жүз» партиясының құрылуы және оның ұстынған саясаты?

  4. «Алаш» партиясының бағдарламасы және оның жариялануы, оның мазмұны мәні?


3-лекция

Тақырыбы: Қазақстандағы 1917 жылғы Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы.

Жоспары:

  1. Уақытша үкіметтің құрылуы.

  2. Қазақстанда Кеңестердің ұйымдастырылуы.

  3. Жер және ұлт мәселесі.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Қазақстан тарихы .Очерктер .Көне заманнан бүгінге дейін.Алматы 1994 ж

  2. Х Маданов Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы 1995 ж

  3. Ә Әбдіәкімұлы Қазақстан тарихы А 1997 ж

  4. К Мамырұлы Қазақстан тарихы А 1997 ж

  5. М Тынышпаев История кезехского нырода А 1994 ж

  6. К Нұрпейісов Алаш пен Алаш Орда Алматы 1992 ж

Лекция мақсаты: Патша өкіметі құлатылғаннан кейін 1917 жылы Ақпан буржаузиялық-демократиялық революциясы жеңіске жеттіп. Ресей мемлекеті сияқты Қазақстанда қос өкімет орнады. Уақытша үкіметтің қазақстандағы саясатын көресту.

Лекция мәтіні:

1917 жылы 27 ақпанда петроградта буржуазиялық-демократиялық революция жеңіске жетті. Паташа өкіметі құлатылып, министрлер мен өрнекті шенеуніктер тұтқынға алынды. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл. Бұрынғы патша шенеуніктері, эсерлер, меньшевиктер және ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша үкімет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары жұмысшылар, шаруа және солдат депутаттарының кеңестері құрылды.

Патша өкіметінің құлатылуы Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азаттық алудың бастамасы ретінде қабылдады. Революцияшыл халық бұқарасының белсенді қимылдары нәтежесінде өлкеде бұрынғы өкімет өкілдері орындарынан түсіріліп, тұтқынға алынды. Буржуазиялық-демократиялық ақпан төңкерісінің жеңіске жетуі өлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін арттырды.

Қазақстанда кеңестер 1917 жылы наурыз-мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада, Павлодарда, Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Түркістан өлкесінде және т.б. жерлерде құрыла бастады. Жұмысшы табы мен солдат депутаттарының кеңестерімен қатар сәуір-мамыр айларында шаруа депутаттарының кеңестері құрылды. Бұл кеңестерге көпшілік орынды меньшевиктер мен эсерлер алды. Сонымен бірге буржуазиялық уақытша үіметтің жергілікті органдары 1917 жылы наурыз-сәуір айларында құрылды. Мәселен, Семейде қалалық думаның, офицерлердің өкілдерінен, биржалық комитет пен кооперативтердің кулактық одағы мүшелерінен тұратын қоғамдық ұйымдар мен армияның Семей атқару комитеті, Петропавлда, Өскеменде қоғамдық қауіпсіздіктің т.б. бірлескен атқару комитеті жұмыс істей бастады. Көкшетау көпестер мен шенеуніктердің жиналысы уақытша колалициялық комитет сайлады. Өсеменде де осындай атқару комитеті құрылды. Уақытша үкіметті қолдаған Сібір, Орынбор, Орал және жетісу казак әскерлері мен казак-орыс станицалары қанаушы басшы топтары өкіметінің органдары-казактық комитеттер құрды. Бұлардың басында бұрынғы патша өкіметінің отарлаушы шенеуніктері, қанаушы таптардың өкілдерітұрды. Сонымен қатар Қазақстанда қазақ интеллигенцияның өкілдері, атап айтқанда, Торғай облысында Ә. Бөкейханов, Жетісу облысында М. Тынышбаев, Түркістанда М. Шоқаев, т.б тағайындалды. Бірақ олар шын мәнінде отарлық әкімшілік шенеуніктері болғандықтан жергілікті қазақ халқыныңкөкейкесті мәселелерін шеше алмады. Кейбір жағдайда ұлттық интеллигенция өкілдері Ақпан төңкерісінен кейінгі қоғамдық-саяси дамудың өте маңызды мәселелері бойынша Уақытша үкімет жағына шығып кетті.

Уақытша үкіметтің Қазақстандағы жергілікті органдары кулактарға, казактардың басшы топтарына, қазақ ауылдарының байманаптарына арқа сүйеді. Олар жұмысшылар мен еңбекшілердің революцияшылдық шабытын әлсіретуге тырысты, халықты тонауларын жалғастыра берді, бұқараны империалистік соғыстың ауыртпалықтарын өз мойындарымен көтеруге мәжбүр етті. Қазақстанды саяси құқықтарынан айырған ескі заңдар күшінде қалды, орасан зор жер иеліктері мен орыс-казак әскерінің сословиелік артықшылықтары сақталды, қазақ халқының таңдаулы жерлерін тартып алушы Қоныс аудару басқармасы өз қызметін өзгертпеді. Сөйтіп, Уақытша үкімет Қазақстанда бұрынғы патшы өкіметінің саясаты одан әрі жалғастырды. Өйткені бұл жаңа үкімет органдары өзінің әлеуметтік құрамы, басқару әдістері жағынан революцияға дейінгі патша әкімшілігінен айымай, жергілікті халыққа олар қараған болса, солай қарады.

Патша өкіметі құлатылғаннан соң, Қазақстанда большевиктері астыртын жағдайдан шықты. Орынборда және Торғайда-П. Кобезев, Ә Жангельдин, А. Коростелев, Ақтөбеде-В. Ф. Зинченко, Перовскіде-А. В. Черняхов, Оралда-П. Парамонов, П. Дмитриев, Шымкентте-Н. Морозов, Семейде-П. Салов, Петропавлда-К. Сүтішев т.б. партиялық ұйымдастыру жұмыстарына жүргізді.

Большевиктік партияның қатарына С. Сейфуллин, Б. Серікбаев, Т. Рысқұлов, С. Арғыншиев және басқалары кірді. Олар Уақытша үкімет саясатының мәнін халыққа ашып берді, революция жауларының арам пиғылдарын әшкереледі, жұмысшылар мен шаруаларды, солдаттарды төңкерістің жеңісі жолындағы күреске топтастырды.

Ақпан революциясы жеңгеннен кейінгі Қазақстан жұмысшы табының елеулі табысы-кәсіпшілер одақтары ұйымдарының құрылуы еді. Олардың қалыптасуында Орынбор-Ташкент теміржолшыларының Құрылтай сьезі және Омбы темір жол жұмысшылары мен қызметкерлерінің бірінші сьезінің үлкен маңызы саяси және экономикалық мәселелер қаралды. Олар: Уақытша үкімет пен соғысқа көзқарас, 8 сағаттық жұмыс күні, жұмысшы, солдат және шаруалар депутаттары Кеңестеріне қатыстылық, контрреволюциямен күрес, Құрылтай жиналысына қатысу, пенсиямен қамтамасыз ету және т.б. мәселелер.

Буржуазиялық-демократиялық Ақпан революциясы патша өкіметін құлатқанымен әлеуметтік және ұлттық езгіні жою, империалистік соғыстан шығу проблемларын шешпеді. Қазақстанда саяси құқықтарынан айырған бұрынғы патша заңдары өз күшінде қалды; казак әскерлерінің ұлан-байтақ жер иеліктері мен барлық сословиелік артықшылықтары толығымен сақталды; қазақтардың ең жақсы жерлерін отаршыл кулактарға тартып алып берген Қоныс аудару басқармасының жергілікті аппараты өз жұмысын жалғастыра берді; мемлекеттік мекемелер мен мектептерде қазақ тіліне бұрынғысынша тыйым салынды. Қазақ халқының, сондай-ақ Орта Азия халықтарының өзін-өзі билеуі туралы мәселе тіпті алға қойылмады да.

Патша генералы Куропаткин мен Уақытша үкіметтің басшы “социалист” Керенскийдің “ұлттардың тең құқылығы” жөніндегі пікірлер мынадай болатын: “Мен оған (Керенскийге-К.Р) Түркістанның жағдайын сипаттап бердім, теңдік принципін толық қолданбау қажеттігін атап көрсеттім, -деп жазды генерал өзінің күнделігінде.-Әйтпеген күнде Түркістан кері кетеді: дауыстардың көпшілігі байырғы тұрғындарға тиеді де, олар өкімет билігін өз қолдарына алып алады, ал олардың қолдары біздің байырға тұрғындарды дамудан, мектептен және орыс өмірінен шет қақпай ұстап келеді. Орыс халқымен міндеттері бірдей болмай отырғанда байырғы тұрғындарға толық құқық беруге болмайды деген менің пікірммен Кренский келісті”.

Сөйтіп буржуазиялық Уақытша үкімет самодержавиенің аграрлық және ұлттық саясатын жалғастыра берді. Тұтас алғанда бүкіл елде, оның ішінде Қазақстанда буржуазиялық-демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуы үшін алғы шарттар толысып келе жатты.

Бақылау сұрақтары:


  1. Ақпан төңкерісінен кейін Қазақстанның қай аймақтарын аштық жайлады?

  2. Буржуазиялық-демократиялық төңкеріс қашан болды?

  3. 1917 ж Ақпан төңкірісінің тарихи маңызы қандай?

4-лекция

Тақырыбы: Қазақстандағы 1917 жылғы Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы.

Жоспары:

  1. Бұқараның әлеуметтік-саяси ынтасының өсуі.

  2. «Алаш» «Үш жүз» партияларының құрылуы және олардың бағдарламалары.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Қазақстан тарихы .Очерктер .Көне заманнан бүгінге дейін.Алматы 1994 ж

  2. Х Маданов Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы 1995 ж

  3. Ә Әбдіәкімұлы Қазақстан тарихы А 1997 ж

  4. К Мамырұлы Қазақстан тарихы А 1997 ж

  5. М Тынышпаев История кезехского нырода А 1994 ж

  6. К Нұрпиісов Алаш пен Алаш Орда Алматы 1992 ж

Лекцияның мақсаты: Патша өкіметі құлатылғаннан кейін 1917 жылы Ақпан буржаузиялық-демократиялық революциясы жеңіске жеттіп. Ресей мемлекеті сияқты Қазақстанда қос өкімет орнады. Уақытша үкіметтің қазақстандағы саясатын көресту.

Лекция мәтіні:

Қазақстанда жаңа өкіметтің орнауы 1917 жылғы қазанның аяғында 1918 жылдың наурызына дейін созылды. Бұған Сырдария облысында аса қолайлы жағдай орнады. Оның және бүкіл Түркістан өлкесінің орталығы болған Ташкентте 28 қазанда қарулы көтеріліс нәтежесінде 1 (14) қарашада Кеңестер өкіметі орнады. 30 қаңтарда Перовск, 6 қарашада Әулиеата, Шымкент Кеңестері өкімет билігін өздерінің қолына алды. Мұнда Қызыл ұлан жасақтарын ұйымдастыру жұмысы басталды. Бұдан кейін Кеңес өкіметі Сырдария облысының барлық қалалары мен жұмысшы поселкелерінде, селоларда, ауылдарда және қышлақтарда бейбіт жолмен орнады. Облыстық Кеңестері 1917 жылы 15-22 қарашада болған Түркістан Кеңестерінің өлкелік ІІІ сьезінің жұмысына қатысты, онда “Түркістан Республикасының үкіметі-Халық Комиссарлары Кеңесі” сайланады.

1917 жылы қарашаның аяғында Қоқанда Түркістаннның ұлттық және клерикалық ұйымдарының сьезі өтті, ол Қоқан автономиясын құрды. Оның құрамына “Алаш” партиясының лидерлері М. Шоқай мен М. Тынышпаев кірді. “Автономиялық” Англиямен байланыс жасады.

“Қоқан автономиясы”құрылғаннан кейін екі аптадан соң Орынборда “Жалпықырғыз сьезі” аталған “Алаш” партиясының сьезі өтті, ол Қазақ Автономиясы-Алашорда үкіметінің құрылғанын жарияланды. Ә Бөкейханов басқарған үкімет сайланды. Ол Кеңес өкіметімен күресу үшін қарулы жасақтар құру туралы шешім қабылдады.

Революцияның осы бір тарихи қиын кезін,де билеуші партияға айналған большевиктер Алашорда тіл табысуға болады деп санамайды. 1917 жылдың қараша-1918 жылдың қаңтар айлары аралығында өткен сайлауда қазақ еңбекшілерінің басым көпшілігі “Алаш” партиясының бағдарламалық талаптанын қолдайтынын көрсетті. “Алаш” партиясы өкімет билігі жолындағы күресте большевиктерге елеулі оппозиция болды.

Алашорданы Дутовпен, Оралдық, Сібірлік және Жетісулық казактармен және шетел мемлекеттерімен байланыс жасамақ болған реакцияшыл контрреволюциялық ұйым, ол бұқара алдау және контрреволюйиялық арам пиғылдарын бүркемелеу үшін “ұлттық туды” пайдаланбақ болды деп большевиктер қазақ интеллегенциясы мен еңбекшіл арасында алашордалықтарды қаралайтын үгіт жүргізді, ол нәтежесін берді де. 16 желтоқсанда Ақмолада қазақ еңбекшілерінің он мың адам қатясқан шеруі болды, олар алашордалықтардың іс-әрекетін арандатушылдық деп бағалап, Ленинге жеделхат жолдады. Онда былай делінген: “Қырғыз еңбекшілеріне Алашорда автономисы керек емес”. Сталиндік жазалау науқаны кезінде оның басшылары жойылып кетті.

Қазақ даласында Кеңес өкіметінің жеңуі үшін болған күресте большевиктер өздерін жақтаған ұсақ буржуазиялық топтар және ұйымдармен-солшыл эсеерлермен, интернационалдық-меньшевиктермен, “Үш жүз” партиясымен уақытша келісімге барды.

1917 жылы қараша Солтүстік Қазақстанда “Үш жүз” немесе “Қырғыздың социалистік партиясы” ұйымдастырылды, оның Омбыда (200 адам), Петропавлда (87), ал Семей, Көкшетау және Зайсанда бірнеше адамнан тұратын ұйымдар болды. “Үш жүз” социалистік партия аталғанымен өзінің құрамы мен сипаты жағынан солшыл эсерлердің бағытын ұстанған ұсақ буржуазиялық ұйым еді.

1917 жылғы 27 желтоқсанда Ақмолада өткен еңбекшілердің бұқара жиналысы биліктің Кеңестерге көшкені туралы қарар қабылданды. Көп ұзамай Ақтөбеде де Кеңес өкіметі орнады.

Қазақстанның қалған аймақтарында, атап айтқанда, Орал, Торғай, Жетісу және Семей облыстарында оқиғалар басқаша түрде өрбіді. Бұларда, әсірісе қазақтардың станцияларында контрреволюцияның көптеген әскери кадрлары болды. Оның үстіне ескі режимді жан-тәнімен жақтаушы патша армиясының офицерлері осындай қашып келген болатын. Жетісу облысындағы атаман-офицерлердің жоғары тобы 1 қарашада өздерінің диктатурасын орнатқаны, “әскери үкімет” құрғаны туралы хабарлады. Дәл осындай үкімет Оралда да жарияланды. Мұндағы контрреволюциялық күштерді атаман Дутов басқарды. 1917 жылғы 5 қарашаға қараған түні ақгвардияшылар большевик С. М. Цвиллингом басқарған Орынборлық әскери-революциялық комитетті қамауға алды. Торғай облысының орталығы-Орынборда билік Дутов басқарған контрреволюционерлердің қолына өтті, бірақ Дутовшылардың жүгенсіздігі көпке ұзамады. Кеңес өкіметінің өкімімен келген балтық теңізшілерінің жасақтары, Петроградтың, Поволжье, мен Сібірдің қызылұландары Дутовқа қарсы аттандырылды.



Бақылау сұрақтары:

  1. Уақытша үкіметтің Қазақ өлкесіндегі жергілікті органдары қашан құрылды?

  2. 1917 ж Ақпан төңкірісінің тарихи маңызы қандай?

  3. 1917 ж Қыркүйекте қай қалада жұмысшылар Уақытша үкіметтің жергілікті органдарын таратту турылы шешім қабылдады?


5-лекция

Тақырыбы: 1917 ж Қазан төңкерісі және оның алғы шарттары.

Жоспары:

1. Қазан төкерісіне қоғамның әр түрлі топтарының көзқарасы.

2. Төңкерістің әлеуметтік базасы мен қозғаушы күштеріне байланысты пікірлер.

3. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатудың ерекшелігі. Қазақ өлкесіндегі әлеуметтік-саяси ахуал.

4. Екінші жалпы қазақ сьезі және оның шешімдері.

Пайдаланған әдебиеттер


    1. Қазақстан тарихы .Очерктер .Көне заманнан бүгінге дейін.Алматы 1994 ж

    2. Х Маданов Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы 1995 ж

    3. Ә Әбдіәкімұлы Қазақстан тарихы А 1997 ж

    4. К Мамырұлы Қазақстан тарихы А 1997 ж

    5. М Тынышпаев История кезехского нырода А 1994 ж

    6. К Нұрпиісов Алаш пен Алаш Орда Алматы 1992 ж

Лекция мақсаты: 1917 жылы 25 қазанда Петроградта қарулы көтеріліс басталып уақытша буржуазиялық үкімет құлатылды. 1917 жылы қазаннан 1918 жылы наурызға дейін Қазақстанның көптеген аудандарында кеңес өкіметі орнады. Ресейдің отарландандыру Қазақстанға көмек көрсету үшін Ә Жангелдин , В Чекмаров , П Кобезев және т.б. төтенше комиссарлардың келуі қазақ халқының арасынан көптеген көтеріліс басшыларының мақсаты көрсету.

Лекция мәтіні:

1917 жылғы Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейін онаған Уақытша буржуазиялық үкімет елдегі әлеуметтік және ұлттық езгіні жою , жер мәселелерін империолистік соғыстан шығуы және т.б көкеитесті мәселелерді шешпеді . Қазақстанның жақсы шырайлы жерлерін отаршыл кулактар тартып алып берген Қоныс аудармасының жергілікті аппараты өз жұмысына одан әрі жалғастыруды . Сондықтан Ресей мемлекетіндегі бұл жағдайларды В И Ленин басраған большевиктер партиясы “Бүкіл өкімет кеңестерге бірлескен ” –деген ұранды пайдалана отырып , Уақытша үкіметті құлату үшін оны басты құралға айналды .

1917 жылы 25 қазанда 17 қарашада Петроградта қарулы көтеріліс басталып уақытша буржуазиялық үкімет құлатылды. Уақытша үкімет құлатылып , мемлекет билігінің кеңестердің қолына көшкені тек Ресейді ғана емес , дүниежүзін , бүкіл әлемді дүр сілкіндірді .

Революция бүкіл билікті жұмысшы , солдат , шаруа депутаттары кеңесінің қолына беру арқылы халықтың әр түрлі топтары мен түрлі ұлттардың , халықтардың , келешектегі тағдырына байланысты түрліше үмітте болуына жол ашты Ресейдің қол астында болып келген олыс емес халықтардың еңбекші бұқарасы Қазақ революциясынан кейін экономикалық-әлеуметтік күйзелістен шығуы мен дінге отаршылықтың бұғуынан босанып , тәуелсіздік алатын шығармыз деген үміттенді.

Қазақ революциясынан кейін көп уақыт өтпей-ақ елдін азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы басталды . Бұл тұста Қазақстан Кеңес өкіметі орнап болған жоқ еді . Кейбін жерлерде автономиия жарияланып , олардың Ресей құрамында болатыны –болмайтыны жөнінде мәселе ашық тұнды. Түркістан “Оңтүстік шығыс одағы ”деген атпен Сібірде пайда болған автономиялар қазақ зиялыларын ұлттық өз иелігін құруға құлшындырды .

Сонымен бірге қазақ даласында Кеңес өкіметін орнату жолындағы күресте жүріп жатты.

Соның нәтежесінде 1917 жылы қазаннан 1918 жылы наурызға дейін Қазақстанның көптеген аудандарында кеңес өкіметі орнады. Ресейдің отарлауаудандарынан Қазақстанға көмек көрсету үшін Ә Жангелдин , В Чекмаров , П Кобезев және т.б. төтенше комиссарлардың келуі қазақ халқының арасынан Әділбек Майкотев, Бекен Серікбаев, Сәкен Сейфулин, Тоқаш Бокин, Амангелді Иманов, Әбдірахман Әйтеев , сияқты көптеген күрестерлерді шығарды.

Революцияны қолдайтын күштер басым болған жерлерде жергілікті кеңестер больщевиктер жағынан түгелдей шықты . Мұндай жағдайда Қазақстанның солтүстік-шығыс облыстарының көптеген аудандарында Сырдария және Бөкей ордасында орын алды. Бірақ революция қарсыластарының күштері көбірек шоғырланған Орынбор, Орал, Жетісу, обылыстарында өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына қарсылық көрсеткендерді талқандау арқылы осы күресте жанын қиған құрбандықтар арқасында ғана тиді.

Кеңес өкіметі алдымен Сырдария облысында жеңіп шықты . Сырдария облысында Кеңес өкіметінің орнауы, оның саяси-экономикалық және әкімшілік орталығы Ташкент қаласында 1917 жылы қазанда Кеңес өкіметі құрылғанан кейін іске асты. 1917 жылы қараша айының орта кезінде Кеңес өкіметі Черняев (шымкент ) қаласында жеңеді . Қараша, Желтоқсан айларында Кеңес өкіметі Әулиеатада, Түркістанда, Қазалыда, Арал поселкісінде және облыстың басқа да ірі елдімекендерінде қан төгіссіз бейбіт жолмен орнады . Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату үшін күресте большевиктер өздерін жақтаған ұсақ буржуазиялық топтар және ұйымдар мен сошеьел әскерлерімен , интерноционалдық меньшевиктермен “Үш жүз ” партиясымен келісімге барды .1917 жылдың күзіде Қазақстанда өзін Қырғыздың (қазақтың ) социолистік париясы деп атаған “Үш жүз ” партиясы құрылды .Оның жетекшісі –алвокат , журналист және драматург Көлбай Тоғысов болды .Оны Шаймерден Әлжанов , Әбілхайыр Досов , Ысқақ Көбеков , журналист Мұқан Айтпенов т. б қолдады К Тоғасов 1907-1912 жылдары патшалық -әкімшілік тарапынан қуғынға ұшырады .1916 жылы Ташкент қаласында “Алаш ” атты газет шығарылды . 1917 жылы наурыз-сәуір айларында К Тоғысов Сырдария облысында “ Шора-и-Ислам ”партиясын құруда Мұстафа Шоқайұлына көмектесті .

1917 ж жергілікті бұхара халықтың қолдауымен Кеңес өкіметі Ақмола және Семей обылыстарында кең өрістеді . Петропаволда жұмысшы және шаруа депуттары Кеңестің темір жол жұмысшыларымен бірлескен қимылының арқасында 1917 ж 22 қарашада революциялық уақытша комитет құрылды., оның құрамында Ғ Ылырысов , Я Побелянский , К Сүтішев , П Рыжов және т.б кірді . Бұл комитет сол жылғы 27 желтоқсанда Ақмолада өткен еңбекшілердің бұқаралық Жиналыснда биліктің кеңестерге көшпелі туралы қарар қабылданды. Дегенмен , Көкшетау , Павлодар , Атбасар Семей , Өскемен уездерінде қазақ-орыс және офицерстаршина билеуші топтардың ықпалы басым болғандықтан , Кеңес өкіметі үшін күрес біраз қиындыққа кездесті.



Бақылау сұрақтары:

1. Ресейдегі Қазан төңкерісі?

2. Ресейдегі Қазан төңкерісі. Кеңес өкіметінің орнауы?

3. Қазақстан әскери қимылдар жылдарында?



6-лекция

Тақырыбы: Алаш орда және Түркістан автономиясы үкіметтерінің құрылуы және олардың тағдыры.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет